159
Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу
қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған
әртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы
бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш
бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы
көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары
алда болды.
Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан көптеген
шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси
бөлімдер құрылып, олар ауыл шарушылық жоспарларының орындалуын қадағалап,
жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап
колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс
жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан
халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника
да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі
майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент
комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650
мың сомға
жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен
Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп,
металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері” фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл
ақша “Қазақстан пионері” атты коллонаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу
орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың
сом ақша жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480
млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Алматы
қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы
жастары 400
мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары
жинаған қаржыға И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес
Одағының батыры Қ.Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары
өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар
мен әскер бөлімдерін шефке алып жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның
сыйлығын жөнелтті.
Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті.
Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград
облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол
сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б.
республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған
Сталинградта трактор зауыты мен “Красный октябрь”
зауытын қалпына келтіру
жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары
батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.
Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың
қатары Кеңес Одағының батыс аудандарынан уақытша көшірілген ғылым мен өнер
қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым
институттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология
институты, Украина Ғылым Академиясының физика-механика институты, Москва,
Ленинград, Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский,
В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков,
С.Н.Бернштейн және т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина,
Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой,
С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко
сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы,
160
Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясының
бірінші кітабы, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”,
Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренімі” дүниеге келді.
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар
мен музыкалық мекемелер, өнер
қайраткерлері
көшірілді.
1941-1945
жылдары
Алматының
біріккен
орталық
киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді.
Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищает Родину”, “Воздушный извозчик”, “Два бойца”,
“Фронт”, “Жди меня”, “Парень из нашего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге
тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер,
Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васильев, И.Пырьев, Л.Орлова,
Н.Крючков, В,Марецкая және т.б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, А.Тәжібаевтің қатысуымен “8 - ші гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жауынгер
ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді.
Соғыс
жылдары
КСРО
Ғылым
Академиясының
Қазақстандық
бөлімінде
астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен
ботаника, зоология және өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сәтпаев бастаған
қазақстандық ғалымдар қара, түсті және жиі кездесетін металдарды, тау пайдалы
қазбаларын, су және гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы
ғылыми жұмыстар жүргізді.
Соғыс жылдары Қазақстанға жоғарғы оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс-қазақ,
қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде – Москва
авиация институты, Москва түсті металл және алтын институты, біріккен Украина
мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет
тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды.
Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор.
Соғыстың ауыртпалығын көтеріп,
бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген
ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл
еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық
ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
14-тақырып.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946 – 1970 жж.)
1. Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер
2. Халық шаруашылығын дамытудағы сәтсіз реформалар
Достарыңызбен бөлісу: