Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#7070
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 
ISSN 2224-5294 
 
 
2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 
Х А Б А Р Л А Р Ы 
ИЗВЕСТИЯ
 
 
НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК 
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
 
N E W S
 
 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES 
OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
 
 
ҚОҒАМДЫҚ ЖƏНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ 
ҒЫЛЫМДАР СЕРИЯСЫ 
 
СЕРИЯ ОБЩЕСТВЕННЫХ 
И ГУМАНИТАРНЫХ НАУК 
 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
 

(294)
 
НАУРЫЗ  – СƏУІР 2014 ж. 
МАРТ – АПРЕЛЬ 2014 г. 
MARCH – APRIL 2014 
 
 
1962 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН ШЫҒА БАСТАҒАН 
ИЗДАЕТСЯ С ЯНВАРЯ 1962 ГОДА 
PUBLISHED SINCE JANUARY 1962 
 
ЖЫЛЫНА 6 РЕТ ШЫҒАДЫ 
ВЫХОДИТ 6 РАЗ В ГОД 
PUBLISHED 6 TIMES A YEAR 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ, ҚР ҰҒА 
АЛМАТЫ, НАН РК 
ALMATY, NAS RK 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
2  
Б а с    р е д а к т о р 
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-сының құрметті мүшесі , проф. 
С.Ж. ПІРАЛИЕВ 
 
Бас редактордың орынбасарлары 
 
ҚР ҰҒА академиктері К.Н.НƏРІБАЕВ, Ə. Н. НЫСАНБАЕВ, Ө. АЙТБАЙ 
 
Р е д а к ц и я   а л қ а с ы:  
 
ҚР  ҰҒА-ның  академиктері:  К.М.  Байпақов,  С.Н.  Сəбікенов,  С.С.  Қирабаев;  ҚР  ҰҒА  корреспондент  мүшелері  Х.М. 
Əбжанов, Р.Б. ƏбсаттаровМ.Х. ƏбусейітоваБ.А. БайтанаевУ. Қалижанұлы, М.Қ. ҚойгелдиевЗ.К. Шаукенова; 
заң ғ. д., проф. Д.М. Баймаханова, философия ғ. д. Г.Г. Барлыбаева (жауапты хатшы),  филол. ғ. д., проф. Ə. Дербісəлі
э. ғ. д. С.С.Еспаев, ф. ғ. д. М. Малбақов, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, психол. ғ. д., проф. Ж.И. Намазбаева, ҒА академигі 
Г. Руснак (Молдовa) ҒА академигі АН А. Рошка (Молдовa), ҒА академигі Г. Белостечник (Молдовa)ҒА академигі Н. 
Велиханлы (Əзірбайжан), ҒА корр.мүшесі АН З. Сафарова (Азербайджан), ҒА корр.мүшесі Ш. Мурадов (Əзірбайжан),
 
ҒА  академигі  Т.Н.  Назаров  (Тəжікстан),  з.ғ.д.,  проф.  В.А.  Устименко  (Украина),  экон.  ғ.д.,  проф.  В.Н.  Василенко 
(Украина)   
 
 
Г л а в н ы й    р е д а к т о р 
член-корреспондент НАН РК, доктор педагогических наук, проф., почетный член НАН РК 
С.Ж. ПРАЛИЕВ 
 
Заместители главного редактора 
академики НАН РК К.Н. НАРИБАЕВ, А. Н. НЫСАНБАЕВ, У. АЙТБАЙ  
 
Р е д а к ц и о н н а я   к о л л е г и я: 
 
академики НАН РК: К.М. БайпаковС.Н. Сабикенов, С.С. Кирабаев; член-корреспонденты НАН РК  Х.М. Абжанов, 
Р.Б.  Абсаттаров,  М.Х.  Абусеитова,  Б.А.  Байтанаев,  У.  Қалижанулы,  М.К.  Койгельдиев,  З.К.  Шаукенова,  д.ю.н., 
проф. Д.М. Баймаханова, д. философ. наук  Г.Г. Барлыбаева (ответсекретарь), д. филол. н., проф. А. Дербисали, д. э.н. 
С.С.  Еспаев,  д.  филол.  н.,  проф.  М.  Малбаков,  почетный  член  НАН  РК,  д.  психол.  наук,  проф.Намазбаева  Ж.И.
академик  АН  Г.  Руснак  (Молдовa),    академик  АН  А.Рошка  (Молдовa),  академик  АН  Г.  Белостечник  (Молдовa)
академик  АН  Н.  Велиханлы  (Азербайджан),  член-корр.  АН  З.Сафарова  (Азербайджан),  член-корр.  АН  Ш.  Мурадов 
(Азербайджан),
 
академик
 
АН Т.Н. Назаров (Таджикистан), д.ю.н., проф. В.А. Устименко (Украина), д. э. н., проф. В.Н. 
Василенко (Украина)   
 
E d i t o r-i n-c h i e f 
corresponding member of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan
doctor of pedagogical sciences, honorary member of NAS of the RK, prof.  
S. ZH. PRALIEV 
 
E d i t o r i a l   s t a f f: 
 
academicians of NAS of the RK K.N. NARIBAYEV,  A.N. NISANBAYEV, U. AITBAI 
 
Deputy editor-in-chief 
academicians of NAS of the RK: K. M. BaipakovS.N. SabikenovS.S. Kirabayev; corresponding members of the National 
Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan Kh.M. Abzhanov, R.B. AbsattarovM. Kh. Abuseitova B.A.Baitanayev,, 
U. Kalizhanuly,  M.K.Koigeldiyev,  Z. K. Shaukenova, doctor of juridical sciences, prof. D.M. Baimakhanova, doctor of 
philosophical sciences G.G. Barlybayeva (secretary), doctor of philological sciences, prof. А. Derbisali, doctor of economical 
sciences  S.S. Espayev, doctor of philological sciences, prof. M. Malbakov, honorary member of the National Academy of 
Sciences of the Republic of Kazakhstan, doctor of psychological sciences, prof. Namazbayeva Zh.I., academicians of NAS G. 
Rusnak  (Моldova),   academicians of NAS А.Roshkа  (Моldova), academicians of NAS  G. Belostechnik (Моldova)
academicians of NAS N. Velikhanly (Аzerbaijan), corresponding members
 of the NAS
  Z.Safarova  (Аzerbaijan), 
corresponding members of the NAS
  Sh. Мuradov (Аzerbaijan),
 
academicians of NAS Т.N. Nazarov (Таdjikistan), doctor of 
juridical sciences, prof. V.А. Ustimenko (Ukraine), doctor of economical sciences, prof. V.N. Vasilenkoо (Ukraine)    
 
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан. Серия общественных и гуманитарных наук.  
ISSN 2224-5294                                                                 САЙТ НАН РК: http://akademiyanauk.kz/ 
 
Cобственник: РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан» (г. Алматы) 
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания в Комитете информации и архивов 
Министерства культуры и информации Республики Казахстан № 10894-Ж, выданное 30.04.2010 г. 
Периодичность 6 раз в год 
Тираж: 3000 экземпляров 
Адрес редакции: 050010, г.Алматы, ул.Шевченко, 28, ком.219-220, тел. 272-13-19, 272-13-18 
Адрес типографии: ИП «Аруна», г. Алматы, ул. Муратбаева, 75 
 
© Национальная академия наук Республики Казахстан, 2014 г.
 

№2. 2014 
 
 

 
 
К ПОСЛАНИЮ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  
Н.А. НАЗАРБАЕВА «КАЗАХСТАНСКИЙ ПУТЬ – 2050:  
ЕДИНАЯ ЦЕЛЬ, ЕДИНЫЕ ИНТЕРЕСЫ, ЕДИНОЕ БУДУЩЕЕ» 
 
   
 
УДК 330 (338) 
 
С.С.ЕСПАЕВ, 
ҚР БҒМ Экономика институтының директоры,э.ғ.д 
ҚР БҒМ Экономика институты, Алматы қ. 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ: 
ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ, ИННОВАЦИЯ ЖƏНЕ ИНДУСТРИАЛИЗАЦИЯ 
 
Аннотация.  Ғылыми  мақаланың  мақсаты – Қазақстанда  ғылымға  негізделген  экономика  құрудың 
тетіктерін ұсыну. Ғылымды дамыту жəне оны инновация мен индустриализациямен ұштастырудың əлемдік 
тəжірибесі  зерттелген.  Сонымен  қатар,  мақалада  ғылым  мен  инновацияны  реттейтін  ҚР  Заңдарына 
ұсыныстар жасалынған. Автор ғылым мен кəсіпкерлік арасындағы алшақтықты жою, ғылыми зерттеулерді 
нарыққа  шығару  мен  өндіріске  енгізу,  инновациялық-технологиялық  кластерлерді  қалыптастыру,  шетелдік 
технологияларды  енгізудің  Ұлттық  агенттігін  құрудың  жолдарын  ұсынады.  Аталмыш ұсыныстарды  ғылым 
мен инновацияны мемлекеттік басқару саясатында, заң шығару саласында кеңінен қолдануға болады.  
 
Тірек сөздер: ғылым, инновация, ғылымға негізделген экономика, индустриялизация 
Ключевые слова: наука, инновация, экономика основанная на науке, индустриализация.  
Keywords: science, innovation, economy based on science, industrialization. 
 
Ел Президенті Н. Ə. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
Жолдауында    келе  жатқан  онжылдықта  алаңдарлық  мəселелер  мен  күтілмеген  жағдайлар, 
жаһандық  нарық  пен  əлемдік  саясаттағы  жаңа  дағдарыстар  аз  емес  екендігі  туралы  көрсетілген.  
ХХI ғасырда «жеңіл серуеннің» болмайтыны анық. ХХI ғасырдың үштен екісі сөз жоқ күрделілеу, 
ал  ғаламдық  Топ-30  тізіміне  үміткерлердің  саны  шектеулі  болады.  Осыған  орай,  мемлекет 
басшысы  ЭЫДҰ-ның  (Экономикалық  ынтымақтастық  пен  даму  ұйымы)  бірқатар    ұстанымдары 
мен  стандарттарын  Қазақстанға  енгізу  бойынша  мақсаттар  қойды.  Ең  бастысы – ғылымға 
негізделген  экономика  үлгісін  қалыптастыру,  ол  Қазақстанның  экспорттық  əлеуетінде  дайын 
өнімнің  үлесін 70%-ға  дейін  арттыру  мақсатын    көздейді.  Сонымен  қатар,  жаңа  жоғары 
технологиялық  салаларды  құру  ғылымды  ІЖӨ-нің 3%-нан  кем  емес  қаржыландыруды,  энергия 
жұмсауды 2 есе төмендетуді жəне еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға 
дейін көтеруді талап етеді.   
Мемлекет басшысы көрсеткендей – бізге келесі басым бағыттар бойынша бірқатар міндеттерді 
шешуіміз  керек.  Біріншіден,  инновациялық  индустрияландыру  трендін  түзету  мен  күшейту  жəне 
оны  үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасының  екінші  бесжылдығын  жасау 
барысында  ескеру.  Индустрияландыру  басымдықтарының  санын  шектеу  керек.  Қазақстандағы 
кəсіпкерлікті,  ең  алдымен  шағын  жəне  орта  кəсіпкерлікті  дамытуға  барынша  қолайлы  жағдайлар 
жасау жұмыстың негізі өзегі болады. Келе жатқан 10-15 жылда ғылымға негізделген экономикалық 
негіз  жасауымыз  керек,  онсыз  біз  əлемнің  дамыған  елдерімен  бір  қатарға  тұра  алмаймыз.  Бұл 
дамыған ғылымның көмегімен шешіледі. Ғылымға негізделген экономика құру – бұл, ең алдымен, 
қазақстандық  ғылымның  əлеуетін  көтеру.  Аталмыш  бағыт  бойынша  қаржыландыру, 
интеллектуалдық  меншікті  қорғау,  зерттеу  мен  инновацияларды  қолдау,  сонымен  қатар,  ғылыми 
зерттемелерді нарыққа шығару заңнамаларын жетілдірген жөн. Елге қажет нақты зерттемелер мен 
жаңалықтары үшін ғылымды кезеңімен қаржыландыруды арттырудың нақты  жоспары керек.  

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
4  
Осы  орайда,  отандық  инновациялық  саясат  əлемдік  тəжірибеде  туған  көптеген  бағыттарды 
қамтитынын атап өту керек. Алайда, көптеген қолға алынған шаралар тиісінше нəтиже бермейді, 
себебі жеке кəсіпкерлікті инновациялық қызметке тарту қиын.  Ең күрделісі – ұлттық кəсіпкерлікке 
ғылыми  зерттеулер  мен  инновацияны  қолдаудың  қажет  екендігін  ұғындыру  қиын.  Сондықтан 
Жолдауды  жүзеге  асыру  үшін  ғылым  мен  кəсіпкерлікті  инновацияға  жұмылдыру  үшін 
төмендегідей кешенді шаралардың маңызы зор:    
1.  Кəсіпкерліктің  инновацияға  қатысуын  ынталандыру  мақсатында  шет  елдік  инвесторлардың 
Қазақстан  ғылымын  дамытудағы  рөлін  арттыру  керек.  Шет  мемлекеттерде  ғылымға  жұмсалатын 
жалпы  қаржының 20%-ы  шетелдік  көздердің  үлесіне  тиесілі.  Қазақстанда  шетелдік 
инвесторлардың үлесі 1–2 %, ал негізгі капиталдағы шетелдік инвестицияның тиісті үлесі 20%-дан 
30%-ды құрайды. Шет елдік инвесторлар өндірістік компаниялармен ғана емес ҒЗИ-мен де келісім-
шарттар жасауы тиіс.  
2.  «Жер  қойнауы  мен  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»  ҚР  Заңына  енгізілген  қосымшаларға 
сəйкес  жер  қойнауын  пайдаланушылар  жылдық  жиынтық  табысының 1%-ын  ҒЗТК  (Ғылыми-
зерттеу  жəне  тəжірбиелік  конструкторлық)  жұмыстарға  аударуы  туралы  міндеттемелер 
анықталған.  Индустрия  жəне  жаңа  технологиялар  министрлігінің  бағалауынша  жер  қойнауын 
пайдаланушылардың  ҒЗТК  жұмыстарды  қаржыландыруы 250 млн.  долларға  дейін  өседі. 
Сондықтан, инновациялық циклдың кез келген кезеңінде технология алмасуды қаржыландыратын 
ғылыми-техникалық  жəне  инновациялық  жүйе  арқылы  қаржылық  ресурстарға  қол  жеткізуді 
кеңейту  керек.  Ол  үшін  инновациялық  циклдың  барлық  сатыларынан  өтетін  кəсіпкерлік-
жобаларды қамтамасыз ету үшін қорлардың желісін кеңейткен жөн. Соның ішінде, Технологиялық 
даму  қорын  құруды  қарастыру  керек,  ол  бекітілген  аударымдардың  үлесі  есебінен  қалыптасады, 
мысалға  өндірістік кəсіпорындардың корпоративтік табысының 0,5%-ы.   
3. Зерттеушілік жəне кəсіпкерлік орта арасындағы алшақтықты жоюды көздеу керек. Аталмыш 
проблема  елде  кластерлер,  технопарктер,  венчурлық  қорлар  құру  арқылы  шешіледі.  Бұл  дұрыс, 
бірақ  жеткіліксіз.  Кешенді  шаралар  қажет.  Əсіресе,  зерттемелерді  нарыққа  шығарумен, 
патенттеумен жəне лицензиялаумен, консалтинг, инновацияның маркетингісімен, интеллектуалдық 
меншікті  басқарумен  айналысатын  технологиялық  делдалдар  институтын  қалыптастырудың 
маңызы жоғары.   
4.  Ғылымды  қаржыландыру.  Тек  қаржыландыру  арқылы  ғылымды  дамытудың  мəселелерін 
шешу мүмкін емес. Бұл тұста жүйелі жəне кешенді шаралар қажет, сондықтан «Ғылым туралы» ҚР 
Заңына тиісті толықтырулар енгізуді ұсынамыз (Кесте-1).  
 
Кесте -1. «Ғылым туралы» ҚР Заңын жетілдіруге байланысты ұсыныстар (жоба 
 
23 - бап. Ғылыми қызметтің нəтижелері 
Ғылыми қызметтің нəтижесіне: жаңғырту мен (немесе) тəжірбиелік қолдануға болатын, кез келген формада баяндалған  
немесе кез келген материалды ақпарат тасымалдаушыда бекітілген теориялық немесе тəжірбиелік жолмен алынған жаңа 
білімдер;  объектілердің  тəжірбиелік  (зертханалық)  үлгілері  жəне  жаңа  білім  негізінде  жасалынған  үдерістер,  сонымен 
қатар сол объектілер мен үдерістердің құжаттамасы жатады.  
Ғылыми қызметкердің (уақытша ғылыми ұжым, ғылыми ұйымның) қызметінің нəтижелері соңғы, аралық жəне қосалқы 
болуы мүмкін. 
Соңғы  сипаттағы  ғылыми  қызметтің  нəтижесіне  келісімдер  мен  қызметтік  тапсырмалармен  қарастырылған  ғылыми 
зерттеулердің нəтижесі ретінде алынған  немесе жасалынған білімдер жəне (немесе) объектілер жатады.   
Қосалқы  сипаттағы  ғылыми  қызметтің  нəтижелеріне    келісімдер  мен  қызметтік  тапсырмаларға  сəйкес,  бірақ  бұл 
құжаттармен қарастырылмаған жəне келісім немесе қызметтік тапсырмада келісілген мақсаттардан айырмашылығы бар 
мақсаттарда ғана  қолдануға жарамды ғылыми зерттеулердің үдерісінде немесе нəтижесінде алынған  немесе жасалынған 
білімдер жəне (немесе) объектілер жатады.   
Келесі редакцияда жаңа 24-баппен толықтыру: 
24 – бап. Ғылыми-техникалық ақпараттың жүйесі 
а)  Мемлекеттік  ғылыми-техникалық  саясаттың  бір  бағыты  ғылыми-техникалық  ақпаратты  қолдау  мен  дамыту  болып  
болып  табылады.  Осы  мақсатта  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  органдарымен:  ғылыми-техникалық 
ақпараттың  барлық  түрлерін  жинау  мен  өңдеудің  орталық  жəне  территориялық  желісін  дамытуды  қамтамасыз  ету; 
ғылыми-техникалық  ақпараттың  жəне  ақпараттық  қызмет  көрсетудің  сапасын  жоғарылату  бойынша  шаралар  қолға 
алынады; заманауи ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйе мен желілерді құруды ынталандыру, коммуникациялық 
жүйелерді дамыту қамтамасыз етіледі;   ғылыми-техникалық ақпаратты жасау, иемдену жəне таратуды қаржылай қолдау 
жүргізіледі.   
ə)  Өндірістік  кəсіпорындардың  зерттеулерінің  нəтижелері,  кəсіпорындардың  қажеттілігі  мен  оларды  шешу  жолдарын 

№2. 2014 
 
 

қамтыған «Нақты сектордың қажеттіліктерінің базасы» атты жаңа ақпараттық ресурс құру.  
б)  Жыл  сайын  ғылыми  жəне  технологиялық  болжамдар,  əлемдік  жəне  ұлттық  инновациялық  нарықтың  жағдайын, 
технологиялық  дамудың  болашағы  мен  жүргізілетін  инновациялық  саясаттың  тиімділігіне(таңдаулы  шетелдік  жəне 
отандық сарапшыларды тарту арқылы) талдау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, жəне нақты ұсыныстарды, соның 
ішінде сəйкесінше нормативтік құқықтық актілерді жасау бойынша  ұсыну.  
в)  Салалар  мен  аймақтар  айырмасында  инновациялық-технологиялық  даму  бойынша  орталық  жəне  жергілікті 
орындаушы  органдар,  мемлекеттік  компаниялар,  ұлттық  холдингтер,  ҒЗИ  мен  ЖОО-лардың  қызметіне  рейтингтік 
бағалауды енгізу.  
г)  Ұлттық  компаниялардың,  ірі  кəсіпорындардың  технологиялық  дамуының  белгілі  бір  деңгейіне  қол  жеткізудің 
міндеттері,  сонымен  қатар  аталмыш  үдеріске  отандық  ғылыми,  инновациялық  жəне  өндірістік  ұйымдарды  кірістіру 
мүмкіндіктері  қамтылған  экономика  салаларын  дамыту  бойынша  Технологиялық  жоспар  жасау; PR-стратегия,  жастар 
жəне кəсіпорын жұмысшылары, кəсіпкерлер арасында байқаулар, семинарлар, көрмелер, конгрестер жəне т.б. инновация 
мен  инноваторлар  туралы  халықтың  жағымды  пікірін  туғызатын  шараларды  қамтыған  кешенді  үгіт-насихат  жұмысын 
жүргізу.    
Мемлекеттік,  қызметтік  жəне  коммерциялық  құпия  болып  табылатын  ақпараттарды  қолдану  бойынша  шектеулер 
Қазақстан Республикасының  заңнамаларымен бекітіледі.  
 
 
5.  Экономиканың  барлық  салалары  бойынша  жаңа  идеялар,  инновациялар,  ғылыми 
зерттеулердің  мəліметтерінің банкін жасауды жəне жүргізілген зерттеулерге мониторинг жүйесін 
енгізуді  ұсынамыз.  Ол  үшін  барлық  субъектілер  мемлекеттік  органдарға  қаржыландыру  үшін 
тіркеліп  жəне  өтініш  бере  алатындай  арнайы  сайт  ашылуы  қажет.  Қандай  жаңа  зерттеулер  мен 
инновациялық  технологиялар  жасалып  жатқандығын,  оның  бағасы  қанша  тұратындығын,  оның 
нəтижелері  мен  енгізу  жағдайы  қандай  екендігін  білу  керек.  Елде  ғылымды  дамытудың  басым 
бағыттарын  анықтау  қажет.  Анықталған  басым  бағыттар  туралы  барлығы  білуі  тиіс,  ал 
қаржыландыруды  дəл  сол  зерттеулерге  бағыттап  жəне  Салық  кодексінде  ғылыми  зерттеулерге 
кеткен  барлық  шығынды,  капиталдық  шығынды  қоса  есептегенде  шегерістерге  жатқызу  керек. 
Сонда жеке сектордың ғылыми зерттеулерді қаржыландыруына ынталандыру жасалынады.   
6.  Технологиялық  модернизация  Қазақстанда  жаһандық  технологиялық  революцияның  үш 
негізгі  кілт  бағыттарын  қалыптастырумен  байланысты:  биотехнология,  нанотехнология  жəне 
ақпараттық  технологиялар. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын арттырумен байланысты 
жаңа  технологиялар  да  назарға  алу  керек. 2020 жылға  дейін  технологиялық  дамудың  əлемдік 
болжамдарында  көрсетілген 16 негізгі  бағыттардың  Қазақстанда  кем  дегенде  бесеуін  игерудің 
алғышарттары  бар.   Сымсыз  байланыс  технологиясын  қолдану  əбден  мүмкін.  Сонымен  қатар, 
инновациялық  серпінді  секторларға  АӨК  (Агроөндірістік  кешені),  медициналық  өндіріс, 
денсаулық  сақтау  салаларының  тиімділігін  жедел  көтеретін  биотехнологияларды  дамытуды; 
спутниктік  жəне  көтерметалшықты  байланыс,  ұялы  байланыс  жəне  т.б.  заманауи  жүйе  негізінде 
ақпараттық инфрақұрылымды дамытуды жатқызуға болады.    
7.  Ғылыми-техникалық  салада  интеллектуалдық  меншік  объектілерін  жасау,  бағалау  мен 
қолдануды  ынталаныдыруға  мүмкіндік  беретін  интеллектуалдық  меншік  объектілерін  қорғау  мен 
қолдануды  қамтамасыз  ету  бойынша,  сонымен  қатар  кəсіпкерліктің,  оның  ішінде  ұлттық 
компаниялардың 
ғылыми-зерттеу 
қызметке 
қатысуын 
біріккен 
ғылыми-техникалық 
бағдарламалармен жүргізудің механизмдерін енгізу, ғылыми жобаларды жартылай қаржыландыру 
жəне  біліктілігі  жоғары  ғылыми  жəне  инженерлік  кадрларды  тарту  жолымен  кеңейтудің 
нормаларын заңнамалық тұрғыда бекітуді талап етеді.    
Ол  үшін  Қазақстанға  жоғары  технологиялық  корпорацияларды  тарту  мақсатында  қолайлы 
салықтық  жағдайлар  енгізу  керек.  Шетелдік  технологиялардың  көптеп  келуіне  қатысты  шетелдік 
серіктестерге  дайын  тауардың  «локализациясын»  талап  ету  керек,  сонымен  қоса  дайын  өнімге 
компоненттері  мен  бөліктерінің  прогрессивті  көлемін  «қазақстандық  мазмұн»  талаптарын  енгізу 
қажет.  Келісім  шарт  тіркеуі  технология  импортының  негізгі  əдісі  болуы  тиіс.  Келісім  шартта 
міндетті  түрде  шетелдік  қызметкерлермен  жүргізілетін  ғылыми-зерттеулік  ұйымдардың 
талаптарымен таныстыру қажет. 
Негіздеме:  Технология  трансфертінде  Қытайда  елде  жұмыс  жасайтын  шетелдік 
корпорацияларды  өздерінің  технологиясымен,  əсіресе  əуе  көлігінде,  энергетика,  жедел  темір 
жолдары, IT жəне  т.б.  салаларда  бөлісуін  мəжбүрлеп,  үнемі  жаңа  «ойын  ережесін»  өзгертіп 
отырады.   

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
6  
Қазақстанда технология трансфертінде машиналар жəне құралдарды жеткізудің үлесі көп, ноу-
хау  мен  лицензияларды  алу  өте  төменгі  деңгейде.  Мысалы  лицензияны  иемденудегі  қызмет 
көрсету төлемі 1-2% төңірегінде ғана.  
Елбасы  Жолдауында  айтылғандай,  бұл  идеяларды  жүзеге  асыру  бағдарламалық  құжаттарды 
қайтадан қарауды талап етеді. Мазмұны мен толықтыруларына сəйкес жаңа сападағы мемлекеттік 
жəне  салалық  бағдарламалар  сəйкес  жобаларды  жүзеге  асыруға  қатыстырылған  жобалар  мен 
ұйымдардың кəсіпкерлік жоспарының жиынтығын қамтуы тиіс.   
Шетелдік  технологияларды  иемдену  бойынша  əрекеттерді  үйлестіру  үшін  арнайы  Ұлттық 
агенттік  құру  ұсынылады.  Оның  негізгі  атқаратын  міндеттері:  түрлі  салалар  үшін  шетелдік 
технологияларға  қажеттіліктерді  анықтауға  əрекетестік  жасау;  технологияның  альтернативті 
қайнар  көздері  туралы  ақпараттарды  алу  мен  талдауға  көмектесу;  технологияны  бағалау  мен 
таңдау  жасауға  əрекеттесу;  тікелей  жəне  жанама  шығындарды  талдауда,  технологияны  жеткізу 
жағдайларының дұрыстығын бағалауда, шетелдік технологияны иемдену, бейімдеу жəне таратуда 
технология импортын жекеленген элементтерге бөлу.   
8.  Инновациялық  қызметтің  критерийлері  мен  көрсеткіштерін  қайта  қарау  керек,  мемлекеттік 
қолдау көрсету мақсатында жəне  статистика мен талдауда қолдану үшін инновациялық өнімдердің 
белгілерін  нақты  анықтау  қажет.  Салалы  жəне  салааралық  инновациялық  саясаттың  негізгі 
бағыттары    келешектегі  дамуы  шынайы  ұзақ  мерзімді  жəне  қысқа  мерзімді,  стратегиялық  жəне 
тактикалық мақсаттары атқарылуы тиіс.   
9. Ғылымға негізделген басқару жүйесі «ғалым – шенеунік – ғалым» ұстанымынан «кəсіпкерлік 
–  шенеунік – ғалым – кəсіпкерлік»  ұстанымына  бағдарлануы  тиіс.  Ғылымды  қаржыландыру 
құрылымын  келесі  пропорцияда  өзгерту  керек – фундаменталды  зерттеу – 20%, қолданбалы 
зерттеулер – 30%, ТКЖ – 50%. 
Дамыған  елдерде  ғылымға  негізделген  экономика  үдерісінің  негізінде  мынадай  логикалық 
тізбек  бар:  ғылым 
→  ғылымның  (ғылыми-техникалық  қызметтің)  нəтижелерін  қолдану  арқылы  
жаңа  технологиялар,  машиналар,  құрылғыларды  жасау  бойынша  сынамалы-конструкторлық 
немесе  сынамалы-технологиялық  жұмыстар    ғылыми-техникалық  қызметтің  (инновациялық 
қызметтің) нəтижесін коммерциализациялау.  
10.  Жоғарыдағыларды  ескере  отырып, «Ғылыми,  ғылыми-техникалық  жəне  инновациялы 
қызмет»  туралы  Заңды  жасау  мен  қабылдау  керек.  Ресейде  «Ғылым  жəне  мемлекеттік  ғылыми-
техникалық  саясат туралы Федералдық Заң» жəне  Украинада «Ғылым жəне ғылыми-техникалық 
қызмет туралы Украина заңы» бар екендігін атап өткен жөн.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет