Жануарлар экологиясы


 3  Жер бетіндегі ауалы ортада тіршілік ететін жануарлардың



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата03.03.2017
өлшемі12,6 Mb.
#7024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

4 3  Жер бетіндегі ауалы ортада тіршілік ететін жануарлардың
экологиялык ерекшеліктері
Жер  бетіндегі  ауалы  ортада  температура  кенет  жэне  жиі
өзгереді. Жер бетінде жарық мол,  қысым  аз,  ылғал  қүбылмалы.  Басқа
тіршілік  орталарымен  салыстырғанда  ылғалдың  тапшылығы  жиі
кездеседі.
Жер бетіндегі тіршілікке неғізгі әсер етуші фактордың бірі -  ауа. 
Адамзат  үзақ  уақыттар  бойында  ауаны  қарапайым  бір  ғана  заттан 
түрады  деп  ойлап  келген.  Тек  ХУШ  ғасырда  ғана  француз  ғалымы 
Антуан  Лоран  Лавуазье  ауа  көптеғен  газдардың  қоспасынан 
қүралатынын  анықгады.  Қүрғақ  таза  ауаның  көлемінің  78  пайызын 
азот,  21  пайызын  оттегі,  0,9  пайызын  аргон,  0,003  пайызын 
көмірқышқыл  газы  иеленеді.  Ауаның  жер  бетіне  ең  жақын  төменгІ 
кабаты  тропосфера  деп  аталады.  Тропосфера  кабаты  Жер  шарынын 
полюстерінде  жер  бетінен  бастап  7км  биіктікке  дейін,  экваторлық 
орталық  белдемде  18  км  биіктікке  дейін  созылады.  Жер  бетінен, 
мүхиттардан  буланып  ауаға  шыкқан  су  буы  түгелдей  жэне 
атмосфералык  барлық  ауаның  75  пайызы  тропосфера  қабатында 
шоғьфланған.  Сол  себептен  ауа  райының  барлық  қүбылыстары 
тропосферада  пайда  болады.  Жер  бетіндегі  климат  пен  ауа  райы 
атмосфералык  ауадагы  су  буының  (немесе  бүлттьщ)  мөлшеріне, 
қысымньщ жэне жылудың таралуына байланысты.  Су  буы  (бүлт)  күн 
сәулесін  өзіне сіңіріп  жер бетінің  салқындауына себепкер болады.  Су 
буы  ауаның  қысымын  молайтуының  салдарынан  жел  соғады.  Ауа 
салқындағанда  су  буы  (бүлт)  тамшыға  аиналыгі  жауын-шашын 
болады.  Бүның  бәрі  жер  бетінде  жүрілетін  ауа  райының  барлық 
қүбылыстары  ауанын  төменгі  кабатындағы  (тропосфера)  өзгерістерге 
байланысты  екенін  мэлімдейді.  Жер  бетінен  жоғарылаған  сайьш 
ауаның температурасы біртіндеп салқындап  12 км биіктікте — 55  С -қа
жетеді.
Жер  шарын  қоршаған  ауа  қабатының  қалыңдығы  1000 
километрге  жуық  —  шамамен  Жердің  радиусының  төрттен  бір 
бөлігіндей  қалын  қабат  түзеді.  Ал  оньщ  салмағы  жердің  салмағынан 
миллион  есе  кем.  Бірақ  ауа  болмаса  жер  бетінде  тіршілік  болуы 
мүмкін емес.  Адам тәулігіне  12-15кг  ауамен  тыныс  алады,  бүл  әрине, 
адамның тэулігіне кджетті ас пен судан анагүрлым артық. Адам ассыз 
бірнеше жүма,  сусыз бірнеше күн төзеді,  ал ауасыз  небары  бес минут
қана төзе алады.
Сонымен  қатар атмосфера қабаты Ғарыштан Жер бетіне келетін
коптеген  кауіптен  қорғайды:  метеоритгердің  көбі  жер  бетіне  жетпей 
ауа  қабатында  жойылады  (ауамен  үйкеліскенінің  эсерінен  қатты
61

қызып,  күйіп  кетеді);  күн  энергиясының  күшін  бәсеңдетіп  Жер  бетін 
шамадан  тыс  қызудан  қоргайды;  тэуліктік температураның  ауыткуын 
бәсендетеді. Егер Жер шары ауамен қоршалмаган болса жер бетіндегі 
температура  күндіз  +100  градустан  астам  ысып,  т\иде  -100  градусқа 
жетіп  суытады  да,  тэуліктік  температураның  ауыткуы  200  градустан 
асып 
кетер 
еді. 
Ал 
жаз 
бен 
кыстың 
темперагурасының 
айырмашылығы бүдан да эддеқайда артық болар еді. Бүндай жагдайда 
біздің  Планетамызда  тіршілік  ет>7  зор  қиыншылыққа  үшырайтыны 
күмэнсіз.  Атмосфералық  ауа  күн  сәулесін  миллиондаган  үсак 
бөлшектерге  бөліп,  оны  таратады.  Осылайша  Жер  бетінің  жарықпен 
біркелкі қанымдалуына себебін тигізеді.
Ауа арқылы дыбыс тарайды. Ауа жоқ болса, Жер  шарына мэңгі 
үнсіздік  орнап,  жануарлар  мен  адамда есту,  сөйлеу, дыбыс  қатынасы 
дамымас еді.
Тірі  агзалардың  тіршілік  ортасы  ретінде  атмосфераның  негізгі 
бір  қасиеті  — оның  тыгыздыгының  тым  аздыгы:  ауаньщ  тығыздыгы 
судьщ  тығыздығынан  шамамен  800  есе  кем.  Сол  себептен  ауаның 
салмақ  көтеру  қабылеті  сумен  салыстырғанда  өте  аз,  жоктың  қасы. 
Сондықтан  ауа  ешбір  жануарға  тірек  (субстрат)  бола  алмайды.  Сол 
себепті  ауада тірі  ағзалар түрғылықгы мекендеп түрақтауға мүмкіндік 
жоқ. Ауада үшып тіршілік ететін жануарлардың барлығы жер беті мен 
суды  тұрақтайтын  негізгі  мекенжай  етіп  өмір  сүреді.  Ауада  ұшып 
тіршілік  ететін  жануарлардың  өмірі  міндетті  түрде  жер  бетімен 
байланысты болғандыкган бұл тіршілік ортасы ж е р б е т і л і к   а у а  
л  ы  о  р  т  а деп  аталады.  Дәлірек  айтқанда,  кұрлықтың  үстінде  жэне 
оған  жанасқан  ауа  қабатында  тіршілік  ететін  жануарлардың  тобын 
құрайды.Ауа  оны  тыныс  алуға  қажетті  оттегімен  қанымдайды,  жер 
беті  су  мен  қоректік  заттың  көзі  ретінде  жэне  түрақтайтын 
мекенжайлық рөл атқарады.
Ауалы ортадағы жануарлардың басым көпшілігі жер бетінен 50- 
70  метрлік  биіктікке дейін  (ағаштардың  сұлбасының  биіктік деңгейі) 
топтасып  мекендейді.  Кейбір  қүстар  мен  қанатты  жэндіктер  ауаның 
10-12 км-лік биік қабатына дейін ұшып шығатыны  белгілі. Бірақ онда 
ұзак  уақыт  тұрактап  тұра  алмайды.  Биік  таулардьщ  теңіз  деңгейінен 
6500  метрлік  шыңында  кейбір  өрмекшілер  мен  жэндіктер  мекен 
ететіні  айқындалған.  Бірақ  ауада  емес  тау  басындағы  жер  бетінде 
тіршілік етеді.
Ауаның  тығыздығы  аз  болғандыктан  жер  бетіндегі  жануарлар 
денесінің  пішінін  тұрақгы  сақгап,  өз  салмағын  өзі  көтеріп  ұстап 
көтеру үшін олардың денесіне берік тірек қажет болған. Сондыктан су 
жануарларымен 
салыстырғанда 
жер 
бетінде 
тіршілік 
ететін
62

жануарлардың  ішкі,  сыртқы  қаңқа  сүйектері  жақсы  дамыған. 
Омьфтқалы  жануарлардың  ішкі  қаңқа  сүйегі,  жэндіктердің  сыртқы 
хитин  жамылғысының  қай-қайсысы  да  денесінің  салмақ  күшіне 
қарсылық  көрсетін,  тірек  болу  арқылы  жануардың  денесін  қажетті 
жағдайға  сэйкес  дүрыс  орналастьфуға  және  көтеріп  түру  міндетін 
аткарады.  Су  жануарларьшың  денесіндегі  қатты  мүшелер  эдетте 
корғаныс  қүралының  (м:  былқылдақ денелілердің  бақалшағы)  немесе 
бүлшық  етгерін  бекітіп  түруга  (шаянтәрізділердің  сыртқы  сауыты,
балыкгың қаңқа сүйегі) міндетін атқарады.
Ауаның 
тығыздығы 
аз 
болғандықтан 
жануарлардың 
қозғалысына  сонша  кедергі  бола  алмайды.  Сол  себепті  жер  бетінде 
(сонымен  катар  суда  жэне  топырақга)  тіршілік  ететін  көптеген 
жануарлар  ауаның  осы  тиімді  қасиетін  пайдаланыи  эволюциялық 
даму  барысында  ауада  үшу  қабылетіне  ие  болған.  Үшуды  игерудің 
жануарларға  беретін  пайдасы  зор:  үшу  арқылы  жыртқыштардан  оңай 
қүтылады,  қорегін жэне қолайлы мекенін оңай тауып алады, үлкен су, 
агынды  өзен,  биік  тау  тэрізді  жер  бедерінің  кедергілеріне  бөгелмей 
тарап 
мекенжайын 
кеңейтеді 
т.б. 
Жер 
бетін 
мекендейтін 
жануарлардың  75  пайызға  ж>ық  түрі  ауада  белсенді  үшу  кабылетін 
игерген.  Үшуға  кабылеттілердің  көбі  қүстар  мен  жэндіктер. 
Сүткоректілер  (қолқанатгылар,  теріқанаттылар)  мен  бауырымен 
жорғалауыштардың  (кейбір  ешкемер  түқымдастар,  мысалы:  үшқыш
айдаһар атты кесіртке) да кейбірі үшуға қабілетп.
Жануарлардың  көбі  бүлшык  еттерінің  күшімен  канатын  қағып  ауада 
белсенді  қозғалу  арқылы  үпіады.  Ал  біраз  жануарлар  ауаның 
ағымының  бағытымен  белсенсіз  қалықтап  үшуға  бейімделген.  Ауада 
қалыкгап үшу арқылы таралатын жануарлар а э р о п л а н к -   т о н д  
а  р деп  аталады.  Мысалы  қарапайымдардың  цистасы,  кішкене денелі 
жэндіктер,  кенелер,  өрмекшілер  аэрогшанктондарға  жатады.  Ауаның 
қозғалысы  аркылы  (яғни  жел  арқылы)  жануарлардың  бір  мекеннен 
екінші  мекенге көшіп  таралуы  а н е м о х о р и я   деп аталады. Ауада 
қалықтау арқылы тарайтын жануарлардың дене қүрылымында арнайы 
дамыған бейімделу сипаты болады. Мүндай сипаттарға жануарлардьш 
дене  мөлшерінің  кішіреюі,  денесінен  эртүрлі  өсінді,  салпыншақтар 
өсіп  шығу  аркылы  немесе  түлғасымен  салыстьфғанда  канаіъіның 
ауданы  үлкеюі  аркылы  т.б.  жолдармен  денесін  жеңілдету  тэсщдері
жатады 
(8-сурет).
Жел  жануарлардың  тіршілігіне  күшті  әсер  етеді.  Көптеген
жэндіктер  желге  қарсылық жасап  алмайтындықтан  күшті  жел  түрган
кезде  үша  алмайды.  Мысалы  бал  арасы  7-9  м/сек  желде,  ал  үнсіз 
масалар 3,6 м/сек желде үша алмайды.
63

Жеддің  әсерінен  жануарлардың денесіндегі  ылғал  тез  буланып, 
ылғалдың  тапшылыгына  ұшырайды  жэне  желді  кезде  жануарлар 
жылуын  сактай  алмайды.  Желді  кезде  жануарлардың  ыстыкка 
төзімділігі артады, ал суыкқа төзімділігі бэсеңдейді.
Жер  бетіндегі  ауаның  кұрамында  оттегінің  мол  (таза  ауада  - 
21%)  болуы  ондағы  жануарлардың  зат  алмасуының  қарқынды 
жүріліп,  жасушаларда  тотығу  процесі  пэрменді  жүрілуіне  мүмкіндік 
мол.  Ғалымдардың  жорамаддауынша  гомойотермді  жануарлардың 
алғаш  жер  бетіндегі  ауалы  ортада  пайда  болуы  да  ондагы  оттегінің 
молдығына  байланысты  деп  көреді.  Суда  жануарлардың  таралуына 
ондағы  оттегінің  аздығы  шектеуші  фактор  болатыны  белгілі.  Ал  жер 
бетінің 
қай 
бөлігінде 
де 
оттегі 
жеткілікті 
болғандыктан, 
жан\ арлардың тіршілік етуі оттегінің мөлшерімен шектелмейді.
8-сурет.  Жэндіктердің  дене  бітімінің  ауада  қалықтап  гаралуга 
бейімделуі  [Н.М.  Чернова, А.М.  Былова,  1981  бойынша]
1  —  қысқатүмсық  маса,  2  —  берішші  шыбын,  3  —  хермес  деген 
теңқанатты  жэндік,  4  -   жарғаққанат  жэндік,  5  -   жалқы  жібек 
көбелегінің дернәсілі
Жер  бетіндегі  ауалы  ортаның  негізгі  бір  ерекшелігі  — ондағы 
ылғалдың  тапшылығы  жэне  оның  өте  күбылмалылыгы.  Сондыкган 
жер  бетілік  жануарлар  денесінің  ылғалын  сактауға  жэне  үнемдеуге 
эртүрлі  жолмен бейімделген. Су жануарларының тыныс алу мүшелері 
(желбезек) денесінің сыртында орналасатыны бэрімізге мэлім.  Ал жер 
бетіңдегі  жануарларда  тыныс  мүшелері  (өкпе,  трахея)  денесінің 
ішінде  орналасуының  өзі  демімен  бірге  ылғал  сыртқа  болінуін 
азайтуга  бағытталған  эволюциялық  бейімделу.  Үрыіы  қаганак 
(амнион)  сүйығының  ішінде даму  тек  күрлыкта  дамитын  омыртқалы
64

жануарларға тән.  Бұл да ұрығын кеуіп кетуден қорғаған эволюциялық 
кұбылыс.  Сонымен  қатар  буынаяқтылардың денесінің  сырты  хитинді 
кутикуламен  қапталуы,  бауырымен  жорғалаушылардың  терісінің 
сырты  мүйізденген  қабьфшақпен  капталуы,  т.с.с.  терісі  арқылы 
денесіндеғі  ылғалдың  булануын  шектеп  денесіндеғі  суды  үнемдейтін 
морфологиялық  бейімделулер  дамыған.  Ыстық  кезде  көлеңкені 
паналау,  ін  казып  мекендеу,  куаңшылық  кезде  сулы  мекенге  ауып 
көшу,  ылғал  жетіспеген  кезде  зат  алмасуыи  күрт  төмендетіп  анабиоз 
күйге  түсу  сиякты  бейімделудің  мінездік  түрлері  де  денесіне  ылғал 
жинауға,  оны  үнемдеп  жүмсауға  бағытталған.  Қүрлыкта  мекендейтін 
көптеген  жануарлар  ешкандай  су  ішпей,  тек  қана  жеген  қорегінің 
күрамындағы  суды 
пайдаланып  тіршілік  етеді. 
Өсімдік  пен 
жануарлардың  жалпы  салмағының  60-90  пайызын  су  иеленетіндіктен 
көптеген  шөпкоректі  жэне  еткорекгі  жануарлар  гіршілігіне  қажетті 
суды  қоректену  арқылы  қамтамасыз  етуге  мүмкіндігі  толық.  Ит  1  кг 
кролик етін жеудің нәтижесінде денесіне 848 мл су қорын жинайтыны 
анықталған (Шмидт — Нильсен,  1972).
Тек  қана  күрғақ  корекпен  қоректеніп,  аса  қуаң  шөлдерде 
тірішілік  ететін  жэндіктер  ас  қорыту  барысында  тотығу  проңесінің 
нэтижесінде  зат  алмасудан  (метаболизм)  пайда  болған  суды 
пайдаланады.  Мысалы, Оңтүстік Африканың Намиб шөлінің қүмында 
Сопорз  зр.
  дейтін  қара  қоңыз  кездеседі.  Намибте  жауын-шашынның 
жылдық  мөлшері 
2-75  мм-ден  аспайды,  жазғы  ауаның
температурасы 40-42  градусқа жетеді, ешбір  өсімдік  өспейді.  Бірнеше 
жүз  километр  қашыктықтан  желмен  ұшып  келген  құрғақ  шөптің 
қалдығымен  қоректенудің  нэтижесінде 
Сопорз
  метаболиттік  су 
шығарып  алатыны  анықгалған.  Құрғақ  ұнмен  қоректенетін  ұн  қара 
қоңызы 
(ТепеЬгіо  тоШог)
  жүн  киімдердің  жүнін  жеп  дамитын 
киімжегі  көбелектің 
(Тіпеа  реІІіопеИа)
  дернэсілі  де  зат  алмасудан 
пайда болған суды пайдаланып тіршілік етеді (Гиляров,  1970).
4.4 Тірі ағзалар -  жануарлардың тіршілік ортасы
Эволюциялық  даму  барысында  жануарлардың  кейбіреу  басқа 
тірі  агзаларды  тіршілік  ортасы  ретінде  пайдаланып,  тірі  ағзаның 
денесінде  өмір  сүруге  бейімделген.  Көп  жасушалы  жануарлардың 
дерлік  барлыгы  қандай  бір  немесе  бірнеше  басқа  жануарлардың 
тіршілік  ететін  ортасы  болып  міндет  атқарады.  Тірішілік  ортасы 
болушы  жануар 
ие  ағза 
деп  аталады.  Бірігіп  тіршілік  ету  иеге  де, 
иенің  денесінде  мекендеушіге де  пайдалы  болса,  олар  өзара  симбиоз 
(грекше: 
зуғпЫзіз  —
  бірге  тұру)  тіршілік  кұрайды.  Көбінде  тіршілік 
ортасының  рөлін  атқарушы  ие  жануарда  мекендеуші  жануар  иесінің
65

ағзасымен  қоректеніп 
жағлай түғызын  алады
етуді
паразитпк  тіршілік 
(немесе  өсімдіктің)
бірнеше  жолы  бар.  Бұл  туралы  келесі  бөлімдерде  толығырақ
баяндалады.
5. Жануарлардың түраралык және түрішілік қарым  катынасы
Әрбір  тіршілік  ортасында  және  оның  эрбір  бөлігінде  үлкенді- 
кішілі алуан түрлі жануар тіршілік етеді.  Тіршілік ету үшін жасайтын 
эртүрлі  іс  эрекеттерінің  нәтижесінде  бүл  жануарларді
көптеғен  күрделі  қатынастар  пайда  болады.  Өзара 
катынастарының  кейбіреуі  олар  үшін  пайдалы,  кейбіреуі  зиянды 
болуы  мүмкін.  Бірақ  бірімен  бірі  себептесіп  байланысқан  мүндай 
қатынастан  тыс  ешбір  жануар  әмір  сүре  алмайды.  Әйткені  ағзалар 
өзара бейімделіп тіршілік етуінің нэтижесінде ғана биоценозды қүрап 
түра  алады.  Бүл  туралы  К.  Мебиос-  Г.Ф.Морозов  кағидасы: 
«биоценоздағы  түрлердің  бір-біріне  бейімделгені  соншалық,  олардьш 
бірлескен  қауымы  өзінің  ішіндегі  қайшыльж  пен  бірлікті  бір  жүйеге
үйлестіріп біртүтастықты сақтайды» деп түжырымдайды.
Жануарлардың  өзін  қоршаған  басқа  тірі  ағзалармен  әсерлесіп 
жасайтын  өзара  қатынасыньщ  түрі  оте  мол  жэне  күрделі.  Дегенмен 
оларды  биоэкологиялық  маңызына  сэйкес  түрішілік  жэне  түраралық 
қарым-  қатынас  деп  екі  топқа  жіктейді.  Түрішілік  қарым  қатынасқа 
бір  түрге  жататын  ағзалардың 
арасындағы  қарым  қатьгаастар, 
түраралық  қарым  қатынасқа  екі  басқа  түрге  жататын  жануарлардың 
арасындағы байланыстар мен қарым- қатынастар карастырылады.
Бір  түрге  жататын  ағзалардың  биологиялық  сипаттары  мен 
экологиялық  талаптары  бірдей  болғандықтан  (  мысалы,  олар  бір 
мекенде  бірге  өмір  сүреді,  қоректік  талғамы  бірдей,  жыныстық 
белсенділігі  бір  мезгілде  басталады,  т.б.)  олардың  арасындағы
түрішілік  қатынас  әрдайым  үздіксіз  жүріледі  жэне  тіршіліпнщ  эр 
түрлі  жағын  түгел  қамтиды:  көбею,  даму,  қоректену,  жауыннан 
қорғану,  қауіптен  сақтану,  т.б.  Сондыктан  жануарлардьщ  түрішілік 
қарым  қатынасы  олардын  тіршілігі  үшін  шешуші  рөл  атқарады. 
Әсіресе  жануарлар  бір  жерге  көптеп  шоғырланып,  популяцияның 
тығыздығы  артқан  кезде  популящіяны  қүрайтын  ағзалардың  өзара 
эрекеттесуі  жиілеп  түрішілік  қатынас  қарқынды  жүріледі.  Мысалы, 
жыл  қүстары  оңтүстікке  қайтарда  жиналып  топтасқан  кезде,  жау 
торғайлар  қыста топ  құрганда,  бүгылар  мен  киіктер  үйірге  топтасып
66

шагылысуы  кезінде, құстар құз базарына шоғырланып жұмыртқалаған 
кезде,  балықгар  уылдырық  шашатын  мекеніне  топтасқан  кезде, 
аумалы  шегіргкелер  үтіірлескен  кезде  олардың  бір  біріне  жасайтын
ықпалы молаяды.
Түрішілік 
қатынастар 
бірін 
бірі 
корғау, 
сакгандыру, 
ұриақгарына  қамқорлық жасау,  жайлы  орын  мен  корегін  іздеп  табуға 
себін  тигізу  тэрізді  өзара  көмектесу  бағытында  жүрілуімен  қатар 
түрішілік  бәсекелестерге  негізделіен  қайшылықтар  да  туындайды. 
Мысалы,  күдірқодастар  топ  қасқырдан  үйірін  қорғау  үшін  әлсіздерін 
үйірдің  ортасына  алып,  күштілері  қасқырдың  шабуылына  қарсы 
тұрып  айбат корсету  арқылы  үйірін  сакгайды. Дәмді  гүлдің көп  өскен 
жерін  іздеп  тапкан  баларасы  ұясына  тура  үшып  келіп,  ұядағы 
араларды  сол  жерге  бастап  алып  барады.  Үясын,  ұрпағын  қорғау 
жануарлардың басым  копшілігіне тән қасиет.  Жануарлардың ұрпағын 
туатын уақыты жылдың жылы мезгіліне сәйкесуінің өзі  эволюциялық 
табиғи  сұрыптаудың  нәтижесінде  ұрпағын  шығынға  ұшыратпауға 
бағытталған  бейімделу.  Бал  ара,  құмырсқалар,  т.б.  қауымдас 
тіршілікті  буынаяктылар жұмыртқалары мен дернәсілдерін күн  сайын 
жемдеумен  қатар  құмьфсқалар  дернәсіл,  жұмыртқаларын  күндіз 
илеуінің  беткі  қабатына  шығарып  күннің  қызыуына  жылытады,  ал 
түнгі  салкында  илеудің  түбіне  тасып  апарып  орналастырады.  Құстар 
мен  жыртқыш  андар  балапан,  балаларын  жемдеп  асьфуымен  қатар
• 
ұшуға,  жемін  тауып  ұстауға,  өлтіруге  үйретеді.  Міне  мұның  бәрі  бір 
түрге,  бір  популяцияға  қарасгы  жануарлардың  өзара  көмектесу
бағытында жүрілетін түрішілік қарым катынастар.
Бір  түрге  жататын  жануарлардың  арасында  біреуі  екінщісінің
тіршілігіне  кері  ықпалын  тигізетін  қайшылыктар  да  аз  емес.  Мұның 
көбі  түрішілік  бәсекелестен  туындаиды.  Бір  жерде  мекендейтін,  бір 
түрге  жататын  жануарлар  корек  үшін,  қолайлы  орьшжай  үшін, 
жыныстық қатынас кезінде жұптасатын  агза үшін  өзара бәсекелеседі. 
Жем  жинайтын  мекенін  қорғап  өзара таласу,  біреуінің  танкдн  жеміне 
екіншісі  ортактасу  үшін  таласу,  жұптасатын  ұрғашы  жануарларды 
иемдену  үшін  еркектері  өзара  таласу  көптеген  жануарларға  тән 
қасиет. 
Түрішілік 
қайшылықты 
қатынастардың 
нәтижесінде 
қайшыласып  қарсыласқан  екі  ағзаның  біреуі  женіліп  үтылады, 
екіншісі  басымдылық  көрсетіп  үтады:  ағзалардың  біреуіне  пайдасыз, 
екіншісіне  пайдалы  әсерін  тигізеді.  Мысалы,  жемге  таласқан  екі 
жыртқыштың  біреуі  жемді  тартып  алып,  екіншісін  аш  қалдырады. 
Үйірге таласып сүзіскен екі  қүлжанын біреуі  екіншісін жарақаттап, не 
өлтіріп  үйірді  (ұрғашыларын)  тартып  алады.  Бұл  қатынас  әсерлескен 
екі  ағзаның  біріне  пайдалы,  екіншісіне  пайдасыз  болғанымен
67

жалпылай  алғанда  популяция  үшін,  түр  үшін  аса зор  пайдалы  әсерін 
тигізеді.  Бәсекелес,  талас  кезінде  бәсекелестікке  қабілеті  аз,  әлжуаз 
нашарлары  жеңіліп,  күштілері  сүрапталып  қалатындықтан  олардан 
туған  үрпактың  сапасы  жақсаруы  нэтижесінде жалпы  популяцияның, 
түрдің 
өміршеңдігі 
артады. 
Т\рішілік 
қарым 
катынастың 
популяцияны  сактауға  жэне  оның  өміршеңдігін  жақсартуга  тигізетін 
бүдан басқа да пайдасы көп:
Өзінің  туысын  нсмесе тумасын  жеп  тіршілік  ету  (каннибализм) 
арқылы  популяцияның  өміршеңдігін  жақсартатын  түрішілік  қарым 
қатынастың  түрі  де  кездеседі.  Мысалы,  қаракүрт  атты  өрмекшінің 
үргашысы  жыныстық  қатынасқа  түсіп,  ұрықганғаннан  кейін  өзімен 
жүптасқан  еркек  қарақүртты  үстап  жеп  қояды.  Егер  жемесе  оның 
қүрс ағынд агы 
жүмыртқасы 
дамымайтыны 
тәжірибе 
арқылы 
дәлелденген;  алабүға,  шортан,  т.б.  жыртқыш  кейбір  балықгар  басқа 
түрдің  балығын  жеп  қоректенеді.  Ал  басқа  балық  жоқ  суға  өсіріп 
тәжірибе  жүргізген  кезде  олар  өздерінің  шабағын  жеп  қорек  ететіні 
анықгалған.  Монғолияның  Тэрх  деген  көлінен  аулаған  ұзындығы  80 
см-лік  бір  шортанды  жарып  көргенде  оның  ішінде  20-24  см-лік  екі 
шортган  шыққан  еді.  Өз  түқымын  жейтін  канннбалистік  қарым 
катынасқа  дейін  барудың  арқасында  жыртқыштар  популяциясының 
қолайсыз  мекенді  де  иеленіп  популяцияның  таралу  аймшының 
шеңберін  ұлғайтуға,  көбейіп  ұрпақ  шашуға,  қоректің  тапшылығына 
ұшыраған 
кезде 
жаппай 
қырылудан, 
популяцияның, 
түрдің 
жойылуынан  сақгайтын  бейімдеушіліктің  бір  түрі.  Кейде  өзіне 
пайдасыз, тіпті зиянды жэне қауіпті бола тұрса да ағзалар туада біткен 
түйсігі  (инстинкт)  арқылы  түрішілік  карым  қатынастың  кейбір 
түрлерін  бұлжытпай  атқарады.  Айталық үйірін  қорғау үшін қүланның 
айғырының  қасқырмен  қарсыласуы,  ұядағы  жүмырткасын  қорғау 
үшін  бозторғайдың  түлкіні  жанап  өтіп  айнала  шырылдауы  олардың 
өзіне  катерлі  болғанымен  ұрпағын  қорғау  арқылы  популляцияның 
тұрақгылығын  сақгауға  негізделген  туа  біткен  мінез-  тарихи  даму 
барысында пайда болып қалыптасқан ұрпақ қуалайтын қасиет.
Жануарлардың  эрбір  түрі  табиғатта  жеке-жеке  тіршілік  ете 
алмайды.  Өзін  қоршаған  баска түрдің  өсімдік,  жануарларымен  тығыз 
байланысып 
қауымдастық 
құруының 
нәтижесінде 
тіршілігінің 
тұрақгылыгын  сақтай  алады.  Осылайша  эр  түрге  жататын  ағзалар 
қауымдасып  тіршілік  ету  барысында 
түраралык 
қатынастар  пайда 
болып  қалыптасады.  Озара байланысқан  екі  түрдің  жануарлары  үшін 
түраралық  қатынастың  маңызы  эр  түрлі:  кей  жағдайда  екі  түрлі 
жануардың  екеуіне  де  пайдалы,  кейде  біреуіне  пайдалы  екіншісіие 
пайдасыз,  кей  жағдайда  біреуіне  пайдалы,  екіншісіне  пайдасы  да
68

зияны  да  жоқ т.с.с.  болуы  мүмкін.  Осыған  сәйкес  түраралық  қарым- 
катынасты  бейтараптық немесе 
нейтрализм 
(лат:  пеиітаііз-бейтарап), 
бәсекелестік 
немесе 
конкуренция^ 
өзара тиімділік немесе 
мутуализм 
(лат: 
шаШи88-өзара), 
жатыпішерлік  (яғни  арамтамактық)  немесе 
комменсализм 
(фр.: 
сош-бірге; 
шепза-қорек), 
жырткыштык, 
тоғышарлықХпаразитизм) қатынас деп жіктейді.
Бейтараптық. 
Бір  экожүйеде,  бір  биоценозда  бірге  тіршілік 
ететін  екі  түрдің  жануарлары  (немесе  өсімдіктер)  өзара  байланыссыз 
тіршілік  етуінің  нәтижесінде  олардың  бір  біріне  пайда  да  зиян  да 
тигізбейтін  қарым  қатынаста  болуы.  Мысалы,  қарағайлы  орманда 
бірге өмір  суретін  сайрауық пен  тоқылдак бір  біріне  ешқандай  әсерін 
тигізбейді;  қылқан жапырақгы орманды тіршілік ететін тиін мен  бүғы 
бір-біріне жанаспайды, әсерін де тигізбейді.
Бәсекелестік. 
Бір  жерде  (биоценозда)  бірге  мекендейтін  екі 
түрлі  жануардың  кажепенетін  табиғи  қорлары  (қоректік  қор, 
мекендейтін  орын,  т.б.)  бірдей  болса  жэне  ол  қор  жеткіліксіз  болса 
түрлер  өзара  бәсекелес  қатынасқа  түседі.  Нэтижесінде  бір  түрдің 
жануары  екіншісіне  басымдық  көрсетіп,  оны  ьпъістырады,  не  оның 
тіршілік  ету  жағдайын  төмендетеді.  Түрлердің  тіршілігіне  қажетті 
жагдайлары  үқсас  болған  сайын  олардың  арасындағы  бәсекелестік 
кызу  жүріледі.  Бірақ  бэсекелесудің  нэтижесінде  түрлер  табиғи 
сүрыпталудан  өтіп,  тіршілік  ету  қабілеті  жақсаратындықтан  түрдің 
|  өміршевдігіне оңды эсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет