Құрастырған: Мадалим Еркежан
• Жоңғарлардың Қазақ жеріне кезекті ірі жорық жасауына қолайлы жағдай қалыптасқан уақыт:
XVIIІ ғасырдың 20-жылдарының бас кезі
• 1722 жылы қайтыс болған Қытай императоры:
Канси
• Жоңғар билеушілері Еділ бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге елші жіберудегі мақсаты:
қазақтарға қарсы бірлескен соғыс қимылдарын жүргізу
• Цеван-Рабдан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға аттандырған уақыт:
1723 жыл
• Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшыраған аумақ:
Жетісу мен Ертіс
қазақтары
• Қазақ әскери жасақтарының басшылығымен жаудан бір ай бойы дерлік қорғалған қала:
Ташкент
• Жоңғарлар басып алған қалалар:
Ташкент, Сайрам, Түркістан
• 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы туралы суреттелетін шығарма:
«Қалқаман-Мамыр»
• «Қалқаман-Мамыр» шығармасының авторы:
Ш. Құдайбердіұлы
• «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған жылдар:
1723-1727 жж
• Ресей империясы және оның қол астындағылардың едәуір мазасын қашырған жағдай:
қазақтардың жаппай қоныс аударуы
• Орта жүз руларының көпшілігі көшіп кеткен аймақ:
Самарқан қаласының төңірегі
• Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі көшіп кеткен аймақ:
Хиуа мен Бұхар хандықтары
• Қазақ халқының басынан кешірген орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы:
«Елім-ай» атты
зарлы жыр
• Батырлардың Отан қорғаудағы ерлік істерін жазып қалдырған жыраулар:
Үмбетей, Тәтіғара,
Бұқар, Көтеш
• Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының себептері:
Біріншіден, қазақ жүздері бытыраңқы болды, Қазақ хандығының басшылығында
ауызбіршілік болмады
Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген
Достарыңызбен бөлісу: