Тараздың тәттісі бал татиды Құстар, құстар сызылтып



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі4,34 Mb.
#7057
1   2   3   4   5   6   7   8

Есім хан

жорыққа шығып, шекарадан алысқа қуып тастауы түсінікті жағдай, ал өзімен 

қандас, халқы аралас-құралас бұхара хандығымен жауласуының да бірнеше 

түрлі себептері бар.



Билігі

Хан  тағына  отырған  соң,  бұхарамен  бітім-шартын  жасасып, 

Орта азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға 

ұмтылды.  Қазақ  хандығын  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет 

етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды 

құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саяса-

тына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. 

Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның 

немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын мұхаммед сұлтан 

басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті 

өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын 

жинады. сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын 

орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан 

билеген еді. бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. бұл 

екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-

жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы 

болып, Тұрпанды билеген әбдірахим ханмен одақтасты. ал Тұрсын 

мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдың ахметтің жақтасы 

болды. бұлармен одақтасып отырған әбдірахим мен ахметтер де 

бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне 

мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы әбдірахиммен құдандалық бай-

ланыс орнатты. Есім хан әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді 

де, ағасы Күшік сұлтанның қызын әбдірахимге берді. Есім хан мен 

Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан 

Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім 

ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру 

жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи 

жырына өзек болған.



Тұрсын Ханның қазасы

Есім ханның ел ішіндегі беделін, асқан абыройын іштей қызғанып жүретін 

Тұрсын бұхара ханының ниетін тез түсініп,сырдария жағасында екеуі астыртын 

келіссөз жүргізеді де, Есім ханды жоюдың жоспарын жасайды. Қазақ ханы бұл 

кезде моңғол билеушілерінің, қырғыз манаптарының өзара қырқысуын тыю 

үшін шығыс аймақтарда жүрген.Тұрсын ханның түп атасы түсініксіздеу. Толық 

есімі Тұрсын мұхаммед- сұлтан. Орыс жазбаларында Шығай ханның ұлы, Есім 

ханның туысы делінген. махмуд уәли «бахр ал-аср» атты еңбегінде: «Ол Жа-

лым сұлтанның баласы еді», — дейді. Жалымды екі ұлымен бірге, жоғарыда 

айтқанымыздай, Ташкент билеушісі баба сұлтан өлтірген. бұл зұлым өзінің 

қайын атасы, қазақтың ұлы ханы Хақназарды да екі ұлымен қоса жансыздары 

арқылы жайратқанын білеміз. ал Жалым сұлтан қайдан шықты — ол жағы 

тағы мәлімсіз. Кейбір зерттеушілер әз-Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның 

баласы болуы мүмкін дегенді айтады. Енді біреулер Шығай ханның ұрпағы, 

яғни Есім ханның туысы етіп көрсетеді. Қалай дегенмен Тұрсын сол тұста 

Ташкентті билеп, күллі қазаққа хан болуды армандап 

жүрген. бірақ жолында Еңсегей бойлы Ер Есім тұр. 

Тұрсын жалғыз Ташкентте емес, біскент, Түркістан, 

кейде сауран, әндіжан, Шахрухийя сияқты үлкенді-

кішілі қалаларға да қожалық ететін. Есім ханмен бірігіп 

соғысқанда өзінен әлденеше рет жеңілген Имамқұли 

көмектесем деген соң, үміт оты жана бастағанды. 

Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, 

хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын 

ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді. 

мұны Есім ханның қасында жүрген Төлеген (марқасқа) 

жырға қосқан. «бахыр әл асырардың» авторы махмұд 

ибн уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628 жылы 

қайтыс болған. ал «Қазақ совет энциклопедиясының» 

мәліметіне қарағанда 1645 жылы қайтыс болған 

делінеді. бұл туралы болашақ Хиуа ханы және та-

нымал тарихшы әбілғазы былай деп жазады: «мен 

қазақтардың ішіне бардым. (бұл — 1625 жыл шамасы). 

Түркістандағы Есім ханның сарайында үш ай тұрдым. 

бұл кезде қазақтардың үлкен ханы Тұрсын еді. Ол 

Түркістанға Ташкенттен келді. Есім хан мені үйде 

қалдырып, Тұрсынмен кездесуге кетті. Тұрсын ханмен 

сөйлескен соң, Есім мені өзімен бірге алып жүріп, ханға 

таныстырды да, былай деді: «мынау Жәдігер ханның 

ұрпағы — әбілғазы. бұған дейін бізге ол әулеттен 

ешкім қонаққа қелмеп еді, ал біздің кісілер бұларға 

талай барған. Енді сіздің қасыңызда болғаны жөн деп 

білемін». «Жарайды, — деді Тұрсын хан, — айтқаның 

болсын». Ол өзімен бірге мені Ташкентке алып жүрді. 

Ташкентте, Тұрсын ханның жанында екі жыл болдым. 

Екі жыл өткен соң, Есім Тұрсынды өлтіріп, оның 

қатағандарын қырып тастады. сонда мен Есім ханға 

былай дедім: «мен сіздер жаққа екі ханнан маған 

қандай пайда тиер екен деп келіп едім, ал өздеріңдегі 

жағдай мынау. Енді маған бұхараға, Имамқұли ханға 

аттануыма рұқсат етіңіз». «Жарайды, — деп жауап 

берді Есім хан, — жүре бер». мен Имамқұли ханға 

қарай аттанып кеттім».

ТариХи дерекТер

Қазақ сұлтандарының өзара қырқысы және 

Тұрсын ханның өлімі жайында махмуд уәлидің 

«бахр  ал-аср»  атты  кітабының  алтыншы 

томындағы төртінші бөлімінде мынандай баян-

даулар бар: «сол жылдары, яғни 1036 хижрада 

(1626-27 жылдары) Есім сұлтан қалмақ жұртын 

шаппақ болды. Ол өз туының астына барша 

алаштан және ұлыстың басқа да бағынышты 

тайпаларынан, сондай-ақ, Тұрсын сұлтанға 

сүйеу болған қатағандардан да әскер жинап, 

моғолстан шетіндегі қалмақ мекенжайларына 

ойран салды. сол уақытта өзінің негізгі саяси 

бақталасын құрту кезегін көздеп жүрген Тұрсын 

сұлтан Түркістан маңайындағы Есім ордасын 

ойрандап, қалған кісілерін қыру үшін әскер 

жасақтады. Жасақ жауынгерлері ордаға басып 

кіріп, талай адамды өлтірді. Есім сұлтанның 

әйелдері  мен  балаларын  барша  жасау-

жабдығымен Ташкентке алып кетті. бұл табысқа 

масаттанған Тұрсын енді Есім ханның көзін жою 

қамына кірісті. мақсаты — күтпеген жерден 

соқтығып, өзін жол үстінде ұстау. Осындай зұлым 

оймен ол өз әскерін бастап, Есім сұлтанның 

алдынан шықты. Екі жақ сайрам шаһарынан 

шығысқа қарай, 40 шақырымдай жерде, сай-

рамсу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан 

қазіргі ОҚО Төлеби ауданы, Кеңесарық ауы-

лы маңында, бетпе-бет келіп, «шайқас отын 

тұтатты». Тұрсын сұлтанның әскері жеңіліп, 

Ташкентке қарай шегінді». (Ұзаққа созылған 

(1613-1628 ж.ж.) Есім мен Тұрсын егесіне, Есім 

жағында Төле бидің атасы дулат Құдайберді мен 

шапырашты Қарасай батыр қатысқан (Қазыбек 

бек Тауасарұлы «Түп-тұқияннан өзіме дейін»)). 

Тарихи деректерде Ташкент түбіндегі екінші 

шайқаста Тұрсынды өзінің жақындары өлтірді 

делінген. Есім хан Тұрсынның басын кесіп, 

Имамқұли ханға жібереді. Өзінің бақталасы, 

опасыз Тұрсынның өлгеніне қуанды ма, әлде 

Есімханның өзінен қорықты ма — бұхара ханы 

оған Ташкентті, Түркістанды, сол маңайдағы 

қорғаны  бар  ауыл-мекендерді  «сыйлаған». 

Тұрсын өлген соң, екінші рет ұлы хан болып 

қайта сайланған Есім сол заманның қатал салты 

бойынша өзіне қарсы шыққан қатаған тайпасын 

аямай жазаласа керек. замандасы махмуд ибн 

уәлидің жазуына қарағанда, Есім де көп ұзамай, 

өз ажалынан өледі. Денесі Қожа ахмет Ясауи 

кесенесінің маңайына жерленген. 



дайындаған   

нұржан сЕрІКХанҰлы

руханият

7

//    «Жамбыл - Тараз»  //  №15 (1250), 8  сәуір 2015 Жыл   //



g

 биыл қазақ сазының сайыпқыраны, қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал 

серілік дәстүрдің соңғы тұяғы Нұрғиса Тілендиевтің туылғанына 90 жыл. 

ғасырдың асылы

нұржан СЕрІКХАнұЛЫ

О л   -   Қ а з а қ с т а н н ы ң   х а л ы қ 

қаһарманы, дауылпаз күйші, «Отырар 

сазы»  фольклорлық-этнографиялық 

оркестрінің  негізін  қалаушы.  Қазақ 

музыка  өнерінде  өшпес  із  қалдырған 

сазгер, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына 

қатысып, жаумен шайқасқан майдангер. 

500-ден астам туындының авторы, 40-

тан астам пьесаға, 20-дан астам фильмге 

музыка  жазды.  Осынау  мол  мұраның 

жанрлық  аясы  да  қайран  қалдырады. 

Кезінде Ахмет Жұбанов белін буған бала 

Нұрғиса – көзі тірісінде қазақ елін ғана 

емес, әлемді мойындатқан хас шебер.  

Нұрғиса тұңғыш рет қазақтың төл му-

зыкасын ұлттық аспаптармен оркестрлік 

үлгіде  дыбыстаудың  тамаша  үлгісін 

көрсетті. «Отырар сазы» фольклорлық-

этнографиялық  оркестрінің  негізін 

қалады.  Оның  дарынды  туындылары 

уақыт өтсе де, өзектілігін жоғалтпады. 

Әуендері  әркімнің  жанына  жақын. 

Нұрғиса Атабайұлы өз шығармаларын 

ұлттық әуендермен және заманауи ме-

лодияларымен  ұштастыра  білді.  Көзі 

тірісінде халық та Нұрғисасын төбесіне 

көтерді.  Қазақстанның  халық  әртісі, 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

сыйлығының  иегері,  1998  жылы 

Қазақстан Республикасы Президентінің 

жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы 

берілді.  Тілендиевтің  сазгер,  дири-

жер,  орындаушы  ретіндегі  ойы  көпке 

ортақ, тілі түсінікті болғандығын сөзсіз                     

мойындап отыр  музыка зерттеушілері. 

Оның артында өлмес мұра жақсы ұрпақ 

қалды. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын 

жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, 

Т.Ахтановтың,  Ә.Тәжібаевтың  пье-

салары,  сондай-ақ  «Қыз  Жібек», 

«Қилы кезең», «Менің атым - Қожа», 

«Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр», 

«Ақсақ  құлан»  фильмдері  әлдеқашан 

қазақ  сахнасы  мен  экран  өнерінің 

классикасына  айналған.  Ол  Абайдың 

«Әсемпаз болма әрнеге...», «Жасымда 

ғылым  бар  деп  ескермедім...»,  «Ішім 

өлген,  сыртым  сау...»,  «Қызарып, 

сұрланып...» өлеңдеріне ән шығарған. 

Сонымен  қатар  қазақ  ақындарының 

өлеңдеріне  «Ғашыққа  мойын  қой», 

«Абай  арманы»,  «Әйгерімнің  әні», 

«Ақынның  пайғамбары  -  Абай  ата» 

әндерін жазды. 

Күйші-сазгер, ҚР Халық қаһарманы, 

дирижер  Нұрғиса  Тілендиев  көзінің 

тірісінде-ақ  қазақ  музыкасының 

сайыпқыраны атанған еді. Оның сазы 

талай  тыңдарманның  жүрегінен орын 

тауып,  қазақ  киносын  әсем  әуенмен 

әрлеген  болатын.  Қаһарман  Нұрғиса 

домбыра тартуды бес жасында әкесінен 

үйренген  екен.  Күндердің  күнінде 

ауылға пойызбен Ахмет Жұбанов келеді. 

Пойыздан түскен ол там үстінде дом-

быра тартып отырған бала Нұрғисаны 

байқап қалады. Кейін баланың шешесіне 

барып: «Жеңге, атым – Ахмет. Пойыздан 

жаңа түскен бетте назарым балаңызға 

ауды. Баланың бойында талант тұнып 

тұр,  музыка  мектебіне  беру  керек» 

деп  айтады.  Нұрғиса  осылай  ұстазы 

Ахмет Жұбановпен жолығып, музыка 

мектебінде, кейін консерваторияда білім 

алады.  Домбырамен  қатар,  Нұрғиса 

бокс  қолғаптарын  серік  еткен  екен. 

Алайда,  Ахмет  Жұбанов:  «Не  бокс, 

не музыка!» деп шарт қояды. Нұрғиса 

өнерді таңдайды. Консерваторияда білім 

алып жүрген кезде ол күй саңлағы Дина 

Нұрпейісованың көзін көріп, бірталай 

күйді үйренген. 

Бүгінде  Нұғисаны  танымайтын 

қазақ  жоқ.  Тіпті  өзге  ұлт  өкілдері  де 

мақтанышпен  айтып,  туындыларын 

орындап жүр. Ұлы композитордың 90 

жылдығына орай Н.Тіледиев атындағы 

Жамбыл облыстық мектеп-интернатын-

да  мерекелік  концерт  болды.  Шараға 

арнайы  Алматыдан  ат  басын  бұрып 

Нұрғиса Тілендиев қоғамдық қорының 

директоры Оралжан Масатбаев келді. 

Кешті  аталмыш  мектеп-интернаттың 

директоры  Елмира  Жақсылықова 

ашып берді. Интернат оқушыларынан 

құралған  «Нұр  -  Ата»  фольклорлық-

э т н о г р а ф и я л ы қ   о р к е с т р і н і ң                                                                                                      

орындауында  композитордың  «Ата 

толғауы», «Әлқисса» күйлері бірінен соң 

бірі орындала берді. Аталмыш оркестрдің 

сүйемелдеуімен оқушылардың орындау-

ында «Айналайын ана», «Сағынамын», 

«Біздің  ағай  тамаша»,  «Жастық 

шақ»,  «Саржайлау»  әндері  айтылды.                                                                               

– Н. Тілендиев атындағы қор 2000 жылы 

ашылған болатын. 1998 жылы 15 қазан 

айында  қазақтың  Нұрғисасы  қайтыс 

болды. Сол жылы тамыз айының 24-де 

Елбасы  «Халық  қаһарманы»  атағын 

берді. Осы күнді «қазақ зиялыларының 

күні»  деп  белгілесе  деген  жеке  ой-

арманым  бар.  Өзі  қайтыс  болғаннан 

Абайдың екінші қара сөзі

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші 

еді: «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй 

төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз 

көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-

сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: 

«түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе – демін 

алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, сол-

дат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші 

еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп. Орыс ойы-

на келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты 

тауып бер депті» деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, 

бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір 

халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық 

көріп, қуанып күлуші едім. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген 

егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, 

қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі 

ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың 

өлісінің ақыреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке 

балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. 

Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп 

кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, 

сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шы-

дайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе 

сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да 

жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдылары-

на, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. 

Біздің ең байымызды: «саның шақшы аяғың білән пышыратырға 

қойған идан түгіл, шық, сасық казақ» , - деп үйінен қуып шығарады. 

Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал 

тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, 

күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген 

сөздеріміз қайда? 

1890 жыл        

кейін, 2 жыл араға салып Дариға келіні 

қазақ  зиялыларымен  ақылдаса  келе 

осы  қордың  негізін  қалады.  Қордың 

түп  мақсаты  -  Нұрғисаның  талан-

тын  зерттеп,  туындыларын  өлтірмей, 

әлемге  әйгілі  ету.  Қордың  тарапы-

нан  атқарылып  жатқан  жұмыстар  аз 

емес.  Мәселен,  Алматыдағы  ең  әдемі 

ескерткіш  Нұрғисаның  ескерткіші 

және былтыр композитордың өзі тұрған 

пәтерінде мұражай ашылды. Бұның өзі 

бір рухани қасиетті ошақ. 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы Нұрағаның 

90 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. 

Енді 100 жылдыққа дайындық бүгіннен 

басталып кетті. Ол ЮНЕСКО деңгейінде 

аталып өтіледі. Жалпы Қазақстан бой-

ынша  Нұрғиса  Тілендиев  атындағы 

2-ақ мектеп бар. Оның бірі Талдықорған 

қаласында, ал екіншісі осы киелі Тараз 

қаласында. Жапон халықтарында «егер 

елдің баласы бақытты не бақытсыз екенін 

білгің  келсе,  олардың  қандай  әуенді 

тыңдайтынынан біл» деген қанатты сөз 

бар.  Қазақ  музыкасына  классикалық 

құбылыс  болып  келген  Нұрғиса 

Тілендиевтің  туындыларын  орындап 

шыққан  мектеп  оқушыларына  ерекше 

алғысымды  айтамын.  Бұл  Нұрағаның 

рухына деген ең үлкен құрмет,-деді шара 

барысында қордың басшысы Оралжан 

Жақаұлы. Сондай-ақ, аталмыш шараға 

арнайы  келген  Жамбыл  облысы  ҚР 

Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

Агенттігі  департамент  басшысының 

орынбасары  Ғалым  Тұрсынбаев,  кеш 

қонақтарын  Нұрғиса  Тілендиевтің  90 

жылдығымен  құттықтап,  көп  балалы 

және  аз  қамсыздандырылған  отбасы 

балаларына арналған аталмыш мектеп 

оқушыларына музыкалық аспаптар сатып 

алуға «20 мейірімді іс» қайырымдылық 

жобасының  аясында  қажетті  қаражат 

көмегін мектеп директорына табыс етті. 

Кеш  соңында  оқушылардан  құралған 

хор «Біз Отанның ұланымыз», «Өз елім» 

әндерін  орындаса,  мектептен  әр  жыл-

дары түлеп ұшқан, бүгінгі таңда өнер 

жолында  жүрген  түлектер  де  арнайы 

келіп, өз өнерлерімен бөлісті. 

Құстар, құстар...     Суретті түсірген Владимир Алсуфьев.


денсаулық

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №15 (1250),  8 сәуір  2015 Жыл 



«таза жүрЕкпЕн» 

жүрЕктЕргЕ

 

„



Кеше  жер-жерде  Дүниежүзілік Денсаулық күні аталып 

өтті. Осыған орай, профессор Сейітхан Жошыбаев атындағы 

кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық 

орталығында ашық есік күні болды. 

Үміт алға жетелейді

 

„



Өмірге баланың келуі - бұл ата-ана үшін үлкен қуаныш. Халқымыз «Балалы үй - базар» деп бекерге айтпаса керек,отбасының берекесі 

мен мерекесі, мәні мен сәні сәбимен кіреді. Ал енді осы сәбилердің өмірге келуі туралы айтар болсақ ,онда перинаталдық орталықтардың 

көрсететін қызметтерінің орны ерекше деп айтуға болар еді.

нұржан СЕрІКХАнұЛЫ 

Дүниежүзілік  денсаулық 

күнін  7  сәуірде  әлемнің 

ба рл ы қ  ел д е р і   д ә с т ү рл і 

түрде атап өтеді. 2013 жылғы 

Дүниежүзілік денсаулық күнінің 

басты тақырыбы – Гипертония 

«Қаныңыздың  қауіпсіздігі  – 

көпшілік  өмірін  құтқарады» 

ұранына негізделген болатын. 

Дүниежүзілік  күніне  арналған 

іс-шаралардың  өткізілуі,  адам 

өмірінде  денсаулықтың  өте 

маңызды  екендігін  ұғындыру. 

Қазіргі  қоғамның  негізгі 

мәселесіне айналған гиперто-

ния немесе жоғары қан кысымы 

инфаркт, инсульт және бүйрек 

жетіспеушілігінің    даму  қаупін 

жоғарлатуда.  Дер  кезінде 

бақыланбаған  гипертония 

соқырлыққа,  аритмия  және 

жүрек  жетіспеушілігіне  алып 

келеді дейді жергілікті маман-

дар. Нақты уақытта  әлемдегі 

әрбір  үшінші  ересек  адамда 

гипертония  ауруы  кездеседі 

екен.  Жас  ерекшелігіне  қарай 

гипертониямен  ауыратын 

адамдардың  үлесі  артуда, 

мәселен,  20  дан  40  жасқа 

дейінгі  он  адамның  біреуі,  ал 

50  ден  60  жасқа  дейінгілерде 

он  адамның  бесеуі  осы  ауру-

мен  ауырады.  Қазақстанда 

артериалық  гипертонияның 

өсу  үрдісі  сақталуда.  Қр 

статистикалық  агенттігінің 

деректеріне сәйкес 2010 жылы 

100  мың  адамға  шаққанда 

913,8  артериалық  гипертония 

аурулары  оқиғасы  тіркелсе, 

ал  2011  жылы  бұл  көрсеткіш 

1035,0-  ге  жеткен.  Қазақстан 

республикасының  денсаулық 

сақтау  ісін  дамыту  жөніндегі 

2011-2015 жылдарға арналған 

« с а л а мат т ы  Қаз а қс та н » 

мемлекеттік  бағдарламасын 

жүзеге  асыру  бойынша,  2011 

жылдан  бастап  тұрғындарға, 

қан айналымы жүйелері ауру-

ларын  анықтау:  артериалық 

гипертонияны,  ишемиялық 

жүрек ауруларын, қант диабетін 

және  тағы  да  басқа  аурула-

рын  скринингтік  тексерістен 

өткізу  жұмыстары  жалғасуда. 

Осы күнге орай «Кардиохирур-

гия  және  трансплантология 

ғылыми-клиникалық орталығы»  

елімізде  алдыңғы  орында 

тұрған  жүрек-қан  тамырлары 

ауруларынан  болатын  өлім 

көрсеткішін  төмендету  және 

онымен  күресу  бағытында 

облыс  тұрғындарына  (ба-

лалар  мен  ересек терге) 

тегін  кардиологиялық  және 

кардиохирургиялық  кеңестер 

беріп,  оларды  медициналық 

т е к с е р у д е н   ө т к і з д і .                                                                                       

–  «Таза  жүрек»  акциясын 

біз  Дүниежүзілік  денсаулық 

күніне орай арнайы, жоспарлы 

түрде  ұйымдастырып  отыр-

мыз.  Осы  шараның  аясын-

да  облыс  тұрғындарының 

жүрегін  тексеріп  шықсақ  де-

ген  басты  мақсатымыз  бар. 

әдетте  бұндай  тексерулердің 

нәтижесінде тексерілушілер үш 

топқа жіктеледі. біріншісі - таза, 

ешқандай жүрек ақауы жоқтар. 

Екіншісі  -  тәуекел  факторына 

жататындар.  Үлкен  салмағы 

бар,  қан  қысымы  жоғары, 

жаңадан  ауыра  бастағандар. 

Қан  қысымы  көтеріліп,  жүрек 

клапындары  дұрыс  жұмыс 

атқармай, қанты көбейген, бір 

сөзбен  айтқанда  жүрек  ауру-

ына  бейімделе  бастағандар 

осы  топқа  жатады.  Үшіншісі  - 

сырқаты  дендеген  науқастар. 

Тумысынан  пороктар,  қан  та-

мырлары  ауыратын  балалар 

да осы топқа жатады. Оларды 

медициналық бақылауға алып, 

дәрілеу  керек.  Олай  етпе-

ген  жағдайда  дерт  асқынып, 

ағзаның  басқа  органдарына 

зиянын тигізеді. аяғы инфаркке 

шалдықтырады.  Ең  бастысы 

дерттің алдын алу. сол себепті 

осы акцияның аясында шалғай 

ауылдарға  барып,  халықты 

түбегейлі  тексеруден  өткізуді 

жоспарлап  отырмыз.  біздің 

мамандар  Түркияның  белгілі 

клиникаларында  жүрек  алма-

стыру ісіне қатысып, тәжірибе 

алмасуда.  мамандарымыз 

елге  оралған  бойда  өз  кли-

никамызда  жүрек  алмастыру 

ісін  бастаймыз,-  дейді  меди-

цина  ғылымдарының  докторы 

сейітхан  Жошыбаев.  Дұрыс 

тамақтанбау,  физик алық 

белсенділіктің  төмендігі, 

темекі шегу, ішімдікке салыну,  

еңбек  және  демалу  тәртібін 

дұрыс  сақтамау,  стрестік 

жағдайда  өзін  дұрыс  басқара 

алмау,  өз  денсаулығына 

немқұрайлылық  салдарының 

ең  байыптыларының  бірі  бо-

лып  табылады.  созылмалы 

жұқпалы  емес  ауруларымен 

(сЖЕа)  ауыратындар  дер 

кезінде  дәрігерге  қаралмаса, 

онда  жүрек  қан  тамыры 

ауруларының  саны  артады, 

өмір  сапасы  мен  ұзақтығы 

төмендейді. аталмыш ғылыми 

–  клиникалық  кардиохирур-

гия  және  трансплантоло-

гия  орталығында  күніне  1-2 

жүрекке ота жасалса, жылына 

300-ден  аса  науқастарға  ота 

жасалады  екен.  Енді,  алдағы 

санаулы  күндерде,  аталмыш 

акция  аясында  клиника  ма-

мандары  шалғай  аудандарға 

аттанатын болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет