Национальной академии наук республики казахстан


REFERENSES  1   Cit. po kn.: Tarakanov M. Simfonija i instrumental'nyj koncert v russkoj sovetskoj muzyke. M., Muzyka, 1968



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#7070
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

 
REFERENSES 
1
 
Cit. po kn.: Tarakanov M. Simfonija i instrumental'nyj koncert v russkoj sovetskoj muzyke. M., Muzyka, 1968. – S. 17 
(in Russ.) 
2
 
Tarakanov M. Muzykal'naja dramaturgija v sovetskom balete. V sb.: Sovetskij muzykal'nyj teatr. M., Sovetskij 
kompozitor, 1982. – S. 145 (in Russ.) 
3
 
Noverr Zh-Zh. Pis'ma o tance. L.-M.: Iskusstvo, 1965. – S. 127 (in Russ.) 
4
 
Krasovskaja V. Zapadno-evropejskij baletnyj teatr. Ot istokov do serediny XVIII veka. L.: Iskusstvo, 1979. – S. 277 (in 
Russ.) 
5
 
Bogdanov-Berezovskij V. Priroda baleta. V sb.: Stat'i o balete. L.: Sovetskij kompozitor, 1962. – C. 24 (in Russ.) 
6
 
Jentelis L. Vstupitel'naja stat'ja k sborniku «Sto baletnyh  libretto». L., Muzyka, 1971. – S. 9 (in Russ.) 
7
 
Bogdanov-Berezovskij V. Muzykal'naja kul'tura baleta. V sb.: Stat'i o balete. L.: Sovetskij kompozitor, 1962. – C. 60-
61 (in Russ.) 
8
 
Demidov A. Zolotoj vek Jurija Grigorovicha. M.: Algoritm, Jeksmo, 2007. – S. 124-125 (in Russ.) 
9
 
Lopuhov F. Horeograficheskie otkrovennosti. M., Iskusstvo, 1972. – S. 116 (in Russ.) 
10
 
Slonimskij Ju. P. I. Chajkovskij i baletnyj teatr ego vremeni. M,: Muzgiz, 1956. – S. 212 (in Russ.) 
11
 
Fokin M. Protiv techenija. M.-L.: Iskusstvo, 1962. – S. 528 (in Russ.) 
 

№2. 2014 
 
 
209 
Aesthetic aspect in symphony action of dancing 
D. Yessentayeva 
 
Summary 
 
        The given article presents its fragment in the master’s dissertation thesis of D. Yessentayeva «The artistic investigation 
of Kazakhstani choreography and problems of formulations repertoire ballet performance on the stage of the theatre after Abai» 
.In this topic the theme the symphony action of dancing as the main feature of creation ballet performances and forming classical 
images repertoire are formed. 
  
Би симфонизациясының  эстетикалық аспекті 
 
Д. Есентаева 
 
Резюме 
 
Осы  мақала  Д.Есентаеваның  магистр  диссертациясынан  ұсынып  отырған    үзіндісі. «Абай  атындағы  МОБАТ 
сахнасындағы  қазақстандық  хореографияның  көркем  ізденісі  жəне  балеттік  репертуардың  қалыптастырудағы  мəселе 
көрінісі.» Бұл мақалада би симфонизациясының тақырыбы маңызды фактор ретінде балеттік көрініс  құрылып əзірленеді, 
театр репертуары классикалық үлгіде қалыптасады. 
 
                                                                                                          
                                                                                            
 
 
УДК 789+781.24 
 
Қ.М. ҚАДЫРБАЕВА 
 
Құрманғазы атындығы Қазақ ұлттық консерваториясы 
 
ВОКАЛДЫ-КАМЕРАЛЫҚ ƏН ӨНЕРІНДЕГІ БІЛІКТІ ҰСТАЗ – 
Н.А.ШАРИПОВА ТУРАЛЫ БІЛІКТІ СӨЗ.... 
 
Аннотация 
 
Бұл  мақалада  Қазақстан  Республикасының  Халық  əртісі,  профессор  Н.А.Шарипованың  педагогикалық 
қызметінің ерекшеліктері қарастырылады. 
Тірек сөздер: вокалдық жанр, камералық əн, романс. 
Ключевые слова: вокальный жанр, камерное пение, романс. 
Keywords:vocal genre, chamber vocal, romance. 
 
   Туғанда дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнауына кірер денең. 
Өмірдегі қызығың бəрі өлеңмен, 
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-cалаң.  
Абай Құнанбаев  
 
     Əн  өнерінде  əншілік  дауысты  тəрбиелейтін  ұстаз  болу  жұмысы  өте  күрделі  жəне  үлкен 
жауапкершілікті қажет етеді. Тарихқа біраз көз жүгіртсек, көптеген əншілердің барлығы ұстаз бола 
бермеген, ал əншілік тəжірибесі аз ұстаздар керісінше əлемде атақты əншілерді тəрбиелеген.Соның 
бірі,  егер  ауыз  толтыра  айтатын  болсақ,  Надия  Абдрахманқызы  Шарипова  еді.  Ол  ұстаздық 
жолында  болашақ  əншілердің  шығармашылық  қабілеттерін  жəне  тəжірибелерін  қалыптастырды, 
оның  жалпы вокалдық педагогикаға қосқан үлесі мол.  
     2013жылы, 13-қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Шопен» 
атындағы концерттік залында, арнайы Надия Абдрахманқызы Шарипованы еске алу кеші өтті. Бұл 
кешті  ұйымдастырған  менің  ұстазым,  Н.А.Шарипованың  шəкірті – доцент  М.Ж.Мекенбаева. 
Концертке  атсалысып  қатысқан  Ж.Мекенбаева  класының  халықаралық,  республикалық 
конкурстарының  лауреаттары,  дипломанттары,  магистранттары - Екатерина  Медведева,  Жанар 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
210  
Бузыкеева, Қаламқас Қадырбаева, Надия Наденова, халықаралық, республикалық конкурстарының 
дипломанты концертмейстер – Қожанбаева Б.Қ., тағы да осы кештің арнайы қонақтары: Қазақстан 
Республикасының  мəдениет  қайраткері,  доцент – Е.И.Шин  жəне  К.Байсейітова  ат  РССМШИ 8-
сынып оқушысы Артықбаев Нұрбол.  
 
Бұл  концерт  репертуарындағы  орындалған 
əрбір  шығарма  өзіндік  ерекшеліктері  арқылы 
халықтың көңілінен шыға білді. 
Профессор 
Надия 
Абдрахманқызы 
Шарипова  туралы  айтсақ,  ол - Қазақстандағы 
вокал  өнерінің  дамуына  өз  үлесін  қоса  білген 
ерекше 
тұлғаның 
бірі, 
Қазақстан 
Республикасының 
Халық 
əртісі. 
Ол 
педагогикалық  жұмысына  өз  өмірінің 40 
жылдан  астам  уақытын  арнаған.  Вокалды-
педагогикалық  қызмет  атқарған  жылдарында 
Надия  Абдрахманқызы  Шарипова  көптеген 
əншілерді 
тəрбиеледі, 
олардың 
арасында 
республикалық 
жəне 
халықаралық 
байқаулардың  лауреаттары,  Республикамыздың 
еңбек  сіңірген  халық  əртістері,  орта  жəне 
жоғары 
музыкалық 
оқу 
орындарының 
педагогтары бар. Мысалы, атап айтқанда: 
В.Шевченко, 
А.Оспанова, 
В.Хакимова, 
А.Қожахметова,  В.Каретникова,  В.Шаплыко, 
Н.Баштовая, 
Л.Дороховская, 
В.Зиброва, 
Л.Бойцова, С.Бринюк – сопрано;  
 
Б.Нұрғожаева, Ж.Мекенбаева, С.Шепаева, Г.Кожевникова – меццо-сопрано
Л.Кесоглу, А.Дінишев, В.Ли, Б.Исаев – тенорлар
Н.Моткин, М.Жүнісов, В.Хакимов – баритондар, Ш.Үмбеталиевтер кəсіби білім алған.  
 
Солардың  ішінде  ашық  тоқталатын  болсақ, 
Н.А.Шарипованың шəкірті   Ж.Мекенбаева.
 
Ұстазына  ізгілік  танытып,  еске  алу  кешінде 
ұйымдастырып жатқан жайы бар. Ол кісі өзінің 
ұстазын еске алy бірер жылы сөздерін айтты:  
«Н.А.Шарипова  менің  ұлағатты  ұстазым, 
орысшалап айтқанда:«Пример большой любви к 
своим ученикам и профессионализма»  
Ол  кісі  өте  білімді,  ісіне  тиянақты, 
шəкірттерінің  алдында  таза  ұстаз  болатын.  Еш 
бір адамнан көмегін аямайтын.  
Н.А.Шарипова  консерваторияда  1958 - 2004 
жылға  дейін  еңбек  етті,  70-  шəкірт  тəрбиелеп 
шығарды.  Соның  ішіндегі 25-і  Республикалық, 
халықаралық 
конкурстарының 
лауреаты. 
Н.А.Шарипова 
керемет 
камералық 
əнші 
болатын.  Жыл  сайын  консерваторияда  екі 
бөлімнен  тұратын  концерт  беретін.  Əр 
концерттің  бағдарламасы  ерекше  болатын. 
Бұрын-соңды  орындалмаған  композиторлардың 
шығармаларына  өте  көп  көңіл  бөлетін»  деп 
сөзін тəмамдады. 
 
Надия Абдрахманова Шарипова туралы жазу – оңай шаруа емес, өйткені ол адам жайлы елеулі 

№2. 2014 
 
 
211 
жетістіктерге жеткен педагог жəне өз шəкірттеріне ерекше ықпалы болған адам ретінде айту керек. 
Оған тек айқын педагогикалық талант қана емес сонымен қатар нағыз өнер адамының үлкен сенімі 
мен  табандылығы,  қайсарлығы  сияқты  қасиеттер  тəн.  Надия  Абдрахманқызның  қызметіндегі,  іс-
əрекетіндегі негізгі мақсаттарды түсінудің кілті оның күнделікті практикалық жұмысында, өйткені 
ол кісі оған барлық күш жігері мен ойларын, сезімдерін жұмсаған. Оның жұмысы – оның бүтіндей 
өзі.  Надия  Абдрахманқызының      педагогикалық  шеберлігін,  оның  теориясын,  сабақ  беру 
əдістемесін,  оның  эстетикалық  идеяларын,  оның  мінезіндегі  шынайы  қасиеттерді  де  дəл  осы 
жұмысындағы  іс-əрекеттерден  көруге  болады.  Жұмыс  ол  үшін  тек  шаршап  шалдығу  мен  реніш 
қана  емес  сонымен  қатар  оған  шабыт,  бақыт  жəне  шығармашылық  қанағаттану  мен  ризашылық 
əкелетін  стихия  іспеттес  еді.  Оның  жүзінен  тасқынды  энергия  мен  эмоциональды  жігердің  нұры 
кейде  айрықша  уайымның  белгісі  байқалып  тұратын  еді.  Оны  жақын  танымайтын  адамдардың 
көзқарасы бойынша ол қатал əрі тəкаппар болып көрінуі мүмкін. Ол шын мəнісінде де сондай еді. 
Бірақ, сонымен қатар онда қарапайымдылық, шынайылық, кішіпейілдік, жатырқамайтын мінез бен 
сүйкімділік қатар үйлескенін айта кету керек. Надия Абдрахманқызы талап қойғыш əрі қатал ұстаз 
болатын. «Бүгін  істеуге  болатын  нəрсені  ертеңге  қалдырма», «Неге, 1000 шығарманы  талдай 
алмайсың ба?» – педагогтың максималистігінің дəлелі. Əр сабақ жаңа сырлар ашу (өмірдегі соңғы 
сабақ сияқты). Сөйлескен кездегі оның толқынысы, қанағаттанған ұшқынды көздері, дауысындағы 
төменгі  регистрде  шығатын  жылы  интонация,  осының  бəрі  сабақтың  жақсы  деңгейде  өткендігін 
білдіретін.  Шəкірт  бақытты  болатын.  Шығарманың  маңызын  терең  түсіндіру  арқылы  Надия 
Абдрахманқызы  оқушысын  жоғары  музыкалық  руханият  əлеміне  еліктіріп  əкететін.  Демек,  оның 
камералық шығармаларының интерпретациясы  ұмытылмастай. Надия  Абдрахмановна тек «жалаң 
техникамен»  ғана  айналыспайтын,  ол  музыканы  дыбыстың  қалыптасуынан  бөлуге  болмайды  деп 
есептеген,  сондықтан,  вокалды-техникалық  дағдыларды  меңгерудегі  қажырлы  еңбекпен  қатар 
шəкірттерінің  музыкалық-көркемдік  дамуына  да  көп  көңіл  бөлетін.  Мұндай  дамудың  бастамасы 
деп  Надия  Абдрахманқызы  автордың  нұсқауларын  бұлжытпай  орындау,  музыкалық  жəне 
поэтикалық текстерді терең талдау (анализ жасау) керек деп санайтын. Ойлау, іздеу, жасау! – бұл 
оның өмірлік ұраны еді. Надия Абдрахманқызы вокалдық өнер мен вокалды педагогикаға қатысты 
барлық нəрселерге үлгі бола білген адам, ұстаздықтың, достықтың, жасампаздықтың жарқын үлгісі 
болған. Əр қайсымызға осындай тамаша педагогта оқып, білім алу бақыты бұйырған. 
    1.2.  Вокалдық  педагогикада  қажырлы  еңбегімен,  зор  тəжерибесімен  өшпес  із  қалдырған 
Надия  Абдрахманқызы  Шарипова  өткен  ғасырдың 60-жылдары  əншілік  мамандығын  Алматы 
қаласындағы  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  Ұлттык  консерваториясынан  бастап,  Москвадағы 
П.Чайковский  атындағы  кансерваториясында  ол  кездегі  əлемге  аты  шыққан  əнші  «Үлкен 
театрдың»  солисті, Совет  одағының  халық  əртісі, профессор  Елена  Клеменьтевна  Катульскаяның 
класында білімін жалғастырды. 
Н.Абдрахманқызының оқыту методикасы сан алуан, тіпті əр сабақ сайын əр оқушыға жаңа əдіс 
тауып,  тұғырыққа  тіреліп  қалған  кейбір  жағдайларда  сəтті  нəтижемен  шығатын.  Əлем  өркениеті 
даму барысында өмірдің қай саласы болса да өсіп – өрбіп, биік мақсатқа жету, табиғи заңдылық. 
Ал  мəдениет  пен  өнер  əрдайым  ілгері  жүретіні  ол  да  ақиқат.  Міне  осы  тұрғыдан  профессор 
Н.А.Шарипованың əншілік педагогикаға қосқан үлесі өте зор.  
Қорыта  келгенде,  əншілік  орындаушылық  шеберлік,  ол  оқу-тəрбие  барысында  қалыптасады. 
Күнделікті сабақ кезінде дауыс тəрбиесі мен орындаушылық өнер бірін бірі толықтырып, əншінің 
ой – өрісін,  білімін  кеңейтіп  отырады.  Надия  Абдрахманқызының  өнердегі  жəне  өмірдегі  алған 
тəжерибелері,  ақыл-ой  туралы  ұсыныстары,  өнердегі  білім  беру  əдістемелері  бүгінгі  таңда  ғана 
емес, болашақ ұрпақтарға да үлкен мұра боп қалатынына кəміл сенем. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
1.1.
 
Құрманғазы  атындағы  Қазақ  Ұлттық  консерваториясы.  Қазақтың  музыкалық  дауысы.  Профессор 
Н.А.Шарипованың 80жылдығына.  Алматы, 2012жыл. « Слово  о  педагоге...»  А.Оспанова  Қ.Р  еңбек  сіңірген  əртісі,  ҚР 
еңбек  сіңірген  мəдениет  қайраткері.  Р.Тленчиева  Астана  қ.  КазНУИ  «Вокальное  искусство  и  хоровое  дирижирование» 
кафедрасының доценті. 
1.2.
 
М.Жүніс.  Т.Жүргенов  атындағы  ҚазҰӨА  профессор  Алматы  қаласы.  Қ.Р.  Халық  əртісі,  профессор 
Н.А.Шарипованың вокалдық – педагогикалық жəне эстетикалық принциптері. 
1.3.
 
Қожахметова А.Ш. «Əншілік дауыс тəрбиесі» Алматы – 2006.  
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
212  
 
Несколько слов о выдающемся педагоге вокально-камерной музыки Н.А.Шариповой 
Резюме 
 
В данной статье рассматриваются особенности педагогической деятельности Заслуженной артистки КР, профессора 
Н.А.Шариповой. 
 
A few words about prominent teacher of vocally-chamber musik N.A.Sharipova 
Summary 
 
In this article features are considered the pedagogical aktivity of the Honored artist of RK, Professor A.N.Sharipova. 
 
 
 
 
УДК 821. 512.122. 09 
 
Г.Т. МҰХАМЕДЖАНОВА 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанты 
 
ƏДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ ПРОЗА 
 
Аңнотация 
 
Шығармадағы адамның ішкі рухани өмірі, оның сыры, қиялы, толғанысы, қуанышы нəзік лиризм арқылы 
көрініс табады. Жалпы «лирика», «лиризм»  ұғымдары поэзиялық шығармаға қатысты айтылады. Мақалада 
прозадағы  лиризмнің  көрінісі,  зерттелуі  қарастырылып,  ғалымдардың  лирикалық  проза  туралы  пікірлері 
талданды.  
Тірек сөздер: əдебиеттану, лирика, лирикалық проза, лиризм, тек пен жанр, стиль, əдеби тəсіл. 
Ключевые слова: литературоведение, лирическая проза, лиризм, жанр, стиль, литературный способ. 
Keywords: literary, lyrical prose, lyricism, genre, style, literary way. 
 
Кез  келген  көркем  шығарма    бірнеше  рухани  шындықтың  қиылысы  ретінде  қарастырылады: 
мəтінді  тудырушы  автордың  көзқарасы  мен  сол  мəтінді  қабылдаушы  оқырманның, 
бақылаушының,  тыңдаушының  ішкі  жан  дүниесі.  Сөз  өнерінде  тек  сыртқы  обьективті  шындық 
қана емес адамның ішкі жан дүниесі суреттелуі, адам жаны диалектикасының ашылу дəрежесі сөз 
өнерінің  интеллектуалдық  жəне  эстетикалық  байлығының  өлшемі  болып  қала  береді.  Негізінен 
«жан  қуаттарының»  пайда  болу,  қалыптасу  жəне  даму  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым 
психология екені мəлім. Сөз өнерінде адамның ішкі сезіміне бойлап, психологиямен қиылысатын 
тұсы мəтінді эстетикалық қабылдау, нақтырақ айтқанда, ойлану, толғану, тебірену, күйіну, сүйіну, 
күлу, жылау, шаттану, шалқу сияқты психологиялық күйлердің бəрі  қарастырылатын лириканың 
жанрлық сипаты ретінде қарастырылады.  Жазба əдебиетіміздегі сыршыл поэзияның, яғни, əдеби 
мағынасындағы  нағыз  лириканың  болмыс – табиғаты  туралы  кемел  пікір,  толымды  түсінікті  төл 
əдебиеттануымызда  алғаш  негіздеген – Ахмет  Байтұрсынұлы.  Лирикаға  толғау  деген  балама 
термин қолдана отырып, «толғау – сөз өнерінің барып тұрған жері, яғни ең биік шыңы»- деп баға 
берді. «Толғау  көңілдің  көркем  сырларын  көрнекті  сөздермен  айтып  білдіріп,  адамның  көрік 
лəззаты  басқа  сөздердің  бəрінен  де  артық  болады» [1, 453], - дейді.  Əдебиетші-тілші-ғалым  
«Əдебиет танытқыш» еңбегінде лириканы «толғау» деп алуының мəні зор. Себебі лирика қасиеті 
шұбырған  оқиғаларда  емес,  ақынның  өзекжарды  арман,  терең  ой,  əсерлі  сезім  иірімдерімен  өмір 
сырын,  өмір  құбылыстарын  шынайы  бейнелеп,  тереңнен  көрсетуінде. «Толғағанда  айтатын 
нəрсесін  толғаушы  тысқарғы  ғаламнан  алмай,  ішкергі  ғаламнан  алады.  Толғаушы  ақын  əуелі 
көңілінің  күйіне  түсіріп,  халін  түсіндіру  мақсатпен  толғайды.  Толғау  қысқасынан  айтқанда  іш 
қазандай  қайнаған  уақытта  шығатын  жүректің  лебі,  көңіл  құсының  сайрауы,  жанның  тартатын 
күйі. Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне 
салып толғай алуында» [1, 407].  
Қалыптасқан ұғым бойынша, лирика дегеніміз – ақынның ойы мен сезімінің ұштасып, ұласып 

№2. 2014 
 
 
213 
келіп, тұтас келіп, тұтас көрінуі. Лириканың пəні де, бейнелер ойлары да, бейнелеп көрсетері де – 
ақынның  өз  көңіл – күйі. «Лирикалық  өлеңде, - дейді  белгілі  сыншы  Н.А.Добролюбов  лирикаға 
байланысты тұжырымдамасында, - ақын өзінің табиғаттағы немесе өмірдегі белгілі бір құбылыстан 
алған тікелей сезім-түйсігін айтып береді. Бірақ, мұндағы басты нəрсе – сол түйсіктің өзі де, оны 
ақынның  енжар  қабылдауы  да  емес,  ақынның  сол  сыртқы  əсерге  іштей  ұйып,  құлай  ықылас 
қоюында.  Əдеміліктің,  көктем  таңының  саф  мөлдір  ауасын  жұтудың,  кешкілікте  қол  ұстасып 
сауық-сайран  құрудың  рахатын,  тағы – тағыларды  сезу  əркімнің – ақ  қолынан  келер;  ал  осы 
əсерлердің бəрін жан – жүрегіне сол қалпы құйып алып, басқаларға да дəл өзіндей əсер етерлік етіп 
айтып  беру  көп  адамның  қолынан  келе  қоймайды» [2, 5]. Бұл  үшін,  əрине,  ең  алдымен  талант 
керек,  содан  кейін  талғам  керек.  Əсершілдік,  əсіре  қызылшылдық  жəне  шын  жүректен  тереңнен 
толқып, тебірену де бар.  
Құбылыстың сыртқы қабын, бояуын ғана көру жеткіліксіз. Оның ішкі мəнін де танып, ұға білу 
даралығы,  жеке  стиль  нақыштарын  көрсету  тек  қана  поэзияға  ғана  емес  прозаға  да  қатысты 
айтылады.  Өйткені  адам  факторы,  оны  зерттеп-зерделеу -  əдебиеттің  айнымас  мақсаты,  негізгі 
тақырыбы  ғана  емес,  жалпы  көркемдік  дамудың  басты  бағытын  айқындайтын  адастырмас 
темірқазығы.  Ахмет  Байтұрсынұлы  тұжырымы  бойынша,  көркем   сөз – көпқабатты   құбылыс. 
Оның  құрамында сөздің  негізгі  теориялық басымдықтары  белгіленген: «Көркем сөз – көңіл тілі, 
жалаң  сөз  зейін  тілі.  Жалаң  сөз  зейін  байлығына  қарайтын  нəрсе,  көркем  сөз  қиял  байлығына 
қарайтын  нəрсе.  Жалаң  сөз  дүниені  тұрған  қалпында  алып  айтады.  Көркем  сөз  дүниені  көңілдің 
түйген,  қиялдың  меңзеген  əлпіне  түсіріп  айтады.  Жалаң  сөз  айтқанын  ақыл  табуынша  дəлелдеп, 
мəністеп, ақиқат түрінде айтады. Көркем сөз айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, көбінесе ұйғару 
түрінде  айтады  жалаң  сөз  дүниеде  шын  болған,  шын  бар  нəрселерді  əңгіме  қылады» [3, 255]. 
Жалпы əдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін  тұңғыш рет Аристотель қалады. 
Аристотель  өзінің  «Поэтика»  еңбегінде  əдебиетті  «сөзбен  өрілген  өмір»  дейді [4, 55]. Солай  деп 
айта  келе  ұлы  философ  оның  үш  түріне  тоқталады. «Оқиғаға  автордың  өзі  қатыспай  сырттай 
бейнелеуі»  эпикалық тəсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. 
Екінші  тəсіл – бұл  əдеби  тəсіл.  Яғни,  шығарманың  негізі  нысанасы -  автордың  жан  толғанысы, 
ішкі  сезімі,  лирикалық  көңіл-күйі.  Енді  ең  соңғысына  келер  болсақ,  ол – драмалық,  драма  деп 
аталады.  Драмада  жазушының  бейнелеген  кейіпкерлері  айтайын  деген  ойын  өзінің  іс  қимылы, 
дауыс  ырғағы,  интонациясы  арқылы  сахнада  береді.  Уақыт  өте  əдебиет  үнемі  даму  үстінде 
болғандықтан,  тек пен жанр түрлері бір шығарма бойында араласып қолданыла бастады.  
Осы  əдебиеттанудағы  лиризмнің  зерттелуі  жайлы  айтқанда,  алдымен  Гегельдің  еңбектерінен 
бастаймыз,  өйткені  «Лиризм»  ұғымы  алғаш  Гегельдің  еңбектерінде  кездеседі.  Оның  ойынша, 
романтикалық  шығармалардың  мазмұнының  артықшылығы  жеке  адамның  ішкі  рухани  өмірі, 
сезімдердің  əр  алуандығын  бере  алуы.  Бұл  тұрғыдан  алғанда,  ішкі  толғаныстар  сырттай  беріле 
алмағандықтан,  күрделенеді.  Осыдан  келе,  жазушы  кейіпкердің  ішкі  əлемін  беру  үшін  лирикаға 
жүгінеді.  
Өз  заманында  орыс  ғалымы  В.Белинский  лиризмді  тек  поэзияға  ғана  тəн  құбылыс  деп 
қарамайды.  В.Белинский: «Лиризм,  существуя  сам по  себе, как отдельный  род  поэзии, входит во 
все  другие,  как  стихия,  живит  их,  как  огонь  Прометеев  живит  все  создания  Зевеса» [5, 283], деп 
лиризм  əдебиеттің  барлық  жанр  түрлеріне  тəн  қасиет  екендігін  айтады. «Без  лиризма  эпопея  и 
драма были бы слишком прозаичны и холодно равнодушны к своему содержанию; точно так же, 
как  они  становятся  медленны,  неподвижны  и  бедны  действием,  как  скоро  лиризм  делается 
преобладающим  элементом  их»  деп  ғалым  эмоциялық  қуат  пен  сезімге  толы  лиризмді  прозаның 
алтын діңгегі етіп санайды.   
Қазіргі кезде бізде лирикалық прозаны тану тəжірибесі жеткіліксіз. Алайда бұл ұғымның нақты 
ғылыми  анықтамасы  жоқ.  Əдеби  сында  шығарманың  жанрлық  емес,  қанық  эмоциясымен 
ерешеленетін  стильдік  тұрғыдан  анықтау  үшін  қолданылады.  Сөйтіп  ғалымдардың  бір  тобы 
прозадағы лиризмді жанр ретінде қарастырса, бір тобы стильдік ерекшелік ретінде қарастырады.  
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  орыс  əдебиеті  лирикалық  сипаттың 
басымдығымен  ерекшеленді.  Көптеген  жазушылар  үшін  шындықтың  лирикалық  көрінісі  көркем 
шығарма  жазудың  негізгі  қағидасына  айналды.  Əсіресе, 50-60 жылдардан  бастап  осы  мəселеге 
қатысты  мақалалар  баспасөз  бетінде  көптеп  шыға  бастады.  Ғалымдар  бұл  шығармалардың 
жанрлық  жəне  стильдік  қырларын,  өзіндік  ерекшеліктерін  анықтауға  тырысты.  Осыдан  келіп 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
214  
əртүрлі пікірлер, көзқарастар пайда болды. 
В.Ковалев,  Л.Теракопян    бастаған  бір  топ  орыс  əдебиеттанушылары  лирикалық  прозаны  өз 
алдына ағым ретінде қарап, оның басты сипаты  ретінде терең сыршылдықты атап көрсетеді. Оны 
əдебиеттануда қалыптасқан белгілі бір ағымдардың қатарында дейді. Яғни, эпикалық, лирикалық, 
романтикалық  сияқты  əртүрлі  стильдік  ағымдардың  дамуы  нəтижесінде  қалыптасқан  деп 
көрсетеді.  
Кеңес кезіндегі əдебиеттануда лирикаға өзіндік əдеби тек ретінде көзқарас қалыптасты, ол сана 
мен психиканың ой, сезім секілді жəне тағы басқа белгілерін қамтитын көркемдік бейне – бейне-
əсерленудің 
ерекше 
құрылымымен 
сипатталады. 
Лириканың 
өзі 
Г.Н.Поспеловтың, 
Л.И.Тимофеевтің, Г.Л.Абрамовичтің еңбектерінен бастау алады. Соңғы екі он жылдықтың ішінде 
лирикаға  заманауи,  өзіндік  ғылыми,  лирика  проблемасының  теориялық  шешімдеріне  арналған 
жұмыстар жарық көрді.   
Лирикалық  проза  туралы  айтқанда,  В.Д.Сквозниковтың  зерттеулеріне  тоқталмау  мүмкін  емес. 
«Əдебиет теориясы» үш томдығына В.Д.Сквозниковтың «Лирика» еңбегі енгізілген болатын, автор 
лирикалық  поэзияның  ажырамас  атрибуты  ретінде  «айқын  бейнеленген  эмоция,  сезімнің  болуы, 
эмоционалдық  толқу»  белгілерін  мойындайды.  Сонымен  бірге,  ғалым  лиризм  мен  эмоциялылық 
тепе-теңдігінің бұзылуы лиризмді ұсақтатады жəне оның кедейлетеді деп санауы əділ. «Лириканың 
қалыптасуында  сезім  басты  рөлдердің  бірін  атқарады»,  дегенмен, «ол  тек  кейіпкер  мінезінің 
лирикалық бейнеленуі үшін негіз болып табылады» [6]. В.Д.Сквозниковтың лирика теориясының 
дамуына  елеулі  үлес  қосты,  дегенмен  ғалымның  «лирика» (əдеби  тек  ретінде)  мен  лиризм  (бір 
субъективті  құбылыс  ретінде)  ұғымдары  арасындағы  шектеуліктерді  «қажетсіз  схоластика»  деп 
есептеуімен келіскен орынды емес секілді.  
Лирика  теориясының  көптеген  маңызды  мəселелерін  шешу  Г.Н.Поспеловтың  «Лирика:  əдеби 
тектер  арасында»  атты  еңбегінде  көрініс  тапты [7]. Авторды  негізгі  əдеби  тектер  арасындағы 
айырмашылықты  не  құрайды,  əдеби  тек  ретінде  лириканың  генезисі  туралы  мəселелер,  оның 
ерекшелігі  туралы  сауалдар  қызықтырады.  Зерттеушінің  пікірінше,  лириканы  тек  ретінде,  ал  
лиризмді пафостың қасиеті ретінде көреді. Зерттеуші лиризмді əдеби шығарманың қасиеті ретінде 
анықтайды,  лирикаға  біршама  ұқсас,  бірақ  тікелей  оның  тектік  спецификасына  қатысты  емес. 
Алайда  кез  келген  эмоциялық  айқындылықты  лиризм  деп  атау  дұрыс  емес  деп  пайымдайды. 
Ауқымды  тарихи  материалдар  негізінде  лиризмнің  өзекті  проблемаларын  Л.Л.Гинзбург  «Лирика 
туралы» кітабында қарастырған болатын.  
Сюжеттік  прозаикалық  бейнелеуде  тұлғалық  бояуды,  оның  жанрлық  табиғатын  өзгертпей, 
əсірелеу оған лиризмдік сипат береді. Лиризм дегеніміз  – сезімнің авторлық бейнеленуі, қиял, ой-
сана,  қызығушылық,  рухани  ұйытқудың  көркемдік  құбылуы,  көркемдік  шығармада 
поэтикалығымен,  сөздер  мен  сөйлемдердің  ерекше  назымен  жəне  қарқындылығымен  тартымды. 
Басынан  аяғына  дейін  лиризмге  қанық  шығармалар  да  болады.  Басқа  жағдайларда  лиризм  тек 
эпизодтарда ғана байқалады. Бірақ, үнемі лиризм құбылыстардың эмоционалдық-мазмұндық мəнін 
интерпретациялау  факторының  рөлін  атқарады,  шығармашылықтың  дара  немесе  жеке  сəттерін, 
жалпы шығармашылық пен жеке туындылардың элементтерін құрайды.  
Əлемді  бейне  түрінде  сипаттаған  кезде  лиризмнің  басты  қызметі – суретшінің  əлемге  деген 
белгілі  кері  немесе  оң  көзқарасын,  жеке  тұлғалық  қатынасын  білдіру  болып  табылады. Лиризм – 
суретшінің  психологиялық  көрсеткіші  деуге  болады. «Лирикалық»  күрделі  ұғымын  анықтау 
барысында  материалға  эмоционалды  сипат  беру  үшін  психологиялық  талдау  құралы  да    болып 
табылады. 
Əдебиеттанушы  ғалымдар  лирикалық  прозаның  қазақ  əдебиетіндегі  бастауы  Б.Майлиннің 
«Шұғаның  белгісінен»,  М.Жұмабаевтың  «Шолпанның  күнəсінен»,  М.Дулатовтың  «Бақытсыз 
Жамалынан», Ж.Аймауытовтың «Ақбілегінен»  басталады деп айтып жүр.  Əсіресе, Ж.Аймауытов 
нағыз лирикалық прозаның майталманы, лирикалық прозаға алғаш қалам тартқан жазушы десек те 
артық  болмас  еді.  1927 жылы  С.Сəдуақасов  қазақтың  атақты  үш  жазушысының  (М.Əуезов, 
Ж.Аймауытов,  Б.Майлин)  бірнеше  əңгімесін  орыс  тіліне  аударып, «Молодой  Казахстан»  атты 
жинақ құрастырып, оған алғысөз жазады. Құрастырушы қазақтың талантты жазушыларына қысқа 
да  тұжырымды  баға  береді. «Жүсіпбек - прозамен  де  жазатын  ақын.  Ақындық  рух 
Ж.Аймауытовтың  өзіне  тəн  стилінен  байқалады.  Оның  шығармалары  қарапайым  прозадан  гөрі 
өлеңмен  жазылған  прозаны  көбірек  еске  түсіреді» [8, 344] дейді.  Бұл  пікір  Ж.Аймауытов 

№2. 2014 
 
 
215 
шығармашылығына  өз  кезінде  берілген  алғашқы  əділ  бағаның  бірі  болатын.  Кеңестік  саясаттың 
ызғарлы жылдарында жабық жатқан Аймауытов прозасы арада біршама уақыт өтіп, көркем талап 
пен талғам күшейіп, прозаның озық үлгілері туған жаңа заманда да өзгеше бітім, ақын қаламынан 
туған  қара  сөздің  үздік  үлгісі  ретінде  қабылданған  даралығынан  айнымады.  Жиырмасыншы 
жылдардан  басталып,  кейінгі  жылдарда  жалғасын  тапқан  зерттеулердің  негізгі  түйіні 
Ж.Аймауытов прозасының қалыпты прозадан бөлек, ақындық қуаттан бастау алатын, метафораға 
құрылған,  қазақтың  көркем  тілінің  көкжиегін  сөздік  қор  тұрғысынан  ғана  емес,  оқырманға 
эмоциялық, экспрессиялық терең əсер беретін əуезді, күйлі шығарма деген пікірге келіп саятын. 
М.Əуезов  қазақ  жазушысының  лироэпикалық  баяндау  мəнері  өмірді  эпикалық  тұрғыдан  тану 
тəсілінің мүмкіндігін кеңейтіп, тереңдете түсетіндігін атап өтеді. М.Əуезов «Роман должен иметь 
плоть и кровь, должен иметь горячее, подчас обжигающее дыхание. Как этого достичь? Насытить 
организм произведения лиризмом, поэзией, любовью, мечтами» [9, 321]. Ғалымның осы бір пікірі 
жоғарыда айтылғандардың қорытындысы іспетті.   
Қорытындылай келе, өмір шындығын бейнелеудегі əдіс-тəсілдер молайып, сан алуан көркемдік 
ізденістерге  жол  ашылды.  Кейіпкердің  жан  əлемін  бейнелеу,  оның  көңіл-күйінің  сыр  шертуі, 
толқымалы құбылыстары лиризм арқылы көрініс табады. Сондықтан да лирикалық поэзиядан тыс 
жердегі лиризм мəселесі, өз алдына маңызды, əрі соңына дейін зерттелмеген проблема. Бұл міндет 
əлі де шешуді талап етеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет