Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет1/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)






3
Алғы сөз
Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, 
бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат 
тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Заман алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке 
дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнынын түбегейлі жаңарту көзделуде. 
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа 
жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі 
ұйымдардан басталады.
Осы орайда еркін елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге 
асырылып жатқан саяси-әлеуметтік жағдайлар білім, ғылым саласына 
түрлі жаңалық әкелуде. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген 
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзекті және 
перспективалды қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік жағынан 
қамтамасыз ету үшін түрлі пәндер оқытылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие халық ағарту жүйесіндегі алғашқы буын 
ғана емес, оларға басқа да оқу тәрбие мекемелерінен басқа біздің қоғам 
талабына сай келетін баланың жекебасын, оның әлеуметтік бағдарларын 
қалыптастыру жауапкершілігі де жүктеледі.
Балалар психологиясы оқулығы студенттерді балалардың туғаннан 
бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңдегі психикалық дамуының 
негізгі жақтарымен, заңдылықтарымен таныстыруға арналған. Мектеп 
жасына дейінгі бала психологиясы студенттерді жалпы психология 
ұғымдарының жүйесімен алдын ала таныстырады. Баланың 
психикалық дамуында тәрбие мен оқытудың жетекші рөлін анықтауға 
және осы даму барысындағы баланың әр түрлі іс-әрекетінің принципті 
мәнін талдауға зор көңіл бөлінген.
Балалар психологиясы пәні баланың психикалық дамуының әрбір 
кезеңін, әрбір жағын баяндағанда даму үдерісінің өінің шығатын 
алғышартын, оның жағдайын, негізгі жағдайын онда пайда болатын 
негізгі құрылымдар мен соңғы нәтижесін сипаттайтын бірқатар 
мәселелер басты орын алады. 
Оқулықтың құрылымы студенттердің алған теориялық білімдерін 
практикалық қызметтерімен тығыз байланыстыруға, тапсырмалар 


4
арқылы бала психологиясын тани білуге және зерттеуге, студенттерді 
балалар психологиясы пәні, оның заңдылықтары мен заңдылықтарын 
зерттеу әдістері туралы кәсіби білімдермен қамтамасыз етеді және 
мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшелігіне сәйкес психикалық 
дамуы жайында қажетті мағлұматтармен қаруландырады. Әрбір 
тақырыптан кейін бақылау сұрақтары мен практикалық тапсырмалар, 
тестілер, слайдтар мен қосымша пайдаланылған әдебиеттер берілген.


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет