1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет40/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

Нитрозалық әдіс. Күкірт қышқылының нитрозалық əдісінде катализатор ретінде азот тотықтары (нитроза 
N₂O₃) қолданылады. SO₂ газының тотығуы негізінен сұйық фазада өтеді де, ол ұңғышақты мұнараларда 
жүреді. Сондықтан бұл əдіс аппараттық қолдану жағынан мұнаралық əдіс деп те аталады. Жағу пешінен 
шыққан газ арнайы сүзу процестерінен өтіп (колчедан күйінділерінен тазаланғаннан кейін) ~ 350°С 
температурада мұнаралар жүйесіне (4-7 мұнара) келіп түседі. Алғашқы екі-үш мұнарада ұңғышақтар 
нитрозамен себеленіп тұрады. Нитроза ерітіндіде еріген күйде болады, мұнда азот тотықтары күкірт 
қышқылымен нитрозил күкірт қышқылы NOHSO₄ түрінде байланысқан. Бұл қышқыл жоғары температурада 
гидролизге түседі. 
Күкірт диоксидінің тотығуы төмендегі реакция бойынша жүреді:
Азот монооксиді NO газдық фазада десорбцияға түсіп, ауадағы оттегімен азот диоксидіне дейін тотығады: 
Азот тотықтары (NO + NO₂) кейінгі мұнараларда күкірт қышқылымен себеленеді де, ондағы реакция 1-ші 
реакцияға кері бағытта жүріп, нитрозил күкірт қышқылы NOHSO₄ қайта шығады. Нитрозалық əдіспен 
ластанған күкірт қышқылын алады, оның концентрациясы 75-77% H₂SO₄ болады, бұл қышқыл негізінен 
минерал тыңайтқыштар өндірісінде қолданылады. 
19. Азот қышқылы өндірісін сипаттаңыз, технологиялық параметрлерін көрсетіңіз. Сұйытылған азот 
қышқылын концентрлеу. 
Азот қышқылы, HNO3 — тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат. 
Өнеркəсіпте азот қышқылының 2 сорты шығарылады: 
1.Құрамында 50-60% HNO3 бар сұйық, азот қышқылы 
2.96-98% HNO3 бар концентрленген (қойыртылған) азот қышқылы 
Өндіріс əдістері: 
Селитрадан алу (Глаубер әдісі) – XVII ғасырдың ортасынан бастап XX - ғасырдың басына дейін осы əдісті 
қолданды.
NaNO3+H2SO4 <—> NaHSO4+HNO3 
Бұл əдіс кейбір селитрасы көп жерде қолданылды. 
Ауадан алу. Азот пен оттек 1200°С-та реакцияласа бастап (электр ұшқынында) 3000°С - та тепе-теңдік оңға 
қарай ығысады. 
N2 + О2 <—> 2NO - 181,4 кДж 
Осылай түзілген азот оксиді өздігінен оттекті оңай қосып алып, азоттың диоксидіне айналады: 
2NО + О2 → 2NО2 + 112кДж 
Азот диоксиді сумен реакцияласып азот қышқылын түзеді. 
3NО2+ Н2О →2HNО3 + NO + 136кДж 
Бұл əдіс электр энергиясы арзан болмаса, өте қымбат əдіс болғандықтан, қолданыстан қалып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет