Тақырыбы: Науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру


сүлгімен жабады. Жағдайы ауыр науқастарды оған ыңғайлы жағдайда жатқызып, басын шамалы көтереді



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата27.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#76573
1   2   3   4   5
Байланысты:
БӨЖ

сүлгімен жабады. Жағдайы ауыр науқастарды оған ыңғайлы жағдайда жатқызып, басын шамалы көтереді.
Әлсіз науқастарды қасықпен тамақтандырады. Ал сұйықтық және сұйық тамақтарды ішкізу үшін арнайы
су ішкізетін ыдыстармен береді. Күтуші адам бір қолымен пациенттің басын көтеріп, ал екіншісімен
қасықта немесе су ішетін ыдысты науқастың аузына жақындатады


Жасанды тамақтандыру
Науқасты табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса міндетті түрде
жасанды тамақтандыруды ұйымдастыру қажет. Жасанды тамақтандыру
науқастың дене салмағын жоғалтуының, тапшылық жағдайлардың
(микроэлементтер, дәрумендер) алдын-алады, ақуыз синтезін төмендетеді
және қарқынды емдеу әдісіне жатады.Жасанды тамақтандыру асқазанға
ауыз немесе мұрын арқылы енгізілген зондтың немесе гастростома арқылы
(асқазанның операциялық жыланкөзі) немесе илеостома (ащы
ішектің опреациялық жыланкөзі) көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұл
жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса қоректік заттар және сұйықтықтар
парентеральды – асқазан ішек жолдарынан тыс (көктамырға тамшылап)
енгізіледі


Зондпен тамақтандыру 
– ауыз арқылы тамақтану қиындық туғызса және мүмкін болмаған жаңдайда ағзаға
тамақтық заттарды енгізудің бір әдісі. Зондпен тамақтандыру инсульт, бас сүйек-ми жарақаты кезінде шайнау
және жұтыну бұзылғанда ауыз-жұтқыншақ зақымдануда, ми бағанасының ісігінда, жүйке жүйесінің ақауы және
т.б. кезде қолданылады.
 
Назогастральді зонд 
– асқазаннан сұйықтықты немесе ауаны шығарып алуға, дәрілік
затты енгізуге арналған асқзанға мұрын арқылы енгізілетін зонд.
Гастростома 
–асқазанды сыртқы ортамен жалғастыратын іштің алдыңғы қабырғасынан шығып тұратын жасанды
тесік жасау (оперативті жолмен орындалады). Гастростома өңештің өзегі ісікпен немесе күйікпен тарылғанда,
яғни өңеш өткізгіштігібұзылғанда науқастың өмірін сақтау мақсатында салынады.
Парентеральды тамақтандыру
 – асқазан –ішек жолдарынан тыс көктамырға
тамшылап енгізу арқылы ағзаға қоректік заттарды енгізу әдісі 


ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.С.М. КАБИЕВА, А.Т. ТУЙМЕБАЕВА, Н.Т. АБИЛЬДИНА,
С.У. ЖУНУСОВА, Г.Л. АЛИШЕВА
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
2. Ғаламтор желісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет