1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«KBTUMetallum»
ЖШС темір негізді өздігінен флюстелелетін
ұнтақты қалытқылы материалдың тәжірибелік
өндірісін құрумен айналысады. Жобаның
орындалу деңгейі: Мөлшері 1500 кг. ПГ-Ж40
қалытқылы ұнтақ жартылай өнеркәсіптік
топтамасының өндірісі “ҚБТУ” АҚ жанындағы
өндірістік зертханада жүргізілуде. Одан басқа,
уақытша тегін жабдықтар мен құрылғылар
пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта қалыпты,
қауіпсіз жұмыс және қалытқылы балқымаға
қажет қосымшаларды дайындау шараларын
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
103
қалыптастыру үшін, техникалық талаптарға
сай қауіпсіздік шараларын есепке ала отырып
жабдықтарды монтаждау және іске қосу
жұмыстары жүргізілуде. Жүзеге асу орны:
«Казтемиртранс» АҚ жөндеу кәсіпорны,
«ҚамқорМенеджмент» ЖШС, «Пассажирский
перевозки» АҚ, «Богатырь Транс» ЖШС,
«Ремплазма» ЖШС.
2) «KBTUSPECIALISMOBILE» ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАСЫ
100 м3 ден 1000 м3 көлемге дейін түсті
және қара мұнай өнімдері ыдыстарындағы
шөгінділерді тазарту технологияларын
жасауға бағытталған. Жобаның орындалу
деңгейі: Технологияны өткізу екі жолмен
жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Бірінші
– ұсынылған қондырғы көмегімен тазарту,
жинау, мұнай өнімдерін қайта өңдеу және
пайдалану бойынша кешенді қызметтер
атқаратын технологиялық компанияны жасау.
Екінші – қондырғыны сату. Ыдыс көлемдері
үлкен, жылына екі рет тазартуды қажет ететін
жекеше компаниялар осы технологияны алуға
қызығушылық тудырып отыр.
3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Темір жолдардың
жылжымалы құрамының жауапты тораптары
мен бөлшектерін оңалтуға арналған жаңа
қорытпа әзірлеу».
Жобаның іске асырылу жай-күйі: Тәжірибелік
өндіріс жасалды. Технологияны жөндеу
кәсіпорындарына тәжірибеге енгізілді («АВЗ»
АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «Қамкор Менеджмент»
ЖШС, «РЕМПЛАЗМА» ЖШС, «Богатырь ТРАНС»
ЖШС кәсіпорындарында материалды сынақтан
өткізу актілері бар).
Жобаның тиімділігі (соның ішінде
экономикалық тиімділік): Энергия шығынын
120 кВт/сағат орнына 30 кВт/сағатқа азайту;
1000 м2 орнына өндірістік алаңының 200 м2
қажеттілігі; өзіндік құнды 40-60%-ға азайту
(никельді темірмен ауыстыру нәтижесінде).
Темір негізіндегі 1 кг балқыту ұнтағының құны
– 45 $, қолданыстағы никель негізінегі 1 кг
ұнтақтың құны – 60 $.
4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Өнеркәсіптік тұрғын
суды әлсіздисперсті механикалық қоспалардан
тазарту технологиясы»
Жобаның іске асырылу жай-күйі: Өнеркәсіптік
тұрғын суды тазарту үдерісінің технологиялық
сұлбасы жасалды. Өнеркәсіптік тұрғын суды
тазарту үдерістерінің технологиялық регламенті
әзірленді. Зертханалық сынақтарды ірілендіру
табысты жүргізілді.
Жобаның тиімділігі (соның ішінде
экономикалық тиімділік): Белгілі әдістермен
салыстырғанда, тұрғын суды тазарту
технологиясы суды тазарту дәрежесін 3-11%-
ға арттыруға, реагенттер шығынын 5-8 есе
азайтуға және тазарту процесін 1,5-3 есе
тездетуге мүмкіндік береді.
5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Экономиканың
негізгі салалары үшін плазмалық және
иондық-сәулелік технологиялар негізінде
наноматериалдар мен қорыпталар әзірлеу
және жасау».
Жобаның іске асырылу жай-күйі: Қазіргі
кезде тәжірибелік үлгіні даярлау бойынша
технологиялық желі 82%-ға дайын.
Бұл технология «Онлайн ЭКСПО-2017»
республикалық конкурсына қатысып, ең үздік
жобалар арасында бірінші орынды жеңіп алды.
Жобаның тиімділігі (соның ішінде
экономикалық тиімділік): екіжақты күн
батареялары 32 % ПӘК ие, 1 Вт өзіндік құны
0,8 $, 1 м2 қуаты – 165 Вт, 50 жыл бойы жұмыс
істейді.
6) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Ұялы көпқұрауышты
роботтехникалық жүйелерді интеллектуалды
дербес басқару технологияларын әзірлеу».
Жобаның іске асырылу жай-күйі:
Өнеркәсіптік прототипі жасалды, сынақтан
өткізу актілері бар.
Жобаның тиімділігі (соның ішінде
экономикалық тиімділік): Роботтарды
дербес басқару технологияларынтау-кен
кәсіпорындарында, уран өндіру және қайта
өңдеу секторында пайдалануға болады.
Энергия шығыны өте аз. Дербес роботтардың
фукнционалдық сипаттамаларын жақсартуға
арналған бағдарламалық қамтаманы пайдалану
шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл
өз кезегінде функционалдыматериалдардың
онша қымбат емес құрауыштарымен және
бөлшектерімен жұмыс істеуге септігін тигізеді.
7) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«CUDA және Open-
CL құрылысын пайдалану арқылы мұнай-газ
кен орындарын геолого-гидродинамикалық
модельдеуге арналған жаңа параллельді
бағдарлама кешенін жасау». Жобаның
іске асырылу жай-күйі: Аяқталу кезеңі.
Коммерциялық бағдарламалық өнім
дайындалды. Жобаның тиімділігі (соның ішінде
экономикалық тиімділік): Ұңғымалар дебитінің
артуын сапалы болжау; ұңғымалардың кенжар
алдындағы аймағын қышқылдық өңдеу
технологиясын жете модельдеу. Аталмыш
бағдарламалық өнімнің құны соған барабар
өнімдерден (аналогтардан, мысалы, STIMPT
және т.б.) 2-3 есе арзан болып келеді. Әртүрлі
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
104
нұсқаларды есепке алғанда тез әрекет етуі 15-
20 % құрайды.
Д.В. Сокольский атындағы организалық
катализ және электрохимия институтының
перспективалы инновациялық жобалары
1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Мұнайгаз
саласында пайдаланылатын техникалық
күкірт, жаңа катализаторлар мен химиялық
реагенттерден флотореагенттерді алу
технологиясын жасап, өндіріске енгізу».
Жобаның орындалу деңгейі: электрөткізгіш
күкіртқұрамды композиционды электрод
жасаудың әлемде теңдесі жоқ, ғылыми
жаңа тәсіл әзірлемесі жасалып, енгізілуге
ұсынылды. Жасалған тәсілдердің жаңашылдық
сипаты Қазақстан Республикасының бірқатар
алғы патенттерімен және инновациялық
патенттерімен қорғалған. Кесекті күкірт-графит
электродтары пайдаланылатын іріленген
зертханалық құрылғылар жасалып, оларда
ұсынылған технология бойынша сульфид пен
полисульфидтің электрохимиялық синтезі
бойынша сынақ жүргізілді.
2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Ембімұнайгаз»
АҚ мұнай жылыту пештері мен автокөлік
құралдарындағы улы газ шығарылымдарын
бейтараптандырушылар». Жобаның орындалу
деңгейі: мұнай мен суды жылытатын 8 пеште
оң нәтижелер алынып, солардың негізінде
келешекте мұнайды катализаторлармен
жылыту пештерін жабдықтау жоспарланды.
Газдардың тазартылу дәрежесі: СО көміртегі
оксиді бойынша 90-100%, көмірсутек СНх
бойынша 80-100%, азот оксиді NOх бойынша
80-100%. Жоба 2014 жылы енгізілді.
А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары
институтының перспективалы инновациялық
жобалары
1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Мұнай химия
өндірістік кәсірорындарын айналмалы
сумен қамсыздандыру». Жобаның орындалу
деңгейі: ионалмастырғыш полимерлер алудың
перспективалы әдістері жасалып, солардың
негізінде айналмалы сумен қамсыздандыру
мақсатында мұнай химия өндірісінің
өнеркәсіптік ағынсуларын тазартуға мүмкіндік
беретін экологиялық таза сорбционды және
мембраналы технологиялар әзірленді.
2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Гумат құрамды
композициондық материалдар негізінде
энергия жинақтаушы қоспаларды пайдалана
отырып, мазуттанған топырақты іске
асыру». Жобаның орындалу деңгейі: келесі
нәтижелерге қол жеткізілді: «Өзенмұнайгаз»
АҚ МГӨБ аумағындағы ГУ-57 полигонында
50,0 мың тонна мазуттанған топырақты іске
асыру бойынша өндірістік сынақтар жүргізілді.
Мазутталған топырақты өңдеу бойынша
қуаттылығы 20т/сағ. 2 кешен құрастырылып,
пайдалануға берілді. Жүргізілген жұмыс
нәтижесінде қауіптілігі жағынан 3-классқа
жататын улы қалдық – мазуттанған топырақ
қауіпсіз тауар өніміне – 4-класс қауіптілігіне
көшірілді. Техникалық құжаттар (технологиялық
регламент, жұмыс жобасы, жүзеге асырылған
экологиялық мониторинг (ҚОӘБ – қоршаған
ортаға әсерін бақылау) жасалып, бекітілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3500
дана әртүрлі формадағы тротуар тақтасы
жасалды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан
мемлекеттік университеті
М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан ғылымы
дамуының бес басымдығы бойынша ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізеді: елдің зияткерлік
әлеуеті, мәшине жасау және энергетика,
өмір туралы ғылым, ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиялар, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен
өнімді қайта өңдеу.
2014 жылғы ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі
477.33 млн. тг. құрады, оның ішінде 13.035 млн.
тг. – бюджеттен тыс.
2014 ж. шетел журналдарында 343 ғылыми
жұмыс жарияланды, оның ішінде 113 – жоғары
рейтингті журналдарда. Алынған патенттер мен
алдын ала патенттер саны – 40.
Келешегі бар, өндіріске енгізуге үмітті жобалар:
Инновациялық жоба: «Фосфорлық және
домналық қож негізіндегі сілтілі цементтен
бетон өндіру технологиясын әзірлеу». Жобаның
іске асырылу жай-күйі: зерттеу нәтижелері
негізінде сілтілі цементтер мен бетондар
құрамы және өндіру технологиясы әзірленді;
техногендік қалдықтарды пайдаға асыруға
мүмкіндік беретін нормативті-техникалық
құжаттар дайындалды. Фосфорлық және
домналық қож үйінділерінен сілтілі цементтер
мен бетондардың тәжірибелі-өнеркәсіптік
партиясын шығару.
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің перспективалы инновациялық
жобалары
ҚарМТУ Қазақстан ғылымының даму
басымдықтары бойынша ғылыми зерттеулер
жүргізеді: елдің зияткерлік әлеуеті, энергетика
және машина жасау, өмір туралы ғылым,
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
105
пен өнімді қайта өңдеу.
2014 жылы ҒЗТКЖ қаржыландырудың жалпы
көлемі – 1254,0 млн.теңгені құрады, оның
ішінде бюджеттен тыс – 833,8 млн.теңге.
2014 жылы журналдарда 380 ғылыми мақала
жарияланды, оның ішінде Thomson Reuters
және Scopus халықаралық базасына енгізілген
рейтингісі жоғары журналдарда жарық көргені
– 40, сол сияқты 40 ҚР инновациялық патенті
және 5 РФ патенті алынды.
1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
“Қазақстанның
кен өндіру кәсіпорындары үшін теориялық
және қолданбалы геомеханика мәселелерінің
кең спектрін шешуге арналған біріктірілген
ақпараттық жүйе әзірлеу”. Жобаның орындалу
деңгейі: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ
КД Күзембаев атындағы шахтаның берген
кен-геологиялық деректерінің негізінде
деректер базасы әзірленді, әр түрлі беріктік
критерийлерін қолданумен массив ҚҚС-ын
есептеу модулі және кен жыныстарының
ұзақ мерзімдігі арқылы қазбалар төзімділігін
бағалау модулі есептелді.
Әзірленген
бұл бағдарлама “Жәйрем КБК” АҚ-да және
“АрселорМиттал Теміртау” АҚ КД-де сыналды.
«МШРКИ» ИПСЗ-ның зертханалық жағдайында
жүйенің программалық қамтамасыз етуіне
сынау жүргізілді. Әзірленген “GIS Mechanic”
АЖ “АрселорМиттал Теміртау” АҚ КД және
“Жәйрем КБК” АҚ кәсіпорындарына енгізілді.
2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
“Жылумен қамтитын
мегаполис кешендерінің қызмет етуін
оңтайландырудың иерархиялық ақпараттық-
басқару технологияларын зерттеу және
әзірлеу”. Жобаның орындалу деңгейі: Енгізу
дәрежесі қазіргі таңда Астаны қ., Қарағанды
қ., Шахтинск қ., Семей қ. Жылумен қамту
кешендеріне енгізілген ТГИД-05, GID2005kz
ақпараттық-графикалық жүйелерінің көмегімен
жылу желілерінің жылу гидравликалық
режімдерін есептеуге негізделеді. Жылумен
қамтитын мегаполис кешендеріндегі сорапты
станциялардың сорапты агрегаттарының
жиіліктік-басқарылатын электр жетегінің
стенд-имитатор ТКМ программалық аналогын
құру бағытын жаңғырту үшін жасалды және
дайындалды. ШЖҚЖ АГЖ мен SCADA жүйесі
арқылы ЖМК бақарушы органдарын жедел
бақылау, мониторинг және басқару жүйесі
әзірленді. ЖМЖ өндірістік қызметтер білімін
эвристикалық оқыту мен бақылау жүйесі
әзірленді. ТГИД-05 ақпараттық-графикалық
жүйесін “Астана-Теплотранзит” АҚ-на(Астана қ.),
“ТеплокоммунЭнерго” МКК-на (Семей қ.) енгізу
акті. ҒЗЖ-ын “Караганда Энергоцентр” ЖШС-не
енгізу акті, 2014ж.
3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
“Галлуазитті
нанотүтіктерді қолдану арқылы металдардың
коррозиялық төзімділігін арттыру”. Жобаның
орындалу деңгейі: «Пархоменко атындағы
ҚМЗ» ЖШС-мен өзара қарым-қатынас
орнату тиімділігі: галлуазитты қолдану
арқылы коррозияға қарсы затпен жағылған
гидросорап тетіктерінің металл бөліктері
агрессияшыл ортаға (суға, күкірт қышқылы
мен тұзды қышқылдарға және т.с.с.) анағұрлым
тиімді қарсы тұра алады. Коррозияға қарсы
жабынның құрамы және оны металл
бұйымдарға жағу тәсілі әзірленді. Сынау
жұмыстары жүргізілді және коррозияға қарсы
жабынды жабын жасау мен оны шойын
балқытқышты суытқан кезде қолданылатын
«Колесо рабочее» гидросорабының тетігіне
жағу технологиясы енгізілді. Гидросораптың
жұмыс қабілеттілігі 2 есеге артты. 04.01.2014
жылғы галлуазитті нанотүтіктерді қолдану
арқылы металл беттерді жабуға арналған
қоспаны жасау технологиясын енгізу акті,
«Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС.
4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
“Даярлау қазбаларын
анкерлік бекіту парамтерлерін есептеуге
арналған ақпараттық технологияларды жасау
бойынша ғылыми-техникалық базис әзірлеу”.
Жобаның орындалу деңгейі: «АрселорМиттал
Теміртау» АҚ КД-мен өзара қарым-қатынас
жасау тиімділігі: кен жыныстарының әлсіреу
аймағындағы алу қазбаларын сенімді күтіп
ұстау қамтамасыз етілді.17.12..2013 жылғы
“Қарағанды бассейні шахталарында анкерлі
бекітпені есептеу мен қолдану жөніндегі
нұсқаулыққа” қосымша енгізу акті: «АМТ»
АҚ КД шахталарына арналған “Анкер_
S500” автоматтандырылған компьютерлік
бағдарламасы. Конструкторлық құжаттама
әзірленді, бекіту құралдарының үлгілері мен
өнеркісіптік партиялары жасалды.
5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
“Ресурс
сақтау технологияларын ескерумен
механикаландырылған бекітпелердің
жобалық және циклдық беріктігін
бағалауға арналған өндірістік үдерістерді
автоматтандырылған жобалау жүйелерінің
математикалық модельдері”. Жобаның
орындалу деңгейі: Базаларды іздеу мен
базалар жиынтығын құруды модельдеу
әдістемесі әзірленді. Модельдеу нәтижелері
тестіленді және олардың сенімділігі бағаланды.
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
106
Механикаландырылған бекітпелердің гидро
тіреулерінің жұмыс ресурсын арттыру және
олардың металл сыйымдылығын қысқарту
бойынша шаралар ұсынылды. 27.08.2014 жылғы
“Қарағанды машина жасау консорциумы”
ЖШС жағдайында тестілеу нәтижелерінің акті.
12.09.2014 жылғы және 19.09.2014 жылғы
“Болат” ЖШС мен “Қарағанды машина жасау
консорциумы” ЖШС жағдайында тау-кен
шахталық жабдықтың конструктивтік және
технологиялық параметрлерін негізді таңдау
жөніндегі ұсыныстарды енгізу актілері.
6) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
“Детерминдендірілген хаос негізінде тараған
желілердегі ақпаратты қорғау жүйелерін
әзірлеу”. Жобаның орындалу деңгейі:
ақпаратты криптографиялық қорғау жүйесін
сүйемелдеу үдерісінің моделі әзірленді.
Криптожүйелердің негізгі типтеріне
зерттеу жүргізілді; криптожүйелерді құру
талаптары мен критерийлері жасалды; жаңа
криптогрaфиялық әдіс ұсынылды; мәтіндік
және графикалық ақпаратты түрлендірудің
криптогрaфиялық aлгоритмдері мен цифрлық
модельдері әзірленді. Жоба аясында
әзірленген «Бейберекет бейнелеуді қолдану
арқылы мәтіндік және графикалық ақпаратты
шифрлау мен қалыпқа келтіру жүйесі» атты
қолданбалы программалар пакеті «Сириус»
ПКФ (Қарағанды қ.) ұйымының корпоративтік
желісіндегі ақпаратты кешенді қорғау жұйесінің
құрамында қолданылады. 10.10.2014 жылғы №
120814 енгізу акті.
7) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
“Құрамында күкірт
және фосфор бар жаңа реагенттерді қолдану
арқылы сульфидті мыс рудаларын флотациялау
тиімділігін арттыру”. Жобаның орындалу
деңгейі: Құрамында күкірт және фосфор бар
реагенттердің мыс минералдарының бетіне
тигізетін әсерін негіздеу. Мыс рудасын ашық
циклда флотациялау. SS пен РS реагенттерін
қолдану арқылы сульфидті мыс рудасын тұйық
циклда флотациялау. 2014 жылдың қазанында
Балқаш байыту фабрикасында жүргізілген ірі
зертханалық тәжірибелер.
8) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
“Металды
техногенді шикізаттан алу технологияларын
және техникалық құралдар кешенін әзірелу”.
Жобаның орындалу деңгейі: металды
техногенді шикізаттан бөліп алу бойынша МП-4
планетарлық әрекеттегі жартылай өнеркәсіптік
диірмен дайындалған техникалық құжаттама
әзірленді. Экологиялық таза технологияда руда
шикізатынан алынған қождан кемінде 95%
металл бөлінеді. «Қазақмыс Корпорациясы»
ЖШС және “АМТ” АҚ КД материалдары
бойынша зертханалық зерттеу деңгейі.
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің перспективалы инновациялық
жобалары
Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ Қазақстан
ғылымының даму басымдықтары бойынша
ғылыми зерттеулер жүргізеді: елдің зияткерлік
әлеуеті, энергетика және машина жасау, өмір
туралы ғылым, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу.
Университеттің ғылыми инфрақұрылымында 7
ғылыми-зерттеу институты, 6 ғылыми орталық
және 14 ғылыми зертхана, олардың қатарында
инженерлік бейіндегі «Зерттеудің физика-
химиялық әдістері» республикалық зертханасы
жұмыс істейді.
2014 жылы қаржыландырудың жалпы көлемі
– 335,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде
бюджеттен тыс – 25,8 млн.теңге.
2014 жылы шетелдік журналдарда 370 ғылыми
еңбек жарияланды, олардың қатарында
рейтингісі жоғары журналдарда жарық көргені
– 92 (Thomson Reuters – 37, Scopus -12, РАҒО-
43). Есептік жылы ҚР Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі
комитетіне ҚР инновациялық патентін алу үшін
10 өтінім ұсынылды. Қазіргі кезде 4 патент
және ҚР инновациялық патентін беру туралы 3
қорытынды бар.
Төменде өндіріске енгізілетін перспективалық
жобалар көрсетіліп отыр:
1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Орталық Қазақстан
кәсіпорындарындағы қожхимия өндірісінің
қалдықтарынан – таскөмір шайырларынан
жол битумын алудың технологиялық желілерін
енгізу». Іске асыру жағдайы: Қуаттылығы
тәулігіне 10 тонна болатын тәжірибелік-
өндірістік телім құрылысы аяқталды.
Ұсынылатын өнімнің әр тоннасының өзіндік
құны орта есеппен алғанда 50-60 мың
теңге. Жобаның тиімділігі: Бұл технологияны
пайдалану нәтижесінде түпкі өнімдерді шығару
артып, бұрын қордаланып қалған үйінділерді
кәдеге асыру көлемі ұлғаяды да, ол қоршаған
ортаны қорғау мәселелерін шешуге және
экономикалық тиімділіктің артуына ықпал етеді.
2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Кәсіпорындарда
ақаба суларды тазартатын және жұмсартатын
автоматтандырылған тәжірибелік-өнеркәсіптік
қондырғы». Іске асыру жағдайы: жоба енгізу
сатысында тұр. Әр түрлі кәсіпорындардың
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
107
суларында технологиялық сұлбаның жұмысына
зертханалық сынақ жүргізілді: Майқұдық
құс фабрикасының суы, автомашиналарды
жуғаннан кейінгі су, шахтылық ақаба су,
«АрселорМиттал» тұндырғысынан кейінгі су
және т.б. Жобаның тиімділігі: Қондырғының
жасалуы қарапайым, тапшы материалдар
қажет емес. Ұсынылып отырған тазарту
сұлбасының әмбебаптығы құрамында көп
мөлшерде жүзінділер бар суды да, сол сияқты
құрамында мұнай және май өнімдерінің
эмульсиясы бар суды да тазартуға мүмкіндік
береді. Кәсіпорындарда тұщы суды үнемдеуді
қамтамасыз ететін бұл тазарту қондырғысын
жасау оны қолжетімді етеді, қосымша жұмыс
орындары ашылады, шағын кәсіпорындарға
өндірістік мұқтаждықтары үшін суды тазарту
мүмкіндігін береді. Жобаға қазақстандық
тараптың қатысы шамамен 60%-ды құрайды.
3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Қазақстанның
құрылыс индустриясына арналған жаңа
«өздігінен нивелирленетін құйма едендер»
өндірісі».Іске асыру жағдайы: Жоба енгізу
сатысында тұр. Қабаттың қалыңдығы 1- 60
мм аралығында (жоғары сапа көрсеткіші),
езіндінің жайылуы және төзімділігі жақсы,
негізге жабысуы және сығуға беріктігі жоғары,
шығын көлемі аз, беріктік қалпына тез келеді.
Құны төмен. Қазақстанда мұндай техникалық
деректері бар өнімдер шығарылмайды.
Жобаның тиімділігі: Бір ай ішінде сатылған
300 тонна дайын өнімнен түсетін таза
пайда 3680000 теңгені құрайды. Бір маусым
аралығындағы қажеттілік орташа алғанда
4000 тонна. Жобаға 100 % қазақстандық тарап
қатысады. Өнімнің 25 кг-ы 1200 теңге тұрады.
4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Дәннің ылғалдығын
анықтау және зиян газдарды анықтау үшін
құралдар даярлау». Іске асыру жағдайы:
Жоба енгізу сатысында тұр. Техникалық
шешімдер бөлігіне ҚР патенттері бар. Қазіргі
таңда ҚР ұлттық ведомствосына нанокеуек
қыш синтезіне және астық ылғалдылығын
өлшейтін аспапқа патент алу үшін 2 өтінім
беру жоспарланып отыр. Жобаның тиімділігі:
Жұмыс орындары ашылады, отандық
шикізат пайдаланылады, техникалық
және метрологиялық қызмет көрсету
мүмкіндігі. Аспаптың бір данасының құны
бәсекелестерден төмен.
5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
«Конвейерлік өлшеу
кешенінің жаңа түрін жасау және шағын топтап
өндіру». Іске асыру жағдайы: Жоба енгізу
сатысында. Заманауи жүйелі және құрылымдық
талдау әдістерінің, ақпараттық құрылғылар
мен жүйелер теориясының негізінде өлшеу
дәлдігі жоғары және қызмет көрсету ауқымы
кең сусымалы материалдарды өлшеуге
арналған конвейерлік өлшеу құрылғысы
және автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу
жүйесі жасалады. Жобаның тиімділігі: Жұмыс
орындары ашылады, бір данасының құны
бәсекелестерден төмен. Әзірленетін жүйеде
температураны сандық жартылай өткізгіш
сезгілер қолданылады, олар мөлшерлеуді
және байланыс желілерін көп мөлшерде қажет
етпейді, демек, кабельдер де керек емес.
Сезгілерден берілетін сандық белгі байланыс
желісі бойынша берілгенде бұрмаланбайды,
сондықтан кедергіден қорғалу және
өндірімділік, кешеннің өлшеу дәлдігі артады.
«Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік
холдингі» Акционерлік қоғамы»
«Фитохимия» Халықаралық ғылыми-
өндірістік холдингі» Акционерлік қоғамы
(әрі қарай-«Фитохимия» холдингі) химиялық,
фармакологиялық, биологиялық және
фармацевтикалық бейіндегі 12 ғылыми-зерттеу
бөлімшесін қамтитын жетекші ғылыми-зерттеу
кешені болып табылады.
«Фитохимия» холдингісінде қолданбалы
әзірлемелерді қоса алғанда, іргелі
зерттеулерден бастап, ғылымды қажетсінетін
технологияларды өндіріске енгізуге дейін
өтпелі ғылыми-техникалық зерттеу принципі
жүзеге асырылады.
«Фитохимия» ХҒӨХ –і Қазақстан ғылымының
даму басымдықтары бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізеді: «Өмір туралы
ғылым», «Елдің зияткерлік әлеуеті», «Табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат пен
өнімді қайта өңдеу».
ҒЗТКЖ қаржыландырудың жэалпы көлемі 2014
жылы – 733.806 млн.тг. құрады, оның ішінде
бюджеттен тыс –13.035 млн.тг.
2014 жылы шетелдік журналдарда 60 ғылыми
еңбек және 8 республикалық басылымдарда
жарияланды, 2 монография жарық көрді, сол
сияқты 5 ҚР патенті алынды.
Инновациялық жоба: «Дәрі-дәрмектік
шикізатты қайта өңдеудің жаңа
технологияларын ғылыми-техникалық
қамтамасыз ету» 2011-2014 жылдар (О.0570).
Іске асыру жағдайы: Фармацевтика нарығына
бірегей дәрі-дәрмектерді шығару бойынша
маркетингілік зерттеулер жүргізілді.
«Атеролид» гиполипидемиялық препаратының
субстанциясын, камфора, пиностробин алудың
тәжірибелік-өнеркәсіптік регламентін және
ортадан тепкіш үлестіру хроматографиясын
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
108
қолдану арқылы бозғылт жусанның СО2 –
сығындысын қайта өңдеудің кешенді әдісі
әзірленді.
Филатованың жусан шикізатын, Сиверстің
дәріханалық түймедақ пен жусанды кешенді
қайта өңдеу регламенттері, «Салсоколлин»
қабықшалы таблеткалар», «Атеролид»
қабықшалы таблеткалар» препараттарын,
көмірқышқылды сығындылар негізінде
жақпамайлар шығару, «Эферол, спрей»,
«КМ-Сеннофит» сана сығындысы қосылған
суппозиторийлерін және терек сығындысы
қосылған «КМ-Бальзамикалық» препараттарын
шығару регламенттері әзірленді және
оңтайландырылды. «Тагансорбент» дәрілік
препаратын тәжірибе үшін шығаруда
монтмориллониттік шикізатты кешенді
қайта өңдеудің технологиялық режімі
оңтайландырылды. «Эферол, спрей»
препаратына туберкулезге қарсы белсенділікке,
жедел және кумулятивтік уыттылыққа,
аллергияны қоздыру әсеріне қатысты
клиникаға дейін зерттеу жүргізілді. «Арглабин,
капсулалар» бірегей дәрілік препаратына
иммундық модулятор ретінде клиникалық
сынақтар жасалды. Адам медуллобластомасы
клоногенді жасушаларының «Арглабин» ісікке
қарсы препаратына сезімталдығы алғаш рет
зерттелді. Уақытша талдамалық нормативтік
құжаттар, валидациялар мен қолданыстағы
заттардың мөлшерін анықтау әдістемесі, жаңа
дәрі-дәрмек түрлеріне сапа спецификасы
әзірленді. Жобаның тиімділігі (оның ішінде
экономикалық): «Қарағанды фармацевтикалық
зауыты» ЖШС-інің базасында субстанциялар
мен фитопрепараттардың дәрілік түрлерін
шығаруға 5 зертханалық және 6 тәжірибелік-
өнеркәсіптік регламенттер әзірленіп, бекітілді
және енгізілді.
Астана медициналық университеті (АМУ)-2014)
2014 жылы белгілі бір жетістіктерге қол
жеткізілген АМУ ғылыми бағыттары ағзаның
жұмыс істеуі тарапынан қандай да бір
бұзылушылықтардың алдын алу және алдын
ала анықтау (профилактика, реабилитация),
сонымен қатар қоршаған ортадағы шұғыл
жағдайлар туралы (экология, радиациядан
қорғаныс) хабардар ету әдістері бойынша
әзірленімдер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |