Стресстің классикалық концепциясы



Дата17.10.2023
өлшемі3,19 Mb.
#117355
Байланысты:
лекция5 психика және сана

Психика және сана

Магистрант: Садыкова Ж.К.

Психика түсінігі

Психика (грек сөзі psychikos – жанға байланысты, жанның қасиеттері дегенді білдіреді) жоғары дамыған материяның, мидың қасиеті, объективті шындықтың белсенді субъективті бейнесінің ерекше түрі.

Психика – адамның өзінің санасында шындықты бейнелеу мен оның үлгісін жасау, оны басқару мен реттеуге тырысу ерекшелігі. З. Фрейдке сенсек адамның психикасы үш негізгі жүйеден тұрады: саналысыздық, алдыңғы сана және сана.

  • Психика дегеніміз – үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы.
  • Психика адамның шындықтың адекватты бейнесінің тексерісі жүретін үрдіс іс-әрекетімен анықталады.
  • Психика – оған ары емес осы әлемнің бейнесін субъектінің құрастыруы мен осы негізде құлық пен әрекетті реттеуі. Психиканың арқасында субъект айналадағы қоршаған орта туралы ақпарат алып, оны қоршаған ортаға теріс қабылдау, сезу мен сана арқылы жауап беру.
  • Сыртқы заттар мен құбылыстар мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, адамның алуан – алуан ойлау әрекеттері арқылы қорытылады.
  • Адам өзінің мақсат – мүдделеріне орай тітіркеніп икемделеді. Осы жайттар психиканы адамның өзін қоршаған сыртқы орта мен қарым — қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процессі екенін көрсетеді.
  • Адам психикасының пайда болуы, даму жетілуі – тарихи процесс. Ол адамның қоғамдағы еңбегі, сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологоиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.

Психиканың пайда болуы
Енді психиканың пайда болуы туралы сөз қозғайық. Бұл кезде екі түрлі түсінік туады, психиканы филогенез не онтогенез тұрғысынан қарастыру керек пе? Жалпы көріністің толық бейнесін алу үшін екі түсінікте де қарастырайық. Негізі онтогенез жағын қарастыра оның филогенезінде арасында қарастырып отырамыз. Егерде П.Я. Гальперин, Л.С. Рубинштейн және Л.С. Выготский еңбектеріне жүгінсек онда адам тұрғысында психика ыңғайлы жағдайда және уақыт өте даму керек фактор ретінде қарастырған. Жаңа туған балада жетілген ересек адамның психикасы жоқ, бірақта уақыт өте келе егерде ол дұрыс әлеуметік жағдайда дамыса психика пайда болады.
Ал жануарларда психика дамиды ма? Егерде жоғарғы айтылған ұғымдарда жоғары ұйымдасқан тіршілік иелерінде деп айтылған болса, адамнан төменгі сатыда осы ұғымға кіретін жоғары дамыған жануарлар тұр.
САНА
  • Сана – бұл адам психикасындағы объективті шындықтың бейнеленуінің формасы. Оның аралық әсер етуші факторы қоғамның элементері – әлемнің бейнесін беретін тарихи практикалар. Қоғамдық-тарихи практиканың бастапқы көзі - бұл бірге тақарылатын еңбектің болуы. Жекелік дамуда еңбектің жекеше құрылымдары баланың ересек адамдармен бірге жүргізілуі арқасында сіңеді.
  • Сана – бұл адамға ғана тән, оның әлемге және өзіне деген қатынасын көрсететін, адамның объективті әлемді және өзінің тіршілігін түсінуге белсенді араласатын психикалық үрдістердің біртұтастығы болып табылатын жоғарғы объективті шындықтың бейнелену формасы
  • Адам санасы оған әлемді терең түсінуге және тікелей бақылауға келмейтін дүниені түсінуге, қорытындылар мен тұжырымдар шығаруға көмектеседі.

Сана әрқашанда белсенді.
Бұл ерекшеліктерді келесілер түсіндіреді.
Рефлекстер – өзін-өзі бақылау, жағдайын бақылау, яғни өзін нысан ретінде қабылдау қабілетімен;
Мотивациялық-құндылықтық сипаттар – адамның өзі туралы білім бір жүйеге келтілрілген;
Өзіндік сана
Өзіндік сана- сананың ерекше формасы. Ол адамға қоршаған ортадан өзінің «мендігін» бөліп шығаруға көмектеседі, өзін ойлауға, сапасы мен қабілеттерін, өзіне деген қатынасын айыруға, өзін-өзіне уайымдауға қажет. Адам өзін-өзі дұрыстайды, тексереді, өзгертеді, өзін-өзі дамытады, өзін-өзі тәрбиелейді.
Санасыздық адамның актуальды түрде рефлекстенбейтін жағдайы, қасиеттері. Санасыздық даманың барлық психикалық үрдістерде, қасиетерінде, жағдайларында кездеседі. Санасыз сезімдер бар, олар тепе-теңдік, проприоцептивтік сезімдер. Санасыз ес – бұл ұзақ уақыттық және генетикалық естер. Бұл ойлау, зейін, қиялды басқаратын естер. Санасыз ойлау адамның шығармашылық мәселесінде көрініс табады, ал санасыз сөйлеу – бұл ішкі сөйлемдер.
Санасыздық туралы толығырақ теория құрастырған ғалым К.Г.Юнг болатын. Ол санасыздықта екі құраушыңы бөліп шығарды: жеке тұлғалық және ұжымдық.
Жеке тұлғалық санасыздық Юнгтің тұжырымы бойынша адамның өзіндік жетістіктері арқылы қалыптасады. Жеке адамдағы санасыздық – бұл адам елемейтін, бірақ оған тән және әртүрлі саналы емес реакциялар, әрекеттер, психикалық құбылыстар арқылы көрініс беретін қасиеттер, қызығушылықтар мен қажеттіліктер және т.б.
Осындай әрекеттердің тобы – қателі әрекеттер: бұрмалап айтып қалу, жазудағы қателер және естудегі дұрыс естімеу.
Тағы бір тобы – аттарды ұмытып қалу, уәдені, заттарды, оқиғаларды, және т.б еске түсірмеу жатады.
Үшінші топты ес пен қабылдауға жататын түстер, қиялдар мен армандар құрайды.
Ұжымдық санасыздық жалпы адамзаттық тәжірибелердің архетиптер түрінде сақталуы – жүріс-тұрыс, ойлау мен көз қарастардың әмбебаптық бейнесі.
Оларды тікелей табуға болмайды, олар түстер, сезімдер арқылы көрінбейді.
К.Г.Юнг архетиптердің көп түрін сипаттаған, оларға салыстырмалы және ерекше аттар берген: Самость, Тұлға, Эго, Көлеңке, Анима, Анимус, Ана, Бала, Күн, Данышпан, Батыр, Құдай, Өлім.
Сана адамның күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін мінез-құлықтарын басқарады. Іс-әрекетке келесі жағдайларда кірігеді:
1. Адамның алдында кездейсоқ, интеллектуальды күрделі мәселелер алдына келгенде;
2. Ойлау мен даналік мүшенің жолында тұрған физикалық немесе психологиялық қарсылықтарды өту керек болғанда;
3. Конфликті жағдайдан шығу керек болғанда;
4. оған потенциалды қатер төнген жағдайларда, тез шешім қабылдау керек болған жағдайда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет