82
ғы, аңғарғыштығы, есте сақтау, ойлау операцияларының ерек-
шеліктері және сөйлеуі, шығармашылық қиялмен қайта жаңғыр-
ту дәрежесі, инабаттылық көрсеткіші ретінде сана-сезімінің да-
мығандығы, мінезінің оң және кері жақтары, сонымен бірге
жалпы және арнайы қабілеттілігін анықтау.
Бұл процесс ерекше к‰рделі:
- өзін-өзі тануға бастамас бұрын адам белгілі материал
жинауы қажет;
- сол тәжірибені жинақтау ‰шін адамның белгілі бір іспен
шұғылдануы, немесе қызметінің болуы қажет;
- адам
– ол өзі жетілуші ж‰йе, сондықтан өзін-өзі тану
‰немі өз объектісінен кейін қалып отырады;
- өзін-өзі тану процесі адам ‰шін субъективті мәні бар
нәрсе, өйткені өзі туралы деректерді алған соң ол өзін өзгертуге
тырысады.
Өзін-өзі аңғарғыштығы (бақылаушылығы)
– бұл адамның
өзінің психологиялық өмірінің ішкі жоспарын бақылауы, оның
көрінісін – байқалуын ойлауы және сезім көріністерін көріп,
бекітуі. Оның екі жағы болады: ішкі және сыртқы [22] кез
келген қызметті атқару барысында адам оларды сырттан өзін
бақылап отырғандай болып көрінеді, ол жұмыс нәтижесін өзінің
мақсат-м‰дделерімен салыстырады әрі осы кезде ол өзінің
психикасын таниды, оның даралық ерекшеліктерін ‰йренеді.
Өзін-өзі бақылаушылықтың екі т‰рі болады:
- тікелей, адам өзін-өзі тікелей нақты бір жағдайда бақылауы;
- ретроспективті
– адам өзінің істегенін бір апта, бір ай
өткен соң белгілі жағдайға қатысып анықтап бағалайды.
Өзін-өзі танудың енді бір әдісі
– ол өзін-өзі талдауы, оның
көмегімен өзінің практикалық қызметін талдап бағалайды,
қорытынды жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: