§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
Американдык психолог әрі социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін
социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдісі бойынша ұстаздар мен тәрбие-шілер, шағын ұжымдардың
жетекшілері, өндірістік-кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара рым-катынасын
анықтай алады, Бұл тәсілдің негізгі өлішемі (критерий) әр қилы, Басты мақсаты — топ ішіндегі адамдардың тілегі мен
мүлдесін анықтау, Топтағы адамдардың өзара карым-қатынастарының үйлесімді болуы, немесе бір-бірін ұнатуы,
ұнатпауы олардың сезімдік-эмоциялық күйлеріне байланысты, Топ ішіндегі қатынастар социограммасы мен адамдардың
таңдауын көрсететін матрицалық кесте — “А”, “Ә” суреттерінде берілген.
54
5-А сурет. Топтағы адамдардын өзара таңдауын көрсететін матрица
— кесте.
55
Матрица кестесінде I, II, III деп көрсетілген рим цифрлары таңдалған серіктер ретін білдіреді, ал “—” белгісі
партада бірге отырғысы келмейтін құрбыларды көрсетеді I цифр бойынша таңдалғандарды Ә-суреттегідей етіп
социограмма жасап көрсетуге болады. Ол үшін сьшыптағы экспериментке қатыстырылған оқушыларды тандау алған
санына сәйкес 5 топқа бөлу керек. 1-топқа тандауды көп алғандар жатады. Олар — топ ішіндегі “ұйытқы”. 2-топтағылар
құрбылары арасында беделді Олар 25—75% таңдау алған. 3-топтағылар — ішінара, 25% таңдалғандар. 4-топ — бірде-
бір таңдау алмай, елеусіз қалғандар. 5-топтағылар — кұрбылары жаратпай не менсінбей, бір партада отырғысы
келмейтіндер.
Социограмма құрастыру үшін ұлдар Д, кыздар О белгісімен таңбаланады. Социограммада ұлдарды шеңбер
диаметрінің оң жағына, қыздарды сол жағына орналастыру керек*.
Кіші топташ оқушылардың өзара қарым-қатъшасының тұрақтылығы оқу-тәрбие істерін тиімді әдіс-тәсіл-
* Топ ішіндегі карым-қатынас психологияш туралы мэлімет-терді психология оқулығынан оқып, меңгеріп алған
жөндер қолдана отырып жүргізгенде жемісті болмақ. Социометриялық зерттеу әдісін 4—6 айда бір қайталап,
шәкірттердің өзара қатынасын анықтап отыру белгілі бір нәтиже береді. Бұл социограммада оқу-шылардың топ ішіндегі
өзара қарым-қатьшас түрлері көрсетілген. Қойылған сұрақтар таңдау критерийлері делінеді. Топта адамдардың
жағдайын және оның өзгелермен қарым- қатынасын анықтау үшін сыналушыға, мысалы, “Сен туған күніңе кімдерді
шақырар едің?” деп сұрақ койып, “1-кімді, ол келе алмаса, 2-кімді, оның жағдайы болмай қалса, 3-кімді қалар едің?” деп
анықтау керек. Сыналушыға теріс жауап беруді талап ететін сұрактар да қойлуы мүмкін. Мысалы, “Сен кіммен бір
партада отырғың келмейді?” деген сұрақ қойылады. Таңдаудың дұрыс және теріс түрлерін белгілеу мынадай сызбалар
арқы. бейнеленеді.
56
5-"Э" сурет. Топ ішіндегі өзара қарым-қатынас социограммасы.
Жоғарыда аталған диффузнялык топтың тағы бір ерекшелігі — бұл топтағы адамдардың өзара үйлес тауып, бір-
бірімен сыйысымды болатындығы. Мәселен, ұзак сапарға шыққан кеме экипажы, ғарышкерлердің әлемдік кекістікте
ұзақ мезгіл бойы бірге больш, өзара тіл табысуы. Адамдар арасындағы үйлесімділік қатынастар гомеостат аспаптары
арқылы зерттеледі. Бұл тәсілде адам организмі мен жүйке жүйесінің қоршаған ортаның киын жағдайына икемделу
мүмкіншіліктері ар-найы жасалган үлгі бойынша қарастырылады
Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әкеттерінің мақсат-мүлдесімен байланысты. Мұнда
жоспарланған істерді қалайда жүзеге асырып отыру көзделді. Топ ішіндегі тағы бір жайт — жеке адамның топтың
аткаратын іс — әрекеттеріне илануы, Бұл ~ психогиядағы ерік сипаты. Илану адамның көнгіштігімен анықталады
Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахаулы дифренциалдық диагностика тәсілімен зерттеліп, олардын бағыт-
бағдарынан, іс-әрекет түрлерінен келешекте нендей нәтижелер күтуге болады деген мәселе негізгі мақсат етіп қойылады.
Днфференциалдық диагностиканың қазақша мағынасы зр қилы іс-эрекеттер мен құбылыс-тардан туындайтын
нәтижелерді болжап, олардың мэн-жайын танып білу деген түсінікке саяды.
Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым -қатынасы және олардың өздеріне серік іздеп,
әріптестер таңдауы адам психологиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе больш табылады. Қарым-қатынас жасаудың
57
адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психоляогиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Достарыңызбен бөлісу: |