келеді. Оның
Отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің
даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап
Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей
бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.
Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп
пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен
«технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың
бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі
заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды
затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің
соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген
мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде
жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады.
Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған
цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда,
машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен
роботтарға берілген.
Солай келе компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар
ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с
істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға
көмектеседі.
Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға
беріліп,
олар
қоғам
өмірінде
елеулі
рөлге
ие
болды.
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске
түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние
жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, үялы телефондар, 2,5 дыбыс
жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар
мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.
Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта
адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген
көзқарас ұстады. Мұны біз
сциентистік (scientia — лат. сөзі, ғылым), я
Достарыңызбен бөлісу: