80
Педагогикалық этиканың маңыздылық сипаттамасы
Кез келген кәсіп нақты әлеуметтік функцияны алдын ала
болжайды, соныменен оның басқа кәсіптер топтары арасындағы
қарым-қатынастар ж‰йесін анықтап, оларда өзі туралы белгілі ой
қалыптастырады. Сондықтан педагогикалық кәсіби қызмет туралы
айтқанда
педагогикалық этика ұғымы қолданылады. Ол
педагогикалық процестегі моральдық функциялардың ерекшелігін
көрсетеді [10].
Моральдың функциясы. Педагогикалық мораль мораль-
дың жалпы функцияларын іске асырады. Олар реттеуші, шағы-
лыстырушы немесе теоретика-танымдылық, тәрбиелік немесе
гуманистикалық болып ж‰ктеледі.
Оқытушының өнегелік сапасының мазмұнына көңіл ау-
дарған жөн, оның негізін оқытушының өнегелік ой-пікірі және
оқытушының сенімі құрайды.
Оқытушы өнегелік қарым-қатынас, педагогикалық этика
категорияларын іске асыру негізінде құрады, олар жалпы моральдық
категориялардан тұрады: ізгілік, борыш, қарыз, ар-ұждан, абырой,
ар-намыс, әділдік, адалдық.
Педагогикалық этиканың барлық категорияларын педагог
өзінің педагогикалық өнегелік қызметінде іске асырады, оның негізі
‰ш аксиомадан тұрады:
1. Педагогтың студенттерге сый-құрмет, қошеметпен қарауы;
2. Педагог студенттерді жақсы көруге міндетті;
3. Студент білмеуге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: