- жылы түстер ретінде: қызыл, сарғыш қызыл, сары;
- салқын түстер тыныштандырып, ұйқылы жағдай тудырады: күлгін,
көк, көгілдір, жасыл;
- бейтарап түстер: ашық қызғылт, сұрғылт, сарғыш жасыл, қоңыр;
- екі түстің үйлесімділігі түстің белгісі мен түстің фоны –
көрермендерге жайлылық тудырып, ал кейбір түстер көзді шаршатып,
стресске де әкелуі мүмкін (мысалы, қызыл фондағы жасыл әріптер, көк
фондағы қызыл әріптер);
- шрифт пен фон түстерінің үйлесімділігі: күрең көк түстегі ақ, ақ
түстегі қара, көк түстегі сары.
Презентациядағы түстерді пайдалану бойынша келесі нұсқаулықты
құрастыруға болады:
- Бір слайдта негізгі үш түстен артық қолданбаған жөн:
біреуі фонға,
біреуі тақырыпқа, біреуі мәтінге.
- Презентацияға түстердің сұлбасын құру төмендегідей таңдаудан
басталады:
- негізгі үш түс: фон – мәтін –тақырып.
- басты үш түсті анықтау, мәтінді және гиперсілтемені анықтау
үшін.
- фон мен мәтінге кереғар түстер қолдану керек:
мәтін жақсы көрініп,
оқылуы керек.
- Гиперсілтемелердің түсіне мән берген жөн: олардың түсі мәтіннің
түсінен ерекшеленіп тұруы тиіс.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған оқу презентацияларында
қолдануға болмайды:
- бір электрондық бетте төрт түстен артық;
-
қызыл фон;
- таңбалар мен фонның сәйкестігі 1:3 болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: