Ақырет өткелдері


дедім. (Жәбірейіл): «Бұл – аңдамай бір сөз сөйлеп, кейін оған



Pdf көрінісі
бет67/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

дедім. (Жәбірейіл): «Бұл – аңдамай бір сөз сөйлеп, кейін оған 
опық жейтін және қайтарып ала алмайтын бір кісі», – деп 
айтты», – делінген
1

Жоғарыдағылармен қатар, қабір азабына душар ететін іс-
әрекеттерге: жалған куәлік беру, адал адамды қаралау, бүлікке 
араласу, бидғатқа бастау, Аллаһ және Оның елшісіне (с.а.с.) 
қатысты өзі білмейтін нәрсені айту, парақорлық, араққұмарлық, 
ұрлық, қиянат, алдау-арбау, қулық-сұмдық, Аллаһтың тыйым 
салғанына рұқсат беру, Аллаһ тағаланың міндеттегендерінен бас 
тарту үшін және Оның тыйым салғандарына қол ұру үшін айла-
шарғы істеу, мұсылмандарға азар беру, олардың айыптарын ашу, 
Құран үкімдеріне жүгінбеу, Аллаһтың шариғатына сүйенбей 
пәтуа беру, күнәкарлыққа және дұшпандыққа жәрдемші болу, 
нақақтан кісі өлтіру, қабірлерге табыну, зұлымдық, тәкаппарлық, 
риякерлік, бақсы-балгерлерге сену, дүние үшін дінін сату және 
т.б. жатады. 
Қорыта айтқанда, кез келген күнә қабір азабына себепші 
болатынын жадымызда сақтағанымыз жөн. 
1
Әл-Бәйһақи, Ибн Кәсир. 


74
 
 
Қабір азабынан құтқаратын іс-амалдар 
Пенде қабір азабынан құтылу үшін, өзін жиі есепке алып, 
тәубесін жаңартып отыруы тиіс. Сондай-ақ Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) қабір азабынан құтқаратын бірқатар іс-амалдарға нұсқау 
жасаған. Олар: 
а) Парыз амалдар мен ізгі іс-әрекеттер 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, мәйіт одан (адамдар) бұрылған 
кезде олардың аяқтарының дауысын есітеді. Егер (пенде) 
мүмін болса, намаз оның бас жағында, ораза оң жағында, 
зекет сол жағында, ал садақа, туыстық қарым-қатынасты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет