Бактериалдық-топыраққа сіңімді қоректік элементтердің түрін түзетін бактериялар. Калий тыңайтқышы Калий тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи калий тұздарын және өсімдіктердің күлін қолданады. Негізгі шикізат ретінде минерал сильвинит (mKCl+nNaCl) құрамында 14-18% К2O болады және каолинит (КCl . MgCl . 6Н2О) қолданылады. Сильвинит құрамында 23-30% КCl, 65- 70%NaCl болады. Осыдан КCl-ды бөліп алып тыңайтқыш peтінде қолданады. Сильвиниттен калий хлоридін екі әдіспен алады: галургия немесе бөлек кристаллизациялау әдісі. Бұл әдіс КCl -мен NaCl- дың температураға байланысты әр түрлі ерігіштігіне негізделген. Кез келген
есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты