36
Тәңіршілдік сана: еліміздегі әлеуметтік-психологиялық климат
ғандығы үшін «айыптап», «ата-баба жолы нан,
салт-дәстүрінен алшақтағандар» – деп халық
арасында
іріткі салу, ру-руға бөлу және т.б.
әрекеттер еліміздің бірлігі мен дін саласындағы
тұрақтылығына қауіп төндіреді» (Алмұрзаева,
2021).
Осыған байланысты кейбір тұжырымдар
«бұдан сақтанушылардың әрекеті, байырғы Ре-
сей отарлаушыларының саясатына да сай келуі
ықтимал. Яғни, нақтырақ айтқанда, еркін, ба-
тыл, өз ойын ашық айта алатын, намыс ты, көне
түркілік рухты бойына сіңірген, тектілік пен
кісілікті жоғары бағалайтын, тек әділеттілікті
сүйетін, қуатты тұлғаларды дайындайтын «тә-
ңір шілдік сенім институты» ешқашан да ба ғы-
нышылық пен құлдыққа
бас игісі келмей тін-
дікпен де байланысты» – дегенге де келіп саяды.
Ал тәңіршілдікке қарсы болатын өзге де зия-
лы қауым өкілдері ислам дінін қабылдаған және
осы ділмен өмір сүретін, ислам дінін бірден-бір
жетілген, ең абсолют сенім деген ұғымды ба-
сымдылықта ұстайтын, дейтүркілік-түркілік
архе типтерден гөрі, исламдық архетиптері басы-
мырақ ұжымдық сана деп ой түйіндей аламыз.
11.Тәңірлік тәжірибелері
1. Тәңіршілдердің белгілі бір бағыты праг-
матизмдегі діни тәжірибе бағыты сияқты (De-
wey, 1998: 159) таза тәжірибеге ден қояды:
шамандық ритуалдар, тәңіршілдіктің қасиетті
күндері табиғатқа барып,
Тәңірге жалбарына-
ды, Ұмай Анаға бас иеді, өміріне ризашылығын
білдіріп, аруақтардан жәрдем сұрайды, қобыз,
даңғара сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен
өткізіледі.
2. Жаназа шығару салттары орындалады,
ол жерде Құран оқылмайды, орнына қайтыс
болған адамның жанының тыныштық тауып,
аруақтар әлеміне еніп, осы дүниеге немересі,
шөбересі
ретінде рухының қайтып, құт бере-
ке алып келуін тілейді. Рухын аруақтар әлемі
қабылдауын сұрайды. Имам шақырылмайды,
жа назасын шығарған адам қаралы үйден ешқан-
дай да қаражат талап етпейді және имамдар
тәрізді әлеуметтік мәртебесі жоғары адам деп
дәріптеліп, ешқандай да асыра бағалуға ие бол-
майды.
3. Жеті шелпек пісіру дәстүрінде де Құран
аяттары оқылмайды, қайтыс болған ата-ба-
ба аруақтарына бағышталып,
Жаратқан Тәңір,
Асыл текті Тәңір ұлдары, Ұлы Қазақ халқының
өсіп-өркендей беруі үшін тілектер мен баталар
арналады.
4. Исламдық «Алла жар болсын», «Алла
бұйыртса», «Алла Тағаланың қолдауымен» де-
ген сөздердің орнына «Көк Тәңірі қолдасын»,
«Аруақ қолдасын», «Ата-баба аруағы қолдай
гөр», «Ұмай ана рухы желеп-жебей гөр»,
«Қыдыр ата жолдасымыз болсын» деп келетін
сөздер циклді түрде қайталанып айтылып оты-
рылады, мәселен, жолға шыққанда міндетті
түрде айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: