60
Педагогикалық қызмет – ж‰йелі ұйымдастырылған біртұ-
тастыққа интегралданған, алдын ала нәтижесі белгілі тапсыр-
маны орындау ‰шін өзара байланыстағы және қарым-қатынас-
тағы адамдар, идеялар және құрал-саймандар бірлестігі деп
қарастырылады.
Педагогикалық кәсіби қызметтің пайда болуын адамдар
арасындағы функцияларды (қызметті) бөлісу нәтижесімен бай-
ланыстырады. Оның рөлін анықтаған кезде ең алғашқы және
бастапқы қызмет екенін атап өткен жөн, өйткені ол балалардың
дамуына, тәрбие мен білім алуына бағытталған. Бұл адам
қызметінің ішіндегі ең к‰рделісі, өйткені оның тиімділігі
педагогтың адам физиологиясы мен психологиясын терең
меңгеру қабілеті арқылы басқа адам д‰ниесіне кіріп, онда ұйым-
дастырушы-педагогикалық әрекеттер жасауға арналған. Педа-
гогты қоршаушы социумның қабылдауының к‰рделілігі мен
бірқалыпты еместігіне қарамастан, оның еңбегін приоритетті
қызметтер қатарына жатқызуға болады, өйткені педагогикалық
қызмет адамның барлық қызмет саласының (сферасының)
бастауында тұрып, көпшілік жағдайда қоғамның келешектегі
дамуын нормалаушы және реттеуші болып саналады.
Осыған байланысты педагогикалық қызметті өзінің прин-
циптері, мотиві, мақсат иерархиясы бар, лайықты біріккен
әдістері, құрал-сайманы, формасы қажетті әрекеттерімен белгілі
мазмұнды шешуге және нәтиже алуға арналған қабілетті бір-
тұтас ж‰йе екенін атап өтуге болады.
Кез келген қызметтің ж‰йелі принциптерге негізделген,
ғылыми тірегі болады. Педагогикалық еңбекті ұйымдастыру-
дың ғылыми принциптерін (И.П. Раченко) ‰ш топқа біріктірген:
іс-әрекетті ұйымдастыру; өлшеуді ұйымдастыру; жалпы ұйым-
дастырушы принциптер.
Адамның кез келген қызметі сияқты педагогикалық қызметтің
де негізін еңбек әрекеті құрайды, ол бір немесе бірнеше еңбек
қимылымен қойылған саналы міндетті шешуге м‰мкіндік береді [4].
Әрбір еңбек қимылының ‰ш бағытын көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: