Summary
Mamitov Э.А. Problems of the contradictions of the European Identity : integration in postsoviet format.
The European Identity in the context of the contradictions. Based upon the European Union experience, supranational identity
formation issues among former Soviet states in the custom union format of the Republic of Belarus, The Republic of Kazakhstan
and The Russian Federationare analyzed in the article.
Abstract. The article analyzes the problems of pan-European consolidation (supranational) identity. Also in the article based
on the experience of the European Union analyzes the problems of the formation of a supra-national identity in the post-Soviet
space in the format of the Customs Union of Belarus, Kazakhstan and the Russian Federation. Based on official EU documents
and research results.
УДК 398 (=512.122)
Р.Т. ƏЛМҰХАНОВА
Қазақ ұлттық өнер университеті, Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институтының
бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы
АЙТЫС: АҚЫНДЫҚ ЖƏНЕ КҮЙШІЛІК
Аннотация
Мақала ақындық жəне күйшілік өнердегі айтысты жанрлық типология тұрғысынан зерттеуге арналған.
Осы кезге дейін жеке зерттеліп жүрген өнердің екі түріндегі айтыс жанрына қатысты ортақ белгілер
талданды.
Тірек сөздер: фольклор, ақын, күйші, айтыс, жанр.
Ключевые слова: фольклор, поэт, кюйши, айтыс, жанр.
Keywords: folklore, poet, kuyshi, aitys, genre.
Халқымыздың дəстүрлі өнер түрлері: фольклорлық жəне авторлық деп, екі үлкен топқа, шығу
кезеңіне қарай: архаикалық жəне кейінгі кезеңдерге реті бойынша жіктелетіні белгілі. Ал ақындық
жəне күй айтыстары қай-қай кезде де пайда болып отырған. Өйткені, ежелгі дəуірлерде жігітке сын
болған өнер түрі көп, құдалар да екі жақ болып, түрлі сайыстар өткізген. Сондықтан ақындық
айтыстың да, күйшілік айтыстың да тамыры тым əріде жатқаны түсінікті. Көнеліліктің бір белгісі
сол – бұл өнер түрлері қырғыз, қарақалпақ, түркіменге де ортақтығы арқылы белгілі болады.
Ақындық айтыстар ғылым назарына ерте іліккендіктен, бүгінде белгілі дəрежеде жақсы
зерттелді. Ал күйді зерттеушілер арасында «күй айтыс» деп те, «тартыс» деп те аталған.
А.Жұбанов сөз қайталаушылыққа ұрынбас үшін «домбырамен жарыс» дегенді де қолданған. Негізі,
атаулар осынша түрлі болғанымен, негізі, айтпағы – бір, ол қателікке жатпайды. Дегенмен
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
90
жанрлық атау ретінде бір тоқтам жасалуы керек. Ақындық жəне күйшілік саласындағы осы
жанрлық түрді зерттеуге, жанрлық типология үшін ыңғайлы болуы үшін ғана емес, фольклорлық
жəне авторлық шығармалардың жанрлық кестесін жасағанда, нақты бір атауды, яғни «айтыс»
атауын қолдануға тура келеді. Оның үстіне ақындыққа да, күйшілікке де айтыстың жанрлық
талабы ортақ. Ол – нақты екі өнер адамының арасында шын сайыс, жеңіске деген ұмтылыс болуы
керек. Сол себепті сыртқы түр жанрды айқындамайды, көп уақытқа дейін жеке бір ақынның төл
туындысын шығарманың диалог формасы бойынша айтысқа қосып келді. Мəселен, «Қарашекпен
мен қасқыр», «Көкқұтан мен шымшық», «Жұманазар мен домбыра», «Ыдырыс пен тайлақ», т.т.
1965 ж. «Айтыс» жəне жеке ақындардың шығармалар жинақтарына да, зерттеу еңбектерінде де
ақындар айтысы ретінде енгізілді. Алайда, кейін, 2008 ж. «Қазақ əдебиетінің тарихын» дайындау
кезінде бұл аталған шығармаларды екі ақынның туындысы деп есептеуге негіз жоқтығы, сол
себепті бір адамның ғана төлтумасы ретінде бағалану керектігі айтылды [1, 691-б.].
Диалог формасындағының бəрі айтыс еместігін Б.Аманов пен Ə.Мұхамбетова да дұрыс
байқаған [2, С.158-159]. Ендеше «Кəрібоз бен Салторы» күйін айтыс деп тану үшін əуелі
күйшілерді анықтап алу керек. А.Сейдімбек: «Мұндағы Кəрібоз – бір кездегі алдына қара салмаған
жүйрік ат. Ал Салторы болса, кейін көріне бастаған сəйгүлік», «күйді тыңдағанда аңыздан гөрі
əуеннің тəжікесі басым екен аңғару қиын емес» [3, 94-б.],– деумен шектелген.
Мұндағы «Əуеннің тəжікесі» дегенге ой салсақ, екі «рөлдегі» жануарлардың «талас»,
«жарысын» музыкамен бейнелеуге ұмтылғандық бар, бірақ екі күйші шығарды деуге негіз керек.
Яғни бұл екі бөлек күй емес, күйлерді орындаушы екі адам емес, сондықтан күй айтысына
қосылмайды.
А.Сейдімбектің күй айтысындағы тағы бір, дəлірек айтқанда, үшінші түр ретінде атағаны –
күйші куə болған оқиғаға немесе бұрын өткен, бірақ ел есінен өшпей жүрген оқиғаға арнап
шығарылатын күй дегені осы шығармаларға келетін сыңайлы. Əйтсе де, күйшілердің өнер
сайысынан бөлек, күй айтысына қойылар талапқа сай келмейді. Дұрысы: бір композитордың
шығармасындағы «айтыс» – композициялық ерекшелік ретінде бағалануы қажет.
Күй айтысын жіктеуде А.Сейдімбек атаған түрлерді толығымен атағанда, оның қосылатын да,
қосылмайтын да жағдайлары бар. Оның пікірінше, күй айтыстары: 1) күйшілердің алдын ала
құлақтасып, хабарласып, сайланып келетін айтысы; 2) күйшілердің тосын кездесу сəтінде, ерегіс
үстінде немесе даулы жағдайға тап болғанда, дүниеге келген күйлер; 3) күйші куə болған оқиғаға
арнап немесе бұрын өткен, бірақ ел есінен өшпей жүрген оқиғаға арналған күйлер; 4) күймен
жауаптасу, күймен сəлем айту, күйшілердің бір-біріне күй арнауы. Осы жіктеудегі бірінші түр
алдын ала дайындықпен келетін болғандықтан, суырыпсалмалықтан бөлек бір түрді құрайды.
А.Сейдімбек үшінші түр деп атаған күйлер екі жағдайда да пайда болуы мүмкін, яғни
суырыпсалма түрде де, алдын ала дайындықпен де шығуы əбден мүмкін.
Ал күй айтыстары орындалуы тұрғысынан қара тартыс не түре тартыс болуы əбден мүмкін.
Шығармалардың саны бойынша жеңуді мақсат етсе, ол – «қара тартыс» та, бірінші адам тартқан
күйді бəсекелесінің айнытпай, қайталап тартуы түре тартыс немесе қайым тартыс деген жіктеу
қолдауға тұрарлық. Өйткені, дəл осы екінші түр ақындық айтыстағы қайымдасумен үндестік
табады.
Адай Құлшардың жолаушылап келе жатып, ат басын бұрған үйде қыз жəне оның шешесі –
үшеуінің арасындағы күй айтыста жеңген мен жеңілгенді айту маңызды емес, осы өнер сайысында
суырыпсалмалықпен пайда болған «Кербез керік», «Ат жортақ», «Кебіс қалған», «Сық-сақ»
күйлерді қыз бен оның шешесі орындаған деп баяндалса да, бəрібір, Құлшарға телінетіні назар
аудартады. А.Сейдімбек бұл жағдайды: «Мұның негізгі себебі: күйші тосын оқиғаның кейіпкері
ғана емес немесе тартушысы ғана емес, ең бастысы, сол оқиғалы күйлерді ұштап, толықтырып
шығарушы да болып табылады» [3, 94-б.], – дегенімен келісуге болады. Дегенмен, араға қанша
уақыт түскен соң, дəл осы күй айтыстағы күйлердің бастапқы музыкалық мəтінін де, аталған
күйлердің нақты иесін де ешкім атай алмайды. Сондықтан ғылыми маңыздысы: елге атағы белгілі
күйшіге теліну, кейінгі дамытылуы оның есімімен, шығармашылығымен байланысты табиғи
заңдылық бар. Мұны кезінде Ахмет Жұбанов байқаған. Бұл ерекшелік ақындар айтысында да
кездеседі, яғни мықтының есімі халық жадында көбірек сіңісті болған себепті есімдері ел есінде
қалмаған жандардың сөздері соларға «қосылып» кеткен жағдайлар кездеседі. Күйшілік өнерге де
бұл тосын емес, тең түскен кездерде мықтының аты оза шабады да, бəсекелесінің аты ұмытылып,
№2. 2014
91
атақты ақынға сіңісті болады. Бұл ауызша жеткен ақындар айтысынан да канондық мəтін талап ете
алмайтын жағдайлармен ұқсас.
Төртінші түр ретінде аталған күймен жауаптасу, күймен сəлем айту, күйшілердің бір-біріне күй
арнау дəстүрі деген топтауда олардың əрқайсысын даралау қажеттігі сезіледі əрі бұлардың жеке
түр ретінде қабылдануы екіталай. Өйткені, күй айтысына түскен адам күймен жауаптаспай,
қалайша айтысқа түседі? Ол күй айтысына түсе отырып, суырыпсалмалықпен немесе дайындықпен
əкелген күйін тарту арқылы жауаптасатын болады. Айтысқа бетпе-бет кездесе отырып, сəлем
жолдасулары жеке түр – арнау деп, жеке түр ретінде қабылдау қиын. Сəлем арнаудың реті басқа
жағдайда, яғни дəл осы күй айтысында бетпе-бет кездесіп отырған кезде тумайды. Арнау алыстан
жолданатын ниетпен байланысты. Олардың күй айтысына қатысы жоқ, сондықтан күй айтысына
түсер кезде екі күйшінің бір-біріне амандасуы, жол беруі шығарманың құрылымындағы кіріспеге
қатысты. Солайша екі өнерпаздың арасында өтуі керек күй айтысындағы жеке түр бола алмайды.
Көпке белгілі мына аңызды талдап көрелік. «Құрманғазы алғаш істі болып, сауға сұрау үшін
Дəулеткерейді арнайы іздеп келген» деп басталатын аңыз бойынша, үй иесі ретінде əуелі
Дəулеткерей күй тартқан, оны «Бұлбұл» деген екен, домбыраның кезегі Құрманғазыға тигенде, ол
да «Бұлбұл» деген атпен күй тартыпты, сонда Құрманғазы орындаған күйді Дəулеткерей: «Жоқ,
бұл жай ғана бұлбұл емес, бұлбұлдың құрғыры екен», – депті.
Аңызбен танысқан соң бұл арада екі күйшінің бір-бірін жеңем деген тайталасты құлшынысы
жоқтығы белгілі болады, сол үшін күй айтысына қосу қиын.
Оның үстіне Дəулеткерейдің «Бұлбұлы» мен Құрманғазының «Бұлбұлдың құрғыры» дəл сол
бетпе-бет кездесуде шықты дегеннің өзі аңыз арқылы, яғни ауызша жеткен, құжатпен
дəлелденбейтін жағдайда жеткенін ескеру қажет. Аңызға берілетін жанрлық ерекшелік осы арада
аңғарылады, яғни аңызда баяндалатын оқиғаны тарихи нақтылық ретінде қабылдай беруге
болмайды, мұнда тек шындықтың елесі ғана болуы мүмкін. Ал осы «елестер»: Құрманғазының
істі болғаны, ел аралап, қашқынды тірлікті көргені басты себеп. Осыны білетін жұрт екінші мықты
– Дəулеткереймен «кездестірген» жəне Құрманғазының өнерін жоғары бағалағанын жеткізу
мақсатында ол тартқан күйді «Бұлбұлдың құрғыры» дегізген. Халық арасында небір шебер
əңгімешілер бар, қиыспасты қиыстырар шешендер бар. Бұл солардың, яғни халықтың
шығармашылық еңбегінің нəтижесі деп бағалау ғылыми пайымға сай келеді. Тіпті, екі күйші бетпе-
бет кездесіп, бір-бірімен осылай жауаптасқанда «Құрманғазының сауға сұрауы» жəне
«Дəулеткерейдің жауап беруі» деп, неге айтылмады? Олай болса, «Бұлбұл» атты күйлердің шығу
себебін өзінше түсіндірген халықтық рөл бар. Осы орайда Ахмет Жұбановтың бұл
шығармалардың өзін де, олардың шығу жағдайын да өте жақсы білгеніне еш шүбə жоқ. Ол екі
мықты күйшінің кездескені туралы «Ғасырлар пернесінде» жазған, бірақ бұл күйшілердің күй
айтыс жасағаны туралы айтпаған. Болашақта осы ескерілгені абзал.
Айтыстың екі түрінде де синкреттілік өнер басты назарда болады. Атап айтқанда, ақындық
айтыста: ұтымды сөз бен жүйелі ойды игеру; бəсекелесті жеңу үшін білімділік, тарихты терең білу;
домбыра тартудағы кəсібилік; композиторлық, яғни əуезділікті сақтау. Күйшілік айтыстағы
тартыстың ерекшеліктерін Б.Аманов: орындаушылық шеберлік; композиторлық өнер,
мнемотехника тұрғысынан жіктеген [2, С.158]. Осындай ортақтық пен айырмашылық болса да,
ақындық айтысқа қойылар талаппен қарағанда, күй айтысы деп танылуы үшін екі күйшінің
орындаған шығармалары бір-бірін нақты толықтырып тұруы, шығармашылық тұтастыққа
ұластыру жағы қамтылуы қажет. Олай болмаған жағдайда, жеке күй ретінде сақталғандықтан, күй
айтысы емес, жеке күй ретінде ғана бағалануы қажет.
Түркіменнің белгілі бақшысы Құлыбай мен Адайдың ақиығы Өскенбайдың күй айтысының
маңызы іліктестікте екендігі осындайда сезіледі. Жəне екеудің арасында нағыз өнер сайысы
болғаны сезіледі, ақырында, жеңген мен жеңілгенді ажыратып жату қиын соғып, тең төрелік
жасалған.
Күй айтысы дегенді жанрішілік түр ретінде айтпаса да, Тəттімбет Қазанғапұлының екі реттегі
домбыра жарысын А.Жұбанов аңыздарға сүйеніп баяндаған. Əрине, əңгіме күйшілердің өнер
жарысы туралы болғандықтан, айтылып отырған əңгіме күй жарысы, күймен айтыс екені түсінікті.
Жəне дəстүрлі қазақ қоғамында дəстүрлі өнер аясында күйшілердің жарысында да ақындар
айтысындағыдай ру намысын қорғау алға шығатынын А.Жұбанов мəн бере айтқан. Тəттімбетпен
күй жарысына қатысқан Малғараны: «Ол кездің дəстүрі бойынша, қыз енді өзінің қара басының
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
92
ғана ары емес, аты Найманның арын арлауға кетеді» [4, 222-б.], – деген.
«Тəттімбет қырық күй тартқан кезде қыз отыз тоғызбен тоқтайды. Сонымен қыз жеңілген болып
есептеледі. Қалай болғанда да, кешегі шонжарлық заманда айтыстарда да, тартыстарда да, үнемі
жігіт жеңеді де отырады. Шынында, отыз тоғыз күй тартқан домбырашы қыз тағы бір күй тарта
алмайды дегенге кім нанады? Мұның бəрі де бір оқиғаны кейінгілерге айтып берушінің сол
айтылған шонжарлық заңның құлдығынан шыға алмағанынан болмауына кім кепіл? Мүмкін
ақылды, зерделі қыз əрі домбырашы, əрі ақын, əрі сері жігіт Тəттімбеттей қонақтың сағын
сындырғысы келмей, əдейі тартысты тоқтата қойған болар» [4, 222-б.], – деген.
Алғашқыда Адай руының қызы Ақмаңдай тартқан делінетін «Адай» күйінен кейін Құрманғазы
«Серперді» тартыпты деген аңызды А.Жұбанов білген [4, 53-б.], бірақ басқа жорамал жасамаған.
Революцияға дейінгі мұрамыздың авторын белгілеудің өзінде де бір авторға телуге нақтылық
жетпегендіктен, əлі күнге дейін «Адай» күйін бірінші Ақмаңдай шығарды деген аңыз болса да,
Уақап Қабиғожин «Адай» Құрманғазының күйі, Ақмаңдай тартқан емес, Адай қызымен кездесу
үстінде шыққан күйі болған соң халық арасында солай аталып кеткендігін айтқан [4, 52-б.], əрине,
мұндай "келіспеушіліктің" жігін А.Жұбанов таба білген. Құрманғазы қайтадан ширатып,
жетілдіргендіктен, Құрманғазы есімімен айтылады, дегенмен ғылым үшін маңыздысы – нотаға
түспегендіктен демей, бұрын авторлықты бекітетін жағдайдың болмағанын, солайша авторлы
ауыз əдебиеті деп бөлген сияқты жағдай музыкатану саласында да қолданылу қажеттігі
анықталады.
А.Жұбанов алға тартқан екі жағдайда да əр күйшінің тартқан күйінің саны қырыққа жеткен.
Бірінші жағдайда қыз Тəттімбетке тең түсіп, қырқыншы күйді тартады. Сонда, қалайда, қыздан
жеңілмеу керектігін ойлаған Тəттімбет етігін шешіп, оң аяғының башпайымен күй тартқан. Ал
ислам діні бойынша əйел адамның қолынан басқа жері ашық болмау керек, қыз күйшілік өнерінің
кемдігінен емес, дін заңын, қоғамның сынын ескеріп, бұлайша күй тартудан бас тартып, жеңілген
сияқты болады. Тəттімбеттің «Былқылдақ» күйінің шығуы туралы халық осылай айтқан.
А.Жұбановтың пікірінен күй айтысына қатысты маңызды дерек анықталады. Бірінші жағдайда
Тəттімбет еркектік намыспен, қалайда, қызды тоқтату үшін башпаймен тартса, бұл қызды жеңудің
құралы – ислам дінінің əйел адамға қояр шектеуін пайдаланғаны. Ал Малғара қыздың Тəттімбетке
əдейі «жол беруі» объективті сана ықпалы – феодалдық қоғамның талабына қыздың мойынұсынуы
да, субъективті тұрғыдан, ел арасында өнерімен атағы жер жарған тұлғаның алдында кішілікті
сақтау қажеттігі əсер еткен. Екі түрдегі айтыстың айырмашылығы осында.
«Былқылдақ» күйін башпаймен тартпақ түгілі, екі қолдың саусақтарымен тартып шығу да оңай
еместігін айта отырып, А.Жұбанов домбыраны басқа қойып қағу, артына ұстап отырып, ойнау,
домбыраның мойнын бойлап, қол жүгірту – мұндай қосымша қимылдар көрерменге фокустық
өнердің лəззатын беруден басқа мақсаты жоқ, дыбыстық, музыкалық жағынан ешбір эстетика
нəтиже бермейтінін [4, 217-б.] баса айтқан.
Күймен жауаптасу жалпы күйшілер арасында орын алуы мүмкін, оны жоққа шығаруға
болмайды. Ал оны күй айтысына қосу керек пе, бұл ойлануды қажет етеді. Осы орайда
ақындардың бір-бір қайырыммен шектелген өлеңдері де бар екенін ескеріп, түсінуге болады.
Мəселен, «Жамбылдың Бақтыбай ақынмен танысуы», «Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны» деген
шығармалар нағыз өнер сайысы ретінде танылатын ақындық айтыстардың қатарына қосуға
келіңкіремейтінін, бірақ ақын шығармашылығында орны бар екенін ескеру қажеттігі алға шығады.
Дегенмен Құрманғазы мен Дəулеткерейдің «Бұлбұлдары» немесе Құрманғазының «Сарыарқа» күйі
мен Тəттімбеттің «Көкейкесті» күйі ұлы күйшілердің бір-біріне арнаған күйлері еді деген ойлар
дəлелдеуді қажетсінеді.
Осы сияқты фольклорлық күй айтысы ретінде «Кербез қыз» бен «Сал жігіт» аталғанымен,
мұнда жеңімпаз жоқ. Аңыз бойынша, жұртты менсінбеген кербез қыздың мінез-қылығы
суреттелсе, кейін отырыңқырап қалған сол кербез қызға сал жігіттің базына сəлемі күй тілінде
жетеді. Əрине, күй тілін кербез қыз түсініп, бір кездегі астамшылығын мойындап, мұңаяды. Бұл,
тіпті, бір өнерпаздың туындысы болуы да ықтимал.
Айтыс бəсеке ретінде танылған соң жеңген мен жеңілген анықталады. Түркімен бақшымен
болған айтыста тең төрелік жасалған десе де, мұндай жағдай сирек. Негізі, ақындық айтыстардағы
жеңіліс жүйелі сөзге тоқтау, кей ретте жеке бастың құпиясының ашылуымен байланысты. Əйтпесе,
ақындық айтыстарда анайы немесе ұят саналатын сөздерді əйелдер де қолданған. Ақындық
№2. 2014
93
айтыстан өзгешелік: күй орындауда түрлі амал-тəсілдерді қолдануда еркіндік мол болған, ол
бəсекелесті тоқтатудың тəсілі ретінде орын алған. Оның мысалы – күй айтысындағы анайы түр.
«Жаңылтпаш сайқал» күйі [5, 25-б.] фольклорлық күй, оның аңызы: «Ертеде бір қыз бен жігіт
домбыра тартысады» деп басталған. Бұл айтыс, А.Жұбанов анықтағандай, күйшілердің айтыс
кезінде айла-тəсілдерді еркін қолданатындығын қосымша дəлелдейді. Өйткені, мұнда жігіт қызды
қалайда жеңу мақсатымен ұятты қимылдарды қайталауға мəжбүрлеп, бəсекелесі тоқтайтын
жағдайға жеткізген.
Күй саласында жұмбақ айтыстың қолданысында өзгешелік басқаша түрде өрбітілуі мүмкін.
Егер ақындар жұмбақ жасырып, оның не екенін сұраса, күйде шығарманың мазмұнын жеткізіп,
оның атауын не авторын сұрауы мүмкін. Əйтсе де, бұл дəстүрлі күй өнерінде белгісіз, яғни
мұндай сайыстар қазіргі заманауи бағдарламаларда насихат, популяция мақсатында қолданылады.
Сол сияқты ақындар арасындағы діни айтыс күйшілікте тақырыптық тұрғыда емес, қара тартыс
түрінде ғана, яғни күйдің санын арттыру мақсатында ғана қолданылуы мүмкін.
Күй айтыстарын зерттеуде əлі де ізденістер болуы керек. Өйткені, революцияға дейінгі
айтыстардың насихатын сол бəсекеге қатысқан ақындардың жасағанын М.Əуезов жазған. Оның:
«Жол бойынша, екі ақын айтысса, солардың сөздерін кейін ретке салып, көпке жайып,
дұрыстығымен дəл айтып беру: жеңген ақын емес, жеңілген ақынға міндет болған сияқты» [6, 165-
б.], – деген сөзін еске алғанда, күй айтыстарда дəл мұндай нақтылық бүгінге белгісіз.
Қорыта айтқанда, күй айтыстары ақындық айтыстарға ортақ шарттарға да тəуелді. Тең төрелік
сирек кездеседі, сондықтан «айтыс» бəсеке ретінде қабылданғандықтан, күй айтысында да жеңуге
ұмтылыс басты мақсатқа айналады.
Бүгінгі таңдағыдай, нақты авторлықты дəлелдеу мүмкін болмаса да, халықтың бір тұлғаға телуі
тұрақтанған шығармаларды авторлы ауыз əдебиеті деп бөліп атағандай, музыкатануда авторлығы
шартты шығармалар деген айырым да енгізілуі қажет.
ƏДЕБИЕТ
1 Қазақ əдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008.
2 Аманов Б., Мухамбетовa А. Казахская традиционная музыка и XX век. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002.
3 Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Монография. – Астана: Күлтегін, 2002.
4 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі: Қазақтың халық сазгерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы очерктер. –
Алматы: Дайк-Пресс, 2002.
5 Мүптекеев Б., Медеубекұлы С. Жетісу күйлері. – Алматы: Өнер, 1998.
6 Классикалық зерттеулер: Көп томдық. Т. 11. Əуезов М.О. Фольклор туралы зерттеулер. – Алматы: Əдебиет əлемі,
2012.
REFERENCES
1 Қazaқ ədebietіnің tarihy. On tomdyқ. 1-tom. – Almaty: ҚazAқparat, 2008.
2 Amanov B., Muhambetova A. Kazahskaja tradicionnaja muzyka i XX vek. – Almaty: Dajk-Press, 2002.
3 Sejdіmbek A. Қazaқtyң kүj өnerі. Monografija. – Astana: Kүltegіn, 2002.
4 Zhұbanov A. Ғasyrlar pernesі: Қazaқtyң halyқ sazgerlerіnің өmіrі men shyғarmashylyғy turaly ocherkter. – Almaty: Dajk-
Press, 2002.
5 Mүptekeev B., Medeubekұly S. Zhetіsu kүjlerі. – Almaty: Өner, 1998.
6 Klassikalyқ zertteuler: Kөp tomdyқ. T. 11. Əuezov M.O. Fol'klor turaly zertteuler. – Almaty: Ədebiet əlemі, 2012.
Айтыс: акыны и куйши.
Резюме
Статья посвящена проблемам жанрового типологического исследованияайтыс в поэтическом - акынов и
музыкальном состязании - куйши. Выделены специфические особенности жанра айтыса, которые до сих пор изучались
раздельно.
Aitys: akyn and kuy art.
Summary
The article highlights the issues of genre typological research in poetic aspect-akyns and musical contest- kuyshi. Specific
features of aitys genre have been outlined which haven't been studied yet.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
94
УДК78.07: 780.614.332 (574)
Д.Ж. ЖУМАБЕКОВА
Казахский национальный университет искусств, г.Астана
ПРЕМЬЕРА РАПСОДИИ ДЛЯ СКРИПКИ М. СКОРИКА
(к 80-летию создания оперы «КызЖибек» Е. Брусиловского)
Аннотация
Статья посвящена Рапсодии для скрипки с оркестром М. Скорика, написанная на темы из оперы
«КызЖибек» Е. Брусиловского. Произведение посвящено первому исполнителю, народной артистке
Республики Казахстан, профессору Айман Мусахаджаевой. Композитор скромно называет свое сочинение
Рапсодия, а вместе с тем по сути это одночастный концерт для скрипки с камерным (или симфоническим)
оркестром. В его основу М. Скорик отобрал четыре народных напева («Гəкку», «Толқыма», «Жиырма бес»,
«Сарымойын») и два танца («Тепең көк», «Шашу»), заимствованных из названной оперы Е. Брусиловского.
Впервые Рапсодия М. Скорика прозвучала в исполнении Евразийского симфонического оркестра
Казахского национального университета искусств, в честь 20-летия установления дипломатических
отношений между Казахстаном и Украиной.
Достарыңызбен бөлісу: |