А. Рыскиева 1, Ә. Құранбек



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата02.04.2023
өлшемі337,43 Kb.
#78481
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
497-1-2472-3-10-20230121

Нәтижелері мен талқы
– Қазіргі қоғамда «тәңіршілдер» аталып
жүрген топтардың пайда болуын, негізгі діни-
құндылықтық ұстанымдарын, негізгі идеяларын 
анықтау, осы топтардың ұйымдасуы мен қызмет 
етуінің алғышарттарын ашудың өзекті мәселе 
екені айқындалды.
– Тәңіршілдік құбылысын зерттеу аясында
қазір тәңіршілдер атауымен танымал топтардың 
әлеуметтік құрылымын, ұжымдасуы мен қызмет 
ету принциптерін айқындау бойынша ғылыми–
практикалық және методологиялық ұсыныстар 
әзірлеудің маңыздылығы көрсетілді.
– Тәңіршілдік сенімін феноменологиялық
және әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеулер нә-
ти жесінде бұл сенімнің еліміздегі жалпы пси-
хо логиялық климатының негізгі бағдарлары 
көрсетілді және болашақ зерттеулерді тереңдете 
түсу үшін алынған мәліметтер мен сарапта-
малар оқырман қауымға ашық пікірталасқа 
ұсынылады.
Қорытынды
1. Қазіргі таңдағы еліміздегі тәңіршілдік
сананың әлеуметтік-психологиялық климатын, 
біз, діни немесе теологиялық емес, дін филосо-
фиясы, дін әлеуметтануы тұрғысынан рационал 
тұрғыдан зерделеуге көңіл аудардық. Мұнда 
ешқандай да апологетика, мәдениетімізді ислам-
дандыру немесе тәңіршілдендіру де болмауы 
тиіс, құбылыс қалай бар, солай бағалануы тиіс. 
Феноменологиялық таза сана бұл тұста, сырттан 
бақыланған жағдайда, құбылысты сол қалпында 
тануға ықпалдасып отыруы қажет.
2. Тәңіршілдіктің осындай әлеуметтік-пси-
хо логиялық климатын зерделеу ешқандай да 
діни, саяси, әлеуметтік идеологияларға ба ғын-
бауы тиіс. Мәселен, кейбір журналистер осы 
тақырыпта сөз қозғағанда, оны сыртқары ілім 
ретінде бағамдауға бағытталған және сол көз-
қарасын қоғамдық санаға сіңіруді бейсаналы 


37
А. Рыскиева және т.б.
түрде көздейтін ақпараттар таратуға құштар бо-
лып тұрады. 
3. Тәңіршілдік тым көне діни сенім болған-
дықтан, оның негізгі қағидаттары ұмыт бола бас-
тағандықтан, оның ішкі мағынасы мен мәнінен 
тереңдеп үңілу барынша қиындықтар туғызады. 
Соған қарамастан, басқа да түркі халықтары 
сияқты қазақ халқында да тәңір сеніміне де-
ген бағыт алу үрдістері байқалып отырғандығы 
шындық. Ол үшін негізінен алғанда, әлі де кең 
масштабта ғылыми зерттеулер жүргізу қажет 
екені сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет