Хронобиология



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,94 Mb.
#7021
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

17 ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЗЕРТТЕУ  

 

Қазіргі  кезде  қабілетті  балалар  мәселесін  зерттеуге  қатысты  фило-



софиялық,  психологиялық,  педаго-гикалық  мәліметтер  және  ғылыми 

 

зерттеулер  жылдан  жылға  кӛбеюде.  Алайда,  қабілет  мәселесі  әлі  де 

ғалымдардың  күнделікті  тақырыптарынан  түспейтін,  зерттеулерді-ізденісті 

қажет  ететін  ӛзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  мәселенің  түп 

тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі. 

Адамның  психикалық  ерекшеліктері  жӛніндегі  идеялар,  оның  ішінде 

қабі-леттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтардың еңбектерінде, 

қайта ӛрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы 

педагогтардың еңбектерінен бастау алады. 

Философияда  ―қабілеттілік‖  тұлғаның  белгілі  бір  әрекеттерді 

орындауға  жағдай  жасайтын  жеке  ерекшеліктері  дей  келе,  олар  қоғамдық-

тарихи әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын 

кӛрсетеді. 

Адамның  психикалық  ерекшелігі  «қабілеттілік»  туралы  ойлар,  сонау 

антик  заманында  ӛмір  сүрген  грек  философтарының  еңбектерінде,  қайта 

ӛрлеу дәуірі ғалымдарының еңбектерінде кӛптеп кездеседі. Қабілеттілік пен 

дарындылық  тек  ӛнер  адамдарда  ғана  байқалып,  жекелеген  адамдардың 

табиғи  қабілеттіліктің  болуы  құдіреті  күшті  құдайдың  жарылқағаны  деп 

есептеген. 

Адамдардың қабілетінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында 

қызған ой-пікір таласын тудыруда. Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін 

оның миының кӛлемі және салмағымен байланысты деп түсіндірді. Кейінірек 

зерттеулерде  ең  ауыр  ми  ақыл-ойы  кеміс  адамның  миы  болып  шыққаннан 

кейін,  бұл  болжамды  теріске  шығарды.  Ӛмір  бақылаулары  мен  арнайы 

зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Кӛптеген 

ғалымдар  Платонның  пікіріне  сүйенді.  Яғни,  қабілеттіліктің  пайда  болуы 

тұқым-қуалаушылықтан  болады.  Ал  оқыту  және  тәрбиелеу  олардың  ары 

қарай  даму  үрдісін  жылдамдатады.  Оған  дәлел  ретінде,  ұлы  танымал 

адамдарды мысал етті (Моцарт, Рафаель т.б.). 

Платонның  айтуынша,  адамдар  ӛздерінің  қабілеттіліктеріне  қарай 

әртүрлі  болады,  біреулері  басқару  үшін,  біреулері  бағыну  үшін  дүниеге 

келеді деген. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да 

болды. 

Қабілеттілік  туралы  ой–пікірлерді  дамытудың  маңызды  кезеңі  бұл 



испан  дәрігері  Хуан  Уарте  есімімен  байланысты.  Ватиканның  қарсылығына 

қарамастан  «Исследование  способностей  к  наукам»  (1575  ж.)  кітабы  жарық 

кӛріп,  барлық  Европалық  тілдерге  аударылды.  Оның  зерттеулерінің  негізгі 

мақсаты  адамдардың  жеке  басындағы  қабілеттілікті  анықтай  отырып, 

болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. 

Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап, 

қабілеттілікті  дамытуда  тәрбиенің  маңызды  рӛл  атқаратынын  айтқан.  Ал 

Томас  Гоббс  қабілеттіліктердің  түрлерін  бӛліп  кӛрсетіп,  қабілеттіліктерге 

қатынасында табиғат адамдарда тең жаратты деген. 

19  ғасырдың  екінші  жартысында  қабілеттілікті  зерттеудің жаңа  кезеңі 

басталды,  психологиялық  тестілеу,  онымен  бірге  ғылымның  жаңа  бағыты 


 

ретінде 


даралық 

ерекшеліктердің 

психологиясы 

(дифференциалды 

психология) пайда болды. 

Қабілет  мәселесі  арнайы  психологиялық  зерттеудің  пәні  ретінде  - 

ағылшын  ғалымы  Ф.  Гальтон  ұсынған  адамдағы  ерекшеліктердің 

эксперименттік  және  статистикалық  зерттеулерінің  негізінен  болып 

табылады.  Ф.  Гальтон  адамдардың  жеке  дара  ерекшелігі  мәселесін  зерттеп, 

1869 жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы 

да  қабілетті  адамдардың  ӛмірлерін  бақылай  келе  кез  келген  деңгейдегі 

қабілеттілікте тұқым-қуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді. 

20 ғасырда неміс психолгі У. Штерн жеке дара ерекшеліктерді зерттеп, 

жеке  даралық  психологияның  негізін  қалады.  Сонымен  бірге  ол  адамның 

ақыл  ойын  анықтауға  арналған  «қабілеттілік  коэффициентін»  ұсынды,  әрі 

ақыл-ой қабілеттілігіне мынандай анықтама берді: «Ақыл-ой қабілеттілігі - ӛз 

ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен 

ӛмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл –ой қабілеттілігі». 

Қабілет  және  дарындылық  теориясының  негіздерінің  қалыптасуына 

белсене  атсалысқан  кеңес  психологтары  Б.М.  Теплов,  Б.Г.  Ананьев,  Л.С. 

Выготский,  Н.  Лейтес,  Л.И.  Кузьмина  еңбектеріндегі  психологиялық  тұжы-

рымдары  дарындылыққа  интегралдық  жеке  тәрбие  ретінде  жүйелі  кӛзқарас 

тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бӛліктерін анықтауға 

мүм-кіндік берді. 

Қабілет  мәселесіне  терең  талдау  жасаған  Б.М.  Тепловтың  пікірінше, 

қабілетті  дамытпау,  кӛрсете  білмеу,  біртіндеп  айырылу  дегенді  кӛрсетеді. 

Оның  дәлелдеуінше,  белгілі  бір  күрделі  іс  әрекетті  жүзеге  асыруда 

қабілеттіліктің  бір  ғана  түрі  жеткіліксіз,  сондықтан  бірнеше  түрлерінің 

жиынтығы қажет болады. 

Бір  адамның  бойында  бірнеше  әртүрлі  қабілет  болуы  мүмкін,  бірақ 

олардың  бірі  басқаларға  қарағанда  мәндірек  болады.  Екінші  жағынан 

бірнеше  әртүрлі  адамдарда  бір  ғана  қабілет  байқалуы  мүмкін,  бірақ  даму 

деңгейлері бойынша ӛзара ӛзгешеленеді. 

Б.М.  Тепловтың  ғылыми  зерттеулерін  одан  ары  қарастырған  В.Д. 

Небылицин  қабілеттерде  және  дарын-дылықта  ең  алдымен  жеке  даралық 

айырмашылықтарға назар аудару керек деді. 

Адам  қабілетінің  әртүрлі  болуын  ұлы  физиолог  И.П.  Павлов  сигнал 

жүйелерінің ӛзіндік  ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны бала  қандай да бір 

іс  әрекетпен  айналысқанда  кӛріп  байқауға  болады.  Сигнал  жүйелерінің 

арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамының жоғары жүйке 

жүйесінің  үш  түрін  келтіреді.  Олар  кӛркем,  ойлағыштық  және  орта  түр 

болып  бӛлінеді.  Бірінші  түріне  жататындар  әсершіл,  қызу  қанды,  ашық, 

ақжарқын,  болып  келсе,  екінішілері  кӛргені  мен  естігенін  әуелі  ой  елегінен 

ӛткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы кӛреді, ал үшіншілері аса талантты, 

дарынды  жандарды  қамтиды.  Адамның  қай  түріне  жататындығына  қарай 

оның қабілетін де анықтауға болады. Қандайда болмасын бір нәрсеге қабілеті 

болмайтын  адам  болмайды.  Ол  біреуде  күшті,  біреуде  шамалы  болып  келуі 

мүмкін. 


 

Б.Г.  Ананьев  еңбектерінде  қабілет  және  дарындылық  жеке  адамның 

мінезімен,  темпераментімен,  ӛмірлік  бағыт-тылығымен  және  жеке  даралық 

психикалық  дамуымен  байланысты  жеке  адамның  жалпы  құрЫлымының 

қандай да бір бӛлігі ретінде қарастырылды. 

Белгілі  психолог  С.Л.  Рубинштейн  қабілеттіліктің  шығу  тегі 

психикалық  үрдістерден  пайда  болады  деген-ді.  Ол  қабілеттің  құрамының, 

құрлымының  анықтамасын  жасайды:  қандай  да  бір  іс-әрекетті  орындауға 

адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар 

операциялары  немесе  тәсілдері  енеді,  кейін  солар  арқылы  іс  әрекет  жүзеге 

асады. 

Н.С.  Лейтес  дарынды  балаларды  зерттей  келе,  олар  еңбекке  тартым-



дылығымен  ӛзгешеленетін  және  «еңбектен  қанағаттануды»  сезінетін  нағыз 

кішкентай  еңбекқорлар  болып  табылады,  деп  кӛрсетеді.  Бұл  тұжырым 

маңызды  ереже  жасауға  итермелейді.  Еңбекке  бейімділік  дарындылықтың 

кӛрінуі ретінде болады. 

В.А.  Крутецкий,  ӛзінің  кӛрсеткен  классификациясында:  икемділік,  тез 

байқағыштық,  еске  сақтау,  терең  ойлау  қабілеті  бар,  оның  келешекте 

мамандық  таңдауына  кӛп  кӛмектесетінін  айтқан.  Сонымен  бірге  В.А. 

Крутецкий  ӛзінің  математикалық  қабілеттіліктің  құрлымын  зерттеген 

еңбегінде, егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп 

түсінсек,  онда  дарындылық  дегенді  адамның  ерекше  қабілеттіліктерінің 

жиынтығының бірлігі деуге болады деп тұжырымдайды. 

Қабілет  адамның  әрекеттің  бір  түрімен  айналысуға  мүмкіндік  беретін 

бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілеттілік бір бірімен тығыз байла-

ныстағы туыс  ұғымдар.  Ӛйткені  адамның бір нәрсеге  қабілеттілігі  оның бір 

нәрсеге бейімділігіне орай қалыптасады. 

Бейімділік  адамның  белгілі  бір  әрекетпен  айналысуға  деген 

құлшынысы оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. 

С.А.  Изюмова  мнемикалық  қабілет-терді  және  оның  табиғи  алғы 

шарттарын  комплексті  зерттеу  және  оның  оқу  әрекетіндегі  нәтижелілігімен 

салыстыру мәселесін кӛрсетті. 

Э.А. Голубеваның зерттеулері кӛрсеткеніндей таным функцияларының 

жеке  даралық  типтік  ерекшеліктерінде  ӛте  айқын  кӛрінетін  дихотомия  – 

вербалды және вербалды емес болып табылады. Бұл танымдық қабілеттердің 

ең  негізгі  психологиялық  сипаттамасының  негізгі  мәні  физиологиялық 

деңгейде түсін-діріледі: олардың қалыптасуының «релевантты» табиғи негізі 

болып жоғары жүйке әрекеттерінің арнайы адамға тән типі болып табылады. 

М.А.  Матова,  З.Г.  Гуровская  зерттеулері  кӛрсеткендей,  9-10  жасар 

балалардағы  таным  қабілеттерінің  сипаттамасы  да  вербальды  емес 

функцияның басым күштілігімен, қабылдау, ес және ойлаудың образдылығы 

мен  эмоционалдылығымен,  сӛйлеудің  локализациясының  оң  жарты  шарлар 

типіне  тән  етуге  қарағанда  кӛру  латерализациясының  күштілігімен  байла-

нысты. 


Е.П.  Гусеваның  зерттеулері  кӛрсеткендей,  оқушылармен  жүргізілген 

зерттеулер білімді меңгеру деңгейінде және үйренудің нәтижесінде кӛрінетін 



 

жалпы  қабілеттің  компоненті  ретінде  естің  мәні  туралы  айтады.  Мәліметті 

мағыналы  кӛшірумен  байланысты  мнемикалық  қабілеттер  барлық  мектеп 

пәндерін меңгеруде кӛрінеді. 

Танымдық  қабілетті  зерттеуде  балалардың  дамуындағы  жас  ерек-

шеліктерге кӛп кӛңіл бӛлінді. Н.С. Лейтес, жеке балалар жас ерекшеліктеріне 

тән  қабілеттердің  дамуының  алғы  шарттары  –  жеке  даралық  қабілеттердің 

дамып  ӛсуінің  негізі,  -  деп  жан  –  жақты  негізделген  тезис  жасайды.  Бұл 

ереже Е.П. Гусеваның зерттеуіндегі 6 және 14-16 жасар балалардың жас және 

жеке  даралық  ерекшеліктерін  салыстыруға  байланысты  жүргізілген 

экспериментпен дәлелдене түсті. 

Барлық  қабілеттің  түрлерінің  дамуын  қамтамасыз  ететін  ең  негізгі 

фактор – іс әрекет, олай болса балалардың негізгі іс  - әрекеті ойын әрекетін 

белсендіре  отырып,  шығармашылық  қабілетті  дамытуға  болатындығы 

дәлелдене  түседі.  Онымен  байланысты  дарындылық  факторы  ретінде  еңбек 

қабілеттілігі жатады. 

Жалпы  және  еңбек  психологиясындағы  білімдарлық  -  қабілеттілікті 

анықтаудың  бірден  бір  параметрі  Н.А.  Мечинскаяның  пайымдауынша, 

білімді игеруге деген қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып есептеледі. 

Қабілетті  анықтаудың  біршама  сенімді,  дұрыс  жолы  –  бұл  іс  -  әрекет 

барысында  оның  нәтижелік  динамикасын  кӛрсету.  Кез–келген  іс-  әрекеттің 

орындалу нәтижесі ӛз алдына қандайда бір жеке қабілетті анықтаумен емес, 

әрбір адамдағы ӛзіне тән қабілеттердің үйлесімділігімен анықталады. 

Қабілет  –  бір  немесе  бірнеше  іс  -  әрекеттерді  нәтижелі  орындауға 

қатысы бар жеке даралық психологиялық  ерекшелік және ӛзінде бар дағды, 

ептілік және білімдерге сәйкестенбестен–ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл 

әрі  тез  меңгерумен  түсіндіруге  болады  деп  жазады.  Қабілет  бұл  дамудың 

нәтижесі,  ал  нышан  -  қабілет  дамуының  негізінде  туа  пайда  болған 

анатомиялық–физио-логиялық  ерекшелік.  Қабілетті  реалды  зерттеуші  оны 

туа және жүре пайда болған «қоспалық» деген түсінік жұмыс істейді және ол 

үшін де, потенциалды мүмкін-шіліктері бар 

Жеке  адамның  психологиялық  қасиеті  ретінде  адамның  қабілеттер 

сапасы,  кӛлемі  бойынша,  олардың  үйлесімділігінің  ӛзіндік  ерекшелігі,  даму 

дәрежесі  бойынша  бӛлінеді.  Әрбір  адам  негізінде  жеке  даралық  сипат 

болады: конституциялы ерекшеліктері, мидың нейродинамикалық қасиеті, ми 

жарты шарлардың функционалды ассиметриялық ӛзге-шеліктері және т.б. 

Американдық  ғалым  Блум  әйгілі  адамдарға  зерттеу  тәжірибесін 

жүргізіп, оның нәтиже кӛрсеткішінен, осы адамдардың қабілеттерінің толық 

даму-ының тәрбиелік және білімділік әдістерінің моделін ұсынды. Блумның 

айтуынша,  қабілеттің  ерте  дамыған  түрлері,  егер  белсенділік  және  арнайы 

оқыту әдістері болмаса, ол ары қарай дамымағандықтан, күйреуге ұшырайды. 

Шетел  психологиясында  жалпы  және  арнаулы  қабілеттіліктердің 

бӛлінуі  факторлық  талдаудың  кӛмегімен  алынған  әртүрлі  факторларға 

негізделді.  Бұл  зерттеулерді  Ч.  Спирмен,  Дж.  Гилфорд,  Л.  Терстоун,  Э.П. 

Торренс,  Р.Б.  Кэттел  т.б.  жүргізіп,  эксперимент  нәтижесінен  алынған 

мәліметтермен дәлелдеді. 



 

Ал қазақ топырағында жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін 19 

ғасырда ӛмір сүрген қазақ ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. 

Уалиханов  шығармалаларынан  кӛруге  болады.  Абай  атамыз  адамды 

қоршаған  орта  –  табиғаттың  бір  бӛлігі  дей  келе,  табиғаттың  адам  баласына 

берген  керемет  сыйы  -  туылғаннан  бастап  білуге,  түсінуге  деген  ұмтылысы 

деп  есептейді.  Адамның  ойы  мен  санасы  еңбек  іс  әрекеті  нәтижесінде 

қалыптасып, дамиды деп тұжырымдайды. 

Ш.  Уалиханов  жеке  тұлға  тәрбиесінде  білім  мен  тәрбие  шешуші  рӛл 

атқарады, 

адам 

қабілетінің 



дамуына 

бейімділігінің, 

ынтасының 

маңыздылығы зор екенін айтады. 

20  ғ.  алғашқы  ширегіндегі  қазақ  ғұламалары  мен  қоғам  қайраткерлері 

А.  Байтұрсынов,  М.  Жұмабаев,  Ж.  Аймауытов,  М.  Дулатовтардың  педаго-

гикалық  мұраларында білім беру  үрдісінде  балалардың қызығушылығы  мен 

қабілеттілігін  қалыптастыру  мәселесін  ескеру  керектігі  баса  айтылған.  Ж. 

Аймауытұлы  «Психология  және  мамандық  таңдау»  еңбегінде  белгілі 

ғалымдардың  зерттеулеріне  сүйеніп,  мамандықты  адекватты  таңдай  білуге 

арналған  кеңестерін  ұсынды.  Оның  пікірінше,  адамға  табиғат  сыйлаған 

қасиеттермен санаспаса болмайды деп, іштен туа біткен қабілетке үлкен мән 

береді.  19  ғасырда  ол  Бостон  қаласында  кәсіби  бағдар  беру  ұйымы 

құрылғанын,  мұның  жұмысына  мектеп  басшылары,  мұғалімдерімен  қатар, 

зерттеу  жұмыстарының  нәтижелеріне  мүдделі  әр  түрлі  қоғам  ӛкілдері 

қатысып  отырғанын,  алынған  мағұлматтарды  бір  бірімен  салыстырып, 

математикалық ӛңдеуден ӛткізген соң, зерттеуші әр баланың жеке қасиеттері 

қай  кәсіпке  сай  екенін  айқындағанына  тоқталады.  Демек,  бұл  жағдай  әр 

шәкірттің, оның ата-анасының да мамандық таңдау мәсе-лесіндегі жағдайын 

жеңілдетіп, болашақта ӛз қабілетіне лайық қандай мамандықты таңдап алуға 

болатынын анықтауға кӛмектеседі деген. 

Ж.  Аймауытұлы  әр  адам  белгілі  бір  кәсіптің  түрін  таңдап  алатынын, 

мұнда  ол  ӛзінің  тұрмысынан  бірілетін  ерек-шеліктерін,  іс-әрекеттің  қандай 

түріне  бейім  екенін  аңғара  алуы  керек  дейді.  Сонда  ғана  ол  ӛзіне  қажетті 

мамандықты дұрыс таңдай алады. 

Мағжан  Жұмабаев  ӛзінің  «Педа-гогика»  еңбегінде  адамның  жалпы 

рухани  дамуы  туралы  айта  келіп,  жеке  тұлға  мәселесін  ақыл-ой 

қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады. 

Соңғы 30-40 жыл ішінде психологтар мен басқа да ғалымдар арасында 

қабілеттің  дамуында  биологиялық  фактор  мен  тіршілік  ортасының,  әсіресе 

әлеуметтік  ортаның  қатынасы  мен  ықпалы  жайында пікір айтыстары болып 

келгені  мәлім.  Дегенмен,  мұндай  пікірталастар  белгілі  бір  тұрақты 

қорытынды шешімге келе алған жоқ. 

Кез  келген  адамзат  бала  кезден  ӛмірде  үлкен  жетістіктерге  жетуді 

армандайды.  Кейбіреулерінде  ерте  кезден  бастап  белгілі  бір  іс  -  әрекетке 

қабілеттілік байқатады (би билейді, сурет салады, , ӛлең айтады, белгілі бір 

музыкалық құралда ойнайды, мүсін са-лады), ал басқа біреулерінде қандай да 

бір  әрекетке  бейімділігі  байқалмай  қалады.  Бірақ,  бұл  қабілеттілікті 

қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас ӛскен сайын бірте 


 

– бірте жойыла бас-тайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби ӛміріне бағыт – 

бағдар бере алмайды. 

Қабілет  түсінігінің  бүгінгі  ғылым  қабылдап  отырған  анықтамалар 

тӛмен-дегідей: 

1)  Қабілет  –  бір  адамды  екіншісінен  ерекшелендіретін  дара 

психологиялық ерекшелік; 

2)  Қабілет барша  тұлғаға  тән  болған ортақ  сапа  емес, кей  адамға ғана 

дарыған  қандайда  бір  не  бірнеше  іс-әрекетті  табысты  орындауға  жарайтын 

ӛзара ептілік; 

3)  Қабілет  -  нақты  адамда  топталған  білім,  ептілік  және  дағдылардан 

оқшау қажет әрекетті игеру желісінде ғана кӛрінеді. 

Сонымен жоғарыдағы анықтамаларға негізделіп, мынандай қорытынды 

жасауға  болады,  яғни,  қабілеттер  –  іс  -  әрекетте  кӛрінетін  және  оның 

орындалуының  шарты  болып  табылатын  адамның  жеке  даралық 

психологиялық  ерекшелігі.  Қабілетке  білімді,  ептілікті  және  дағдыны 

меңгеру  процесінің  жылдамдығы,  тереңдігі,  жеңіл-дігі  және  мықтылығы 

жатады,  бірақ  қабілеттің  ӛзі  білім  мен  ептілікке  әкеп  соқпайды.  Зерттеулер 

бойынша  қабілет  -  ӛмірлік  қалыптасу,  олардың  дамуы  жеке  даралық  ӛмір 

барысында жүреді, ал орта, тәрбие – оларды белсенді қалыптастырады. 

Қазіргі  әлеуметтік  –  экономикалық  жағдайда  кәсіби  жетістікке 

қабілеттілік,  білімділік,  шығармашылық  арқылы  ғана  жетуге  болады. 

Сондықтан  ата  –  аналар,  мұғалімдер  дер  кезінде  балалардың  жеке 

қабілеттілігін,  бейімділігін  анықтап  және  оны  дамытса,  оның  негізінде 

олардың  болашағына  бағыт  берсе  –  бүкіл  дүние  жүзіне  ӛзінің  елдігін, 

саясатын  танытатын  жан  –  жақты  дамыған  дарынды  тұлға  болып 

қалыптасуына  кӛп  ықпалын  тигізері  хақ.  Осы  аталған  мәселенің  ӛзектілігі 

соншалық,  жеке  тұлғаның  қабілеттілігін  дер  кезінде  анықтап,  оны  қолдап 

отыру  қажеттілігі  дәлелдеуді  қажет  етпейді.  Олай  болса,  қабілет  ӛніп, 

ӛркендеуі  үшін  қолайлы  жағдай  мен  сыртқы  ортаның  қажетті  факторларын 

талап етеді. 

 

 



 

18 АДАМ ДАМУЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ  

АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ 

 

Адам  табиғаты  туылысынан  қоғамдық,  әлеуметтік  деп  есептеледі.  

Жоғары  дамыған  жүйке  жүйесі,  ағзаның    таза  адами  қасиеттері    ӛмірдің  

әлеуметтік жағдайлары әсерінен дамиды, жетілді. әлеуметтік факторлар оны 

әрекеттер  жасауға  ,  еңбек  етуге,    жасампаздыққа  үйретті,    ӛзінің  ӛмірін 

жақсартуға, ол үшін үздіксіз күрес жүргізуге тӛселдірді.  Еңбек іс-әрекеттер, 

жарқын  келешекке  үміт  пен  сенім,  оған  жетудің  жаңа  жолдарын  іздестіру,  

ӛмір  сүрудің  басты  мақсатына  айналды.  Басқаша  айтқанда  адам  қайнаған 

қоғамдық процесте қалыптасады, дамиды, жетіледі. 


 

Адамның  әлеуметтік  ортамен  қарым-қатынасы,  айналысатын  ісі  мен  

кәсібін,  білімі  мен  дағдысының,  ӛмір  тәжірибесінің,  ӛзіне  тән 

ерекшеліктерінің  жиынтығы жеке адам деген ұғыммен сипатталады.  Жаңа 

туылған нәресте  - адам, бірақ оны әлі де жеке адам деуге болмайды, ӛйткені  

онда  дағды  мен  тәжірибе,  білім  мен  іс-әрекет,  қоғамдық  қтынас    әзірше  

қалыптаса  қойған  жоқ.  Ендеше  жеке  адам  тек  қана  тарихи-әлеуметтік 

құбылыстың жемісі ретінде кӛрінеді, қоғамдық ортада  қалыптасады. 

―Жеке 

адамның 


ӛзіндік 

ерекшелігі, 

оның 

қызметі 


мен 

дүниетанымынан,  мінез  –құлқынан,  мұрат-мақсатынан,    талғамынан, 

сезімінен,  қабілетінен,  ынта  қоюынан,  дағды  әдетінен  байқалады‖,  -  деп  

тұжырымдайды профессор Құдайқұлов М.А. [15]. 

Демек,  жеке  адамның  басты  белгісі  оның  әлеуметтік  қызметінде,  ал 

мәні әлеуметтік санасында. Жеке адамның  әлеуметтік жағдайы оның еркіне 

тәуелді  бола  бермейді.  Жеке  адам    қоғамнан  тыс  дами      алмайды,    ӛйткені 

адамның  дамуы  қоғамның  дамуымен  тікелей  байланысты.  Сондықтан 

адамның  психологиялық  ерекшеліктері,  оның  ӛзіне  ғана    тән  қасиеттері 

әлеуметтік  жағдайға,  нақтылы  кәсібіне,  іс-әрекетіне,  білім    қабілетіне 

байланысты анықталады.  Жеке адам  психологиясы  айналасындағы ортамен 

қарым-қатынас жасау, қоғамдық  тәрбиемен білім алу, кәсіптік қызмет атқару 

арқылы  қалыптасады.  Адам  тек  іс-әрекет  жасау    үстінде  ғана  ӛсіп  жетіледі.  

Қызмет ету барысында оның қабілеті артады, іскерлігі мен дағдысы дамиды, 

кәсіптік шеберлігі  ұшталады, ӛмірлік  белсенді позициясы нығаяды, ӛз кәсібі 

бойынша мол тәжірибе жинақтайды. 

Кез  келген  кәсіптік  қызмет  қоғамдық  еңбек  процесінде  дамытылады. 

Адамдардың мұндай іс-әрекеттерінің  әрқашан қандай да бір  қажеттіліктен 

туатыныны белгілі. 

Адамның  іс-әрекетінің  негізгі  формалары:  ойын,  білім  алу,  ақыл-ой 

еңбегі,  ғылыми  ізденістер,  физикалық  еңбек,  ӛнер  мен  шығармашылықпен 

шұғылдану.  Бұлардың  қайсысы  болса  да  белгілі  бір  мақсат-мұратқа,  шетке 

бағытталады. Осы келтірілген уәждерге сүйене отырып, іс-әрекетті адамның 

түрлі    қажеттерін  ӛтеу  үшін,  белгілі  бір  мақсатқа  жетуге    бағытталатын  

еңбек процесі деп тұжырымдауға болады. 

 Адам  іс  -  әрекетінің  нәтижелілігі  және  тиімділігі  оның  ақыл  ойының 

даму  деңгейіне  тікелей  тәуелді.  Демек,  мектеп  оқушыларының  ойлау 

қабілетін  дамыту  күн  тәртібінен  түспеуі  қажет,  ӛйткені  арнайы  білім  алу, 

жоғарғы  кәсіби  дайындықтан  ӛту,  қоғамға  сай  мәдениеттілік  үрдістерін 

игеру,  әсіресе  табысты    еңбек  ету  терең  ойды,  басқалардан  ӛзгеше  немесе 

жаңаша ойлауды талап етіп отыр. Белгілі академик Ю.Бабанскийдің пікіріне 

сүйенетін  болсақ,  қызметкерлердің  ойлана білу  мәдениеттілігіне  қойылатын 

талаптар  үлкен  ӛзгерістерге  ұшырауда  [  14].  Ӛндіріске  ойы  ұшқыр,  икемді, 

жүйелі,  диапазоны  ауқымды,  еңбек  ету  шарттары  еңбек  іс  -  әрекеттері 

сипатының  ӛзгерісіне  психологиялық  жағынан  дайын  қызметкерлер  қажет. 

Ӛндірісті  жетілдіру,  оған  инновациялық  технологияларды  ендіруге 

байланысты  шығармашылық  ңскерлігі  жнтілген,  білімін  ӛз  бетінше 


 

толықтыра алатын, ӛндірістегі ӛзгерістерді шапшаң игере алатын, мамандар 

дайындау – бүгінгі биік талаптардың бірі болып есептеледі. 

Келтірілген мәселелерді шешу үшін оқушылардың ақыл – ойын дамыту 

жӛніндегі тӛмендегілей міндеттер, іс – шаралар ұтымды деп ойлаймыз. 

1. Мектеп оқушыларын ғылыми – техникалық және әлеуметтік прогрес 

талаптарына сәйкес жалпы білім қорымен қаруландыру; 

2. Ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылқ жұмыстарға 

икемдеу; 

3. Оқушылардың ақыл – ой күшін және танымдық қабілеттерін дамыту; 

4.  Оқушылардың  білімге  деген  ынта  –  ықыласын,  қызығушылығын 

арттыру, ӛз білімін тұрақты толықтыруға, ой ӛрісін кеңейтуге үйрету. 

Оқушылардың  танымдық  және  шығармашылық  күштерін  барынша 

дамытуға  бағбарланған  әдістерді  қолдана  білу,  олрды  ақыл  ой  тәрбиесі 

жӛніндегі мәселелерді шешуге пайдалану. 

Соңғы кездері адамдардың білімдері ӛз бетінше падалана білуіне үлкен 

мән  беріледі,  сондықтан  оқушылар  назарының  басым  бӛлігі  ақыл  ой  еңбегі 

мәдениетін үйрету амал - әдістеріне аударылғаны жӛн деп есептейміз. 

Осыған  байланысты  сабақ  уақытының  басым  бӛлігі  оқушылардың 

ойлау іс - әрекетін белсендіруге, білімді ӛздігінен игеру амалдарын үйретуге 

әртүрлі білім және ақпарат кӛздерін пайдалана білуге арналуға тиісті 

Технология  сабақтарының  75  %  оқушылардың  ӛздігінен  орындайтын 

жұмыстарға  бӛлінеді.  Оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстарының  тиімділігі, 

олардың білімдерін тапсырманы орындауға пайдалана білуі, және біліктілігі. 

Бақылау  барысында  байқалған  кемшіліктерді,  ағаттықтарды  тіркейді, 

жеке  оқушыларға  ауызша  кӛмек  кӛрсетіледі,  сондықтан  оқу  материалы 

оұушыларды  технологиялық  және  еңбек  процестерінің  ең  елеулі  әрі  мәнді 

мәселелерімен  ӛндірісті  ұйымдастыру  амалдары  және  экономикалық  іс  - 

әрекеттерімен  таныстырып  оларға  техникадан  және  ғылымның  ең  соңғы 

жетістіктеріне  сәйкес  даму  келешегінен  терең  білім  алуға  мүмкіндік 

беретіндей  мазмұнға    құрылады.  Берілген  иатериал  мазмұнында  

рационализаторлық іс  - әрекеттер жӛніндегі тәжірибелер туралы мәліметтер 

келтірілген жӛн деп санаймыз. 

Разионализаторлық  іс  -  әрекеттердің  мақсаты  еңбек  ӛнімділігін 

жожарылату,  бірлік  бұйымның  ӛзіндік  құнын  тӛмендету  болып  табылады. 

Ӛнімнің  ӛзіндік  құны  бұйымға  жұмаслатын  еңбек  және  уақыт  мӛлшерімен 

анықталады.  Еңбек  мӛлшерін  азайту  үшін  ӛнімділігі  жоғарырақ  жабдықтар, 

бейімдемелер 

және 

аспаптар 



пайдаланылады, 

еңбек 


түрлері 

механизацияланады, шапашң ӛңдеу әдістері ендіріледі. 

 Еңбек ӛнімділігінің деңгейіне, қосымша атқарылатын процесстерге де 

әсер  етеді.            Мысалы  метал  ӛңдеу  станоктары  мен  бұйым  тетік  жасау 

барысында  жұмыс  уақытының  50-80%-  і  қосалұы  істерге  жұмсалатын 

кӛрінеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет