Г. К. Алиева Құс шаруашылығы өнімдерін ветеринарлық



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#7241
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

«Иісті»  -  қоршаған  ортадан  сіңген,  жеңіл  жоғалатын  бөгде  иісті 

жұмыртқалар.«Шайқалу»  -  соққылардан  туындайды.  Осы  бұзылыс  кезінде 

қабықшасы бүтін, ал жұмыртқа ішіндегісі саруыз қабықшасының жарылуынан 

араласып  кетеді  немесе  ақуыз  қабықшасының  жарылуы  кезінде  пугасы 

араласып кетеді, ол жұмыртқаның жағыдайын байланысты «төгілу». 

 

«Жеңіл 


салмақ» 

жұмыртқа 

ішіндегісінің 

кебуінен, 

сақтау 

технологиясының  режимдері  бұзылуы  нәтежиесінде  дамитын  ақаулар.  Осы 



ақаулар кезінде жұмыртқа пугасының биіктігі 1/ -тен асады. Бар салмағы 40 гр. 

«Жұмыртқаның  кеуіп  кетуі»  -  сақтау  үрдісінде  жұмыртқаның  ылғалы  бөлігін 

жоғалтуы.  Азықтық  ақаулары  бар  жұмыртқаны  сатылымға  жібермейді, 

термиялық  өңдеуден  өткендерін    нан,  кондитерлік  және  басқада  өнідірістерге 

өнім дайындау үшін жібереді немесе иіесіне өз шаруашылығында қолдану үшін 

қайтарылады. 



Бақылау сұрақтары: 

1 Қандай жұмыртқалар азықтық толыққанды еместерге жатады? 

2 Сатылымға жарамсыз жұмыртқаларды қайда жібереді?  

 

 



4.9 Жұмыртқалардың техникалық ақауы  

  Сабақ мақсаты: Жұмыртқалардың техникалық ақауын оқып үйрену.   

         «Тумак»  -  бактериялар  мен  зеңдердің  дамуы  нәтежиесінде  түзілетін 

ақаулар.  Жұмыртқаны  овоскоптан  қараған  кезде  күңгірт,  ішінлегісінің  иісі 

сасық болады (сурет 5) 

5- сурет.   Тумак 

 


57 

 

 

 

«Қанды  сақина»  -  сақтау  режимінің  бұзылуы  нәтежиесінде  саруыздың 



үстінде ұрық тамырлары дамиды және қызыл түсті сақина түзіледі(сурет 6). 

6- сурет.  Қанды сақина 

 

 

  «Қанды  дақ»  -  жұмыртқа  ақзаты  мен  саруызының  беткейлерінде 



овокоптау кезінде көрінетін қанды қосылыстардың болуымен сипаттталады. 

 

«Ағу  (тек)»  –  жұмыртқа  қабығының,  қабықасты  және  ақзат 



қабыршақтары зақымдануынан уыздың түгелдей немесе жартылай төгілуі. Бұл 

ақау да ұқыпсыздыұтың салдары.   

  «Сасық жұмыртқа» - қабықшаның беткейі көгерген немесе көгерген иісті 

адсорбтаушы жұмыртқалар.  «Үлкен  дақ»  –  жоғары  температураның  және 

дымқыл жерде жұмыртқа қабығының астында зеңнің, бактериялардың өнуінен 

пайда болған дақтардың жұмыртқаның   

1

/

8



 бөлігінен артық көлемін басуы.  

«Қызыл  дақ  (красюк)»  –  уыздың  толық  араласуы,  сарыуыз  қабығының 

жарылуы  әсерінен  сарыуыз  ақзатпен  түгелдей  араласып  кетеді.мұндай 

жұмыртқаны  овосакоппен  қарағанда  оның  түсі  түгелдей  сарғыш  болып 

көрінеді.  Бұл  ақау  негізінен  ескі  жұмыртқаға  тән,  уыздары  толық  араласқан. 

Жұмыртқаның  иісі,  дәмі  бұзылады.  Сондықтан  оны  техникалық  өңдеуге 

жібереді. 

«Бактериялық тұмық» – жұмыртқаның ауа камерасынан басқа жері жарық 

өткізбейді.  Ауа  камерасы  үлкен,  қозғалмалы.  Жұмыртқа  қабығы  сұрғылт 

немесе мәрмәр түсті, шіріген иісті.  Уызы сұр жасыл немесе былғаныш түстес, 

зең немес сасық иісті.  Бұл ақау зеіннің, бактериялардың өсуінің нәтижесі.  

«Сағымдық»  –  инкубатордан алынған ұрықтанбаған жұмыртқалар. 



 

 

Бақылау сұрақтары: 

1 Жұмыртқаның технологиялық ақаулары 

 

 

 



 

 

  



2 Қанды дақ немен сипатталады 

 

 

 

 

 

 

58 

 

4.10 Жұмыртқаларды сақтау 



 

Сабақ мақсаты: Жұмыртқаны сақтауды оқып үйрену 

 

Жұмыртқаларды  төменгі  температурада  сақтайды.  Жұмыртқаларды 



сақтаудыың  ең  жақсы  әдісі  бұл  салқындатылған  күйі  болып  табылады. 

Жұмыртқаларды  сақтауға  қоярда  ең  алдымен  арнайы  камераларда 

жұмыртқаның  өзінің  температурасынан  2  –  3

0

С-тан  төмен  темпертурада 



салқындатады.  

Тоңазытқыштарды жұмыртқаларды -1 – 2

0

С температурада және 85 – 88% 



ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығында  сақтайды.  Диеталық  жұмыртқаларды 

белгілі бір мерзімде жеткізілуі тиіс: сатушылардың тапсыратын орындары мен 

басқада ұйымдарға іске асырылаған мерзімнің өтуіне дейін 3 күннен кем емес 

уақытта  келіп  түсуі  керек.  Бұндай  жағдайда  жұмыртқалар  салқындатылған 

күйінде және 6 – 7 айға дейін сақталуы мүмкін.  

-2

0



С-тан  төмен  температурада  жұмыртқада  қату  процесі  пайда  болады. 

Жұмыртқаларды  сақтау  кезінде  2  айда  1  рет  сапасын  қадағалап  отырады. 

Тоңазытқыштан  алынған  жұмыртқаларды  жөнелтудің  алдында    олардың 

булануын болдырмау мақсатынада температурасын көтеру керек.  

Жұмыртқалар  температурасы  10  градустан  артық  емес    әктелген 

ерітінділерде  сапасына  байланысты  3  –  6  айға  дейін  сақталуы  мүмкін. 

Жұмыртқаларды  сауда  орындарына  апарар  алдында  бассейннен  шығарып,  әк 

ерітіндісімен  жуып,  содан  соң  таза  сумен  шайып  кептіріп  алады  және 

жәшіктерге  буып-түйеді.  Әктелінген  жұмыртқалардың  қабығы  аса  жұқа, 

бұдырлы  және  ұсақ  тесіктері  бітеліп  қалады.  Мұндай  жұмыртқаларды 

қайнатқан кезде қабыығының сынуын болдырмас үшін доғал тұсын тесу керек.  

Жұмыртқаларды  аталған  маймен    өңдеумен  бірге  бір  мезгілде  жұмыртқа 

қабығын пастеризациялау тиімді әдіс болып келеді. Бұл кезде жұмыртқаларды 

конвейерде  орнатылған  кассеталарға  салып,  100

0

-қа  дейін  қыздырылған  май 



ваннасына 8 - 10 см тереңдікке батырады. Жұмыртқалар бұндай өңдеуден кейін 

сыртқы  түрін  өзгертпейді,  жағымсыз  дәмі  болмайды,  бірақ  қабығы  икемді 

болып оның сынғыштық және бұзылғыш қасиетін төмендетеді. Жұмыртқадағы 

тығыз белок - көмірқышқыл газының тоқтап тұрақтануының белгісі. Сонымен 

қатар суда еритін сыртқы ортаның әсеріне төзімді заттарды, поливнилді спирт, 

метилцеллюлоза,  натрий  тұзы,  карбоксицеллюлоза,  қолданады.  Бұл  заттар 

тағамдық  жағынан  зиянсыз  және  толықтырғыш,  қоюландырғыш  және 

эмульгатор  ретінде  қолданылады.  Ондай  жұмыртқалар  90  күнге  дейін 

сақталады. 

Жұмыртқаларды  жұқа  жасанды  плекалармен  орап  сақтаған  тиімді  болып 

келеді, себебі, жұмыртқадан ылғалдың және көмірқышқыл газының шығуына, 

сонымен қатар оларда бактериялардың дамуына жол бермейді.  Жұмыртқаларға 

жағатын төмен қышқылдылық пен  балқу температурасына ие болатын майлар 

қазіргі  кезде  кең  қолданысқа  ие  болып  отыр.  Бұл  иіссіз,  дәмсіз  және  түссіз 

жіңішке  фракциялы  май  болып  табылады.  7  ай  бойы  сақталып  осы  маймен 


59 

 

өңделген  жұмыртқалар  0,6  %,  ал  өңделмеген  жұмыртқалар  –  6,7%  салмағын 



жоғалтады.  

 

Бақылау сұрақтары: 

1 Жұмыртқаны сақтау 



 

 

4.11 Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерін буып-түюге және таңбалауға 

қойлатын талаптар 

Сабақ мақсаты: Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерін буып-түюге және 

таңбалауға қойлатын талаптарды оқу 

 

Тағамдық  тауық  жұмыртқалары  МемСТ  27583-88  ветеринарлық 



заңдылықтың талаптарына сай болуы керек. Сауда орныдарына негізінен тауық 

жұмыртқасы  түседі.  Үйрек,  қаз  жұмыртқалары  өндірістік  өңдеу  үшін 

пайдаланылады.  Ал  күрке  тауық  жұмыртқасы  негізінен  балапан  алуға 

жіберіледі.  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  бекіткен  «Тағам  үшін 

пайдаланатын  қаз,  үйрек  жұмыртқаларына  және  жұқпалы  аурудан  таза  емес 

шаруашылықтардын  алынған тауық жұмыртқасына қойылатын санитариялық – 

гигиеналық ережесіне» сәйкес үйрек, қаз жұмыртқалары тек қана нан, кондитер 

өндірістеріне және қоғамдық тамақтану орындарында пайдаланылады. 

МС  бойынша  тауық  жұмыртқасы  сақтау  мерзімі  және  сапасы  бойынша 

диетикалық және асханалық болып бөлінеді. Диетикалық жұмыртқаға алынған 

күнін есептемегенде, сортталған (таңбаланған) күнінен бастап сақтау мерзімі 7 

күннен аспаған жұмыртқалар жатқызылады.  Асханалық жұмыртқаларға сақтау 

мерзімі  25  күннен  аспаған,  алынған  күнін  есептемегенде,  және  тоңазытқышта 

120 күнге дейін сақталған жұмыртқалар жатады. 

Мемлекеттік  стандарттың  талабы  бойынша  диетикалық  және  асханалық 

жұмыртқалардың қабығы  таза,  зақымсыз  болуы  қажет.  Диетикалық  жұмыртқа 

қабығында бірлі жарым ноқат, немесе жолақ,  асханалық жұмыртқаларды дақ, 

ноқат,  жолақ  (жұмыртқаны  жинаған  кезде,  транспортерге  тиегеннің  әсерінен 

болатын),  оның   

1

/



8   

беті  бөлігінен  аспауы  керек.  Сонымен  қатар  жұмыртқа 

қабығында  қан,саңғырық  қалдықтары  болмауы  қажет.  Сауда  орындарына 

түскен  толық  құнды  тауық  жұмыртқалары  осы  талаптарға  сай  келеді.  Құс 

фабрикаларында  жұмыртқа  категориясына  қарай  оны  сорттау  (таңбалау)  бір 

тәуліктен кешіктірмей жүргізіледі. Сорттау кезінде диетикалық және асханалық 

жұмыртқаларға категориясына қарай «О» - таңдаулы, «1» - бірінші, 2 – екінші 

деген  таңбалар  басылады.  Диетикалық  жұмыртқаға  қызыл,  ал  аханалық 

жұмыртқаға көк бояулы штамп басылады.  

Штамп  дөңгелек  диаметрі  12  мм  немесе  сопақша  мөлшері  15х10  мм 

түрінде  болады.  Диетикалық  жұмыртқа  қабығына  категориясымен  қатар 

таңбаланған күні және айы, ал асханалық жұмыртқасында тек қана категориясы 

көрсетіледі.    


60 

 

Жұмыртқаны  және  жұмыртқа  өнімдерінің  ыдысына,  буып-түюге  және 



таңбалауға  қойылатын  жалпы  талаптар  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2008  жылғы  21  наурыздағы  №  277  қаулысымен  бекітілген  «Буып-түюге, 

таңбалауға,  затбелгі  жапсыруға  және  оларды  дұрыс  түсіруге  қойылатын 

талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс. 

  Таңбалауға  арналған  құралдар  өнімнің  сапасына  әсер  етпеуі  тиіс.  Таңба 

анық,  жеңіл  оқылатын  болуы  тиіс.  Жұмыртқаларды  мөр  соғу,  шашып  жағу 

әдісімен  немесе  таңбалаудың  анықтығын  қамтамасыз  ететін  басқа  әдістермен 

таңбалайды.  Атауын,  санатын  және  сұрыпталған  уақытын  білдіретін  санның 

және әріптердің биіктігі 3 миллиметрден кем болмауы тиіс. 

  Диеталық  жұмыртқаларда  жұмыртқа  түрі,  санаты,  сұрыпталған  уақыты 

(күні  және  айы),  асханалық  жұмыртқаларда  -  тек  жұмыртқа  түрі  және  санаты 

көрсетіледі.  Диеталық  жұмыртқаларды  таңбалау  қызыл  бояумен,  асханалық 

жұмыртқаларды таңбалау - көк бояумен жүргізіледі. 

      Әрбір  тұтынушы  ыдысының  буып-түю  бірлігіне  өнімді  сипаттайтын 

таңбалар қойылады: 

      1) өндірушінің атауы және орналасқан жері (заңды мекен - жайы); 

      2) өндірушінің тауарлық белгісі (болған жағдайда); 

      3) құс түрі көрсетілген жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің атауы; 

      4) жұмыртқа санаты

      5) орамдағы жұмыртқа саны; 

      6) жарамдылық мерзімі және сақтау шарты; 

      7)  сақтау  мерзіміне  қарай  жұмыртқа  түрі  (диеталық,  асханалық)  және 

олардың сұрыпталған уақыты (күні және айы). 

      Затбелгі  тұтыну  ыдысын  ашқан  кезде  жыртылатындай  етіп  орналасуы 

тиіс. 

     Жұмыртқа өнімдерін таңбалау кезінде қосымша мыналар көрсетіледі: 



      1)  физикалық  жай-күйі  (сұйық,  құрғақ,  мұздатылған,  пастерленген, 

басқалары); 

      2) дайын тамақ дайындау жөніндегі ұсынымдар. 

  Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері бар тасымалдау ыдысына «Ылғалдан 

сақтаңыз»,  «Сынғыш.  Абайлаңыз»,  «Жоғарғы  жағы»,  «Температурасы 

шектелген», «Жылдам бұзылатын жүк» деген ескерту жазбалары жазылуы тиіс. 

  Тұтынушыларға  алдын  ала  буып-түйілмеген  жұмыртқа  және  жұмыртқа 

өнімдерін  сатқан  кезде,  жұмыртқа  және  жұмыртқа  өнімдерін  сауда  үй-

жайларында  (сату  орындарында),  оның  ішінде  сатып  алушының  қатысуымен 

буып-түйген  кезде  ол  туралы  ақпаратты  орамның  (ыдыстың)  әрбір  бірлігіне 

қоса  берілетін  қосымша  параққа,  баға  көрсеткішіне  немесе  ыдыстың  ішіне 

өнімге (тауарға) тікелей жақын жерге ақпараттық қағазға орналастыруға рұқсат 

етіледі. 

Ыдыс, буып-түю материалдары және жабыстырылатын заттар: 

-

 

тасымалдау және сақтау кезінде өнімнің саңылаусыздығын, бүтіндігін 



және қауіпсіздігін қамтамасыз етуі; 

61 

 

     -    таза, құрғақ, бөтен иіссіз болуы және механикалық бүлінген болмауы 



тиіс. 

         -қайта қолданылатын тасымалдау ыдысы денсаулық сақтау саласындағы 

уәкілетті мемлекеттік орган қолдануға рұқсат берген залалсыздандырғыш 

заттармен өңделуі тиіс. 

     -    жұмыртқаны түріне және санатына қарай жеке буып-түйеді. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1 Қорабшада не көрсетіледі   



 

 

 

 

2 Жұмыртқаны қандай штамппен таңбалайды? 



 

 

4.12 Шаруашылықтарда және базарларда жұмыртқаны ветеринарлық – 

санитарлық сараптау 

 

Сабақ мақсаты: Шаруашылықтарда және базарларда жұмыртқаны 

ветеринарлық – санитарлық сараптауды үйрену 



              

            Шаруашылықтарда 

санитарлық  бағалау.  Шаруашылықтардан 

көтерме  сауда  орындарына  немесе  базарларға  жіберілетін  азықтық  тауық 

жұмыртқалары  міндетті  тауарлық  және  санитарлық  бағалауға  жатады. 

Инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан жұмыртқаларды 

сатып  алу  және  шығару  қарастырылған  сәйкес  нұсқаулармен  ғана  жүзеге 

асырылады.  Жұмыртқаларды  дезинфекциялау.  Құстардың  инфекциялық 

аурулары  бойынша  қолайсыз  шаруашылықтардан  алынған  жұмыртқалар  (бұл 

ветеринарлық 

Заңнамалармен 

қарастырылған 

болса) 

міндетті 



дезинфекциялануға  жатады.  Оларды  өңдеу  үшін  хлорлы  әк  ерітінділерін, 

кальци  гипохлоридін,  хлораминді,  йод  және  таза  немесе  басқада  заттармен 

араластырылған 

формальдегид 

ерітінділерін 

қолданады. 

Азықтық 

жұмыртқаларды  хлорлы  әкпен,  кальций  гипохлоридімен  және  хлораминмен 

дезинфекциялау  кезінде,  20  мин  айналдырғаннан  кейін  жұмыртқаларды 

салатын  1,5-2,0%  белсенді  хлор  қосылған  ерітінділерге  сәйкес  дайындалады. 

Осындай  ерітінділерде  қайта  қолдану  кезінде  олардың  құрамындағы  белсенді 

хлордың  концентрациясын  тексереді,  егер  олар  1,5%-дан  төмен  болса, 

препараттың жеткіліксіз мөлшерін қосады. 

Шаруашылықтарда  құстардың 

инфекциялық 

аурулары 

анықталған 

жағыдайда 

нұсқауларға 

сәйкес 


ветеринариялық – санитарлық іс-шараларды жүргізеді. 

 

 



 

 

         Сапасын  бағалау.Жұмыртқаның  сапасын  сыртынан  немесе  овокоппен 



қарайды.  Жұмыртқаны  сыртынан  тексергенде,  оның  қабығының  тазадығына, 

бүтіндігіне,  түсіне  көңіл  аударады.  Сақтауға  сырты  таза,  бүтін  жұмыртқалар 

ғана  қалдырылады.  Қабығы  лас,  зақымданған,  бірақ  санитарлық  сапасы  таза 

жұыртқалар тез арада пайдалануға жіберіледі.  

Жұмыртқаны  жарық  көзінің  көмегімен  тексеру  арқылы  овоскоппен 

жүргізіледі.  Ол  жәшік  түріндегі,  үстінде  немесе  жанындағы  жұмыртқаны 



62 

 

орналастыруға  арналған  тесігі  бар,  ал  ішінде  жарық  көзі  орнатылған  құрал. 



Овоскоптың  көмегімен  жұмыртқаның  тауарлық  және  санитарлық  сапасы 

анықталады.  Тексеру  кезінде  ауа  камерасының  мөлшері,  қозғалуы,  ақ  және 

сары  уыздарының  орналасуы,  олардың  пішіні,  нобайы,  тазалығы  анықталады. 

Овоскоптау арқылы тағамныың бағасы төмен және жарамсыз жұмыртқаларды 

ажыратуға болады.  

 

Жұмыртқа  сапасына  байланысты  азықтық,  толыққанды  емеч  с  азықтық 



және  техникалық  ақаулы  деп  бөледі.Азықтық  жұмыртқаларға  қабығы  таза, 

бүтін,  ауа  камерасының  биіктігі  9  мм-ден  аспайтын,  ақ  уызы  тығыз,  біркелкі 

жарық өткізетін, ал сары уызы жұмыртқаның ортасында  қозғалмайтын (немесе 

аздап  қозғалатын),  сарғыш  немесе  сары  түсті,  және  жұмыртқаның  ортасында 

орналасатын болса ғана жіберіледі.  Толыққанды емес азықтық жұмыртқаларға 

келесі ақаулы жұмыртқалар жатады: 

 

«Сыну»  -  жұмыртқаның  азықтық  ақаулары,  оларда  ағу  белгілері  жоқ, 



бірақ қабығының бұзылулары байқалады. 

 



 

«Төгілуі  -  немесе  ағуы»  ақуызы  мен  саруызы  аздап  араласқан 

жұмыртқалар. 

 



«Шайқалу» - ауа камерасы қозғалмалы жұмыртқалар. 

 



«Кіші  дақ»  –  жұмыртқа  қабығының  астында  кішкенен  қозғалмайтын, 

жалпы  көлемі  жұмыртқаның 

1

/

8



  бөлігінен  аспайтын  дақтардың  пайда 

болуы. 


 

«Кепкен  (жабысқан)»  –  сарыуызы  кеуіп  жұмыртқа  қабығына  жабысып 



қалуы. 

 



«Иістенген»  –  жұмыртқаны  жағымсыз  иісті  заттармен  бірге  сақтағанда 

пайда болады. 

Азықтық  толыққанды  емес  жұмыртқалар  өндірістік  өңдеілерге 

жіберіледі. Техникалық ақаулы жұмыртқаларға жатады: 

 

«Ағу  (тек)»  –  жұмыртқа  қабығының,  қабықасты  және  ақзат 



қабыршақтары  зақымдануынан  уыздың  түгелдей  немесе  жартылай 

төгілуі. Бұл ақау да ұқыпсыздыұтың салдары.   

 

«Қызыл  дақ  (красюк)»  –  уыздың  толық  араласуы,  сарыуыз  қабығының 



жарылуы  әсерінен  сарыуыз  ақзатпен  түгелдей  араласып  кетеді.мұндай 

жұмыртқаны  овосакоппен  қарағанда  оның  түсі  түгелдей  сарғыш  болып 

көрінеді.  Бұл  ақау  негізінен  ескі  жұмыртқаға  тән,  уыздары  толық 

араласқан.  Жұмыртқаның  иісі,  дәмі  бұзылады.  Сондықтан  оны 

техникалық өңдеуге жібереді. 

 



«Қанды шығыршық (кровяное кольцо)»  - овоскоппен қарағанда сарыуыз 

үстінде сарғыш дақ немесе сақина тәріздес ұрықтың қан тамыры көрінеді.  

Бұл  ақау  жұмыртқаны  21

0

С-тан  жоғары  температурада  сақтағандықтан 



ұрықтың өнуіне байланысты пайда болады.  

 



«Үлкен  дақ»  –  жоғары  температураның  және  дымқыл  жерде  жұмыртқа 

қабығының  астында  зеңнің,  бактериялардың  өнуінен  пайда  болған 

дақтардың жұмыртқаның   

1

/



8

 бөлігінен артық көлемін басуы.  



63 

 



 

«Шірік (тумак)» – овоскоппен қарағанда ауа ккамерасынан басқа жерден 

жарық 

өтпейді. 



Жұмыртқаның 

уыздары 


араласып, 

зеңденген 

жұмыртқадан көгерген иісі шығады.  

 



«Бактериялық  тұмық»  –  жұмыртқаның  ауа  камерасынан  басқа  жері 

жарық  өткізбейді.  Ауа  камерасы  үлкен,  қозғалмалы.  Жұмыртқа  қабығы 

сұрғылт  немесе  мәрмәр  түсті,  шіріген  иісті.    Уызы  сұр  жасыл  немесе 

былғаныш  түстес,  зең  немес  сасық  иісті.    Бұл  ақау  зеіннің, 

бактериялардың өсуінің нәтижесі.  

 



«Сағымдық»  –  инкубатордан алынған ұрықтанбаған жұмыртқалар. 

 



Бөгде қосылысты – қан, ірің, қатты бөлшектер. 

  Іші шіріген жұмыртқаларды бірден жояды, ал қалғандарын – азықтық ұн 

өңдеу  үшін  қолданады.  Сатылымға  рұқсат  етілген  жұмыртқаларға  «Ветқарау» 

деген  таңба  басады  немесе  белгілі  формадағы  ветеринарлық  куәлік  береді.

 

Жұмыртқаларды 

базарларда 

ветеринарлық-санитарлық 

сараптау:Тауық  жұмыртқаларын  базарларда  сараптау  кезінде  сыртынан 

қарайды, ал күмәнді жағыдайларда ішіндегісін зерттеу үшінолардың кейбіреуін 

жарады.  Сатылымға  тек  балауса,  қабығы  таза,  сапалы,  механикалық 

ақауларсыз,  ауа  камерасының  биіктігі  9  мм  болатын,  ақзаты  біркелкі  жарық 

өткізетін, ал сары уызы жұмыртқаның ортасында  қозғалмайтын (немесе аздап 

қозғалатын) болса ғана жіберіледі.  Жұмыртқаның  құрамы  келесі  талаптарға 

сәйкес  болуы  қажет:  ақзаты  –  таза,  жабысқақ,  тығыз  қабаты  жақсы  көрінетін 

(әлсіздері  рұқсат  етіледі),  күңгірттенбеген,  түсі  ақ  немесе  сәл  жасыл  реңді; 

саруызы  –  таза,  жабысқақ,  сары  немесе  сарғыш  түске  біркелкі  боялған,  бөгде 

иістерсіз,  ұрықтық  даму  белгілері  жоқ  болуы  қажет.  Жұмыртқа  құрамының 

ақауларының белгілері болмау керек. 

 

 



 

 

 



«Сынық»,  «тесік»,  «кепкен»,  «кішкентай  дақты»  жұмыртқаларға 

«Ақаулы»  деген  таңба  басады  және  иесіне  қайтарып  береді.  «Шірік»,  «үлкен 

дақ»,  «қызыл  дақ»,  «қанды  сақина»  және  «миражды»  жұмыртқаларды  иесіне 

қайтармайды,  оларды  бірден  утилдейді.  Құстардың  кейбір  аурулары  мысалға 

сальмонеллез,  туберкулез  және  т.б.  аурулары  адамдарға  жұмыртқа  арқылы 

берілу  мүмкін.  Паратиф  пен  пуллороз  кезінде  клиникалық  сауығуы  бактерия 

тасымалдаумен  және  құстардың  нәжісі  мен  жұмыртқаларда  сальмонеллдердің 

бөлінуімен  қатар  жүреді.  Ең    үлкен  қауіп  төндіретін  үйректің  жұмыртқалары 

болып табылады. Олар жиі Salm. Typhimurium-мен, ал кейде сальмонеллдердің 

басқа  түрлерімен  де  зараланады.  Сонымен  қатар  тауықтың  жұмыртқалары  да 

аталған  қоздырғыштармен  де  зақымдануы  мүмкін.  Туберкулезбен  ауыратын 

құстың  жұмыртқаларының  қабығының  сырты  мен  сарыуызында  туберкулезді 

бактериялары  кездесуі  мүмкін.  Жұмыртқаларды  шала  пісіргенде,  қуырғанда, 

омлет, пудинг және т.б. аспаздық өнімдерді дайындаған кезде салмонелл және 

туберкулез    бактериялары  толығымен  зарарсыздандырылмайды.Өнімдерді 

бөлме  температурасында  сақтағанда  сальмонеллдер  тез  өрбіп  дамиды.  100

0

С-

тан  жоғары  температурада  пісірілетін  бөлке  жіне  кондитерлік  өнімдерін 



пісіргенде  салтмонелл  тобындағы  бактериялардың  белсенділігі  толығымен 

жойылады.  Үйрек  және  қаз  жұмыртқалары  сальмонеллездің  бактерияларымен 



64 

 

жиі  зақымдалады.  Сондықтан  бұл  жұмыртқаларды  тамғамдық  мақсатта 



мемлекеттік  және  кооперативтік  сауда  орындарында,  сонымен  қатар 

ұжымшарлық  (колхозных)  базарларда    күші  бар  ережелермен  сатуға  тыйым 

салынады.  

Базарға құстың жұқпалы індетінен таза аймақатан шыққан жұмыртқаларды 

ғана  сатуға  рұқсат  етіледі.  Ол  мал  дәрігерінің  берген  куәлігінен  немес 

анықтамасынан  куәландырылуы  тиіс.  Суда  жүзетін  құстардың  жұмытқаларын 

қоғамдық  тамақтану  орындарында  –  асханаларда,егер  жұмыртқаларды 

зоонозды  аурулардың  қоздырғыштарымен  зақымдануға  күдік  туған  жағдайда 

қолдануға  болмайтын  болса,  онда  бөлке-кондитерлік  өнімдерді  пісірген  кезде  

100С-тан кем емес температурада: тауықтың 13 минуттан кем емес, ал үйректің  

14 – 15 минуттай қайнатады.  

Құстардың  обасынан  сәтсіз  шаруашылықтарда  жиналған  тауық 

жұмыртқалары ауру пайда болғанға дейін соңғы 15 күнде осы инфекциялардың 

таралуының  негңзгңкөзі  болып  табылады.  Мұндай  жағдайлрада  ветеринарлық 

заңдылықпен сйкес шаралар жүргізілу қажет.  

 

Үйрек  және  қаз  жұмыртқаларын  крем  және  ұрылған  кондитерлік 



өнімдерді, майонезді, меланж бен жұмыртқа ұнтағын дайындау үшін қолдануға 

тиым салады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет