83
бітіреді (Ғ. Сланов) [12, 46-47 бб.]. Біз бұл еңбектен тек сапалық сын есімі
дұрыс арқылы жасалған мысалды беруді жөн көрдік. Қ. Есеновтің «Құрмалас
сөйлем синтаксисі» атты еңбегінде баяндауышы сапалық сын есімнен жасалған
сөйлем кездеседі. - Сиырымыздың, тұқымы да
жақсы, бабы да келіскен екен
(Ғ. Сланов). Бұл мезгілдес салалас құрмалас сөйлемнің бірінші сыңарының
баяндауышы жақсы сапалық сын есімнен жасалған. Осы туралы автор:
«Синтаксистік компоненттердің баяндауыштары осылайша есім сөздерімен
берілгенде, бұларда мезгілдестік қатынастан гөрі санамалай айту мəні басым
болады», - деп есімді құрмалас сөйлем туралы қысқаша ғана айтып кетеді, бірақ
жеке тақырып ретінде қарастырмайды [12, 21 б.]. Салалас сөйлемдерді сын
есімді баяндауыштарына қарай мынандай топтарға бөліп қарастыруға болады:
- Бірінші сыңары сын есімді салалас;
- Екінші сыңары сын есімді салалас;
- Екі сыңары да сын есімді салалас.
–Баяндауыштары сын есімді құрама баяндауыштар. Жалпы сын есімді
салалас сөйлемдерді,сондай-ақ таза жəне құрама баяндауышты есімді салалас
сөйлемдер деп бөлуге болады.
Салалас құрмалас сөйлем түрлері:
- мезгілдес (ыңғайлас) салалас;
- себептес салалас;
- қарсылықты салалас;
- талғаулы салалас;
- кезектес салалас;
-түсіндірмелі салалас;
- салыстырмалы салалас;
-шартты салалас.
Осы аталған салаластардың ішінде мезгілдес, себептес пен: қарсылықты
түрлері əрі жалғаулықты, əрі жалғаулықсыз, ал талғаулы мен кезектес салалас
сөйлемдер үнемі жалғаулықты болып келсе, түсіндірмелі, салыстырмалы,
шартты түрлері жалғаулықсыз болып келеді [17].
Достарыңызбен бөлісу: