16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі
мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және
тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым
Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден
қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні
ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің
берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-
техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая
түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті
кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер
қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен
үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі
өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей,
И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер,
Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген
атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына
математиктердің,
механиктердің,
физиктердің,
өнертапқыштар
мен
шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған
еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана
емес, «ғылымның жемісі» саналды.
Достарыңызбен бөлісу: