№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№30 ПЕДАГОГ-БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА



Pdf көрінісі
бет25/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86
Байланысты:
91 эссе

№30 ПЕДАГОГ-БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА 
Ұстаз – шәкірт жанының бағбаны. Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, 
оны 
жаға 
білген 
ұстаз 
ғана 
ұтады. 
«Жер бетінде мекен еткен адам заттың бір бұтағы халықтың қандай да бір дара 
қасиетке ие болып, қандай бет – бейнемен көрінуі сол халықтың мектебінің 
бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты» деген екен бір 
ғұлама. Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл 
атқаратыны белгілі. Бірінші – отбасы, екіншісі – өскен ортасы. Ал отбасынан 
алған тәрбиені дұрыс өрбіту мектептің міндеті. Ол міндетті орындауға басты 
тұлға мектептің жүрегі – мұғалім. Ұстаз – берген білім, үйреткен тәрбиесімен 
мәртебелі. «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық – ұстаздық». 
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деп Абай атамыз айтқан 
осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он бес жыл болды. Қиыны мен 
жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық 
ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр 
оқушының бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік 
мақсаттарға 
жету. 
Күн сайын алдымда пәк көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала 
қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың 
алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштен 
сезінемін. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым 
жоғары болуы тиіс, өйткені сол жарқыраған шамшырақты дер кезінде байқап, 


дер 
кезінде 
жаға 
білу 
– 
менің 
ұстаздық 
парызым. 
Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, бірі енжар, бірі баяу, бірі тым 
пысық. Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым 
бірдей 
де, 
олардың 
мұны 
қабылдауы 
түрліше. 
Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап 
жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер 
қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,-деген еді. Олай болса, 
өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді 
қосуым 
керек 
деп 
ойлаймын. 
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам 
мүшесі, болашақ иесі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім 
дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын 
талмайтын етіп қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге 
тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер 
төгеді. 
Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Мектепте оқып 
жүргенде-ақ өзімді іштей дайындап, өзімнің болашағымды елестететінмін. 
Болашағыма 
нық 
сенетінмін. 
Осы мен қандай мұғаліммін? Мен – өз жасыма қарамастан заман ағысысына 
сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-
жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы жаңашыл мұғаліммін. 
«Жаңашыл ұстаз»… Бұл атау бүгінгі таңда педагогика саласында жиі ауызға 
алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі екендігі баршамызға аян. Қазіргі кезде 
жаңашыл 
мұғалім 
ретінде 
даму 
– 
уақыт 
талабы. 
«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек» – демекші, жаңа 
ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, 
байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар 
мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біздің еңбегіміз өз 
мәресіне жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері 
болатынымызға 
кәміл 
сенемін. 
Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді, 
мәдениетті болу керек. Демек мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді 
оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы 
шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін 
өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің қолымда. Барлық 
мұғалімнің қолында.Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету 
үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек қана өзіме байланысты. 
Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. 
Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға 


деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп 
тұрғандай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет