62
Педагогикалық қызметтің ерекшелігіне байланысты, оның
құрылымында жай және к‰рделі оқу-әдістемелік, тәрбиелеу,
әлеуметтік-педагогикалық, зерттеу қимылдарын және логикалық
операцияларды бөліп көрсетуге болады. Бұлардың барлығы
оқытушы алдына қойылған кәсіби мәселелерді белгілі тиімділікпен
шешуге м‰мкіндік береді. Қимылдың маңызын, мазмұнын, мәнін
оның өзегі болып саналатын мотив және мақсат құрайды.
Мотив - материалдық немесе идеалды зат, ол өзі ‰шін жа-
салатын қимылды немесе істі т‰гелдеп, өзіне қарай бағыттайды
[48]. Мотив өзінің қалыптасуында ‰ш кезеңнен өтеді: ниеттенудің
оянуы; ниеттің сезілуі; тұлғаның мотив т‰рінде ниетті сезінуі.
Бұл істе қажеттілік ретінде пайда болған мотивтер, адам
алдына жаңа мақсаттар қоюға итермелейді, онсыз қызметтің
тиімді болуы да м‰мкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: