Психологиялық жас кезеңдерге бөлу
Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу
мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек
шұғылданады.
Жас ерекшелігі пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас
шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.
1. Мектеп жасына дейінгі кезең:
- жаңа туған немесе нәрестелік кезең;
- сәбилік кезең;
- мектеп жасына дейінгі кезең.
2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең.
3. Жеткіншектік кезең.
4. Жасөспірімдік кезең.
5. Ересектік кезең.
6. Қарттық кезең.
Мектепте оқыту үдерісіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді
қарастырамыз.
Психикалық дамудың жас кезеңдері.
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы
бірқалыпты болмайды. Мұнда жас кезеңдердің біршама баяу, бірте-
бірте өзгеретіндігін бұрынғы психологиялық белгінің жойылып, жаңа
психологиялық белгінің пайда болуына байланысты, кейде баланы
неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін
өзгерістер кезеңі басталады. Бір кезеңнен екінші кезеңге осылай
14
секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. Бұл жас дағдарыстары
шамамен бірдей жағдайда тұрған жас жағынан шамалас баланың
барлығында пайда болады да, балалық шақтың бірнеше жас шағына
қарай кезеңге бөлуге мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін баланы
әр түрлі жас кезеңдеріне бөлу әр түрлі жүзеге асырылған. Мысалы
педагогия ғылымының өкілдері баланың жас кезеңін биологиялық
факторлар бойынша ажыратқан. Мысалы, тісінің ауысу сапасына қарап,
тіс жару кезеңі, тістің шығу кезеңі, т.с.с. Бірақ бұл дұрыс емес. Қазіргі
педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің тіршілік
етуіне байланысты өзгерістер мен әртүрлі дағдарыстарын санамағанда,
баланың туғаннан мектепке барғанға дейін кезеңін 3 дағдарыс кезеңге
бөлген, яғни 1 жас, 3 жас және 7 жас.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі сол жас
кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол
қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі деп аталады.
Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кез – сәбилік кезең деп аталады.
Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау
мезгілі.
3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез – мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде
қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын
түрі пайда болады.
6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез – бастауыш мектеп жасы
деп аталады.
11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде
бала психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен
өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.
16-17 жас – жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас – жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын
қамтиды.
Адамның дүниеге келгеннен, дүниеден кеткенге дейінгі кезеңін
– онтогенез дейміз. Фелогенез – тіршіліктің дүниеге келгенге дейінгі
кезеңі.
15
Мұндай жас кезеңдердің өзі жас мөлшеріне қарай бөледі. Бірақ жас
көрсеткіші тұрақты болмайды. Жас шамасы мен жас кезеңінің арасында
мынадай байланыс бар. Мысалы, әр мемлекет өзінің бекіткен заңы
бойынша мектепке оқыту жасын белгілейді. Мысалы, баланы яслиге 1
жарым жастан қабылдайды. Қазір 6 жастан бастап мектепте оқып жүр.
Дегенмен, адам өмірінде жаңа жас кезеңі басталған жағдайда мұндай
кезеңге бөлудің жалған көрсеткіш екенін де байқайды. Мысалы, 1944
жылға дейін біздің елде мектепте оқыту 8 жастан басталған, яғни
бастауыш мектеп кезеңі басталады. Ол 1,1 жарым жыл кеш бастайды.
Қазір 2 жас ерте барады. Ал Англия Жапонияда балалар 5 жаста
мектепке барады. Қазіргі кезбен салыстырғанда баланың мектеп жасына
дейінгі кезеңі 1 жыл ерте сияқты. Осылай болса жас мөлшері, балалық
шақтың кезеңін анықтамайды. Ғалымдар баланың даму үдерісінде
тура осындай белгілі кезеңдерден жүйелі түрде өтетінін анықтады.
Мысалы, белгілі бір жас кезеңдеріне сәйкес баланың сөйлеуі мен
қабылдауының даму үдерісін психолог В. Штерн, ойлаудың дамуын
Ж. Пиаже, ал ақыл-ойдың дамып қалыптасу кезеңін П. Я. Гальперин
анықтады. Осы кезеңдердің бәрінің дамуы баланың оқу үдерісінің
негізінде қалыптасып, дамытуға мүмкіндігінің бар екенін анықтады.
Жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін білу үшін жас
кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырата білу керек.
Жас кезеңіндегі өзгешелік баланың психологиясын табиғи сапалық
өзгешеліктеріне байланысты сондай-ақ даму үдерісінің бір жүйеге
түсуіне байланысты, әр кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болғаны мен олар
бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әр жас шамасында баланың
балалық шақ кезеңі әр түрлі мөлшерде өтеді.
Мысалы, Нәрестелік кезеңде даму тез өтеді және 1 жыл ішінде бала
5 сатыдан өтеді. Сәбилік кезеңде 1 жастан 3 жасқа дейін 3 сатыдан
өтеді, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді.
Оның біріншісі екіншісінен ажыратылады. Ал бастауыш мектеп
кезеңі 3 сатыдан өтеді. Бұл да баланың денесінің және психикасының
әр кезеңде біркелкі дамымайтынын көрсететін ерекше дәлел болып
есептеледі.
Дағдылы жүйелікте адам организмінің шеміршектен бірте-бірте
сүйекке айналып ішкі организмнің секреция безінің дамып жетілуі,
олардың кейбіреуінің жұмыс істеуі әлде қайда күшті немесе баяу
өтуі мүмкін. Бірақ организмнің бұлай дамып жетілуі жеке бастың
даму өзгешелігін анықтайды. Психологиялық дамудың шапшаңдығы,
оның күшті ұйымдасып, бір-бірімен әрекеттесуі немесе баланың
16
үлкендермен қарым-қатынас жасауымен қамтамасыз етеді. Баланың
жасының мөлшері оның дамуын тікелей анықтамаса да, алайда оның
жасы бұл үдерісте уақыт факторы сияқты мәнге ие.
Біріншіден организмнің жетілуі белгілі бір уақытта пайда болады,
ол бала психологиялық дамуын тікелей анықтамайды. Дегенмен оның
әрекет етуімен қарым-қатынас жасауы үшін жаңа мүмкіндіктердің
пайда болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ баланың ары қарайғы
психологиялық дамуын да қамтамасыз етеді.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас
кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол
қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |