– дара жалпы есімді баяндауышты сөйлемдер
- дерексіз ұғымды білдіретін жалпы есімді баяндауышты: Əрі сұлу, əрі
сенімді, мықты үміт. Ол бір мұңы да, назы да көп, күрсін арманы да көп, нəзік
78
сыр. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы білім - өнер. Берілген
салалас құрмалас сөйлемдердің екінші сыңарларының баяндауыштары (үміт,
сыр, өнер) дерексіз (абстракты) ұғымды білдіретін жалпы есімдері сөйлемнің
соңында нөлдік тұлғада келуі арқылы мезгілдес салалас құрмалас сөйлемнің
бірінші сыңарын тиянақтап тұр.
- деректі ұғымды білдіретін жалпы есімді баяндауыштар арқылы:
Белінде кісе белдік емес, жасыл түсті кəріс белбеу.
Септік жалғаулы зат есімді баяндауышты: Қазір төр де, сөз де Майбасар
мен Жақыпта. Бұл сөйлемнің екінші сыңарының баяндауыштары Майбасар
мен Жақыпта – жатыс септігінде келіп, мекендік мағынаны білдіріп тұр.
Тəуелдік жалғаулы зат есімді баяндауыштар: Бұлар осы қауымның əрі
үлкені, əрі Бөжейдің үзеңгі жолдастары. Екінші сыңарының баяндауышы
жолдастары тəуелдік жалғауының үшінші жағындағы зат есімді баяндауыш.
Зат есімді қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер
Зат есімді құрама баяндауыштар.
– зат есімге тəуелдік жалғауы мен емес көмекші етістіктің түйдектелуі
арқылы: Дауыл соқты, бірақ құдайдың дауылы емес.
– зат есімді күрделі баяндауыштар.
– зат есім мен сын есімнің бірлікте келуі арқылы жасалған күрделі
баяндауышты: Бірақ, жаңа түсінде көрген сияқты, ертерек күндегі үлбіреп
тұрған жас Тоғжан.
Зат есімді талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер
Септік жалғаулы зат есімді баяндауыштар.
– шығыс септік жалғаулы зат есімді: Бұл не Бөжейдің өлердегі
өсиетінен, немесе артына ие боп отырған Байдалы, Байсал, Түсіптердің
мінезінен. Бұл мысалдың бірінші жəне екінші сыңарларының баяндауыштары
шығыс септігінде келуі арқылы жалғаулықты есімді талғаулы салалас сөйлем
болып тұр.
Зат есімді кезектес салалас құрмалас сөйлемдер
- нөлдік тұлғалы дара зат есімді баяндауыштар.
- антропонимдік атауды білдіретін жалқы есімді баяндауыштар арқылы:
Тек істеушілердің аттары ғана өзгереді, бірде – Кеңгірбай, бірде Құнанбай,
бүгін - Əзімбай.
Зат есімді есімді сабақтас құрмалас сөйлемдер
Зат есімді шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты жəне қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді
арнайы зерттеген ғалым Қ. Есенов шартты бағыныңқы сөйлемдердің жасалу
жолдарын жан-жақты зерттеп, оны жасайтын ең өнімді көрсеткіш-етістіктің
шартты рай тұлғасы дейді. Сонымен бірге бағыныңқы сыңар баяндауышы
көсемше мен есімшенің -й, -ған тұлғаларында келуі арқылы шартты бағыныңқы
сөйлем жасалатынын, дегенмен баяндауыштары осы тұлғалас сөйлемдердің
барлығын шартты бағыныңқы деп танымау керек, себебі сөйлемнің мағынасы
бүкіл сөйлемнің бойынан көрінетіндігін айтады [59, 71 б.]. Есімді сөз таптары
сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы болғанда,
79
есімді сөз таптары өзінен кейін осы тұлғалы көмекші етістіктердің келуін қажет
етеді. Сөйтіп сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының
баяндауышы қызметіндегі етістікті баяндауыштарға тəн қасиет енді есімді
сөйлемдерге де қатысты болып келеді. Баяндауышы нөлдік тұлғалы деректі зат
есімді: Бала атаулының, жаз болады десе, ерекше сағынатыны - бүлдірген. Бұл
сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауышы бүлдірген шартты бағыныңқылы
сабақтас сөйлемді тиянақтап тұр.
-баяндауыштары тəуелдік жалғаулы зат есім арқылы: Бірер сандық осы
қымбаттарға толы болса, өзге теңдері құда-құдағилар сыбағасы. Бұл мысалдың
басыңқы сыңарының баяндауышы сыбағасы тəуелдік жалғауының үшінші
жағында тұр. Бөжей білсе, Қодар жайы - Құнанбайдың тағы бір қыры. Бұл
сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы Бөжей білсе нөлдік тұлғалы
жалқы есімге шартты райлы біл көмекші етістігінің тіркесуі арқылы басыңқы
сыңардағы əрекеттің болу шартын білдіреді, басыңқы сыңарының баяндауышы
қыры тəуелдік жалғауының үшінші жағында тұрып сөйлемді тиянақтап тұр.
– Екі сыңарының баяндауыштары зат есімді шартты сабақтас:
Енді екі-үш күн өтсе, тегіс жусайтын халде екен. Бағыныңқы сыңарының
баяндауышы күн өтсе нөлдік тұлғалы дара жалпы есімге шартты райлы өт
көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы
халде екен – жатыс септігі мен көмекші етістіктің түйдектелуі арқылы
жасалған.
Зат есімді мезгілдес (ыңғайлас) бағыныңқылы сабақтас
Баяндауыштары септік жалғаулы зат есім мен көмекші етістікті мезгілдес
бағыныңқылы сабақтас: Абайлар келгенде, жұрт тегіс Шыңғыс сыртында
жайлауда екен. Бұл сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауышы жайлауда
екен жатыс септік жалғаулы зат есім мен көмекші етістік арқылы жасалған.
Зат есімді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Екі сыңарының да баяндауыштары зат есімді қарсылықты сабақтас:
Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес. Мұндағы
сөйлемнің бағыныңқы сыңар баяндауышы бұлақ жалпы есімі мен бол көмекші
етістігінің көмектес септік формасындағы есімшемен (-ған + мен) тіркесуі
нəтижесінде зат есімді қарсылықты сабақтас сөйлем жасауға мұрындық болған.
Басыңқы сыңарының баяндауышы қоныс жалпы есімі мен емес көмекші
етістігінің тіркесуі арқылы жасалған.
- көптік жалғаулы зат есім + көмекші етістік+да демеулік шылауы
(басыңқы сыңары); - тəуелдік жалғаулы зат есімді баяндауыш (бағыныңқы
сыңары)- Бүгінгі күн анда-санда алаң еткен уақ жайлар бол са да, Абайдың
Пушкинге оқушы ғана емес, ақынша жақындасқан күні.
Зат есімді қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
Баяндауыштары септік жалғаулы қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
-табыс септік жалғаулы зат есім мен көсемше тұлғалы көмекші етістік
арқылы жасалған баяндауыш: Қарды қағып, бөктер мен шиді қарайтып кететін
жел. Басыңқы сыңарының баяндауышы жел – нөлдік тұлғалы дара жалпы
есімнен жасалған.
80
– бағыныңқы сыңарының баяндауышы тəуелдік жалғаулы зат есім мен
көсемшенің –п жұрнағы жалғанған көмекші етістік, басыңқы сыңары - дара
жалпы есімді баяндауыш: Бұл бала күннен Құнанбайдың жігіті боп, қабысып
кеткен адам.
– басыңқы сыңарының баяндауышы тəуелдік жалғаулы зат есім: Жай
басып, ауыр тыныс алып, демігіп келе жатқан өзінің шешесі.
Аралас сөйлем
Халқын айтсақ, бұл ел əлі орыс мəдениетіне «сонша қажетім бар» деп
ұғынып, оянған ел емес. Герцен, Чернышевский кітаптарынан кей-кейде бұған
жете түсіп, кейде айқын болса, кейде жартылай түсінікті болатын үлкен сырлы
шындықтар тəрізді.
Достарыңызбен бөлісу: |