б деп, б-мен жазған соң, ток-тогі к-ні тог деп жазуымыз керек еді. К, қ, п-ның ережесі
бірін-біріне үйлеспейді. К-нің ережесі дыбыс жүйесінше де, п-ның ережесі асылын
зерттеумен болған, к-нің ережесі жеңіл де, п-ның ережесі қиын, желп, серп-терді п-мен,
қап, топ-тарды б-мен жазамыз, сөйтіп, п мен б-ның асылын айырамыз, бірақ қорқамын,
үркеді дегенде де өзгермейді. Сондықтан п-ны да дыбыс жүйесінше жазуымыз керек” [17,
30б.]. Ал қазіргі зерттеулерде қап сөзіндегі [п] дыбысы да негізгі реңк, қабы сөзіндегі [б]
дыбысы да негізгі реңк, яғни қалыбы, қалпы, сабы, сапы деген сөздеріндегідей мағына
ажырататын дыбыс алмасу бір деңгейде қарастырылады. Жалпы, қазақ тіліндегі мұндай
сипатты сөздердегі дыбыс алмасуларды жаппай қамтитын құбылыс болмағандықтан,
морфонологиялық алмасу, яғни тарихи алмасуға жатқызады. Ал морфонологиялық алмасу
жазуда жүйелі түрде көрініс табады. Сондықтан ғалымдар қазіргі ДЖ морфонологиялық
сипатта дейді. Мысалы: қалып - қалыбы (кірпіш құятын, нан салатын қалып), қалпы
(сипаты, күйі), сап-сабы (күректің сабы), сапы (еңбек сапы). Бірақ тәуелдік жалғауы
қосылған сөздерде ғана (қалыбы-қалпы) мағыналық айырмашылық көрінеді, ал қалып сөзі
мен
қалыбы сөзі бір мағынаны білдіреді. Егер жазуда фонема таңбаланатын болса,
мұндағы мағына ажыратушылық белгі қандай сипатта болады? Сондай-ақ бұл қатарға
< қ>, <к> фонемаларының түбір мен қосымша, екі сөз жігінде ұяң < ғ>, <г> фонемаларына
айналып айтылуы және жазылуы да кіреді. Мысалы: балық-балығы, ақ-ағы, көк-көгі, жақ-
жағы, бақ-бағы.
12-дәріс. Қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясындағы қиындықтар
Қазақ орфографиясында шешімін таппай келе жатқан қиындықтардың бірі –
құрама сөздердің бірге я болмаса бөлек жазылуы. Орфографиядағы өзге қиындық бір
басқа да, құрама сөздердің жазылуына байланысты қиындық бір басқа деуге болады.
Мысалы, бозторғай, қараторғай, қарабидай, желбау, уықбау, ауылшаруашылық т.б. толып
жатқан сөздер әр түрлі басылымдарда әркелкі жазылып жүргендігі жиі байқалады. Тіпті
лингвистикалық сөздіктердің (орфографиялық, түсіндірме сөздік, орысша-қазақша сөздік,
терминологиялық сөздіктер т.б.) өзінде кейбір сөздер бірге жазылса, сол сөздердің кейбірі
бөлек жазылған. Мұндай фактіні, жасыратыны жоқ, жиі кездестіруге болады.
Орфография мәселесін сөз еткен мақалаларда, рецензияларда көбіне сөздердің бірге не
бөлек жазылуына байланысты ала-құлалықтар сынға алынып жүруі де орынсыз емес.
Қазақ орфографиясының тәжірибесіне сүйенсек, құрама сөздің бір ғана заттың атауы
болуы, бір ғана мағынаны білдіруі, сөйлемнің бір ғана мүшесі ретінде жұмсалуы олардың
бірге не бөлек жазылуына таяныш бола бермейді. Күрделі сөздерді тұрпат межесі
тұрғысынан босаралықсыз (біріккен сөздер), босаралықпен (құрама сөз) және
қосаралықпен (қос сөздер) тұлғаланатындар деп үшке бөлуге болады. Мұндағы
босаралықпен тұлғаланатын құрама сөздердің әртүрлі терминге ие болып, кейде тіпті сөз
тіркесі аясында қаралуы бұл топтың номинативтік бірлік ретіндегі мәртебесін анықтауда
басы ашылмай жатқан мәселелердің бар екендігін аңғартады. Сондықтан грамматикалық
бірліктердің (грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшелігі бар топтары –
тұтастықтар деп аталады) бөлек тұлғалануын сөздің дербес тілдік бірлік екенін көрсететін
синтаксистік құрылымның ерекшелігі деп алып, бөлек тұлғаланудың 5 сатысын көрсетуге
болады. Олар: 1. Сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы; 2. Синтаксистік сөз тіркесі
деңгейіндегілердің бөлек тұлғалануы (алтын сағат, күміс қасық, сабақ үлгірімі); 3.
Түйдекті тіркестердің бөлек тұлғалануы (келе жатыр, сабақтан кейін, үйдің алды); 4.
Фразеологиялық тіркестердің бөлек тұлғалануы (ит әуре, мысық тілеу); 5. Лексикалық
синтагмалардың, яғни күрделі сөздердің бөлек тұлғалануы (тандыр нан, ат қора).
Мұндағы сөйлем мүшелеренің бөлек тұлғалануы фонологиялық жазудың басты
қағидасына айналғаны белгілі; фразеологиялық тіркестердің бөлек тұлғалануы тіпті
олардың мазмұн межесінің ерекшелігіне баланды. Түйдекті тіркес деп топтап отырған –
негізгі сөз бен көмекші етістік тіркесі және толық мағыналы сөз бен шылау сөздердің
тіркесі. Бұл аталғандар босаралықпен таңбалану, яғни бөлек жазылу нормасы ретінде
кодификацияланды. Сол сияқты синтаксистік сөз тіркесі деңгейіндегі күрделі сөзге ұқсас
қабыса байланысқан тіркестердің бөлек жазылуы қағидаға айналды: Мысалы: 1. Зат есім
– зат есім тіркесі: ағаш күрек, тас үй, бас қызметкер. 2. Сын есім – зат есім тіркесі: ақ қар,
боз ат, қызыл гүл, тар жол, қысқа жіп, кең сарай, терең көл, қалың орман, жақсы кісі,
ыстық су, әдемі қыз. 3. Есімше – зат есім тіркесі: орылған егін, көгерген шөп, айтар сөз,
барар жер, сауылатын сиыр. 4. Есімдік – зат есім тіркесі: осы өзен, бұл сөз, барлық әлем,
әр адам, күллі халық, бүкіл дүние. Күрделі сөздердің, әсіресе күрделі зат есімдердің
орфограммасын арнайы қарауға тура келеді. Себебі күрделі сөз қатарындағы номинативті
бірліктердің бір кезде біріккен сөз тобынан орын алып отырғаны белгілі. Мысалы уық бау,
шаңырақ бау, құлақ бау, а қ бау құрама сөздері бөлек таңбаланса, шашбау, белбеу,
қазықбау лексемалары бірге жазылады. Бұндай құбылыс ортақ компонентті күрделі
сөздердің біреуінің біріккен сөз қатарына өтуі (мысалы қолғап), сол үлгілегі өзге
тіркестердің де орфограммасына ауытқушылық әкеледі (мысалы шашқап, кесеқап).
Сондықтан емле ережелерінде бөлек жазылатын сөздер емлесі, бірге жазылатын сөздер
емлесі арнайы екі тарауға бөлініп көрсетіледі. Енді бөлек жазылатын сөздердің емлесінің
әрқайсысына жеке тоқталайық.
Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады. Анықтауыштық
қатынастағы күрделі сөз пайда болу үшін алдымен оның сыңарлары зат пен құбылысты
түсіндіру мақсатында, сөйлемде қатар келуі керек. Екіншіден, олар анықтауыш-
анықталғыш, толықтауыштолықталғыш, пысықтауыш – пысықталғыш қатынаста тұруы
тиіс. Үшіншіден, олар деректі және дерексіз заттың, мөлшер, мезгіл, көлем, сын, сан
атауларының қажетін тұрақты контекс құрап, өтеп тұруы қажет. Осы тұрақтылық
негізінде үлкен және кіші деңгейде «қолтықтасқан» сөз тіркестері бір ғана зат я
құбылысқа атау болып қалыптасады. Сөйлемнен тыс қаралғанда да бұл сөз тіркестері сөз
тәрізді бола алады. А.Байтұрсынұлы терминімен айтқанда, тек сын, яғни айыратын
сапалық не қатыстық сын есімдер немесе бұл заттардың неге арналғанын білдіретін сөздер
де, соңғы сыңарлары ортақ болып келетін тіркестер. Тірек компоненттің бір емес бірнеше
тіркесімділікте қайталануы және сол тіркесімділіктің қолдану жиілігі қабыса байланысқан
сөз тіркестерін күрделі номинативтік бірлік дәрежесіне жеткізеді. Сондықтан күрделі
сөздердің бөлек жазылуы атаулардың түрлерін айырып көрсету мақсатынан да шығады.
Бұл күрделі сөздер компоненттерінің экстралингвистикалық фактормен Д1,Д2 немесе Д2,
Д1 қатынаста тұрғанының дәлелі. Мысалы: қараша үй, үлкен үй ( тн.), қоржын үй, ағаш
үй, жер үй, жалғыз а қ жол, машина жол, қой қора, сиыр қора, тауық қора, аға буын, аға
ғылыми қызметкер, көк базар, жайма базар, ағаш төсек, ағаш тырма, ағаш мінез, ағаш
тостаған, қара бақыр, қара жұмыс. Анықтауыштық қатынастағы күрделі сөздер мен сөз
тіркестерін өзара ажырату үшін компоненттік талдау жасау қажет. Мысалы, ас қасық
(күрделі сөз) пен күміс қасық (сөз тіркесі). Ас қасық – ас ішуге, жеуге, салуға арналған
сабы, басы бар, шай қасықтан үлкендеу қасық. Мұндағы ас компоненті – адамның
қоректік заты, ішіп-жемі, тамағы семаларынан тұрады. Ал қасық – тамақ жеуге, ішуге
арналған, басы бар, сабы бар бұйым семаларынан құралады. Байқап қарасақ, бірінші
компоненттің архисемасы (тамақ) екінші компоненттің дифференциалды семасы (тамақ)
болып тікелей жалғасады. Ал күміс қасық деген сөз тіркесінде алғашқы сыңардыі
архисемасы соңғы сыңардың дифференциалды семасына айнала алмайды. Бұл тіркестің
валенттілігі – бірінші компоненттің архисемасы (металл) мен екінші компоненттің
интегралды семасының (металдан жасалған) ортақтығынан аған туындайды. Сондықтан
күміс қасық тіркесінің ас қасық тіркесіне қарағанда тұрақтылығы төмен, дистант түрінде
байланыса береді: күміс ас қасық. Ал компоненттердің байланысуы берік ас қасық күрделі
сөзінің босаралықпен жазылуы – олардың денотатив семаларының (Д1, Д1) ортақтығынан
туындап отыр.
Күрделі сан есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Бүгінде күрделі сан
есімдердің компоненттері бір бірінен бөлек таңбаланады деген қағида емлемізде берік
орнықты. Ал аналитикалық тәсіл сан есім сөзжасамында басты қызмет атқаратыны
белгілі. Профессор М.Балақаев күрделі сан есімдерді «бөлек жазылып жүрген біріккен
сөздер» деп сипаттаған болатын. Дегенмен күрделі сан есімдердің бөлек тұлғалануы
орныққан қағидаға айналды. Жалпы орфографиялық сөздік, емле ережелерін түзуде,
баспасөз, көркем әдебиет беттерінде, ісқағаз құжаттарын толтыруда күрделі сан
есімдердің орфограммасы қиындық тудырмайды. Ендеше күрделі сан есімдердің бөлек
жазылуының уәждемесі, яғни босаралықпен таңбалану қасиеті тіл заңдылығындағы қатаң
норма деп саналады. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монография авторлары:
«Егер тірек компоненттің доминанттылығы (мағына үстемдігі) берік болса, күрделі сан
есім бөлек жазылуы қажет» деген құнды пікір айтады. Күрделі сан есімдердің тірек
компоненті, әдетте оларлың ондық, жүздік, мыңдық бөлшектері болып келеді. Бір емес,
бірнеше тіркесімділікте қайталанатын он жиырма, отыз, қырық, жүз сөздерінің мағына
үстемділігінің болуы оның алғашқы сыңар болуында. Әйтпесе күрделі атаудың алғашқы
сыңары бүтіннің мағынасын бере алатын болса, постпозициядағы қайталана беретін сыңар
дерексізденіп, стандарт тұлғадан аффиксоидталатынын (а ққап, балақұмар) немесе
эллипсиске (қарақұйрық тышқан, бұзаутіс қамшы) ұшырайтынын білеміз. Демек, санның
ондық мәні де актуалданады, әрі бірлік бөлшегі де маңызға ие болып тұрғандықтан,
құрамы босаралықпен қатар көрсетіледі: он бір, он екі, тоқсан бір, жүз екі, бір мың алты
жүз қырық бес.
Күрделі сын есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Қазақ тілінде бір сөзден
тұратын түр-түс атаулары олардың жалпы санына қарағанда өте аз. Демек, түр-түс
атауларының басқалары осы сөздердің басқа түске қатысты сөздермен өзара тіркесуі
арқылы жасалады екен. Оның себебі – спектр жүйесінде хроматты және ахроматты негізгі
түртүстерден басқа да сан алуан реңктердің және әртекті, қосалқы, күрделі түстердің де
көп болуына байланысты. Бір түбірлі түс атауының түр-түстің өзін білдірмесе де, оған
жақын, сипаттаушы қасиеті бар, оны әр қырынан көрсете алатын сөздермен тіркесуі өз
алдына (ашаң қара, ашық қара, жылтыр қара, көмір қара, божбан қара), қазіргі қазақ тілі
сөздік қорында жалпылама қолданыстағы тура мағыналы күрделі сын есімдер саны
баршылық. Мысалы: көк ала, қызық ала, ал қызыл, сары ала, қоғыр ала, ақ ала, ақ сары,
қызғылт сары, қара көк, қара қоңыр. Күрделі сын есімдердің компоненттері ажыратыла
таңбалануы уәжді. Біріншіден, күрделі сын есімдер компоненттері экстралингвистикалық
мәнділікпен турал байланысты тұрады. Мысалы, сары – піскен егіннің немесе
жұмыртқаның сарысындай түсті берсе, ала – ақ пен басқа түстің араласуы негізінде
жасалған түсті білдіреді. Демек сары ала – сары мен ақ араласқан түсті тура атайды.
Екіншіден, адам санасының көру-бейнелеу, көру-жазу әрекеті бірінші кезекке қойылады,
яғни әртүрлі түр-түс реңктерін көзбен көріп, оның суретін бейнелейтін суретші нысандағы
түстің реңктерін көзбен ажырата алады. Сондықтан оны сөзбен атағанда лексемалар өзара
мағыналық контаминацияға түсіп кетпеуін қалайды. Үшіншіден, күрделі сын есімдердің
босаралықпен таңбалануы лингвистикалық себептерге байланысты. Спектр жүйесінде
хроматты және ахроматты негізгі түр-түстерден басқа да сан алуан реңктердің көп
болуына байланысты тілімізде бір сөзден тұратын түс атауларына қарағанда екі, үш
сөзден тұратын түр-түс атаулары көп. Сондықтан түс атауының дара тұлғасы әр текті
тіркесімділікте тұрпаты тұрақты форма алады.
Күрделі етістіктердің, есім және еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама
етістіктердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Тілде дара тұлғалы етістікке қарағанда
аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктердің қолданылу жиілігі басым. Себебі –
етістіктің атауыштық қызметі дербес мағыналы етістік пен көмекші етістік тіркесі арқылы
(шақырып ал, айтық бақ, келе жатыр, айтып бер) және толық мағыналы екі немесе одан да
көп жалаң етістіктердің тіркесуі арқылы (апарып беру, оқып біту, ішіп болу) жүзеге асып
отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |