көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.Мөлдір бұлақтың
бастауын,көзін ашып.тұнығына қану үшін таңғажайып балалар әлемін
тереңірек танып,бала жүрегіне мейірім дәні мен білім нәрін себу менің басты
мақсатыма айналды. Ұстаз-киелі мамандық.Ұстаз оқушыларын білім әлеміне,
еңбек жолына,танымдық қабілеттерін дамытуда аянбай еңбек етеді. Француз
педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне
шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол
сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген сөзді әр ұстаз
үнемі жадында сақтап қана қоймай, үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әр
мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Ұстаз жұмысы күрделі де
қызықты. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,оны тек
қана шын жүрегімен, жан-тәніңмен ғана сезіне аласың. Ұстаз болу, мен үшін-
үлкен бақыт. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушы еліміздің ертеңгі
болашағы.Еліміздің болашағы, ертеңі білімді ұрпақ өсіру баршаға ортақ, әрі
міндет. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана
ашылады»-деп Мұхтар Шаханов айтқандай біздің ұстаздарымыздың қолында
әркез сол кілт жүруі керек.«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он
жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала
тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығын, үкілеген үмітіміз-бала келешегіне
үлкен
жауапкершілікпен
қарайық…
Балалардың шат күлкісі мен күлімдеген жүздерінен, зерделі білім нәрімен
сусындаған,еліміздің болашақ үміт артар азаматтары мен шәкірттердің биігін
көруді арамн етемін.
… Ертең мектепте менің қызықты,қуанышты күнім басталады. Ертең
маған тағы да күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарайды.Ол
менің оқушыларымның үміт толы көздері…
Достарыңызбен бөлісу: