sh әрпі қатар жазылады.
§4. ǵ әрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады:
ǵarysh, aǵash, samǵa.
§5. ń әрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, zań.
ı, ý əріптерінің емлесі
§6. ı, ý әріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, ıaǵnı, qoıan, saıa, ıod,
faıl, aıkıdo, mezozoı, ýaǵyz, ýaqyt, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana.
§7. уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik,
ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt.
Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) түбірлерінен жасалған сөздерде
жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.
ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й)
жұрнағы жалғанғанда, екі ı
әрпі қатар жазылады: baıy – baııdy, keıi – keııdi.
§8. uý (ұу), úý (үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý әрпімен жазылады:
ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.
§9. ю әрпі ıý әріп тіркесі түрінде жазылады: aıý, baıý, oıý, jaıý, súıý.
Е с к е р т у.
ı әрпінен кейін тұрған
ю әрпінің орнына
ý жазылады: qıý, jıý.
§10. я әрпі
ıa әріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵnı, saıa.
Е с к е р т у.
и (ı) әрпінен кейін тұрған
я әрпінің орнына
а жазылады:
qıar, sıa, jarıa.