1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет2/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

Қосымша материалдар - өндірістік үдерістің мақсатты өнімі болып табылмайды, бірақ өндірістің негізгі 
өнімдерімен қатар шикізатты өңдеу үдерісінде түзіледі. Бірақ қосымша өнімдер сапалы дайын өнімдер 
ретінде қолданылуы мүмкін. 
Өндіріс қалдықтары – өнім өндіру үдерісінде түзілетін аздап немесе толығымен өзінің сапасын жоғалтқан 
жəне стандартқа сəйкес келмейтін шикізат қалдығын, жартылай өнімдерді, материалдарды айтады. 
2. Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасын сипаттаңыз. Химиялық реакция тәртібі мен 
молекулярлығы, тепе теңдігі, тепе теңдікті ығыстыру тәсілдері және химиялық айналулар 
стехиометриясы. 
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан
үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды. 
Химиялық термодинамика химиялық реакциялардың жүру бағытын анықтауға жəне реакциялық жүйенің 
тепе-теңдік күйін бағалауға мүмкіндік береді. Химиялық технологиядағы химиялық өзгерістердің жылдам 
жүруі, қандай да бір аралық уақытта алынған реакция өнімдерінің мөлшері, күрделі аппараттармен 
реакторлардың типтерін дұрыс таңдауда жəне олардың конструкциялық өлшемдерін есептеу сияқты 
практикалық мəні бар сұрақтарға жауап бермейді. Сондықтан химиялық-технологиялық үдерістерге 
химиялық кинетиканың заңдылықтарын қолдану керек. 
Химиялық кинетика, химиялық реакциялар кинетикасы — химияның химиялық процестердің 
жылдамдығын жəне жүру заңдылықтарын қарастыратын бір саласы.
Химиялық реакцияның жылдамдығы – бірлік фазада (гомогенді реакциялар үшін) немесе фазалардың 
бөліну бірлік бетінде (гетерогенді реакциялар үшін) бірлік уақытта компоненттердің моль сандарының 
өзгеруі. 
Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына байланысты химиялық реакцияның 
молекулалығы бойынша: 
- моно-, би- жəне тримолекулярлы реакциялар болып бөлінеді. 
Кинетикалық теңдеудің түрі (химиялық реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тəуелділігі) 
реакцияның реті бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Реакцияның реті – кинетикалық теңдеудегі 
реагенттердің концентрацияларының дəреже көрсеткіштерінің қосындысы.
- бірінші, екінші, үшінші, бөлшекті ретті реакциялар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет