Экологиялық менеджмент - бұл кез-келген экономикалық табысты, рационализацияның кез-
келген жетістігін, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбек өнімділігінің кез-
келген өсуін пайдалануды көздейтін постиндустриалды кезеңнің стратегиялық басқару
тұжырымдамасының бөлігі. Экологиялық менеджмент басқару объектісінің биологиялық
ерекшеліктерімен де, басқарушының әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерімен де анықталатын
табиғи процестерді экологиялық қауіпсіз басқару ретінде түсіндіріледі.
Экологиялық менеджмент - табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-
әрекеттерді кәсіби түрде жүзеге асыратын тәуелсіз бөлім, ол тиісті экономикалық механизмді
пайдалану арқылы нарықтық жағдайда қоғамның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған.
Жалпы, экологиялық менеджменттің өндірістік экологиялық басқарудың дәстүрлі формаларынан,
айырмашылығын анықтайтын маңызды белгілер бар, мысалы:
Кәсіпорын басшылығының жария түрде декларацияланатын экологиялық қызметтің негізгі
қағидаттарын, басымдықтары мен бағыттарын экологиялық саясатты негіздеуі және саналы
қабылдауы;
Іс жүзінде қол жеткізуге болатын барлық жерде дәйекті жақсарту процестерін дамытуға
бағытталған нақты экологиялық мақсаттар мен міндеттердің болуы;
Мақсаттар мен міндеттерге сәйкес экологиялық қызметті тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;
негізгі өндірістік және табиғатты қорғау қызметі арасындағы байланыс;
Барлық қызметкерлерді табиғатты қорғау шараларына тарту; экологиялық проблемаларды шешу
үшін барлық қолда бар мүмкіндіктер мен құралдарды барынша пайдалану;
Экологиялық «ашықтық (прозрачность)»; қызметтің экологиялық аспектілеріне мүдделі барлық
тұлғалармен және тараптармен, акционерлермен, инвесторлармен, серіктестермен,
тұтынушылармен, жеткізушілермен, халықпен, тұрғындармен қатынастар мен конструктивті
диалогты дамыту.
ISO 14001: 1996-да аударылған құжаттарда «экологиялық менеджмент» термині «экологиялық
басқару» терминімен ауыстырылды. Сонымен қатар, осы ұғымдар үшін бірқатар маңызды
айырмашылықтарды ажыратуға болады (1 кесте).
1 Кесте - «Экологиялық менеджмент» және «экологиялық басқару» түсініктеріндегі
айырмашылықтар:
Сонымен, жоғарыда келтірілген айырмашылықтарды ескеріп экологиялық менеджмент және
экологиялық басқару түсініктеріне мынандай анықтама беруге болады: