ОӘЖ 801.8(5к)
ХІҮ-ХҮІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «КЕҢІСТІК» КОНЦЕПТІСІ
Г.Е. АБЫЛОВА
филология ғылымдарының кандидаты,
Еуразия гуманитарлық институты
Аннотация
Бұл
мақалада
«кеңістік»
концептісінің
философиялық
және
лингвомәденитанымдық
тұрғыдан
негізгі
көзқарастар
және
концепциялар
қарастырылған. Автор ақын-жырау толғаулары мәтініндегі «кеңістік» концептісі мен
адам арақатынасына талдау жасаған.
206
Түйін сөздер: концепт, кеңістік, уақыт, дүниенің поэтикалық бейнесі, ақын-жырау.
Ақын-жыраулардың поэзиялық мұраларындағы базалық концептілерді қарастыру
арқылы сол дәуірлердегі дүниенің поэтикалық бейнесі жайында тұтас не фрагменттік
түсініктеме алатынымыз сөзсіз. Алайда ақын-жыраулардың ғаламның бейнесі бізге
дайын күйінде берілмеген, демек біз оны талдау және бөлшектеу, мүшелеу жолымен
емес, синтездеу жолымен және жеке бөлек фрагменттерден бастаймыз. Дәл, нақ қандай
фрагменттерден? Негізін қалаушы, фундаменталды – «заман» концептісінен: оны
құрайтын кеңістік, уақыт, адам, табиғат, батырлық, соғыс. Барлық фрагменттерін алып,
белгілі бір ретпен орналастырып, ақын-жыраулардың дүниенің поэтикалық бейнесін
сипаттай аламыз.
Адам айналасында ұйымдасқан болмыстық құндылыққа ие уақыттық-кеңістік
қарым-қатынастар жайындағы түсініктерде «заман» концептісі де өзіндік орын алады.
Яғни белгілі бір кеңістік шеңберінде жүзеге асқан қоғамдық құбылыстар тұтас заманның
бөлшектік түрі уақыт түрлерінде өздерінің нақты тілдік көрінісін айқын байқатады.
Л.М. Дмитриеваның сөзімен айтқанда, «адамның биологиялық жан ретінде оптималды
өмір сүруін қамтамасыз ететін» уақыт пен кеңістіктің заман концептісімен үштік жасауы
табиғи танымдық үрдіс болып табылады.
Кеңістік және уақыт категориясын айқындау адамның сөйлеу-ойлау және
танымдық қызметінде, оның дүниенің тілдік бейнесін құрастыруда маңызды кезең болып
табылады
1
.
Р. Сыздықованың байымдауынша, ақын мен жырау поэзиясында уақыт пен мекенге
қарай нақтылық, адамның ішкі дүниесін суреттеушілік, лиризм сарыны фольклорға
қарағанда, күшейе түседі [2]. Олай болса, ақын-жыраулар поэзиясындағы дүниенің
поэтикалық бейнесін құрастыруда «уақыт» және «кеңістік» концептісі нақтылық,
деректілік, танымдық, бағдарлық, эстетикалық қырларын айқындай түсуге мүмкіндік
туғызатыны анық. Сонымен қатар, «образды ойлау арқылы қалыптасатын кеңістік, уақыт,
заман туралы қағидалар негізінде, бір жағынан, болмыс шындығы дәйектелсе, екінші
жағынан, жеке тұлғалардың өз бағыт-бағдарлары, қалаулары сұрыпталады» [1].
Ж.М. Жампейсованың да ескертуінше, «уақыт пен кеңістік туралы түсінік –
адамның әлем туралы танымының ажырамас бөлігі, сол себепті олар белгілі бір ұлттың
дүниетанымын сипаттайтын маңызды категориялар. Уақыттық-кеңістік оппозициялар –
адам өмірі үшін қажетті шарттардың бірі. Әлем моделіндегі уақыттық-кеңістік
оппозициялар антропоцентристік жіктеліске енеді, демек әлемдегі [3] уақыттық-кеңістік
оппозициялар адамның кеңістік пен уақыттағы орнына қарай анықталады. Адам
кеңістікте уақыт ағымымен өмір сүреді, алайда уақыттық-кеңістік ұғымдар әр халық
танымында әр түрлі қабылданып, өзінше көрініс табады» [3]. Осыған орай, дүниенің
поэтикалық бейнесінде «уақыт» концептісі мен «кеңістік» концептісін «заман» концептісі
аясында қарастыру фондық білімнің оқырман санасында туындауының бірден-бір тікелей
себепкерлері ретінде маңызды қызмет атқарады. Бұл пікірімізді «...когнитивтік
лингвистика саласының міндеті – адамзат әлемінің, қоршаған орта құбылыстарының,
уақыт пен заман таңбасының адам дүние танымындағы бейнесі, сөз қуаты арқылы қалай
танылғандығын саралап, сараптау»
4
болуымен тағы нақтылай, өзектендіре түседі.
Бұл ізденіс жұмысында міндеттеріміздің бірі заман концептісі аясында уақыт және
кеңістік концептілерінің ақын-жыраулар поэзиясындағы, көшпелі қазақ халқының
түсінігіндегі, қоғамындағы танымдық, лингвомәдени, социолингвистикалық мәнін, рөлін
немесе керісінше уақыт аясындағы заман категориясының бейнелік сипатын айқындау
болып табылады.
Т.Д. Ачкасованың байымдауынша, адамның қоршаған және ішкі әлем жайындағы
207
барлық үлкен білімдерінің жинақталуымен уақыт және кеңістік жайындағы түсінік
күрделенеді және жаңа түсіндірмеге ие болады. Кеңістіктің ой категориясы тілде
семантикалық категорияға айналады. Семантикалық категория дегеннен біз тілдік
формалардың мағыналарының жалпы бөлігін, сонымен бірге бұл формалармен
жасалатын кеңістік интерпретациясын түсінеміз
5
.
Кеңістік категориясы философиялық, физикалық және лингвистикалық
аспектілерге ие. Лингвистикалық аспект философиялық және физикалық аспектілердің
мәндерін тілдік білдіру амалдарының жиынтығы ретінде берілуі мүмкін. Дүние адамға
реалды кеңістік және уақытта беріледі және тек философиялық пен логикалық
формаларда ғана емес, сонымен бірге, тілде де анықталады
6
. Уақыт концептісімен
қатар кеңістік концептісі де дүниенің поэтикалық бейнесін жасауға өз үлесін қосады.
М.М. Бахтин бойынша, хронотоптың мәні уақыт және кеңістіктің тығыз байланысында
дей отырып, хронотоптағы маңызды рөлді уақытқа берген. Ал ғалым Ю.М. Лотман үшін
кеңістік маңыздырақ болды. Ю.М. Лотман бойынша көркемдік кеңістік – «бұл автордың
кеңістіктік түсініктері тілде берілген ғалам бейнесі».
Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланысты. Е.С. Кубрякованың сөзі бойынша:
«кеңістік – бұл барлық тіршіліктің ортасы, барлық оқиғалар өтетін және болатын қоршау...»
[6]. Қазақ тіл білімінде де уақыт пен кеңістікті бірлікте қарастыру жайында пікірлер бар.
Айталық, А. Исламның пікірінше, «кеңістік пен уақыт категориялары бір тұтас құбылыс
ретінде қабылданады, өйткені олар бір-біріне толықтырып, айқындап отыратын ұғымдар
[7]. Б.С. Мейлах: «дүниенің көркем бейнесі – кеңістік пен уақыт шеңберіндегі ақиқат
дүниенің панорамалық көрінісі» [8] – деп түсінеді. Олай болса, дүниенің поэтикалық
бейнесі дегеннен ақын-жыраулардың уақыт аралықтары мен кеңістік шеңберінде қазақ
қоғамының әлеуметтік өмір шындығының бейнелі көрінісі болып табылады. Сондықтан
да уақыт және кеңістік концептілері дүниенің поэтикалық бейнесін түзуге жетекші рөл
атқаратындардың қатарынан орын алады.
Когнитология
шеңберіндегі
соңғы
зерттеулердің
нәтижесінде
кеңістік
антропоцентрлік болып беріледі, себебі басқы кезден-ақ адамның, бақылаушының,
сөйлеушінің айналасында жайылатын, созылатын аймақты бейнелеу үшін айқындалған.
Осы тұрғыдан алғанда, көркем кеңістіктің антропоцентрлігі «қоршаған ортаны
қабылдаушы және кеңістікті ұғынушы ойлаушы субъектімен және оның көзқарасымен
байланыс» ретінде түсініледі (Бабенко, Казарин 2006) және бұл оның ең маңызды
сипаттамасының бірі болып табылады. Ақын-жыраулар поэтикалық шығармашылығында
кеңістік ішкі сипатқа ие, себебі адам болмысы сапасының антропометрлік көрсеткіші
болып табылады.
Л.М. Дмитриева «кеңістік» концептісіне сипаттама беру барысында синхронды
жағдайына, оның ділдік құрылымына, кеңістік модельдерінің құрылуын анықтайтын
құндылық жүйесіне мән береді [9]. Қазақ онамастикасындағы «кеңістік» концептісі
жайында ғалым Б. Тілеубердиевтің байымдауынша, диахронияда, ұзақ тарихи кезең
аралығында кеңістік туралы ділдік құнды түсініктер жүйесі өзгере түсіп, тіптен түрлі
тарихи дәуірлерде бір-бірімен түпкілікті түрде айырмашылыққа ие болуы мүмкін, дәуір
кілті ғана адам мен шындық өмір қатынастарындағы маңызды әрі негізгі категория
ретінде кеңістік туралы көзқарастардың, түсініктердің және интерпретациялардың
жүйесін анықтай алады [1]. Демек, ХҮ ғасырдағы ұлы ақын, Ш. Уәлиханов
«көшпенділер философы» деп атаған Асан Қайғының мына бір шумақтарынан «кеңістік»
концептісі жүйесін құрайтын сөздердің контексте басқа сөздермен қарым-қатынасынан
туған мағынадағы адам санасында пайда болатын образ, көріністен тек қазақ халқының
ойлау жүйесіне тән ұлттық реңкі айқын сезілетін ойларды байқауға болады:
... Қырында киік жайлаған,
208
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың.
Жемнен де елді көшірдің [10].
Бұл шумақта «қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» деген жолдардан
көз алдымызға Жем атты жердің бай табиғаты елестейді және ақынның ел аузындағы
аңыз бойынша «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды» аңсап, елдің жақсы өмір
сүруіне жайлы қоныс боларлық жер іздеп, желмаясына мініп жаһанды кезіп кеткендігі де
оның қазақ жерлерін халыққа жайлы болу жағын көздеп, жердің елдің әлеуметтік
жағдайын жақсартуға әсер ететін тұстарын баса суреттеуі де байқалады:
...Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген,
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың [10].
Е.С. Кубрякова кеңістікті адам тарапынан жан-жақты таным объектісі боларлықтай
талдап қорытылған түсінік ретінде қарастырады: «кеңістік бақыланатын, көзге көрінетін
және сезілетін (түйсіктік негізге ие) бөліктері өзіне тәуелді объектілерден тұратын аспан
мен жер арасындағы тұтастық жайындағы қорытылған түсінік (тұтастық); бұл көз (ке-
ңіс-тік) сүзіп өтетін және панорамалық тұрғыдан ол шолу және қарау барысында көз
жетерлік барлық жаққа созылатын ұзындық»
6
.
Біз жоғарыда уақыт концептісінің оқиғаға қарым-қатынасы жайында айтып кеткен
болатынбыз. Н.Н. Болдырев кеңістік пен оқиға арасындағы қатынасты: «кез келген
оқиғаның қабылдауының концептуализациясы және тілдегі көрінісі көбінесе бұл
оқиғаның кеңістіктік сипатымен анықталады, яғни белгілі бір кеңістіктік бағдар ретінде
объектілерді айқындау» (Болдырев, 2000), яғни, кеңістік объектілері тек оның
толтырушысы болып табылмайды, сондай-ақ субъектімен ара қатыста болады. Мұның өзі
қазақ ұлттық тұрмыс тіршілігіне байланысты десек те болады. Айталық,
В.А. Маслованың пайымдауынша, дүниенің кеңістіктік бейнесін жасайтын орыс
фразеологизмдері орыс адамы өзіне, денесіне, бет жүзіне, көзіне тікелей жанасатын
кеңістікпен жұмыс істейді, себебі адам субъективті кеңістіктің орталығы болып табылады
11
. Ал қазақ менталитетінде олардың шаруашылық тұрмыс салтына байланысты
фразеологизмдер басым орын алған, демек этнографиялық сипат басым (қозы көш жерде,
ат шаптырым жерде, тай шаптырым жерде т.б.).
Бұл жайында да тілші-ғалым Ж.А. Манкеева былай жазады: «Табиғат көрінісіне,
жағдайына икемделуі – адамның негізгі бір қасиеті. Жүздеген я мыңдаған жылдар бойы
жалғасатын бұл икемделу тек материалдық өндіріспен ғана байланысты емес, ол
адамдардың ой-өрісіне де әсер етеді. Этнос пен табиғатты біртұтас ұғым деп қарау
әсіресе көшпенділер мәдениетін, психологиясын түсіну үшін ерекше маңызды. Себебі,
олар көбінесе осы екі ұғымның (этнос пен табиғат) нәтижелік көрінісі» [12].
Кеңістік концептісінің ішінде қазақ ұлты үшін символдық мәнге ие болған концепті
«дала» болып табылады. Р. Сыздық та: «Дала сөзі қазақ поэзиясында, тіпті прозасында да
бұрын да, қазір де туған жердің, қасиетті Отанның символы», – деп жазады [13].
«Кеңістік» концептісінің мағыналарын құрайтын «дала» ұғымы «ата-мекен», «ата-
қоныс», «жұрт» ұғымдарымен де тікелей байланысты. Дала – туған жер, ата-мекен, ата-
қоныс, жұрт, ел [13]. Ақын-жыраулар поэзиясында «жұрт», «ел» концептілері өте көп
209
кездеседі. Сондай-ақ, поэзияның объектісі ретінде туған жер кеңістігі (рельеф, фауна,
флора және табиғаттың стихиялы көрінісі) және халық үшін өте маңызды кезеңдерді
білдіруде «уақыт» берілген. «Кеңістік – Заман – Уақыт» концептілерінің образдар
парадигмаларының сипаты ақын-жыраулар поэзиясында қазақ тілдік санасы бейнеленгені
жайында қорытынды (түйін) жасауға мүмкіндік береді.
Қазақ ұлтының қайталанбас ерекшелігі және қазақ менталитетінің өзгешелігінің
себептерінің бірі деп қазақ жерінің тарихи-географиялық орналасуында жатқанын
көптеген ғалымдар (Д. Кішібеков, М. Орынбеков т.б.) айтып өткендей және қазақ
ономастикасындағы «кеңістік» концептісін зерттеген ғалым Б. Тілеубердиевтің «тілдік
сана мен дүниенің тілдік бейнесінде кеңістіктің қабылдануы концептілер түрінде
қалыптасады, бұл концептілер әрқашан кеңістікке деген ұлттық ерекше құнды
қатынастар арқылы анықталады. Кеңістіктің қабылдануы барлық уақытта осы мәдени-
тарихи қауымдастыққа тән дүниетанымдық оппозициялар жүйесінде жүріп отырады,
қайсыбір нақты кеңістікке тән ерекше қасиеттер объектілер арасындағы қатынастармен
емес, субъекті кеңістігіне, әдетте, ұжымдық субъект кеңістігіне деген бағалаушы
қатынаспен анықталады» [14] деп ескертуінше, ақын-жыраулар концептосферасы
элементтерінің ішінде ХҮІІІ ғасырда қазақ елі мекендеген кеңістіктің тақырыптық
өрісінде «туған жер, отан, жұрт, ел» ерекше көзге түседі.
Ескере кететін жайт, Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Жиембет, Үмбетей, Бұқар
жырау шығармаларында үлкен көлемдегі кеңістік түрлері (ақ дария, орда, көл, көк тау,
қалада, тас қала, шөл, мұхит, кең сарай, жайлау), нақты кеңістік аттары (Жемде, Ойыл,
Еділ, Азау, Қырым, Алатау, Жайық, Түркістанда, Қызылтау, Көктөбе, Үшқара) мол
ұшырасады да, ал Шал, Көтеш ақындарда кіші көлемдегі тұрмыстық сипаты басым
кеңістік аттары мол кездеседі (жалғыз ауыл, бұл үй, бір үй, базар, төрт ауыл, суық үй,
шақырылмаған үй). Мұның өзі, ақын-жыраулардың өз заманындағы тарихи оқиғаларға,
жеке басына, дүниетанымына қатысты кеңістік концептілері тілдік репрезентацияланған
деп тұжырымдауымызға мүмкіндік береді.
Ақын шығармаларының, поэтикасына концептуалды анализ жасау оның санасында
әлемнің тілдік бейнесін және онымен байланысты заман, уақыт концептілерін ақын
санасын қалыптастырушы әлемді философиялық және эстетикалық танымындағы
ақынның шығармашылық тұлғасының белсенділігін есепке алуды талап ететіні анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография.
–Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2007. – 312 б.
2 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1984. – 248 б.
3 Жампейсова Ж.М. «Ақ» – «қара» концептілері оппозициясы мен қызметі: филол.
ғылымдарының канд... автореф. – Алматы, 2007 – 130 б.
4 Мұратова Г.Ә. Абайдың тілдік тұлғасы: дискурстық талдау мен концептуалды жүйесі:
филол. ғылымдарының канд... автореф. – Алматы, 2009. – 64 б.
5 Ачкасова Т.Д. Особенности языкового структирования пространства // Вестник
Адыгейского государственный университет: Адыгейский государственный университет. – 2006. –
№ 1. – 297 с.
6 Кубрякова Е. С. Язык пространства и пространство языка // Изв. РАН. – М., 1997. –– № 3. –
С. 22-31.
7 Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-
салғастырмалы лингвомәдени сараптама): фил. ғыл. докт... дис. – Алматы, 2004. – 340 б.
8 Мейлах Б.С. Философия искусства и художественная картина мира // Вопросы философии.
– М., 1987. – № 7. – С. 54-61.
9 Дмитриев Л.М. Онтологическое и ментальное бытие топонимической системы (на материале
русской топонимии Алтая): автореф. ... докт. филол. наук: – Екатеринбург, 2003. – 34 с.
210
10 Бес ғасыр жырлайды: үш томдық. – Алматы: Жазушы, 1984. – 1 т. – 254 б.
11 Маслова В.А. Введение в когнитивную лингвистику. – М.: ТетраСистемс, 2004. – 256 с.
12 Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы // Филол. ғылымдарының докт...
автореф. – Алматы, 1997. – 53 б.
13 Сыздық Р. Сөз құдыреті. – Алматы: Санат., 1997. – 224 б.
14 Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. – Алматы:
«Арыс» баспасы, 2006. – 280 б.
Резюме
В статье рассматриваются взгляды на концепт «пространство» как с философской, так и с
лингвокультурологической точек зрения. Автор проанализировал концепт «пространство» в поэзии
акын-жырау.
Resume
The concepts and views on the concept of «space» as philosophical and linguoculturological points
of view are considered in the article. The author has analyzed the concept of «space» and defined its
relationship with the man in the texts of poetry of
akyn-zhyraus
.
УДК: 81-13
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ
ЛИНГВОМӘДЕНИ МАҢЫЗЫ
А.Б. ШОРМАҚОВА
қазақ және орыс филологиясы кафедрасының
доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты,
Еуразия гуманитарлық институты
Аннотация
Мақалада қазақ тіліндегі туыстық атаулардың семантикалық-құрылымдық
табиғаты мен қолданыстық ерекшелігі қарастырылады. Тіліміздегі туыстық атаулардың
зерттелу тарихы, қоғамдық мәні, ұлттық психологияға қатысты белгілері сөз етіледі.
Түйін сөздер: туыстық атаулар, ұлттың рухани мәдениетін білдіретін лексикалық
бірліктер, әртүрлі дәрежедегі туыстық қатысты білдіреді, сый-құрметтік мағына,
халқымыздың тарихын, мәдениетін, психологиялық күйін, тектік тамырын танытады.
211
Тіліміздегі адам болмысына тән туыстық қатысты білдіретін туыстық атаулар
қолданыс жиілігімен көзге түсіп, халқымыздың ұлттық-мәдени ерекшелігін айқындап
отырады. Бұл жөнінде этнограф ғалым Х. Арғынбаев: «Қазақ арасында толып жатқан
туыстық және жақындық системасына байланысты қалыптасқан көп атаулар бар»,- [1]
дейді. Осынша мол құрылымдағы туыстық атаулардың лексикалық құрамы мен қарым-
қатынас үдерісіндегі қолданыстық ерекшелігін анықтау қажеттігі туып отыр.
Тілші-ғалымдар Б. Тамаева, А. Қобланова еңбектеріндеі қазақ тіліндегі туыстық
атауларға байланысты біраз мәселелер қарастырылған. Туыстық ұғымды білдіретін
атаулар: а) қандық туыстыққа; ә) некелік қатынасқа қарай екі топқа бөледі. Ал оларды өз
ішінен бірнеше мағыналық топтарға жіктейді: а) әке жағынан; ә) шеше жағынан; б)
некелік қатысқа байланысты; в) құдандалыққа байланысты. Ерлерге қатысты қандас
туыстықты білдіретін атаулардың отбасындағы рөлі маңызды. Олар – шаңырақ иесі,
қожайын, ру басы, ел басы.
Баба – арғы ата, үлкен ата деген мағына береді. Мысалы: «Сақалы ағарған мен
түгіл, сүйегі қураған ата-бабама тіл тигіздің» /Нұржекеев Б.Таңдамалы, 1 к . 34-б/.
Арғы аталарын баба деп атау туыстық жақындықты білдіреді. Бұнымен қоса,
халық ұғымында баба – өзінің арғы тегін аруақ тұтып, содан көмек сұрап жалбарынғанда
сүйенетін пірі. Қыдыр баба – қолдаушы аруақ, демеуші әулие, баба түкті шашты әзіз –
қолдаушы, қауіп-қатерге ұшыраған адамға көмек көрсететін әулие. Халқымызда
бабаларды сыйлау, қадір тұту, оларға сыйыну дәстүрі сақталған.
Ал, баба, ата сөзімен қосарланып келгенде ата-баба ұғымы жалпылау мағынасына
ие болады. Мысалы: «Қадырбай «оқу, тәрбие – ата-баба тәрбиесі. Балаға соны білмек –
бәрінен асыл»,- деп дауласа бастап еді, Қуандық сол жаңағы өз байлауын айтқан /Әуезов
М. Абай жолы: Роман-эпопея. 1 к. 264 - б/.
Ата – ел ұйытқысы, батагөйі, ақылшысы. Халық оны «ақсақал» деп құрмет тұтады.
Қазіргі қазақ тілінде ата бірнеше нұсқаларда кездеседі. Солардың ішіндегі ең негізгісі –
туыстық, яғни «әкесінің әкесі» деген мағына білдіреді. Мысалы, Бөжей өз атасы
Кеңгірбайдан ата қоныс есебінде мұра қып қалған жер осы /Әуезов М. Абай жолы:
Роман-эпопея. 1997. 1 к. 69 - б/.
Ата туыстық атауы ана, ене сөздерімен тіркесіп келгенде әке мағынасын білдіреді.
Мысалы, ата-анасы құп көрсе де, «кетем» дегені Әжікенің көкейіндегі сөзі еместін, оны
әншейін Досқалиға ашынып ызамен айтқан /Нұржекеев Б.Таңдамалы,
1 к . 22-б/. Қарым-қатынас ыңғайына қарай ата туыстық мағынамен бірге
сөйлеушінің жасы үлкен адамның жолын сыйлап, құрмет көрсетуі негізінде де
қолданылатыны бар. Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен
сый екені рас. /Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. 1 к. 305 - б/. Ата туыстық атауының
ауқымдылығы соншалық аталастар, руластар мағынасын да береді. Мәселен, Екі атаның
ұрпағы жерлес болса, татулықтан кетеді [1, 69].
Отбасылық туыстық қатынаста «әке» ерекше орын алады. Қазақта балалы болған
ер адамды әке деп атайды. Бағила өз үйінде жүргенде өз әкесін сирек көретін /Исабеков
Д. Екі томдық таңд. 55 - б/.
Қазақ тілінде әке туыстық атауы үлкен әлеуметтік потенциалға ие: 1) біреуге
қамқорлық: қорғаушы, асыраушы; 2) ру басы, ата-баба; 3) әулие әке, өкіл әке. Бұнымен
қоса әке – қарапайым туыстық мағына шеңберінен асқан, кеңейтілген семантикалы сөз
шығарудың тармақты жүйесіне ие: табиғатына тән отандық, әкелік махаббат, қамқорлық,
мейірім.
Аға тілімізде «жасы үлкен туыс» мағынасында ер адамға қатысты айтылады. Бұл
туыстық атаудың мағыналық жігін ажыратып, сұрыптайтын болсақ, В.В.Радлов
сөздігінде – «үлкен аға», «ағай» (жасы үлкен ер адам мағынасында), Б.Тамаева: «аға деп
212
айтушының жасы үлкен өз ағасын, әкесінің інісін, немере, шөбере ағасын, аталас жасы
үлкен ер адамдарды атауға болады»,- дейді [2]. Қазіргі қазақ тілінде ағаның мағынасы
кеңейген. Мәселен, аға 1) басшы, ақылшы, жетекші; 2) халыққа танылу жағынан алдыңғы
(аға жазушы), 3) дәрежесі, қызметі, атағы жоғары (аға ғылыми қызметкер), 4) басқарушы,
басшылық етуші (төраға) [3].
Іні қандас туыстықтың ішінде ер адамға қатысты айтылып, жасы кіші туыстыққа
байланысты қолданады. Іні – жасы кішілерге үлкендер тарапынан ыстық ықылас қалпын
да білдіреді.
Қазақ дәстүрінде қандас туыстықты білдіретін әйелдерге қатысты: бала анасын –
апа, әкесінің анасын – әже, өзімен бірге туған жасы үлкен қызды – апа (әпке, тәте), өзінен
жасы кіші қыз баланы – сіңлі, қарындас деп атайды. Әйелдерге қатысты қолданылатын
бұл туыстық атаулардың маңызы ерекше. Себебі, бұлар тек отбасында ғана қолданбай,
қоғамдық қарым-қатынастағы ұлттың ерекшелігін білдіруге қызмет етеді.
Халық «үлкен шеше» мағынасында қолданылатын әкесінің шешесін әже деп
атайды. Әже – ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын, кейінгі жастарға дастарқан
берекесін, абысындардың бірлігін үйрететін тәрбиешісі, әрі ақылгөйі. Халық заңы
бойынша әже деп тек оның тікелей өз немерелері ғана емес, ауылдың үлкен-кішісінің
барлығы қолданады. М: Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен /Әуезов
М.Абай жолы: Роман-эпопея. 21-б/.
Бүкіл жанды нәрсенің бастауы деген ұғымнан нақтыланған ана атауы –
«балалардың шешесі» туыстық мағынаны білдіреді. Мен де анамнан дәл сендей кезімде
ажырағанмын /Исабеков Д. Екі томдық таңд. 299-б/.
Қатысым үдерісінде ананың орнына шеше, апа сөздері қолданылады. Мысалы:
Қасында шешесі мен әжесі отыр. – Апа, әже, немене, мен аурумын ба осы?- деп, көзі
жасаурап шешелеріне қарай аунап түсті /Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. 48-б/.
Қолданыс барысында ана сын есімдермен (аяулы, ардақты, мейірімді, абзал)
тіркесіп, құрметтеу мәніне ие болады. Мәселен, «мейірімді ана», «ардақты ана», «абзал
ана» т.с.с. Бұл тіркестерден қолданыс ыңғайына, сөз ырғағына (интонациясына) қарай
сөйлеушінің психологиялық алуан түрлі сезімдерін аңғаруға болады. Сондай-ақ, ана
эпитет ретінде қолданылып, әр түрлі коннотацияларға ие: анадан жаңа туғандай, батыр
ана т.с.с.
Апа туыстық атауы біріншіден, «туған шеше», екіншіден, «бірге туған қыз» деген
мағынаны білдіреді. Л.А. Покровская көне ескерткіштер тілінде апа «үлкен туысқан,
«әпке» деген мағына білдіретінін айтады [4]. Қолданылу сәтіне қарай апа көбінесе туған
шешесіне қатысты айтылады. Мысалы: Осы уақытқа дейін апам неге бір хабар
бермейді?- деп жасаурай түсті /Исабеков Д. Екі томдық таңд. 275-б/.
Қоғамдық қарым-қатынаста апа құрметтеу, сыйлау мағынасында мәселен, (апай)
жұмсалады. Жасы кіші қыз балаға қатысты қарындас, сіңлі атаулары «жасы кіші
қыздар» деген ұғымды білдіреді. Мұнда сөйлеушінің биологиялық белгісі роль атқарады.
Яғни сөйлеушінің ер немесе әйел адам болуы. Мәселен, қарындас – ерлер тарапынан
жасы кіші қыз балаға қатысты айтылса, сіңлі – жасы үлкен әйел адамдардың тарапынан
айтылады. Қарындас – тек жасы кіші қыз балаға ғана (қатысты емес, жаңашыр, туыс
жандар ұғымын да білдіреді). Мысалы, – Шырағым, Абай қарындасқа қайырымы бар
бала деп есептеуші ем /Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. 239-б/ деген сөйлемде
қарындас «туысқан, ағайын, ел-жұрт» мағынасында қолданылып тұр.
Некелік туыстықты білдіретін атаулар неке одағының шешімінде пайда болған
адамдарға қатысты айтылады. Ерлі-зайыптылардың бірін екіншілеріне қатысты немесе
оның туысқандарымен, не ерлі-зайыптылардың бірінің туыстарын екіншісінің
туыстарына қатысты атайды.
213
Құдандалыққа қатысты туыстық атаулар: күйеу (некеге тұрған әйелге қатысты ер
адам), әйел (некеге тұрған ер адамға қатысты әйел), қайын ата (күйеуінің әкесі), ене
(күйеуінің шешесі), қайын ене (әйелдің анасы), жезде (әпкесінің күйеуі), келін (әке-
шешесіне қатысты ұлдың әйелі), жеңге (іні, қарындасына қатысты ағаның әйелі), қайын
аға (күйеуінің не әйелінің ағасы), қайын сіңлі, қайны (күйеуінің қарындасы, інісі), балдыз
(әйелінің сіңлісі, інілердің әйелдері), бажа (әпке-сіңлілердің күйеулері), құда (ерлі-
зайыптының бірінің әкесінің екіншісінің әкесіне қатысты аталуы), құдағи (ерлі-
зайыптылардың бірінің шешесінің екіншісіне қатысты аталуы), құдаша (екі жақтағы әйел
адамға қатысты);
Қазақта қыз алысып, қыз беріскен ер адамдарды құда, әйел адамдарды құдағи деп
атайды. Т.Жексенбаев қазақ тіліндегі құданың бірнеше түрін атап көрсетеді: бас құда,
бесік құда, қарсы құда, жақсылық құда, қоғамдық құда, коллективтік құда, сый құда,
үлкен құда, кіші құда [3]. Халық «құданы құдай қосады» дейді. Құда-құдағилар қазақ
арасында өте сыйлы, құрметті адам саналады. Мысалы,
1. Үлкендер, бас құдалар алдын ала бөлек кетті /Әуезов М. Абай жолы: Роман-
эпопея. 178-б/.
2. Бас қосуда не жол-жора кезінде құда-құдағиларға беріледі /Әуезов М.Абай
жолы: Роман-эпопея. 195-б/.
3. Бірер сандық осы қымбаттарға толы болса, өзге теңдер құда-құдағилар сыбағасы
/Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. 195-б/.
Халық дәстүрінде жаңа түскен келін қайын-жұртындағы туыстарын (күйеуінің
ата-анасын, ағасын, әпкесін, қарындасын, інісін) атау үшін «қайны» сөзімен тіркескен
туыстық атауларды қолданады. Қайын ата (келін мен күйеу баласына) өз әкесіндей
құрмет көрсетіп, оларды өз балаларымен тең ұстауды міндеті санаған. Қайын ене – жас
келіннің анасы, тәрбиешісі. Ол елдің үлкен-кішісімен, жақын жуығы, туыстарын
келінімен таныстыруға тиіс. Үй тәрбиесі, халық дәстүрін түсіндіру де ененің міндеті
болып есептелген.
Жасы кіші ер адамға (күйеуінің інісіне) айтылғанда қайны тәуелденіп
қолданылады. – Қап, қайным еш орайын келтіре алмадым /Нұржекеев Б.Таңд. 1 к, 31-б/
немесе Қайным-ау, сені де көретін күн болады екен ғой – деп, қолын алжапқышына тез-
тез сүртті де, құшақтасып амандасты /Исабеков Д. Екі томдық таңд. 16- б/. Бұл
сөйлемдерде қайным-ау жеңгенің қайнысына деген ерекше ықыласын білдіру мәнінде
жұмсалған.
Тілдің сөздік қорының қомақты бір саласы болып саналатын туыстық атаулар
адамдардың әртүрлі дәрежедегі туыстық қатысын білдірумен қатар, халқымыздың
тарихын, мәдениетін, психологиялық күйін, тектік тамырын да танытады. Мақалада
ұлттың рухани мәдениетін білдіретін лексикалық бірліктер – туыстық атаулар күнделікті
қарым-қатынас үдерісінде әртүрлі құрамда қолданылып, түрлі мағыналық ерекшеліктерге
ие болатыны дәлелденді. Негізінен, олар туыстық қатысты айқындайды яғни, туыстық
мағынада қолданылады және әртүрлі құрамда келіп, құрметтеу, ізеттеу, жақын тарту
мағыналарын білдіріп, қаратпа мәнінде де жұмсалатыны анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке. – Алматы, –1973. – 256 б.
Тамаева Б. Қазақ тіліндегі сый-құрмет мағыналы сөздердің лексика-семантикалық тобы»
канд.дисс. авт., – Алматы, – 1992. – 160 б.
Жексенбаев Т. Қазақ тілінің некеге байланысты лексикасы. Алматы: Дәуір. – 1992. – 261 б.
Покровская Л.А. Термины родства в тюркских языках. Развитие лексики тюркских языков. –
Санкт-Петербург, – 2001. – 217 с.
Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Рауан, – 1991. – 271 б.
214
Қайдар Ә. Тарихи лексикология және этнолингвистика. Қазақ тілі тарихи лексикасының
мәселелері. – Алматы, – 1988. – 150 б.
Резюме
В статье рассматриваются особенности происхождения и использования структурно-
семантических значений родственных названий в казахском языке.
Resume
The article distinguishes the peculiarities of the origin and use of structural-semantic values of
related names in the Kazakh language, also reveal the history of the topic and public importance to ties
with folk psychology.
Достарыңызбен бөлісу: |