Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


ІІІ тарау. ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ САНАНЫҢ



Pdf көрінісі
бет20/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

ІІІ тарау. ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ САНАНЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ-ТАРИХИ СИПАТЫ
§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
Табиғат заңдылықтарын жете түсініп, олардын мән-жайын бағдарлауда психиканьщ пайда болуын, адам
санасының жетілуін байыптап баяндау ең күрделі мәселелердің бірінен саналады. Материалистік ағымды жақтаушы
ғалымдар психиканы ұзақ уақыт-тағы материя дамуының эволюциясы деп түсіндіреді. Материя табиғатын зерттеп, оның
түрлері мен формаларын, олардың бес қасиеттерін анықтауда қозғалыс материяның сұру тәсілі екендігін анықтайды.
Қозғалмайтын, абсолютті тыныштықта болатын матерня жоқ. Әлемде өлі табиғат та, тірі табиғат та үнемі козғалыста,
өзгерісте дамуда болады, Күллі материяның, өлі табиғаттан бастап ең жоғары сатыдағы күрделі материя — адам
миының бейнелеу қасиеті мен оның әсерге жауап қайтаруы да үнемі дамып, өзгеріп отырады. Материяның бейнелу
формасы оның өмір сүру тәсіліне байланысты. Бейнелеу сыртқы әсердің снпаты мен формасына карай білінеді. Өлі
табиғаттағы денелер мен заттардың қозғалысы михани- калық, физикалық, химиялық әсерлер түрінде байқалады,
Мысалы, жердің бетін үнемі судың шаюы, жел мен ауаның әсері арқылы жартастың мүжілуі, теңіздің жағаға соғып
тұратын толқыны салдарынан өзге заттарға қысым түсіріп, олардың түр-тұрпатын өзгерті.
Материяның тірі табиғатқа ауысу кезеңінде оның қозғалу формасы да өзгереді, тірі табиғатқа тән бейнелердің
жана сапалық түрі — психика пайда болады. Материя козғалысындағы биологиялық форма ~ табиға тіршілігіндегі жаңа
сапалық көрініс. Өлі табяғаттан тірі табиғатқа өту жөніндегі түрлі болжамдар бар. Соладың бірі — А. И. Опариннің тірі
табиғаттың пайда болуы жайындағы көмірсутек негізінде азот, көміртегі, с) фосфор және күкірт атомдарының түрлі
конфигурглық байланысуы нәтижесінде түзілістер пайда болады дейтін теориясы. Қазіргі ғылымда бұл теорияны
қолдайтын мағлұматтар мол. А. И. Опариннің болжамы бойынша, бұдан шамамен екі миллиард жыл бұрын атмосферада
бос оттегі бөлініп, органикалық заттарда фото- химиялық реакциялар-дың жүруіне жағдай туған. Ол алғашында
қоймалжың зат түрінде болған, Органикалық қосылыстар көмірсутектерінің полимерленуі нәтнижесінде алып молекула
пайда болған. Молекула өзінің құрам-дас бөліктеріне жеңіл бөлінген. Бұл қосылыстар тіршілігі әрі қарай жалғасып
тұруы үшін үнемі ортамен зат алмасуы кажет болды. Молекулалар бойына ортадан жаңа затты сіңіріп
ассимиляцияланьш, бөлінген заттарды ыдыратып, өзі өндіретін жүйеге айналды. Орта-мен зат алмасуын автокатализдік
ретке келтірді. Белок молекуласы-мен ортаның зат алмасуы әуел бастан белсенді жүрген. Бұл алып молекула коацерват
деп аталады. Қоацерват тамшылары, өзара бәеекелесті. Химиялық құрамы жағынан әсерлі кейбір тамшылар өзгелерінен
тез өсті. Олар алып дәрежеге тез жетіп, тез ыдырап отырады. Өсу, ыдырау процестері осылай қайталана берді химиялық
30


құрамы жөнінен түрлі тамшылар бірімен-бірі бірікті. Сонымен, коацерваттардың қасиеті мол болады. Осы орайда, оны
тірі организм кұрылымы деп қарауға болады. Бұл қасиеттер нендей нәтижелер берді? Коаврваттар ортадағы қоректі
заттарды сіңіріп, өмір сүруін жалғастыру үшін қажет заттарға тітіркеніп, оларға ауап қайтарды. Ал өмір сүруіне қажетсіз
заттарға тітркенбеді. Зат алмасудағы бұл қажеттілік өзін-өзі реттеу қабілетінің нәтижесі болды. Коацерваттар бөлінуге,
түрлі химиялық қосылыстармен конструкциялануға бейім тұрған. Сондай-ақ, сыртқы әсерлерді бейнелеу түрлі
нәселердің күші мен сипатына ғана емес, олардың орталық түзілістері мен коацерваттардьщ ішкі жағдайда байланысты
болған. Мұндай органикалық түзілімдердің алғашқы бейнелеу формасы қазіргі тірі организмдердің арғы ата тектерінің
геологиялық дәуірлердегі пайда болу жағдайына сәйкес келеді. 
Өлі табиғаттағы бейнелеуге қарағанда, тірі табиғат-герототипі — коацерваттарда, кез-келген тірі организмдерде
бейнелеудің жаңа сапалық ерекшеліктері пайдалған. Ондай өзгерістер сыртқы әсердің күші мен сипатына ғана емес,
организмнің ішкі жағдайына да байланысты. Кез-келген тірі организм тіршілік қажетіне қарай сыртқы
тітіркендіргіштерге әсерленіп, тірі материя жаңа сапасының өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Оргвнизмнің ұзақ мерзімді
эволюциялық дамуы нәтижесінде бейнелеудің айқын түрлері — түйсіну, қабылдау, ес, оулау формалары пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет