Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы



Pdf көрінісі
бет63/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы. Қазақстан да өз тәуелсіздігін алғаннан бастап 
өзінің идеологиялық басымдықтарын қалыптастыра бастады. Оның негізіне келесідей идеялар 
қойылды: 
– мемлекет тәуелсіздігі; 
– мемлекет аумағының біртұтастығы
– саяси тұрақтылық; 
– елімізде өмір сүріп отырған барлық халықтардың үйлесімді қарым-қатынастары 
– адам құқы мен бостандығын сыйлау. 
Бұл идеялар Конституцияда көрініс тауып, Президент пен Үкімет қызметтерінің негізіне 
айналды. Ең бастысы, бұл идеяларға еліміздің азаматтары мен қоғамдағы барлық саяси күштер 
қолдау білдіреді. Өйткені, бұл идеялар еліміздің азаматтарының басым көпшілігіне жақын және 
түсінікті. 
2010 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен кең сипаттағы қоғамдық 
талқылаулардан кейін Қазақстан Ұлт Бірлігі доктринасы қабылданды. 
Доктрина өз мазмұны тұрғысынан, уақыт пен тарих қойып отырған өзекті талаптардың 
алдында халықтың бірігуі қажеттігін түсіну үшін негіз болып қаланды. Доктринада тәуелсіздік 
жылдары ішінде біздің берік мемлекеттің іргетасын құра алғанымыз туралы идеялар мен 
қағидаттар нақты дәйектелген. Қазақстанның барлық азаматтары өздерінің этникалық, діни 
ерекшеліктері мен әлеуметтік тектеріне қарамастан біртұтас тарихи тәжірибемен біріге алды 
және Отанының болашағын өз тағдыры ретінде қабылдайды. 
Доктринада Қазақстан халқының болашақтағы мақсаттары анық белгіленген. «Азаматтардың 
барлығына ортақ құндылықтар мен қағидаттардың мойындалуына негізделген Ұлт Бірлігіне қол 
жеткізу» Қазақстан дамуының стратегиялық басымдығы ретінде жарияланған. 
Доктринада Қазақстан Ұлт Бірлігінің келесідей қағидаттары анықталған: 
I. «Бір ел – бір тағдыр»  Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат – әр азаматтың өзінің 
ортақ тағдыры мен Отанының – Қазақстан Республикасының – ортақ екенін ұғынуды білдіреді. 
Ұлттық бірлік негізіне азаматтың этникалық тумысынан тәуелсіз өзін Қазақстанмен және оның 
болашағымен жоғары деңгейде етене байланыстыруы қойылған. Тарихи тағдырдың ортақтығын, 
түсіну және осы таңдауды түйсіне білу – елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз. 
Патриотизм төлқұжаттағы белгі ретінде емес, керісінше, әр адамның өз Отанының өткенімен, 
қазіргі күнімен және болашағымен терең байланысы ретінде түсінілуі тиіс. Біздің әрқайсысымыз 
мемлекетімізді нығайту, Тәуелсіздігімізді және Қазақстанның аумақтық тұтастығын қорғау 
жолындағы игілікті істерге өз үлесімізді қосуымыз тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет