1.3
Агроөнеркәсіп
кешенінің
экономикасы
–
реттеу объектісі ретінде
Республикамыздың агроӛнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды
саласы
және
ол
экономикалык,
дағдарысты
жою,
тамақ
және жеңіл ӛнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз ету жолында шешуші рӛль атқарады. Кӛптеген жылдар бойы
ӛнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык,
салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сӛзсіз,
осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді.
Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең
алдымен нарықтық қатынастарға кӛіпу тактикасындағы орын алған
қателіктерді атап ӛту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында
реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан
жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі кӛптеген жылдар бойы
орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен
еңбек ету психологиясын жекеменшік ӛрістеген жағдайға бейімдеу
революциялық емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал
шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету «философиясы»
назарға алынбады. Эволюциялық ӛзгерістер нарыққа ӛтуге дайын емес ортаға
«секіріспен» ауыстырылды.
Агроӛнеркәсіп кѐшенінің 1-ші және 3-ші сала кәсіпорындарының
монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату, жекешелендірудегі
ұйымдық-экономикалық және хүқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі ӛз
бетімен кетушілік ұдайы ӛндіріс процесінің бүзылуына, қоғамдағы
дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне алып келді.
Мүның ӛзі аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжірибесін ескере
отырып тӛмендегідей түжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
—
аграрлық
сектордың
ӛндірістік-әлеуметтік
ерекшелігіне
қарай
онда
нарықтық
механизмді
ешқандай
шектеусіз
және
түзету енгізусіз «таза» күйінде пайдалану ӛндірістік потенциалды
қолдану
тиімділігінің
тӛмендеуін
және
әлеуметтік
мәселелердің
шиеленісуін тудырады;
— меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін ӛзгерту
процесі бәсекелес нарықтық орта қүрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің
бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс; сондықтан
кӛпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі ӛндірістің (ерікті кооперация
негізінде) үйлесуі үзақ мерзімге сақталады;
— аграрлық сектор нарықтық ӛзін-ӛзі реттеудің «бастапқы
алаңы» ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше
мемлекеттік саясаты енгізілетін эковомиканың бірінші саласы болуы қажет;
оның мәні — әкімшілік емес, экономикалык, құралдарды (баға, салық, несие,
т.б.) ӛзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану болып табылады. Ең
алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы — мемлекет деңгейіндегі
үлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге
шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдык,
мүдделердің артықшылығын қамтамассыз ететін әртүрлі шектеулер бар.
Мұндай хұқықты беру- мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру
үшін пайдаланатын құрал. Ауыл тұрғындарын кӛбірек толғандыратын мәселе
— жерге жеке меншік орнатудан гӛрі, одан алынатыны ӛз еңбегінен тускен
нәтижеге иелік ету хұқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынғы
тәжірибені, яғни алдымен ауылдың бар ӛнімін, пайдасын алып қойып,
соңынан дотация, қарыздарын ӛтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу
мүмкіндігін беру қажет болды.
Ауыл еңбеккерлері жерді сенімді пайдалану үшін республи-камыздың
Ата заңымызға сәйкес жерді үзақ мерзімге жалга, немесе ӛмірлік
мұрагерлікке беру ӛте тиімді екенін баса айту керек. Сондықтан жер
туралы заңда бұл процессті аяғына дейін жеткізу мәселесін қарастыру ӛте
маңызды іс екені белгілі.
Жер
қатынастарын
реттеудің
негізгі
бағыттары:
а)
ауыл
шаруашылығында ӛндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау;
ә) жердің сапасына қарай жер салығының мӛлшерін белгілеу; б) ауыл
шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жӛніндегі
іс-шараларды жузеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы
мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен ӛнеркәсіп ӛнімдерінің
айырбасындағы біздер әуел баста жіберіп алған баға қайшылығы қүн заңын
сақтамаудың, ал, нақтырақ айтқанда, ерікті баға белгілеудің қағидасын дүрыс
пайдаланбаудың
салдарынан
болғанын
ӛмір
кӛрсетіп
отыр.
Ауылшаруашылық ӛнімінің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да,
ӛндірушілердің де мүдделерін қорғауы керек, Нарықты тез арада азық-
түлікпен толықтыру үшін агроӛнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға
қүрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді. Бүл жағдайда аграрлық
сектор үпіін ӛндіріс қүралд
арын
шығаратын барлық монополист кәсіпорындар
үшін (агроӛнеркәсіп кешенінің І-ші саласы) келісім бағасының жоғарғы
мӛлпіерін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал 3-ші салада
ауылшаруашылық ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жӛн
болар еді.
Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым – қатынастарды реттеу
үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды
енгізу жӛніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бүл жағдайда шикізатты
ӛңдеп, дайын ӛнімді алғаннан соң тауар ӛндірушілерге шикізат құны мен
нақтылы тӛленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға
бойынша тӛлеу қажет. Кепілдіктік-сатып алу операциясын жүзеге асыру
үшін дайындаушы және ӛңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу
ұйымдары етіп қайта құратын болсақ нарықтық баға құрылымын және
ауылшаруашылық тауарын ӛндірушілердің алатын пайдасын реттеуге жағдай
жасалынады. Бүл операциялар, біріншіден, нарықтағы ұсынысты азайтады,
екіншіден — фермерлерге несие беруге мумкіндік жасайды. Ӛйткені оның
кӛлемі кепілдікке ӛткізілген ауылшаруашылық ӛнімінің мӛлшерімен
анықталады. Кепілдікті баға ӛндіруші қолданып отырған бағаның тӛменгі
мӛлшерін білдіреді.Пайда табудың ең тӛменгі қажетті мӛлшерін қолдау үшін
жәрдемақы деңгейін анықтау мақсатында мемлекет мақсатты бағаны
белгілеуі тиіс. Сонда ол дайындаушы ұйымдар арқылы ауылшаруашылық
тауар ӛндірушілері табысының құралу кӛздерін де реттейді. Осылайша
бағаның құрылу процесін мем-лекеттіқ реттеу механизмі қалыптасар еді.
Аграрлық секторда тауар ӛндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін
түрақты қаржы-несие жүйесі әлі құрылмаған. Банк процентінің жоғарғы
мӛлшері ақша айналымын және ӛндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік
бермейді. Негізгі мәселелердің бірі -бүл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі
және ауылға тиімді несие беру механизмінің жасалынбағандығы.
Республика халқын азық-түлікпен және ӛнеркәсіпті шикізатпен
қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, ӛңдеуші, сатуіпы
үйымдардың және жеңіл ӛнеркәсіп орындарының тауар ӛндірушілерімен
форвардты, фьючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу
операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар ӛндірушілер алдын-ала
процентсіз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Ӛйткені, форвардтық
операциялар — бұл болашақтағы ӛнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі
ӛткізу де, фьючерстік оперциялар — белгілі бір кӛлемдегі, саладағы бола-
шақтағы ӛнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде
сату. Алдағы жылдың ӛнімін сату — бұл процентсіз несие алумен қатар
ауылшаруашылық бағалы қағаздар нарқын құруға, түрақты сұраныс пен
ӛнімді кепілдікті ӛткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді
жұмсауына және инфляциялық процесстердің тӛмендеуіне мүмкіндік береді.
Агроӛнеркәсіп кешенінің шаруашылык, жүргізуші субъектілеріне
мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды
жүзеге асыруы үшін 5 жылдық мӛлшерге дейін узақ мерзімдік несие беру
тиімді болар еді. Ол үшін мемлекеттің қаржы-несие саясатында мынадай
талаптарды орындау қажет:
мемлекеттік деңгейде бекітілген бағдарламаларға сай
қаржы босату;
республикалық және жергілікті бюджеттердің, меншік
түріне байланыссыз кәсіп орындар қорларының, банктердің,
дайындаушы
және
қызмет
кӛрсетуші
ұйымдардың
ауылшаруашылығына жұмсалатын қаржыға үлестік қатысуы;
— жеңілдікті салық салу.
Ауылшаруашылық тауар ӛндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған
ӛнімге уақтылы есеп ‘айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан
ӛзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.
Мемлекеттік салық саясатында ауыл шаруашылығына қатысты
жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталанды-рухы функциясын
күшейту керек, Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана
алу тиімді болар еді.
Жер салығы, оның мӛлшерінің экономикалық негізделуі аса тӛмен
болғандықтан, жердің сапасы мен ӛнім бағасының ӛзгеруін тұрақты анықтап
тұру қажеттігінен негізгі салыққа жанама толықтырушы ретінде қолданылуы
мүмкін,
Қазіргі жағдайда тұтастай республика ауылшаруашылық кәсіпорындары
бойынша салықтар мен тӛлемдердің мӛлшері жоғары болып отыр.
Әртурлі зерттеулер мен шетел тәжірибелері кӛрсеткеніндей салықтар мен
тӛлемдер жалпы табыстың 20-25%-тінен аспауы керек. 25-50%-тің салық.
мӛлшері тек жай ұдайы ӛндірісті қамтамасыз етеді, ал одан жоғары болса
ӛндірістің қысқаруына әкеліп соғады.Аграрлық салада салық салу жүйесінен
жол қорына, т.б. түрлі даму қорларына аудары-латын салықтар мен
тӛлемдерді шығарып тастау жӛн болар еді.
Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымдық
ӛзгерістерді жүзеге асыруда шетел инвестицияла-рының маңызы зор. Ауыл
шаруашылығындағы инвестициялық саясат, барлық меншік түріндегідей,
кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын,
ӛнімді ӛңдеу, сақтау және ӛткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек
болады. Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел
инвестициялары да келесі бағыттарды қаржыландыру үшін аса қажет:
мемлекеттік маңызы бар табиғатты қорғау шаралары мен
мелиоративтік жұмыстар;
жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральды
газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, ка-
нализация жүйелерінің құрылысы;
— ауылдың денсаулык, сақтау, білім беру, мәдениет, бала-
бақша (және қарттар үйі) объектілерінің құрылысы мен оларды
қамтамасыз ету;
— жоғары білімді мамандар дайындау, күрделі ғылыми зертте-
улер жүргізу және т.б.
Мемлекеттің ауыл шаруашылығына қатысты экспорт – импорт
операцияларын реттеуінде негізгі мақсат тұтыну нарығын то-лықтыру және
әлеуметтік шиеленісушілікті жою. Бұл бағытта жақын шет елдермен
бұрынғы ӛндірістік және сауда байланы-старын қалпына келтіру тиімді.
Сондай-ақ алыс шет елдермен экономикалық байланысты дамытудың да мәні
зор. Оның негізін сыртқа шығаратын внімдер құрайды: мал шаруашылығы
бойынша – жӛн, қай түрілері; егін шаруашылғында — астық, мақта, кейбір
кӛкӛніс түрлері. Ал сырттан алынатындарына, бірінші кезекте,
ауылшаруашылық кішігірім техникасы мен технологиялар жата-ды. Мүндай
сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру-да мемлекеттің белсенді
рӛлі сӛзсіз қажет. Ӛйткені мемлекеттік реггеусіз еліміздің зор табиғат
байлығы пайдасыз болып, талан-таражға түсетіні белгілі. Екіншіден, сырттан
әкелінетін ӛнімдерді қадағаламасақ ішкі тауар ӛндірушілердің мүддесіне
зиян келтіріледі. Бүл жерде жалпы халықтың мүддесін қорғау мақсатында
мемлекеттік реттеу шаралары батыл жүргізілуі тиіс.
Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру, ең алдымен,
басқару жүйесін түбегейлі ӛзгертуді қажет етеді. Мемлекеттік реттеу
шараларын жүзеге асыру ісінде мемлекеттің және шаруа қожаларының
функцияларын
айқын
ажыратудың
мәні
зор
Мемлекеттік басқару органдарының функцияларын тӛмендегідей етіп
қарастыруға болар еді:
— агроӛнеркәсіп кешенінің, дамуын бюджеттік қаржыландыру, баға,
несие, салық, инвестицидлық және әлеуметтік саясат арқылы реттеу;
— мемлекеттік саясат бағдарламалары мен ауылшаруашылығының
ӛркендеу жоспарларын, нормативтік заң актілерін жасап дайындау;
мемлекеттік азық-түлік қорын қалыптастыру;
түбегейлі ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;
ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу;
халықаралык, экономикалық байланыстарды» реттеу;
инсиекциялық бақылау;
жер қорын, ӛнімді стандарттау жүйесін басқару;
ветеринарлық бақылау.
Жалпы аграрлық қатынастарды басқару жуйесіндегі міндет — олардың
стихиялы түрде дамуына, тәртіпсіздік жайлаған, басқаруға келмейтін
жағдайға жетуіне жол бермеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |