Тақырып: Фармакогенетика


парадоксикалық реакцияның



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата30.03.2023
өлшемі415,9 Kb.
#77470
1   2   3   4
Байланысты:
Ақпараттық блок. Фармакогенетика

парадоксикалық реакцияның типтік мысалы ретінде қарастыруға болады. Әдетте, бұл 
препарат кураре уы (тыныс алуды тоқтату) ретінде әсер етеді, сарысулық холинэстеразамен 
жылдам ыдырайды. Егер де сол ферментке жауап беретін геннің мутациясынан


холинэстераза ферменті активсіз болатын адамға дитилин салатын болса тыныс алу 1сағатқа 
тоқтайды. Науқастың өкпесіне жасанды желдету жүргізу арқылы ғана аман алып қала алады. 
Пародоксалдық реакцияға тағы бір мысал ретінде глюкозо-6-фосфат-дегидгогеназы (Г-6-ФД) 
генінің мутациясын тасмалдаушылары сульфаниламид, примахин және басқада дәрі-дәрмектерді 
(40 жуық дәрілер) ішкенде эритроциттердің гемолизге ұшырауын қарастыруға болады. Мұндай 
генетикалық дефектіні 200 млн. астам адамдар тасмалдайды.
Г-6-ФД ферменті көмірсулардың алмасуында манызды роль атқарады, сонымен қатар 
эритроциттерде 
глутатионның 
тотықсыздану 
реакциясына 
да 
қатысады.
Тотықсызданған глутатион гемоглобинді қорғайды және тиол ферменттері эритроциттер 
мембранасының қалыпты өткізгіштігін қамтамасыз етеді, түрлі заттардың тотықтырғыштық 
әсерінен және дәрілік заттардан да қорғайды. 
Г-6-ФД ферментінің жеткіліксіздігінен кейбір дәрілік заттар қабылдағанда эритроциттердің 
жаппай бұзылады (гемолитикалық кризге), соның нәтижесінде тотықсыдандырғыш глутатион 
мөлшерінің төмендеуі мен мембрананың тұрақтылығы бұзылады. Эритроциттер гемолизі алғаш 
рет американдық негрлер арасында малярияға қарсы қолданатын примахин дәрісін 
қабылдағанда байқалған. Гемолитикалық криз жиілігі 1:10 болған. 
Кейінгі биохимиялық және 
генетикалық зерттеулер бұл пациенттерде Г-6-ФД белсенділігі 15% -дан аспайтындығын. ал 
глюкоза-6-фосфатты дегидрогеназды кодтайтын ген Х хромосомасының ұзын иығының
дистальды бөлігінде орналасқандығын көрсетті. Фермент активтілігі төмен тасымалдаушылар
дәріні немесе тотықтырғыш қасиеті бар заттарды қабылдамаса Г-6-ФД генетикалық 
патологиясы көрініс бермейді. 
Кейінірек Жерорта теңізі мен Таяу Шығыстағы тұрғындардан Г-6-ФД тапшылығының
тұқым қуалайтын тағы бір түрі табылған. Бұл жағдайда ферменттің белсенділігі норманың тек 
4% құрайды. Г
емолитикалық кризді тек дәрілік заттар ғана тудырып қоймайды сонымен қатар
Жерорта теңізіндегі елдерде тағамға жылқы бұршағын пайдаланғанда да көрініс береді. Жылқы 
бұршағының латын тіліндегі Vicia fava атауына сәйкес бұл ауру «фавизм» деп аталды. B-
гликозидтердің (витин мен коницин) гидролиздік өнімдері жылқы бұршақтарының улы заттары 
болып табылады. Олар аскорбин қышқылына қарағанда 10-20 есе артық күшті тотықтырғыш 
қасиет көрсетеді. Әдетте ауру бірден кенеттен басталады: қалтырау және қатта адинамия, 
эритроциттер саны 2 миллион / мм3 дейін төмендейді, содан кейін қоллапс басталад (өмірге 
қауіп төнеді. Сирек жағдайда алғашқы симптомдар эритроциттердің гемолизімен байланысты 
бас ауруы, ұйқышылдық, құсу, сарғаю болып табылады. Кейде сау аналар жылқы бұршағын 
жегенде 
фавизммен 
емшектегі 
балаларда 
аурады.
Адамдарда гемолизді тудыратын препараттардың саны 0-ден 15% -ға дейін өзгереді, ал кейбір 
популяцияда жергілікті жерлердегі халықтың 30% -на жетеді. Зерттелген 
популяцияяларда,ТМД елдерінің ішінде 
Г-6-ФД тапшылығы мен фавизм Азербайджанда көп 
таралған. Республикада мемлекеттік деңгейде жылқы бұршағын өсіруге тиым салынған соның 
есебіненде ауру жиілігі төмендеген.
Гемолитикалық анемияны болдырмау мақсатында Г-6-ФД генетикалық тапшылығын бар 
адамдардарды анықтау отбасылық зерттеудің қажеттілігін тудырады. Сол ферменттің 
тапшылығы анықталған адамдарға дәрілік заттардың қауіптілігі жайлы және тағам ретінде 
жылқы бұршағын, қызыл қарақатты, қарлығаны (крыжовник) пайдаланудан бас тартуды ескерту 
керек және ондай адамдар гүлді өсімдіктердің тозаңдарынан да аулақ жүрулері қажет. 
Парадоксальдық фармакологиялық реакция кейбір адамдарда ингаляциялық наркоз 
(фторотан, этил эфирін) пайдалану барысында да қатерлі гипертермия көрініс береді. 
Науқастың бірден дене қызуы ( 44 °С дейін) көтеріледі, тахикардия, гипоксия, ацидоз, 
гиперкалиемия сияқты асқынулар пайда болады. Қатерлі гипертермияның себебі рианодин 
рецепторының (қаңқа бұлшық ет, жүрек, ми рецепторлары) генінің және басқада гендердің 
мутациясы. 
Дәрілік заттардың алмасуының өзгеруіне әкелетін генетикалық бұзылулар тек кейбір 
ферменттердің белсенділігіне ғана емес, кейде олардың толық болмауына да байланысты, 
мысалы, акаталазимия кезінде. Бұл ауруда қанда каталаза болмайды. Бұл метаболизмнің 
бұзылуы аутосомды- рецессивтік генмен анықталады. Каталаза жасушаның компоненттеріне
зиянын тигізетін H
2
O
2
-нің 
жиналуынан сақтайды, қорғаныштық қызмет атқарады.


Акаталаземиямен ауратын науқастарда Н
2
О
2
гидролизінің
жүрмеуіне не төмендеуіне 
байланысты тістерінің айналасында ойық жаралар пайда болады, жиі иектің мен қызыл иектің 
жарасы, ауыз қуысы, мұрын-жұтқыншақтың қайталамалы инфекциясына әкеледі. 
Ауруды алғаш 
рет отоларинголог Такахара сипаттаған. Әлбетте, бактерия өндіретін сутегі пероксиді 
гемоглобинді метемоглобинге тотықтыра отырып зақымданған ұлпаларды оттегімен қамтамасыз 
етуден айырады.
Сонымен ағзаның медикаменттер әсеріне атиптік, яғни кері реакция беруінің 
себептеріне генетикалық тұрғыдан талдау жүргізу , олардың туа біткен зат алмасу ақауларынан 
болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Олардың негізгі айырмашылығы
белгілі бір дәрілік заттар енгізілген кезде ғана фармакологиялық ақаудың көрінісі беруі. 
Метаболизмдік бұзылылыстар ағзаға оны қоздыратын заттар түспеген жағдайда өз алдына 
көрніс бере алмайды, ондай адамдар клиникалық жағынан сау болып табылады. 
2. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет