Тұқым қуалайтын аураулар барысында дәрілік заттарға атипиті реакция беруі
Тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдардың дәрілік заттарға реакциясы биохимиялық
ақаулардың бұрмалану салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта әртүрлі тұқым қуалайтын
аурулар кезінде дәрі-дәрмектергее аномальды реакциялардың көптеген мысалдарын көрсетуге
болады. Бауыр порфириясы кезінде барбитураттар, ноксирон, мепротан, амидопирин,
антипирин, сульфаниламид және құрсуға қарсы препараттар, синтетикалық эстрогендер және т.б.
қабылдау ауыруды одан бетер қоздырады . Подагра пурин алмасуының бұзылуынан
пайдаболатын тұқым қуалайтын ауру. Ауру
этанол, диуретикалық дәрі-дәрмектерді, кейбір
салицилаттарды қабылдағанда қозады. Егер подаграмен ауратын науқаста гипоксантин-
фосфорибозилтрансфераза тапшылығы байқалатын болса онда науқасты меркаптопуринмен ,
азатиопринмен емдеу тиімсіз болады.
Гипербулирубинемиямен бірге көрніс беретін тұқым қуалайтын синдромдар елеулі
фармакогенетикалық зерттеуді талап етеді. Мысалы,
Жильбер
пен Криглер-Найяр
синдромдарында холецистография жүргізу үшін контрацептивтерді құрамына кіретін
эстрогендер қан плазмасында билирубин деңгейін жоғарылатады да клиникалық сарғаюға дейін
әкеледі. Дубин-Джонсон синдромында жүктілікке қарсы қолданылатын құрамындағы
эстрогендері бар заттар гипербилирубинемияны арттырады клиникалық сарғаюға дейін әкеледі.
Жетілмеген остеогенезде дитиилин және анестезиялық заттар (соның ішінде фторотан) дене
тқызыуының көтерілуіне әкеледі.
Бүгінгі күні дәрілік заттарға жауап реакцияларының патофизиологиялық және
генетикалық механизмдері анықталған. Сонымен қатар, жаңа дәрі-дәрмектің неғұрлым
мамандандырылған болуы, пациенттердің белгілі бір санында тиімді болмауы ықтимал, себебі
фармакогенетикалық реакциялар қазіргі уақытта қолданылатын фармакологиялық агенттердің
пайда болуына дейін дамыған адам популяцияларында кең генетикалық полиморфизм негізінде
дамиды.
Сонымен , фармакогенетика - бұл адам ағзасының дәрі-дәрмектерге фармакологиялық
жауабы ретінде жеке гендердегі «өзгерістер» түріндегі генетикалық факторлардың рөлін
зерттейтін ғылым.
Науқастың генетикалық ерекшелігі әдетте дәрілік препараттардың фармакокинетикасына
немесе фармакодинамикасына қатысатын белоктардың полиморфтық аймақтары болып
табылады. Ген бөліктеріндегі өзгерістер ақуыздың синтезделмеуіне немесе ақуыздың
синтезделу белсенділігінің төмендеуі немесе жоғарлауынанан ақуыз құрылымының өзгермеуіне
алып келуі мүмкін. Гендер аймағындағы осындай өзгерістер әдетте «полиморфизм» немесе
«аллельдік нұсқалар» деп аталады.
Бірінші топқа биотрансформация ферменттерін кодтайтын гендер кіреді және ағзаға
сіңірілуді, таралуын, шығарылуын қамтамасыз ететін тасмалдаушы гендер жатады, олар
«Фармакокинетикалық полиморфизмдер» деп аталады. Қазіргі уақытта дәрілік заттардың
биотрансформациясының ферменттерінің синтезін және жұмыс істеуін бақылайтын гендердің,
атап
айтқанда
цитохром
P-450
және
биотрансформациялық
ферменттердің
(N-
ацетилтрансфераза) изоферменттерінің ролі белсенді зерттелуде. Соңғы жылдары гендердің