Табысты мұғалім тәжірибесіндегі өзгерістер
Асима Рыскулбекова
Мектептің жүрегі – мұғалім, білікті ұстаз!
Орта білім беру сапасын арттыру, жоғары білім әлеуетіне ие бәсекеге
қабілетті және рухани бай жеке тұлғаны дайындауды қамтамасыз ету ұстаздар
қауымының оқыту тәжірибиесі мен кәсіби шеберлік әлеуетін арттырумен
байланысты.
Қазақстан Республикасының білімді және ғылымды дамытудың 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен
міндеттерінде білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами
капиталды дамыту, сапалы білім беруге тең қол жеткізу, педагог кәсібінің
беделін көтеру және сапалық құрамын жақсарту мәселелері нақты
айқындалған. Осы нәтижеге қол жеткізуде мұғалімнің күрделі және сан қырлы
іс-әрекетінің жиынтығын құрайтын оқыту тәжірибесіне өзгерістер енгізу
қажеттілігін көрсетеді.
Ф.Г. Кумбстың «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға
сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер – идеялар, батылдық, табандылық,
ізденіс пен өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыда өзін-өзі бағалауға қабілеттілік
қажет» деген тұжырымы білім беру жүйесін реформалауда мұғалімдер
қауымына үлкен жауапкершілік пен үміт артылатынын дәлелі бола алады.
Дж.Хэттидің (2011) педагогикалық зерттеулерінің метаталдауы
нәтижесі оқушының айтарлықтай алға жылжуына мұғалімнің кәсіби шеберлігі
оң ықпал ететіндігін дәйектеген. Демек, мұғалімдер қолданатын оқыту әдіс-
тәсілдері оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды
екенін көрсетеді. Ол үшін мұғалімдік қызметте қандай өзгерістер талап
етілуде?
Еңбек қызметін ұйымдастырудағы өзгерістер, еңбек нарығының
қарқынды дамуы - кәсіби дағдыларға қойылатын талаптардың тез өзгеруімен
ерекшеленеді.
Табысты мұғалім қандай дағдыларды иемденуі тиіс?
▪ Әлеуметтілігі және ұстай білуі:
▪ Адамдармен жұмыс істей білу;
▪ Көшбасшылық қасиеті;
▪ Өз бетінше жұмыс істеу қабілеті;
▪ Басқалармен ынтымақтасу қабілеті.
▪ Адалдық (жұмысқа байыпты қарау,
еңбексүйгіштік, тиімді жұмыс істеу);
▪ Эмоционалдық тұрақтылығы (босаңсу,
күйзеліске шыдауы, ұсақ-түйекке мән
бермеуі);
▪ Жанжал шығармауы (адамдарды кешіре
білу, көңіл аудару, қайырымды, әдепті);
▪ Эстраверттік (әңгімешіл, қайсар,
достас, ортақшыл);
▪ Жаңа идеяларға ашықтылығы
(бірегейшіл, жаңа идеялары көп,
белсенді пайымдаулары бар).
Мұғалімнің кәсіби дағдыларының ерекшеліктері білім беру мазмұнын
жаңартудың ерекшеліктерімен тығыз байланыстылығын көруге болады:
➢ құндылықтарды анықтау, бұл маңызды өмірлік бағдар;
➢ жаратылыстану-математикалық циклындағы пәндердің мәнін күшейту;
➢ үштілдік білім беруді ұйымдастыру;
➢ бағалаудың критериалдық жүйесін қолдану;
➢ жобалау-зерттеу қызметі үшін жағдайлар жасау;
➢ оқудағы және өмірлік міндеттерді шешуде алынған білімді қолданудағы
оқушылардың бағдары;
➢ пәндердің ықпалдастығы және жаңа пәндерді енгізу;
➢ жоғары мектепте жоғары оқу орындарына дайындауға мақсатты
бағыттау.
Жоғарыда ұсынылған білім мазмұнын өзгерту себептері негізінде
бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің оқу бағдарламалары мен оқыту
әдістемесіне де өзгерістер енгізілді.
Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға ХХІ
ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада
табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар
оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу,
проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген
дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және
ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика
пәнінің білім беру бағдарламасында проблемаларды шешу, жаратылыстану
пәнін меңгеруде бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу
дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын
дамытуды көздейді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы
оқушылардың бұрын меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге,
сонымен қатар, жаңа түсініктерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға
бағдарланған.
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара
тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда
оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып
табылады.
Бастауыш сыныпта оқыту оқушыларды төменде аталған мүмкіндіктер
есебінен дамытуды көздейді:
• ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;
• кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу
дағдысын белсенді дамыту;
• өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
• кез келген өмірлік жағдайда немесе жұмыста кездесетін негізгі
жаһандық проблемаларды түсіну және оларға сәйкес әрекет ете білуге
ынталандыру.
Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерді оқу арқылы оқушылар өз
түсінігін кеңейте отырып, өзінің ой-пікірі үшін жауапты болуға үйренеді.
Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға,
мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы,
олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы
ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар
ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
Мұғалімнің оқыту тәжірибесін өзгерту оқыту мен оқу үдерісінің
мазмұнын қалай өзгерте алады?
Достарыңызбен бөлісу: |