Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Баланы мектепке психологиялық даярлаудың



Pdf көрінісі
бет104/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

 
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың 
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Қоғамның даму әлеуеті білім деңгейі мен білімділік көлемімен 
өлшенеді. Әлеуметтік ортадағы адамзат баласының білімділігінің 
негізін қалайтын қасиетті орын - мектеп. Ғылымның әрбір саласынан 
хабар беретін мектеп оқуы жүйелілігімен, бірізділігімен ерекшеленеді. 
Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы бастауыш білім болса, 
сол бастауыш білімнің де, өз кезегінде сүйенер негізі бар. Ол - білім 
беру жүйесінің бастапқы буыны мектепке дейінгі тәрбие. Сәбилерге 
алғашқы мәдени-гигиеналы дағдыларды үйретуден бастап, саналы 
тәртіп, салиқалы ой қорытындысын жасауға дейін көтеретін бұл тәрбие 
ошақтары болашақ оқушыны мектептегі оқу ісіне даярлаудағы маңызы 
зор екендігі еш талас тудырмайды. 
Еліміз бастан кешкен экономикалы дағдарыс, балалық шақтың 
белгісіндей, осы бір аялы мекендердің өміріне де салқынын тигізбей 
қоймады. Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің 
2001ж. съезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «1994-1998 жылдардың 
аралығындағы кезеңде мектепке дейінгі тәрбие беретін ұйымдардың 
жүйесі шын мәнінде қиратылып біткен. Бұл мәселені шешу керек» - 


224
деп атап айтқан болатын. Мектепке дейінгі мекемелердің күрт азаюы 
салдарынан, жалпы білім беретін мектептер табалдырығын аттаған 
балдырғандардың мектептегі оқу ісіне даярлығының көлемі де төмендеп 
кетті. Баланың мектеп талабын түсінбеуі ішкі ережелерге бағынбауды 
тудырады; оқушылық міндетті жеткілікті дәрежеде сезінбеу - мұғалім 
тапсырмасын дұрыс орындауды, ұғынуды болдырмайды.
Мектепке психологиялық даярлық бала өмірін, оның табиғи 
қажеттіліктері мен әуесқойлықтарын қанағаттандыратындай етіп 
ұйымдастыруды, жаңа білімдер мен жаңа қызығушылықтарды 
қалыптасуы үшін, баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз етіп 
отыруды көздейді.
Мектепке психологиялық даярлық мәселесі туралы ресей 
ғалымымдары үшін де өзекті мәселеге айналды. Бұл туралы И.В.
Дубровина былай дейді: «Мектептің 1-сыныбына барынша жақсы 
даярлықпен келетіндер - мектепке дейінгі кезеңде отбасында, бала 
бақшада жүйелі түрде үйрету жұмыстары жүргізілген балалар».
И.В.Дубровина өзін көпжылдық эксперименттерінің нәтижесіне
сүйене отырып, оқушының 1-сыныптың басындағы оқу үлгеріміне
мұғалім де, бағдарлама да емес, баланың мектепке даярлығы әсер
етеді, сондықтан баланы дер кезінде мектепке даярлай білу керек, бірақ 
«даярлық» сыртқы сипатқа: баланың оқи, санай білу іскерлік 
сұрақтарға жауап бере алуы, т.б. емес, белгілі бір психологиялық 
ерекшеліктерге: мектептік оқуға қатынасы, танымдық белсенділігі, 
көңіл-күйінің тұрақтылығы т.б. негізделе жүргізілуі қажет деп 
қорытындылайды. Бірақ, бұл мектепке психологиялық даярлық 
мәселесінің жалпы көрінісі. Осы тақырыпты зерттеумен айналысқан әр 
ғалым бұл ұғымға түрліше анықтама береді. Мәселен, В.Д.Шадриковтың 
зерттеуінде «мектепке психологиялық даярлық, бір жағынан, ағза мен 
психика дамуының генетикалық бағдарламасымен анықталса, екінші 
жағынан, баланың жеке тәжірибесі мен білімдер қорымен өлшенеді. 
Мұндағы мәселе - биологиялық даму мен психикалық дамуды қатар 
қарастыруда емес, оларды салыстыруда да емес, біртұтас зерттеуде», 
- делінеді.
Мектепке психологиялық даярлық ұғымы құрамына мотивтік, 
эмоциялық-еріктік, танымдық сапаларды жатқыза отырып, 
М.Н.Лобанова мектепке психологиялық даярлық нақты тапсырмаларды 
орындау іскерлігімен емес, мектеп талаптарын орындауға негіз болар 
алғы шарттардың қалыптасуымен сипатталатынын атап көрсетеді. 
Және де, «даярлықтың әр құрылымы ырықты түрде емес, балаға мектеп 
ұсынатын талаптар арқылы анықталады», -дейді.


225
Баланы мектепке психологиялық тұрғыда даярлау мәселесін ең 
алғаш көтерген белгілі дидакт К.Д.Ушинский болды. Ол «Мектепті оқуға 
дайын бала - оқығысы келу тілегі мен іскерлігімен, ұзақ уақыт бойы 
зейінін шоғырландыра алу қабілетімен, дағдыланбаған жағдайда баяу 
меңгерілетін нәрселерді жылдам игеретіндігімен сипатталады». Ұлы 
ағартушының бұл көзқарасы, мектепке баратын баланың психологиялық 
даярлық сапасын дөп басып көрсете алуымен ерекшеленеді. Мәселен, 
осы күнгі мектепке даярлық мазмұнын құрайтын мотивтік даярлықты 
«оқығысы келу тілегі», танымдық даярлықты «‘зейінін шоғырландыру», 
«материалды игер» ұғымдары арқылы белгіленген.
1948ж. К.Д.Ушинский мен Л.С.Выготский зерттеулері негізінде, 
А.Н.Леонтьевтің басшылығымен баланың мектептегі оқуға 
даярлығының психологиялық мазмұны мәселесіне арналған зерттеулер 
тобы жүргізіле бастайды. Мектепке даярлық мәселесін мектеп 
талабынан бөліп қарастыра отырып, А.Н.Леонтьев, мектепте оқудың 
баланың есіне, қабылдауына және тілінің дамуына, яғни психикасыиың 
даму деңгейіне талап қоятындығын атап көрсетеді. Осы тақырып 
негізінде бала психикасын тануға арналған зерттеулер жарық көре 
бастайды:
Истомина З.М. - ырықты ес процесінің дамуы;
Запорожец А.В. - ерікті қозғалыс процесінің дамуы;
Мануйленко З.Б. - ырықты мінез-кұлық дамуы. 
Осы зерттеулер негізінде жатқан теориялық ой, яғни - психикалық 
әрекеттің ырықты процесстері үнемі әрекет ретінде қалыптасатындығы 
- баланың психикалық дамуын зерттеуде түбірлі мәнге айналды.
960-жылдардың басына дейінгі кезеңде мектептік оқуға даярлық 
мәселесі педагогикалық талап тұрғысынан ажыратылып, психология 
ғылымының зерттеу нысаны ретіңде қарастырылу сипатына ие 
болды. Осы мерзімде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде «мектепке 
психологиялық даярлық» ұғымы қалыптасты. Мектепке психологиялық 
даярлық мазмұны болып, әлі толық ашылмаған жаңа құрылымдар 
белгіленді.
1970-жылдары бастауыш оқу мерзімінің өзгеруімен және оқу 
материалының толықтыру мен жүйелену деңгейінің көтерілуімен, 
мсктепке психологиялық даярлық мәселесінің зерттелу жағдайы күрт 
жоғарылады..
Ал осы тақырып төңірегіндегі көзқарастар мен пікірлердің 
қайшылықтары мәселенің 1980-90 жылдардың өзінде әлі шешуін 
таппағандығын, жүйеленбегендігін дәлелдейді. 


226
Мәселенің шешімі - мектепке даярлаудағы психологиялық 
тұрғыны іздестірумен өлшенеді. 1984ж. КСРО-ның білім беру саласы 
реформаланды. Мұндағы басты өзгеріс балаларды мектеп қабырғасына 
бұрынғыдай 7 жастан бастап емес, 6 жастан қабылдау бағдарламасы 
еді. Осы жаңалыққа орай, балалар психологиясының жас ерекшеліктері 
мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың қалыптасқан 
қағидаларды қайта қарауына тура келді. Белгілі психолог Л.С.Выготский 
теориясындағы «7 жас дағдарысы да «қайта құру» қармағына ілініп 
кетті. Атақты балалар психологы А.Л.Венгер Л.С.Выготскийдің «7 
жас дағдарысы» ұғымын ғасырдың бас жағында енгізілгенін мәлімдей 
отырып, уақыт талабының өзгеру салдарынан, дәл осы дағдарыс 
мәселесіне де басқаша қарау керектігін абайлап отырып, түсіндірді.
1990-2000ж. аралығында жарияланған еңбектерден мектепке 
психологиялық даярлық мәселесінің бір жүйеге келгендігін көруге 
болады. Бұл кезеңге тән ерекшелік - мектепке психологиялық 
даярлықтың практикалық сипат ала бастауында еді. Мәселені Эльконин 
Д.Б. (1995), Немов Р.С. (1995), Бурменская Г.В. (1990) Слуцкий В.М. 
(1991), Урунтаева ГА. (1995), Чейни Д. (1992) зерттеулері балаларды 
мектепке психологиялық жағынан қалай даярлау қажеттілігі туралы 
жаңа теориялық тұжырымдармен толықтырса, Дубровина И.В. 
(1991); Овчарова Р.В. (1993), Рогов Е.І’ (1995), Шевандрин Н.И. 
(1995), зерттеулері мектепке психологиялық даярлықты жүзеге 
асыру жолдары туралы тәжірибелік маңызы аса құнды практикалық 
материалдар ұсынды. Ал Венгер Л.А Поливанова К.Н., Сушкова Е.Ю. 
(1989), Худик В.А. (1992), Гуткин Н.И. (1993), Гильбух Ю.З. (1993) 
зерттеулері мектепке психологиялық даярлық диагностикасын өлшеу 
әдістемелерінің жиынтығын құрады. Осылайша балалар психологиясы 
пәні мен психодиагностика пәндерінің тоғысында мектепке 
психологиялық даярлық диагностикасы деп аталатын жаңа пән өмірге 
келді.
Кез келген ғылыми зерттеу жұмысы тарихи дамуы жолынан өтеді. 
Балаларды мектепке даярлау процесі іс жүзінде Ресейде 1970-жылдардан 
басталса, батыс еуропа елдерінде 1950-жылдардың өзінде-ақ жалпы 
сипатқа ие болған.
Батыс Еуропада баланың мектептегі оқуға психологиялық 
даярлығының диагностикасы тәжірибелік әрекет ретінде қалыптасты. 
Мәселен, 1920-жылдардың басында Германияда мектепке барар баланы 
сынақтан өткізетін екі орталық жұмыс істеді: Лейпциг қаласындағы
Винклер зертханасы мен Мюнхендегі Гуд және Пеннингтер 
орталықтары. Бұл тексерулердің міндеті - мұғалімнің, баланың ақыл-


227
ой қабілеті туралы мүмкіндігінше әрі тез, әрі батыл түрде мәлімет 
алуына көмектесу болатын..
1922-ж. Гамбургтегі психологиялық зертхана күшімеи өткізілген 
«Альтон сұрыптауы» деп аталатын тәжірибеге 240 оқушы қатысқан. 
Ондағы мақсат - оқушыларды қабілеттеріне қарай, 3 сыныпқа бөлу 
еді. Бұл зерттеудің ерекшелігі: сынақ - мұғалімдердің алғашқы айда 
оқушылар туралы алған әсерлері бойынша жіктелген топтарды 
тексеруте бағытталғандығы болатын. Сынақ құралы сөздік емес 
тесттер болды және олар жеке-дара өткізілді. Сынақ қорытындысы 
мұғалім пікірі мен тест нәтижелерінің сәйкестігін көрсетті. Білім 
берудегі ізгілік ұстанымына қайшы келгенімен, қабілет деңгейіне 
қарай топтастырып оқыту, бәлкім, тиімді де шығар.Америка Құрама 
Штаттарында мектепке барар балаларды психодиагностикалық тексеру 
жұмысын І937ж. Термен бастады. Американдық ғалым Д.Б.Эванс 
мектепке даярлықты жас мөлшеріне қатысты қарастырды. Д.П.Озубел 
оппоненттік жасады; мектепке даярлық баланың жасына емес, мінез-
құлқына қатысты, себебі белгілі бір жас шамасындағы балалар жетілу 
қарқыны жағынан әр түрлі әрі өмірлік тәжірибелері де әр қилы болып 
келеді. «Мектепке психологиялық даярлықты» тек қана бір фактор - 
жас шамасына қатысты қарастыру жеткіліксіз. Бұл ретте Д.П.Озубелдің 
пікірі ғылыми дәлелденген тұжырымдар - дамудағы даралық ерекшелік 
факторы және дамуға орта ықпалы теориясымен сәйкес.
1954ж. чех ғалымдары А.Керн мен Я.Йирасек мектепке 
исихологиялық даярлық диагностикасы туралы ғылыми ізденістер 
жүргізіп, зерттеу қорытындысы ретінде әйгілі Керн-Йирасек тестін 
ұсынады. Олардың пікірінше, мсктепке түскен бала оқушыға тән кейбір 
белгілерді игеруі қажет:
1. ақыл-ой кемелі;
2. көңіл-күй кемелі;
3. әлеуметтік қатынастар кемелі.
А.Керн мен Я.Йирасек ақыл-ой кемеліне баланың заттардың 
жеке бөліктерін қабылдай алуын, ерікті зейінін, салыстыра ойлай алу 
қабілетін; көңіл-күй кемеліне баланың көңіл-күйінің тұрақтылығын, 
оқыс реакцияның түгелдей жойылуын жатқызады. 1965 ж. Америка 
зерттеушілері Ф. Л. Илг пен Л. Б. Эймс мектепке психологиялық 
даярлық диагностикасынан төмен көрсеткіш берген балаларды 
мектептен қайтадан шығарып алып, кептеген жаттығулар жүргізіп, 
даярлықтың белгілі бір деңгейіне жеткізіп барып, мектепке кайта 
беру керек деген пікір айтқан. Д.П.Озубел мынадай пікір айтады: бала 
мектептегі оқуға даяр болмаған жағдайда мектептегі оқу бағдарламасын 


228
өзгертіп, сол арқылы бірте-бірте балалардың даму деңгейін теңестіру 
қажет. Көрсетпей кетуге болмайтын қайшылық - екі зерттеушінің де, 
балалардың мектепке даярлығының көлемін мектепке қабылданған 
соң тексеретіндіктерінде. Егер бұл үрдіс мектепке қабылдар алдында 
жүргізілсе, сыналушыларға қатысты ізгілік принципіне де, дамудағы 
диалектика заңдылығына да, психологтың кәсіби-этикалық ұстанымына 
нұқсан келмес еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет