База экологиялык менеджмент



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата16.03.2023
өлшемі492,21 Kb.
#74897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
база экологиялык менеджмент

Экологиялық басқару - бұл мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші 
субъектілердің, негізінен экологиялық заңнаманың міндетті талаптарын орындауға, сондай-ақ 
тиісті мақсаттарды, жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған 
қызмет. 
 
Экологиялық менеджмент - бұл экономикалық субъектілердің өздерінің экологиялық 
мақсаттарына қол жеткізуге және экологиялық тиімділік пен экологиялық әділеттілік принциптері 
негізінде әзірленген жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бағытталған белсенді және 
тиімді қызмет. 
Экологиялық менеджменттің басты мақсаты - қоршаған ортаның сапасын жақсарту, 
экологиялық дағдарыстар мен апаттардың ықтималдығын барынша азайту.
Кез-келген кәсіпорын қоршаған ортаның ластануы мен деградациясына әсер ететін, адамның 
экономикалық қызметіндегі бірінші және маңызды элемент ретінде әрекет етеді. Бұл жағымсыз 
әсерді барынша азайту үшін экономиканы экологизациялау қажет. 
Экономиканы экологизациялау дегеніміз - қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайтуға 
бағытталған басқарушылық, технологиялық, қаржылық және экономикалық шаралар жиынтығы. 
Сонымен бірге, бұл іс-шаралар белгілі бір қызмет саласына тән принциптерге сүйене отырып және 
тиісті әдістерді қолдана отырып, қолданыстағы өндіріс шеңберінде жүзеге асырылуы керек екенін 
ескеру маңызды. 
Экологиялық менеджменттің принциптері:
а) ұйымның өндірістік қызметінің экологиялық ерекшеліктерін ескеру; 
ә) экологиялық даму мәселелерін уақытылы шешу; 
в) қоршаған ортаны қорғаудың бағыттылығы мен басымдылық 
Экологиялық басқару 
Экологиялық менеджмент
Мемлекеттік билік органдары мен 
экономикалық субъектілер жүзеге асырады
Оны тек экономикалық субъектілер жүзеге 
асырады
Табиғат қорғау заңнамасының 
талаптарымен айқындалатын сырттай 
дәлелді қызмет
Ең алдымен, экотиімділік және экотәуелділік 
қағидаттарымен айқындалатын ішкі уәжді 
(мотивированный) қызмет
Өз негізіндегі міндетті қызмет 
Өз негізінде бастамашыл және ерікті қызмет
Қызмет - қызметтік міндеттер мен 
нұсқаулықтар шеңберінде жүзеге 
асырылады
Қызмет түрлері менеджердің жеке 
қызығушылығына байланысты және оның 
біліктілігімен, тәжірибесімен және өнерімен 
анықталады. 
Нәтижеге қарағанда басқару процесінің 
басымдығы. Теріс нәтижелерді елемеу
Жетістікке жетелейтін процестергегі менеджмент 
нәтижелерінің басымдылығы. Теріс нәтижелерді 
белсенді пайдалану
Тиімді әрекеттерді имитациялау мен 
фальсификациялаудың салыстырмалы 
жеңілдігі
Тиімді қызметті имитациялау және бұрмалаудың 
практикалық мүмкін еместігі 


мәселелері; 
г) кәсіби басқару және барлық басқару шешімдерінің экологиялық салдары үшін жауапкершілік; 
д) экологиялық даму мәселелерін шешуде дәйектілік (сабақтастық, кезең-кезеңімен); 
е) экологиялық менеджментті жалпы кәсіпорынды басқару жүйесіне интеграциялау; 
ж) экологиялық сана мен экономикалық уәждеме мотивация. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет