Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін олқылықтар мен қателер



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата19.03.2023
өлшемі192,97 Kb.
#75437
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
pravila sozdanija multimediinykh prezentacii

 
Фонды қолдану ережесі 
- Фон 
екінші жоспардағы элемент болғандықтан, ақпаратты 
нақытылап, оны жаппауы керек. 
- Ақ түске қарағанда, жеңіл ашық түстер жақсы үйлеседі. 
- Фонға салқын түстер жақсы келеді. 
- Әрбір белсенді фондық сурет көзді шаршатып, материалды қабылдау 
тиімділігін түсіреді. 
- Слайдтың дизайнын жасаған кезде мәтіннің анық көрінуіне мән 
берген жөн. 
Мәтіндік ақпараттарды қолдану ережесі 
 
Ұсынылмайды: 
- мәтінді шамадан тыс көп қолдануға; 


- түгел мәтін блоктарын қолдануға; 
- сөздерді буынға бөліп қолдануға; 
- жазу мен мәтін блоктарын тігінен қолдануға; 
- слайдтағы мәтін оқытушы айтып тұрған мәтінді қайталамауы тиіс. 
Ұсынылады: 
 
- мәтіннің ақпараты нақты, мазмұны қысқа және түсінікті болуы керек: 
қысқа тезистер, есімдер, күндер, терминдер, мәтіннің негізгі тірек 
сөздері; 
- қысқа сөздер мен сөйлемдер, шылаулар, үстеулер, сын есімдерді аз 
қолдану; 
- тұтас мәтін орына сандарды қолдану; 
- кестелі материалдарды қолдану; 
- мәтінді безендірудің жалпы ережелерін пайдалану; 
- мәтіннің, әріптердің бірізділігі; 
- мәтіндік ақпараттардың көлденең жазылуы; 
- әрбір ереже, идея мәтіннің арнайы азат жолы арқылы көрінуі тиіс; 
- азат жолдың негізгі идеясын азат жолдың басына жазу, 
- егер слайдта тек тақырып, сурет болса (фото сурет, диаграмма, сұлба, 
кесте) жақсы безендірілген болып есептеледі.
Шрифтерді қолдау ережесі 
 
Презентациядағы ақпаратты жазу кезінде төмендегідей ережелерді 
ұстанған дұрыс: 
- бір презентацияда түрлі әріптерді қолдану ұсынылдмайды; 
- алыстан жақсы көрінетін (Arial, Tahoma,Verdana) секілді шрифт 
түрлерін қолданған дұрыс; 
- негізгі мәтінге үлкен шрифтерді қолданған жөн; 
- тақырыпқа декоративті шрифті қолдануға болады; 
- мәтін жақсы оқылуы тиіс (алыс орында отырғандардың өзі оны оқи 
алуы керек); 
- ұсынылатын шрифт көлемі: тақырыптарға – 32-50 аралығында, 
орташа – 36, негізгі мәтіндерге – 18 -32 аралығында, орташа – 24.
- маңызды ақпаратты ерекше белгілеп көрсету керек; 
- ақпартты ерекшелеп көрсету үшін курсив немесе жартылай қою 
шрифт қолданған жөн; 
- Ерекшелеу көбінесе гиперсілтемелерге қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет