Хронобиология



жүктеу 1.01 Mb.

бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Г.Б.Тойчибекова,  Г.Абишова, Ә.Әбдімүтәліп 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ХРОНОБИОЛОГИЯ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ТҮРКІСТАН-2015 

 

УДК 


ББК 

А 

 



 

Хронобиология-оқу құралы / Г.Б.Тойчибекова,  Г.Абишова, Ә.Әбдімүтәліп, --

------------. – Түркістан, 2015 ж. – 96 б. 

 

Хронобиология  оқу  құралы  студенттерді  биоырғақтылықтың  негізгі 



ұғымдары  және  заңдарымен  олардың  адам  мен  жануарлар  ағзасының 

функционалды  күйіне  әсерін  бағалау,  сонымен  қатар  биоырғақтылықтың 

пайда 

болуы 


ағзаның 

бейімделудегі 

оптимальды 

формасын 

қалыптастыратындығын: біріншіден, тербелістік энергетика жағынан үнемді, 

екіншіден,  мезгілді  тербеліс  кезінде  ішкі  әрекеттерден  туындайтын 

реакциялардың  ӛтуі  жеңілдейді,  ӛйткені  тыныштық  инерциясын  жеңуден 

гӛрі  жүріп  жатқан  ӛзгерістерді  қайта  құру  жеңіл  болады;  үшіншіден, 

биоырғақтылықтар  жауап  қайтаруға  тура  келетін  факторлар  пайда  болғанға 

дейін  ағзадағы  ӛзгерістердің  туындауын  қамтамасыз  етеді.  Биологиялық 

ырғақтылықтың  заңдарын  тірі  жүйелерге  қолдану  мүмкіндіктері  қаралып, 

студенттер үшін іргелі теориялық база қалыптастырады. 

 

Хронобиология  оқу  құралы  студенттерге  арналған  және  де 



биоырғақтылық  ілімі  бойынша  білім  алушы  кез-келген  мамандар  мен 

тұлғаларға да қажетті бола алады.  

 

ББК    


Авторлар ҧжымы: 

Тойчибекова Газиза Батихановна - (PhD)  доктор 

Абишова Гулжан – аға оқытушы, магистр 

Әбдімүтәліп Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы – (PhD)  доктор 

--------------------------- 

 

Пікір жазғандар: г.ғ.д., профессор ---------- 

                                т.ғ.д., профессор --------- 

А____________ 

ISBN ---------------- 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ХРОНОБИОЛОГИЯ 

 

Хронобиология  (грек.  chronos  —  биология  ғылымының  уақыт  және 

биология) — белгілі бір уақыт аралығында биологиялық жүйелерде болатын 

ырғақты  ӛзгерістерді  зерттейтін  саласы.  Кейде  биологиялық  процестер  мен 

құбылыстардың  мезгіл-мезгіл  қайталануын  зерттейтін  ғылым  саласы  —

 биоритмологияны да хронобиология  деп  атайды.  Адам  баласы  ӛзі  пайда 

болған  кездерден  бастап-ақ  табиғатта  болатын  ырғақты  биологиялық 

процестерге мән беріп бақылап отырған. Осыған байланысты уақытқа сәйкес 

биологиялық  жүйелерде  болатын  ырғақтылықты  тірі  организмдердің  негізгі 

қасиеттерінің бірі деп қарастырады. Қазіргі кезде хронобиология ғылымы ӛз 

зерттеулерін  математика,  физика,  т.б.  ғылымдармен  тығыз  байланыста 

жүргізеді.  

Биологиялық  ырғақ  -  биологияда-биологиялық  процестер  мен 

құбылыстардың  қарқыны  мен  сипатындағы  мезгіл-мезгіл  қайталанып 

отыратын ӛзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге 

тән  және  ол  клеткалық  процестерден  бастап  популяциялық,  биосфералық 

құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы — биоритмология. 

Биологиялық  ырғақ  табиғи  жағдайда  қоршаған  ортадағы  құбылыстар 

ӛзгерістеріне  сәйкес  жүреді,  “Биологиялық  сағат”  қызметін  атқарады, 

организмнің  уақыт  пен  кеңістікте  бағдарлануына,  қоршаған  ортадағы 

ӛзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.

[1]


 

Биологиялық 

ырғақ 

ӛсімдіктерде 



жапырақтар 

мен 


күлте 

жапырақшалардың  тәуліктік  және  физиолгиялық  ӛзгерістері  (күзгі  жапырақ 

тастау, қыста ӛркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады. 

Ал  жануарларда  биологиялық  ырғақ  әр  түрлі  физиологиялық-

биохимиялық  процестер  (температура  ауытқулары,  гормондар  бӛлінуі,  РНҚ 

синтезі,  рибосома  құрылуы,  клеткалардың  бӛлінуі,  т.б.)  активтілігінің 

кезеңділігімен  бейнеленеді.  Жеке  органдардың,  тіндердің,  клеткалардың 

тәуелсіз  ырғақтары  биологиялық  құбылыстардың  мерзімдік  реттілігін 

құрайды,  тірі  организмдерде  жүретін  барлық  процестердің  үйлесуіне  негіз 

болады.  Биологиялық  ырғақ  тұқым  қуалайды  және  табиғи  сұрыпталу  мен 

организмдердің  бейімделгіштігінің  маңызды  факторы  болып  табылады. 

Биологиялық  ырғақ  пайда  болу  себептеріне  қарай  экзогенді  және  эндогенді 

болып бӛлінеді. 

Экзогенді  биологиялық  ырғақ  —  организмнің  сыртқы  күш  әсеріне, 

қоршаған ортаның мерзімдік ӛзгерістеріне жауабы. 

Эндогенді  (дербес,  ырықсыз)  биологиялық  ырғақ  тірі  организмнің 

ӛзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол 

қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын 

биологиялық  құрылым  деңгейіне  қарай клеткалық,  мүшелік,  организмдік, 

популяциялық  биологиялық  ырғақтар  болып  жіктеледі.  Маңызына 

байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) 

және  экологиялық  (организмнің  сыртқы  ортаның  құбылмалы  жағдайына 

бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бӛлінеді. 


 

Биологиялық  ырғақтың  қайталану  кезеңі  бірнеше  секундтан  ондаған 

жылдар  аралығын  қамтуы  мүмкін.  Қайталану  мерзіміне  қарай  биологиялық 

ырғақ ультрадианды (1 минуттан 10 — 12 сағат аралығында), циркадианды, 

тәуліктік  (бір  тәулік  ішіндегі  жануарлардың  физиологиялық  құбылыстары 

мен  қылығының  бір  заңдылықпен  тербелуі;  бұл  жарық,  температура, 

ылғалдық  әсеріне  байланысты),  айлық  (айналымы  жағынан  ай  фазасына  — 

айдың  толуына,  29,  53  тәулікке  жуық),  жылдық  немесе  маусымдық  (жыл 

сайын  қайталанып  отыратын  процестер:  жануарлардың  ұя  салуы, қоныс 

аударуы,  ӛсу  қарқынының  ӛзгеруі),  кӛп  жылдық  (ауа  райының,  тіршілік 

жағдайының  планетарлық  ӛзгеруіне  байланысты)  және  теңіздің  кӛтерілу 

ырғағына сәйкес (24,8 немесе 12,4 сағат сайын байқалатын теңіздегі тіршілік 

заңдылықтары:  қимыл  белсенділігі,  газ  алмасу  қарқыны,  планктондардың 

жоғары-тӛмен ығысуы, т.с.с.) болып бӛлінеді. 

 Биологиялық  ырғақ  -  психологияда  —  адамның  психикалық 

белсенділігінің  күшеюі  мен  бәсеңдеуінің  кезектесуі.  Адамның  психикалық 

белсенділігінің  биологиялық  ырғағы  2  түрлі  болады:  сыртқы  биологиялық 

ырғақ  (Күн  активтілігінің  циклділігімен,  жыл  мезгілдерінің,  тәуліктің 

ауысуымен  байланысты  пайда  болатын)  және  ішкі  биологиялық  ырғақ 

(адамның  ішкі  психикалық  және  физикалық  іс-әрекетінің  жағдайымен 

анықталатын).  Жұмысқа  қабілеттілік  пен  қажу  кезеңдеріне,  әсіресе,  адам 

психикалық  белсенділігінің  тәуліктік  биологиялық  ырғақ  әсер  етеді.  Оның 

ерекше маңызы бар: 

ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12), 

ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16), 

екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2), 

барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады. 

Таңертеңгі және кешкі мезгілдегі белсенділіктің сергектігі организмде 

болып  жататын  ішкі  биохимиялық  процестерге  байланысты.  Мысалы,  адам 

психикалық белсенділігінің ішкі биологиялық ырғағының тәуліктегі күшеюі 

мен  бәсеңдеуі  организмдегі  адреналин  мен  норадреналин  гормондарының 

кӛбеюіне  тәуелді.  Мұндай  қатаң  тәуелділік  ішкі  биологиялық  ырғақтар  мен 

сыртқы  тіршілік  әрекетінің  ұйымдасуы  арасында  нақты  үйлесімнің  болуын 

қажет  етеді.  Егер  бұл  үйлесім  бұзылатын  болса,  оның  нәтижесі  жүйке 

жүйесінің  түрлі ауруларына (мысалы, ұйқының бұзылуы, невроздар, жүрек-

қан  тамырларының  аурулары)  соқтырады.  Сондықтан  психологиялық 

тексеру  мен  психокоррекцияда  міндетті  түрде  адамның  психикалық 

белсенділігініңбиологиялық ырғақ құрылымы ескерілуі тиіс. 

 

 

 



 

 

 



 

 


 

1

 

АҒЗАЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЫРҒАҚТАРЫ 

 

Биологиялық  ырғақтылық  –  ішкі  және  сыртқы  орта  арасындағы 



динамикалық  тұрақтылықты  және  организм  ресурстарының  үнемді 

жұмсалуын қамтамасыз ететін аса маңызды факторлардың бірі. Организмнің 

осы  екі  ортасындағы  ырғақтылық  процестерінің  ӛзара  сәйкес  келуінің 

нәтижесінде  организм  комфорттық  параметрлік  жағдайда  қызмет  атқарады. 

Организмнің  осындай  қалыпты  қызмет  атқаруының  объективтік  кӛрінісіне 

циркадиандық  ырғақтылықтардың  фазалық  қатынастарының  салыстырмалы 

тұрақтылықтары мен олардың 24 сағаттық шкаладағы акрофаза жағдайының 

ӛзгермеушілігі  жатады.  Мұндай  тұрақтылық  –  барлық  циркадиандық 

ырғақтылықтардың  ішкі  синхронизациясын,  яғни  олардың  уақыт  бойынша 

ӛзара  келісімділігін  кӛрсетеді.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  адам 

денсаулығын  физиологиялық  процестердің  эндогендік  ырғақтылығының 

ӛзара  байланыстылығының  оптимальды  қатынастары  және  олардың 

экзогендік  тәуліктік  циклдық  ӛзгерістерімен  сәйкестігі  деп  қарауға  болады. 

Басқа  сӛзбен  айтқанда,  денсаулық  дегеніміз  –  уақыттық  құрылым  мен 

сыртқы  ортаның  уақытты  құрылымдарының  арасындағы  ең  оптимальды 

үйлесімділі  жағдайы.  Организм  саулығының  негізгі  алғышартына 

циркадианды жүйенің зақымданбаған синхронизациясы жатады.  

Осы  арадан  бастап  гомеостаз  ұғымы  басқаша  интерпретацияға  ие 

болады.  Гомеостаз  –  организмнің  ішкі  ортасының  ӛзгермейтін,  тұрақты, 

санмен  кӛрсетілген  орташа  статикалық  нормасы  (пульс  –  72  уд/мин,  АД  – 

120/80  мм/рт.ст.,  лейкоциттер  –  6-9  мың/мм

2

  т.б.).  Бірақ,  адам  организмінің 



барлық  қалыпты  физиологиялық  функциялары  тәулік  бойы  белгілі  бір 

ауытқуларды  басынан  ӛткізеді,  бұл  оның  қоршаған  ортаның  ырғақты 

ӛзгерістеріне  бейімделушілік  қабілеттеріне  әсер  етеді.  Сондықтан, 

гомеостазды  ішкі  ортаның  тұрақтылығы  организмнің  барлық  тіршілік 

деңгейінде  жүретін  тербеліс  процестерінің  кӛмегімен  жүзеге  асырылатын 

жағдайы  деп  анықтама  беруге  болады.  Демек,  химиялық,  физикалық, 

биологиялық,  клеткалық,  тканьдік  және  мүшелік  ырғақтылықтар  организм 

гомеостазын  біртұтас  құрылым  ретінде  қамтамасыз  етеді.  Осының 

нәтижесінде гомеостаз биологиялық процестердің ырғақтылығын организмге 

әсер  ететін  кӛптеген  алуан  түрлі  факторлардың  ырғақтылығымен  тұрақты 

түрде  сәйкестендіру  бағытында  байқалады.  Сонымен,  адамның  мезгілдік 

циркадиандық 

құрылымын, 

оның 


сақталымдылығын 

биологиялық 

жүйелердің,  оның  гомеостазының  біртұтастық  критерийі  ретінде  қарауға 

болады. 


Денсаулық  –  организм  функциясының  нормасы.  Егер  денсаулықты 

биоырғақтылық тұрғысынан бағалайтын болса, онда осы тұрғыдан норманы 

анықтау  қажет,  ӛйткені  онсыз  патологияны  анықтау  мүмкін  болмайды. 

Организмде  функциялар  тербелісі  болатындықтан,  олардың  қалыпты 

жағдайдың  орташа  кӛрсеткіштерінен  ауытқушылықтарын  білу  қажет,  бірақ 

оны  патологиялық  кӛрініс  деп  қарауға  болмайды.  Сондықтан,  норма  деген 

ұғымға биологиялық ырғақтылық туралы ұғым оның органикалық құрамдас 


 

бӛлігі  ретінде  қаралуы  қажет, ӛйткені биоырғақтылық  аралығында  адамның 

психо-соматикалық жағдайы оптимальды болып саналады.  

Патологияны  нормадан  ажырату  үшін  сандық  кӛрсеткіштерді 

қолданады,  дегенмен  салыстыратын  мӛлшерлер  циркадиандық  фазамен 

ӛлшенуі  тиіс.  Сондықтан  ―хронофизиологиялық‖  норма  жӛнінде  айтылуы 

керек, яғни биоырғақтылық әрекеттер ескерілуі қажет. 

Адам 


патологиясы 

жӛніндегі 

мәселелерді 

хронодиагностика 

тұрғысынан шешуді аппендицит ауруы мысалынан кӛруге болады. Мәселені 

оперативті шолу үшін, ең алдымен, дәрігер клиникалық симптомды ескереді 

және қандағы лейкоциттерді, оның санын салыстырады. Кейбір жағдайларда 

лейкоциттердің  стандартты  нормамен  салыстырғанда  аздап  кӛбеюін 

дәрігерлер  хирургиялық  жолмен  шешуге  ұсыныс  жасайды.  Ӛйткені 

лейкоциттердің  осы  кӛбеюлерін  аппендикстегі  қабыну  процесімен 

байланыстырады,  мұнымен  қатар,  И.В.Давыдовскийдің  кӛрсетуінше, 

операциялық  жолмен  кесіп  алынған  аппендицит  ӛсінділерінің  40-48%-да 

қабынудың  морфологиялық  белгілері  байқалмаған.  Егер  бұл  процесті 

биологиялық  ырғақтылықтар  тұрғысынан  бағаласа,  бұл  жағдайдың  мәні 

ашыла  түседі.  Лейкоциттер  санының  аппендикстегі  кӛбеюі,  әрине,  онда 

қабыну  процесінің  бар  екендігінде  ешқандай  күмән  туғызбайды.  Бірақ 

лейкоциттердің мұндай кӛбеюі организмде патологияның бар екендігін, яғни 

қандағы лейкоциттер санының қалыпты тәуліктік ауытқуын дәлелдейді. Бұл 

ырғақтылықтың  жалпы  заңдылығы  лейкоциттер  санының  түнгі  мезгілімен 

салыстырғанда  таңғы  сағаттарда  нақты  тӛмендейтіндігімен  сипатталады. 

Бірақ,  кейбір  сау  адамдардағы  1  мм

3

-дегі  8000-нан  9800  дейінгі 



ауытқушылық  біраз  ӛзгерген.  Мысалы,  21-23  жастағы  17  тексерілушінің 

тоғызының  1 мм

3

-дегі  лейкоциттер  саны  түн  ортасына  11-12  мыңға  жеткен. 



Аппендицитпен  ауырғандар  ауруханаға  тәуліктің  кез  келген  мезгілінде 

жеткізіледі  де,  олардың  анализдерін  лейкоциттер  саны  6-9  мың  болатын 

стандарттық  нормамен  салыстырады,  белгілі  бір  жағдайларда  бұл 

адамдардың дербес нормасы болуы да мүмкін. Неліктен аппендицитті түнге 

қарағанда таңертең және күндізгі мезгілде аз алып тастайтындығы осыдан-ақ 

түсінікті. Сондықтан жынысы мен жасы әр түрлі адамдар үшін лейкоциттер  

санының  тәуліктік  номограммасы  ғана  емес,  жекелеген  адамдар  үшін  де 

стандартты  циркадианды  профиль  қажет.  Бұрынырақ  даярланған  осындай 

стандартты 

профильдер 

физиологиялық 

параметрлердің 

уақытпен 

байланысты біртұтастығының бұзылуын алдын ала білуге мүмкіндік береді. 

Жоғарыда  баяндалғандай,  ауруды  аса  маңызды  функциялардың 

тәуліктік  мезгілдік  сәйкестіктерінің  бұзылуы  деп  қараған  жӛн.  Олардың 

кӛрсеткіштері  әдетте,  сыртқы  орта  факторларының  мезгілді  ӛзгерістерінің 

нәтижесінде    туындаған  биоырғақтылық  құрылымдарының  ӛзгерістері 

негізінде  пайда  болған  десинхроноз  тәрізді  қалыпты  биоырғақтылық 

шекарасынан алшақтай кетеді. 

Сонымен, 

бір 


жағынан, 

биоырғақтылықтағы 

ӛзгерістер 

биоырғақтылықтардың  уақыттың  сыртқы  датчиктерімен  үрдістігі  бұзылған 

жағдайда пайда болса, екінші жағынан, ырғақтылықтардың бұл бұзылулары 


 

патологиялық процестердің кӛрініс болуы мүмкін. Қандай жағдай болмасын, 

әңгіме  десинхроноз  жӛнінде,  ӛйткені  десинхроноздың  мәні  –  сыртқы  және 

циркадиандық 

ырғақтылықтардың 

табиғи 


фазалық 

ӛзара 


қарым-

қатынастығының  немесе  десинхроноздардың  ӛзара  үйлесімділіктерінің 

бұзылуы. 

 

 



2 БИОЫРҒАҚТАРДЫ ЖІКТЕУ 

 

Тірі  табиғаттың  бір  қасиеті-  мұнда  болып  жатқан  кӛптеген 



процестердің  циклді  түрде  шіруі.  Жер  бетіндегі  бар  ӛмір-клеткадан  бастап 

биосфераға  дейін,  белгілі  бір  ырғақтарға  бағынышты.  Кезінде  академик 

А.Богомолец  (1928  ж),  тіршілік  процестерінің  ырғақтары  табиғи  циклдерге 

сәйкес  келетінін  байқаған.  Ол  ӛз  еңбектерінде  табиғи  ырғаққа  сәйкес 

организмдегі  бүкіл  процестер:  жүректің  соғуы,  тыныс  алу,  жүйке  жүйелері 

және т.б. белгілі бір ырғақпен жүретінің атап керсеткен болатын. Кез-келген 

организм үшін табиғи ырғақтарды: ішкі(организмнің тіршілігіне байланысты) 

және сыртқы (қоршаған ортадағы ӛзгерістер) деп екі топқа бӛледі. 

Тірі  табиғаттың  ӛзіндік  ерекше  қасиеттерінің  бірі  ондағы  ӛтетін 

жағдайлардың қайталануында.Жер бетіндегі барлық ӛмір ,жасушадан бастап 

биосфераға  дейін,белгілі  бір  ырғаққа  бағынады.  Табиғаттағы  ағзада  ӛтетін 

билогиялық ырғақтар мына түрлерге бӛлінеді: 

Сыртқы  (экзогенді)  –  қоршаған  ортадағы  ӛзгерістердің  қайталануы 

және ішкі (эндогенді) – ағзаның ӛз ӛмір әрекетіне байланысты. 

Сыртқы  ырғақтар  Жердің  ӛз  осінен  айналуына  қарай  Күн  мен  Айға 

байланысты.  Осыған  байланысты  остен  айналуда  ӛзгереді:  жарық  режимі, 

температура,  қысым  және  ауаның  ылғалдылығы,  атмосфералық  қысым, 

электромагнитік кеңістік, теңіздің  қайта толуы мен азаюы. 

Ағзадағы  барлық  ішкі  ырғақтар  бір-бірімен  байланысты,  бір  жүйеге 

кіріктірілген  және  ақырында  ағзаның  жағдайына  байланысты  ауыспалы 

болып келеді. Ағза ӛзінің физиологиялық фунциясын атқара отырып, уақыт 

ӛздырады.  Сондықтан  да  уақыт  –  тірі  ағзаға  әсер  етуші  экологиялық 

факторлардың ең негізгі элементі болып саналады. 

Ішкі  циклдар  —  ең  алдымда  организмнің  физиологиялық  ырғақтары. 

Организмдегі жүріп жатқан физиологиялық процестердің ешқайсысы үздіксіз 

жүре  бермейді.  Клеткадағы  белок,  ДНҚ  жӛне  РНҚ  синтезделуінде, 

ферменттер  жұмысында  ырғақтылық  байқалады.  Сондай-ақ  клеткалардың 

бӛлінуі,  ішкі  секреция  бездерінің  жұмысы,  жүрек  соғуы,  тыныс  алу,  жүйке 

жүйесінің  қозуы,  яғни,  организмнің  бүкіл  мүшелері,  ұлпалары,  клеткалары 

белгілі  бір  ырғақтылыққа  баағытталады.  Айта  кетерлігі,  әр  жүйенің  ӛзіндік 

мезгілдері бар. 

Организм  ӛзінің  физиолоиялық  қызметін  ырғақты  түрде  жүргізе 

отырып  уақытты  санайтын  сияқты.  Ішкі  және  сыртқы  ырғақтар  үшін  келесі 

фазаның басталуы уақытқа байланысты. Уақыт маңызды экологиялық фактор 



 

ролін  атқаратыңдықтан,  тірі  организмдер  табиғаттың  сыртқы  ӛзгерістерін 

сезіне отырьш соған бейімделуі керек. 

Жердің  Күнге  қатысты  және  Айдың  Жерге  қатысты  айналуына 

байланысты сыртқы циклдарға геофизикалық табиғат құбылыстары тән. Осы 

айналымдардың әсерінен заңдылықты түрде біздің планетамыздағы кӛптеген 

факторлар  —  жарық,  температура,  қысым  және  ауа  ылғалдылығы, 

атмосферадағы электромагниттік ӛpic, мұхиттардағы су деңгейінің кӛтерілуі 

мен  судың  қайтымы  және  т.б.  ӛзгеріп  отырады.  Мұнан  басқа  тірі  табиғатқа 

уақытымен  ӛзгеріп  тұратын  күн  белсенділігі  сияқты  космостық  ырғақтар 

әсер етеді. Ал Күн радиациясының ӛзгеруі планетадағы климатқа едәуір әсер 

етеді. 


Организмдер  тіршілігіндегі  кӛптеген  ӛзгерістер  мезгілі  бойынша 

сыртқы  геофизикалық  циклдарға  сәйкес  келеді.  Бұл  адаптациялық 

биологиялық  —  тәуліктік,  айға  байланысты  су  денгейінің  кӛтерілуі  мен 

судың  қайтымы  және  жылдық  ырғақтар.  Осы  ырғақтардың  арқасында 

организмдегі  маңызды  биологиялық  процестер  —  қоректену,  ӛсу,  кӛбею 

тәуліктің немесе жылдың қолайлы кезеңдерінде жүреді. 

Адаптациялық биологиялық ырғақтар тіршілік иелерінің үнемі ӛзгеріп 

отыратын қоршаған ортаға бейімделуі ретінде пайда болды. 

Тәуліктік ырғақтар бір клеткалы организмдерден бастап адамға дейінгі 

барлық  организмдерге  тән.  Тәулігінде  адамда  болатын  100-ден  аса 

физиологиялық қызметтер: ұйықтау және ояу жүру, дене температурасының 

ӛзгеруі,  жүрек  соғуының  ырғағы,  тыныс  алудың  тереңдігі  мен  жиілігі, 

несептің  химиялық  құрамы  мен  мӛлшері,  тердің бӛлінуі  және  т.б.  бар  екені 

белгілі.  Мысалы,  амебаларда  клеткалардың  бӛлінуі  тәулік  бойында  ӛзгеріп 

отырады.  Кейбір  ӛсімдіктердің  гүлінің  ашылуы  және  жабылуы, 

жапырақтарының  тӛмендеуі  немесе  жоғарылауы,  тамыр  ұшындағы 

колеоптиленің ӛсуі тәуліктің белгілі бір уақыттарында белсенді жүреді. 

Жануарлардың  ұйықтап  және  ояу  жүруіне  байланысты  күндізгі  және 

түнгі  жануарлар  деп  екіге  бӛледі.  Күндіз  белсенді  тіршілік  ететін 

жануарларға  үй  құстары,  кӛптеген  торғайлар,  сарышұнақтар,  инеліктер, 

құмырсқалар  және  т.б.  жатады.  Ал  түнгі  жануарларға  —  кірпі,  жарқанат, 

жапалақ,  кӛптеген  мысық  тәрізділер,  тарақандар  және  т.б.  жатады.  Кейбір 

түрлер күндіз де, түнде де бірқалыпты белсенді тіршілік жасайды. Олардағы 

мұндай  ырғақты  полифазалы  деп  атайды  (кӛртышқандар,  кейбір 

жыртқыштар). 

Кейбір түрлердің белсенділігі тәуліктің тек бір мезгілінде жүрсе, басқа 

біреулерінде  түрдің  белсенділігі  тәулік  ішінде  қалыптасқан  жағдайға 

байланысты  ауытқуы  мүмкін.  Мысалы,  бәйшешек  гүлінің  ашылуы 

температураға байланысты болса, бақбақтың гүлі жарыққа байланысты, күн 

ашық кезде ашылып, бұлтты кезде жабылады. 

Эндогенді  тәуліктік  ырғақтарды  сыртқы  орта  қалдыратын  экзогенді 

ырғақтардан  ажыратуды  тәжірибе  жүзінде  байқауға  болады.  Кӛптеген 

түрлерде  сыртқы  орта  жағдайлары  (температура,  ылғалдылық,  жарық  т.б.) 

ӛзгермеген,  тұрақты  жағдайда  тәуліктік  мезгілге  жақын циклдар ұзақ  уақыт 



 

бойы  сақталып  қалады.  Мысалы,  дрозофиллдерде  мұндай  эндогенді  ырғақ 

ондаған ұрпаққа дейін жалғасады. Сӛйтіп тәуліктік цикл түрдің туыла бітетін 

генетикалық  қасиетіне  ауысады.  Мұндай  эндогенді  ырғақтарды  циркадты 

деп атайды. 

Кӛптеген  түрлерде  циркадты  ырғақ  қайта  ӛзгеріп,  бұрынғы  қалпына 

келуі  мүмкін.  Әдетте  мұндай  ӛзгерістер  бірден  жүрмей,  организмдегі 

физиологиялық  ӛзгерістерге  алып  келеді.  Мысалы,  адамдар  ұшақпен  басқа 

алыс жаққа ұшып келгенде олардың физиологиялық ырғақтарында ӛзгерістер 

жүреді.  Алғашында  организм  бұрынғыша  жұмыс  істейді,  сосын  біртіндеп 

жергілікті  жердің  астрономиялық  уақытына  бейімделе  бастайды.  Мұндай 

кезде  адам  науқастанып,  шаршап,  түнде  ұйқтай  алмай  күндіз  ұйқысы  келіп 

жүреді. Сӛйтіп бейімделу мезгілі бірнеше күннен екі аптаға дейін созылады. 

Циркадты  және  тәуліктік  ырғақтар  уақытты  сезінетін  организмнің 

қабілеттілігінің  негізінде  жатыр.  Организмдердің  мұндай  қабілетін 

«биологиялық сағат» деп атайды. 

Су  деңгейінің  кӛтерілуі  және  судың  қайтымы  ырғақтары.  Теңіздің 

жағасында тіршілік ететін түрлер қоршаған ортаның ӛте күрделі жағдайында 

ӛмір  сүреді.  Ӛйткені  олардың  тіршілігіне  жарықтың  24  сағат  бойындағы 

ӛзгеруінен  басқа  су  деңгейінің  кӛтерілуі  мен  судың  қайтымы  қосыла  әсер 

етеді.  Тәулік  ішінде  (24  сағат  50  минут)  фазалары  күніне  шамамен  50 

минутқа  ауысып  отыратын  2  рет  су  денгейінің  кӛтерілуі  және  2  рет  судың 

қайтымы болып отырады. Су деңгейі кӛтерілуінің күші де заңдылықты түрде 

айына (29,5 күн тәулігі) ӛзгеріп тұрады. Айына екі рет (жаңа ай туған кезде 

және ай толған кезде) су деңгейінің кӛтерілуі ең жоғарғы дәрежеде болады. 

Жағалауда  ӛмір  сүретін  организмдердің  тіршілігі  осындай  күрделі 

ырғаққа  бейімделген.  Мысалы,  Калифорния  жағалауларында  кездесетін 

атерина балығы ӛз тіршілік циклында судың ең жоғарғы дәрежеге кӛтерілуін 

пайдаланады.  Осындай  кезде  аналықтары  уылдырығын  судың  жағасына 

салады  да,  су  қайтқан  соң  уылдырықтар  ылғалды  құмда  қалып  қояды.  Бір 

айдан  соң  пайда  болған  майда  шабақтар  су  деңгейінің  кӛтерілуі  барынша 

жоғары болуы қайталанған кезде сумен бірге теңізге қайтады. 

Табиғаттағы  ерекше  құбылыстардың  бірі  —  жылдық  ырғақтар.  Жыл 

бойындағы  физикалық  жағдайлардың  заңдылықты  түрде  ӛзгеріп  отыруына 

кӛптеген  түрлер  эволюциялық  бейімделген.  Олардың  маңыздылары  — 

кӛбеюге, миграцияға және жылдың қолайсыз кездерін ӛткізуіне байланысты. 

Қоршаған  ортаның  маусымдық  ӛзгерістері  күшті  болған  сайын 

организмдердің тіршіліктеріндегі жылдық ырғақтар қатты байқалады. Күзде 

жапырақтардың түсуі, ұйқыға кету, жануарлардың түлеуі, миграция климаты 

қоңыржай  және  салқын  аймақтарда  жақсы,  ал  тропикада  тіршілік  ететін 

организмдердің ӛмірінде маусымдық ӛзгерістер нашар байқалады. 

Кӛптеген түрлердің жылдық ырғақтары эндогенді. Мұндай ырғақтарды 

цирканды  (латынша  annus  -  жыл)  деп  атайды.  Әсіресе  бұл  кӛбею  циклында 

жақсы  байқалады.  Солтүстік  жарты  шарлардың  хайуанаттар  паркінде 

тіршілік  ететін  оңтүстік  жарты  шардың  жануарлары  кӛбіне  қыста  немесе 


 

кӛктемде  кӛбейеді,  ӛйткені  бұл  уақытта  олардың  отанында  жаз  болып 

тұрады. 

Ортаның  ұдайы  және дәл ӛзгеріп  тұратын  факторларының бірі  күннің 

ұзақтығы, тәуліктің жарық және қараңғы кезеңдері алмасуының ырғағы. Жыл 

уақытын бағдарлауда кӛптеген организмдер үшін осы фактор шешуші болып 

есептеледі. Организмнің күн ұзақтығының маусымдық ӛзгеруіне реакциясын 

фотопериодизм деп атайды. Бұл жарықтың белсенділігіне емес, тек тәуліктің 

қараңғы  және  жарық  мезгілдерінің  ауысу  ырғағына  байланысты.  Бір  сӛзбен 

айтқанда,  түн  және  күн  ырғағы  организмге  қатты  әсері  бар  климаттық 

ӛзгерістердің (температура, ылғал және т.б.) болатыны туралы белгі береді. 

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал