ерекшелігіне сәйкес тиімді әдістерді таңдай білетін мұғалімнің шеберлігіне
байланысты болатыны анық. Сонымен қатар мұғалімнің мәдениеті мен білім
алушыларға деген сүйіспеншілігінің ең маңызы зор. Егер білім алушы
сабақтан жаңа нәрсе үйреніп, өзіне көңілі толып шықса, сабақтың жақсы
өткені, мұғалімнің еңбегі табысты болғаны, ал егер білім алушы сабақтан
ештеңе үйренбей, немқұрайлы көңіл-күймен шықса-сабақтың сәтсіз болғаны;
демек мұғалімнің ойлануы керек деген сөз. Дегенмен сабақтың табысты болуы
тек мұғалімге қатысты нәрсе емес, білім алушының ынта-жігері мен өзінің
білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір білім
алушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне
білуі қажет. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, білім
алушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.
Сабақта белсенді әдістер қолдану білім алушының өзіндік рефлексия
жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып,
қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық
белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ , мұғалімнің сабағын
қызықты ұйымдастыруына, білім алушыларының танымдық әрекетін
күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.
Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының
аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген
дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе
алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді
арттыра алады.
Білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде білім
алушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс
ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай
бағытта оқыту керектігі анықталады. Сонымен бірге білім алушылардың өз
жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, білім алушылардың барынша тиімді
оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі.
Қорыта айтқанда, оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-
заман талабы болып отыр. Ендеше біздер-ұстаздар қауымы, заман ағымынан
қалмай, білім алушылардың бойына білім, білік дағдыларын сіңіруіміз керек.
Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті елдің толық біліммен қаруландыру
арқылы біз бабалар аманатын орындаған ұлт бола аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: