Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет63/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Онда жалаңаш еркектер мен әйелдер бар еді. Мен: «Бұлар 
кім?» – деп (сұрадым). Ол екеуі: «Алға жүр», – деді. Біз алға 
жүріп бір қанды өзенге келдік. Оның ішінде бір кісі түрегеліп 
тұр, ал өзеннің ортасында (немесе «өзен жағасында» деп те 
айтылған) алдында тастар бар, өзендегі кісіге қарсы қараған 
бір кісі тұрды. (Өзендегі) сыртқа шыққысы келсе, (әлгі) кісі 
оның аузына тас лақтырып, бұрынғы орнына қайтарады. 
Сөйтіп, (өзеннен) шығу үшін келген сайын, аузына тас 
лақтырады да, ол бұрынғы орнына қайтады. Мен: «Бұл не?» – 
деп (сұрадым). Ол екеуі: «Алға жүр!» – деді. Біз ілгері жүріп, 
жасыл баққа келіп кірдік. Оның ішінде бір зәулім ағаш бар 
екен, түбінде бір қария мен жас балалар отыр. Қарасам, 
ағашқа таяу жерде қарсы алдында от жағып бір кісі отыр. 
Сөйтіп, ол екеуі мені алып ағашты бойлап көтеріліп, бір үйге 
кіргізді, одан әдемі (үйді) бұрын-соңды көрген емеспін, оның 
ішінде қарт кісілер, жас жігіттер, әйелдер мен балалар бар 
еді. Сосын ол екеуі мені одан шығарды да, ағаш бойымен (тағы 
да) жоғары көтеріліп, (басқа) бір үйге кіргізді, ол (алдыңғыдан) 
әдемірек әрі жақсырақ еді, онда қарттар мен жас жігіттер 
бар екен. Мен: «Сен екеуің мені түн бойы өздеріңмен алып 
жүрдіңдер, енді көргендерім туралы айтып беріңдер», – дедім. 
Ол екеуі: «Иә. Сен көрген езуі жыртылып жатқан – жалған 
сөйлеп, (өтірігі) жан-жаққа тарайтын өтірікші, енді өзің 
көргеніңдей Қиямет күніне дейін оған солай істеледі. Ал сен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет