Ү
ҮНСІЗ СӨИЛЕУ —сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сейлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде
адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сейлем-нің баяндауышы не бастауышы
айтылады да, оң жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстан сөйлеу тәсіл: қолданылса, ал
үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы
құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.
Ф
ФРЕЙДИЗМ — бұл ұғым Австрия ғалымы 3. Фрейдтін, атымен байланысты. Фрейдизм XX ғасырда психологияда
кең таралған ағым Фрейдің зсрттеуі бойынша адам мінез--құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық
еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.
Бұл адам
тіршілігіндегі
биологиялық процесс болса, ал писихиканың дамуы мен оны басқару
әлеуметтік фактормен де
айқындалатыны ескерілмейді.
Э
ЭГОЦЕНТРЛІК СӨЙЛЕУ —сөйлеудің бір түрін психологияда баланың автономды (өзіндік)
сөйлеуі деп те
атайды, Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің үнсіз (іштей) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі көпірі (өткел)
деп санауға болады
ЭЛЕКТРОЭНЦЕФАЛОГРАММА (ЭЭГ)—мидағы биоэлектрлік белсенділік әрекетін осы аспаппен жазып алады
да, оның мәнін аны-қтайды.
ЭМПАТИЯ — өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй--жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық
білдіру. Эмпатия-ның айқын көрінісі — идеятификация. Бұл — адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз
басынан кешіргендей халде болуы.
192