Этанол медицинада өте кең қолданысқа ие:
медициналық антисептикалық ерітінді - құрамында 95-96% (4-5% - су) концентрациясындағы этанол
бар дəрі, əмбебап жергілікті антисептик жəне вазодилататор ретінде қолданылады.
дезинфекциялаушы жəне кептіруші ретінде;
кептіру жəне тотығу қасиеттері операциялық өрісті өңдеу үшін немесе хирургтың қолын өңдеудің
кейбір əдістерінде қолданылады;
дəрілік заттарға арналған еріткіш, өсімдік шикізатынан тұнбалар, сығындылар жəне т. б дайындау
үшін;
дене қызуы кезінде салқындату үшін (ысқылау үшін);
дəрі-дəрмек құралдарының тапшылығы жағдайындағы жалпы анестезия құрамдауышы;
этанол-метанол жəне этиленгликоль сияқты кейбір улы спирттермен улануға қарсы дəрі.
23. Ацетилен өндірісіне, технологиялық параметрлеріне және оны қайта өңдеуге сипаттама беріңіз. Оның химия өнеркәсібі мен медицинада қолданылуы. Ацетилен — CH≡CH көміртегі атомдары арасында реакциялық қабілеті жоғары үштік байланысы бар
ацетилен көмірсутектері қатарының бірінші мүшесі.
СН≡СН - әлсіз эфир иісі бар түссіз газ. Тқай= 83,8ºС; Ткрит= +35,5ºС; Ркрит= -61,6 атм.
Ацетилен ауаның 2-ден 81% -на дейін жарылыс қаупі бар қоспаларын түзеді, осыған байланысты ацетиленнің
өндірістік орындардың атмосферасына енуіне жол берілмейді жəне ауаның ацетилені бар технологиялық
қондырғылар мен құбырларға енуін болдырмау қажет.
- ацетилен суда жақсы ериді: 1 көлем суда Н 2 О 20ºС-та 1 көлем ацетилена ериді.
Органическалық заттарда әлдеқайда жақсы ериді (в объёмах газа на 1 объём жидкости):
Ацетилен өндірісінің екі түрі бар: 1. Кальций карбидінен алу. CaC2–ден ацетиленді алудың өндірістік əдісі XIX ғасырдың соңынан
бастап белгілі жəне қазір де актуалды. Карбидті əдіспен алынған ацетиленнің концентрациясы жоғары
(99% -дан астам).